Covid-19
Әлем • 24 Қаңтар, 2022
«Бейжің-2022»: 39 адамнан COVID-19 табылды
«Бейжің-2022» ұйымдастыру комитеті қысқы Олимпиада ойындарына келгендер арасынан 39 адамның коронавирус жұқтырғанын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 31 Желтоқсан, 2021
5 қаңтардан бастап жаңа шектеулер енгізіледі
2022 жылдың 5 қаңтарынан бастап Covid-19 коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу бойынша қосымша шаралар шеңберінде жекелеген объектілердің қызметіне енгізілетін жаңа шектеулер күшіне енеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 30 Желтоқсан, 2021
2021 жылы COVID құрбандарының саны екі есе көп болды
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус биыл әлемде COVID құрбандарының саны пандемия басталған 2020 жылмен салыстырғанда екі есе көп екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 15 Желтоқсан, 2021
АҚШ-та COVID-19 құрбандарының саны артты
АҚШ-та коронавирустан қайтыс болғандар саны 800 мыңнан асты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 29 Қараша, 2021
Түркия бес елмен қатынасын үзді
Түркия билігі бес елмен әуе қатынасын жауып тастады: 26 қарашадан бастап, коронавирустың жаңа штамының таралуына байланысты Ботсвана, Оңтүстік Африка Республикасы, Мозамбик, Намибия және Зимбабведен келетіндерге тыйым салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 17 Қараша, 2021
COVID-19-ға қарсы таблетка түріндегі дәрі шығарылмақ
Pfizer америкалық фармацевтика компаниясы БҰҰ қолдауымен Женевадағы дәрі-дәрмек патенттік пулымен COVID-19-ға қарсы таблетка шығару туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 19 Қазан, 2021
Ресейде коронавирустан қайтыс болғандар саны артты
Ресейде коронавирустан бір тәулікте 1015 кісі қайтыс болды. Бұл пандемия басталғаннан бергі ең жоғарға көрсеткіш. Осыған дейін барлығы 225 325 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 18 Қазан, 2021
177 науқастың жағдайы өте ауыр
18 қазандағы ақпарат бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққан 52 825 адам ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Әлем • 15 Қазан, 2021
Әлем бойынша COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған үш ел анықталды
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус әлемнің үш елінде коронавирусқа қарсы вакцинация әлі басталмағанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 01 Қазан, 2021
2661 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
Қазақстанда өткен тәулікте 2661 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты, деп хабарлайды Egemen.kz coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.
Президент • 22 Қыркүйек, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз шынымен де жақсы әлем құруымыз керек
Ақорданың ресми сайтында Қасым-Жомарт Тоқаевтың COVID-19 пандемиясына қарсы күреске арналған Жаһандық саммитте сөйлеген сөзі жарияланды, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 08 Шілде, 2021
COVID-19-ды үшінші мәрте жұқтыру дерегі тіркелді
Әлемде коронавирустық инфекцияны үшінші рет жұқтыру дерегі тіркелді, ал бұл ауру алғашқыларға қарағанда ауыр болуы мүмкін. Бұл туралы ресейлік инфекционист Евгений Тимаков мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 29 Маусым, 2021
COVID-19 жұқтырған 500-ге жуық қазақстандықтың жағдайы ауыр – ДСМ
Қазақстанда COVID-19 жұқтырған 500-ден аса адамның жағдайы ауыр және өте ауыр деп бағаланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
COVID-19-ға қарсы күреске бөлінген қаражаттың жұмсалуынан заң бұзушылықтар анықталды
Сенаттың жалпы отырысында республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің басшысы Наталья Годунова COVID-19-ға қарсы күресте бөлінген қаржының жұмсалу барысында 355 млрд теңге көлеміндегі заң бұзушылықтар анықталғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 27 Сәуір, 2021
Ай соңына дейін халықтың 20%-ы екпе алуы тиіс – А. Мамин
Бүгін Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 29 Наурыз, 2021
COVID-19: Әлемдегі ахуал тұрақсыз
Маусым айының соңына дейін Ұлыбританияның бүкіл әлеммен көлік байланысын қалпына келтіруі екіталай. Шетелде демалғысы келетін британдықтарға тамыз айына дейін мұндай мүмкіндік болмауы мүмкін.
Аймақтар • 19 Қаңтар, 2021
Оңдасын Оразалин: Covid-19 қаупі әлі сейілген жоқ
Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен аппарат жиынында санитарлық-эпидемиялық жағдай сұрақтары қаралды. Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары және Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдері бейне байланыс арқылы қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Коронавирус • 31 Тамыз, 2020
Орталық Азияда 225 мың адам COVID-19 инфекциясын жұқтырған
Орталық Азияда тіркелген COVID-19 коронавирустық инфекциясының саны өткен тәулікте 627-ге көбейіп, дүйсенбі күні таңертең 225 608-ге жетті, деп хабарлады Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанның тиісті ведомстволары. Бұл туралы Egemen.kz Интерфакс-Қазақстан ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып жазады.
Үкімет • 26 Тамыз, 2020
Қазақстан Ресейден коронавирусқа қарсы вакцина алуға келісті
Делегацияны Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр басқарды. Ресей Үкіметі өкілдерімен кездесулерде өнеркәсіптік кооперацияның өзекті мәселелері, барлық клиникалық сынақтар өткізілген жағдайда халықты тегін және ерікті түрде иммундау үшін COVID-19 вакцинасын сатып алу және қолдану мәселелері талқыланды. Бұл туралы Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Медицина • 06 Тамыз, 2020
Алматыда медицина қызметкері COVID-19 туралы анықтама сатқан
Алматы облысында медицина қызметкері ақшалай сыйақы үшін коронавирустық инфекцияға теріс нәтиже беретін анықтаманы сатқан. Бұл туралы Қаржы мониторингі комитеті хабарлайды, деп жазады Egemen.kz
Әлем • 27 Шілде, 2020
Microsoft корпорациясы жаңа жаһандық бастаманы жариялады
"Біз әлем бойынша 25 миллион адамға осы жылдың соңына дейін сандық дағдыларды меңгеруге көмектесу деген ниетпен бастама көтеріп отырмыз. Бастама COVID-19 пандемиясынан туындаған жаһандық экономикалық дағдарысқа жауап береді деп үміттенеміз. Сандық дағдылардың қолжетімділігі әсіресе жұмыс орнын жоғалтудан зардап шеккендер үшін экономиканы қалпына келтіруді жеделдетудің маңызды қадамы деп қабылдаңыздар", деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 23 Шілде, 2020
COVID-19 жұқтырған науқастар қандай жағдайда ауруханаға жатқызылады?
Бүгін Нұр-Сұлтан әкімдігінде өткен брифингте "Астана" медицина университетінің жұқпалы аурулар кафедрасының ассистенті, инфекционист дәрігер Гаухар Нұрахметова коронавирус инфекциясымен ауыратын науқастарды стационарға орналастыру шарттары туралы айтып берді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Үкімет • 23 Шілде, 2020
COVID-19 бойынша жедел штаб өңірлерде бақылауды күшейтуде
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е. Тоғжановтың төрағалығымен өткен COVID-19 мәселелері жөніндегі жедел штабтың отырысында мемлекеттік органдардың коронавируспен күресуде атқарып жатқан жұмыстары тыңдалды, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 22 Шілде, 2020
Шымкентте Сovid-19 ақпараттық порталы іске қосылды
Шымкент қаласында коронавирус туралы нақты ақпарат тарататын арнайы сайт ашылды. Мұнда қала тұрғындары КВИ бойынша жедел статистикамен таныса алады. Бұл туралы денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Т.Варзилов ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте айтып өтті, - деп жазады Egemen.kz
Медицина • 21 Шілде, 2020
Пульмонологтер коронавирусқа қарсы антибиотиктерді қолдану туралы не дейді?
Жалпы коронавируссыз пневмония бола ма? Бұл туралы пульмонолог-дәрігерлер не дейтіні туралы біраз сұрақ туындайды.
Коронавирус • 15 Шілде, 2020
Елімізде барлығы 38 008 адам індеттен айықты
Елімізде барлығы 38 008 адам COVID-19-дан емделіп сауығып шықты, деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан • 12 Шілде, 2020
Нұр-Сұлтанға жүк ұшағымен COVID-19, пневмония және басқа да ауруларды емдеуге қажетті дәрі-дәрмектер жеткізілді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сайкес Үкімет дәріханаларды дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Бұл жұмысты елорда әкімдігі де жүзеге асыруда, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 07 Шілде, 2020
Алматыға мәскеулік дәрігерлер бригадасы келді
Бауырлас қалалар басшылары арасындағы келісім аясында мәскеулік дәрігерлер бригадасы Алматыдағы стационарлар базасында COVID-19-ға қарсы күреске қатысатын болады.
Қазақстан • 05 Шілде, 2020
COVID-19: Хаттамаға өзгеріс қажет пе?
COVID-19 жер шары тұрғындарын дүр сілкіндірді. Тозаңнан да кіші вирус әмірін тоқтату үшін онымен күреске әлем ғалымдары мен дәрігерлері жабылса да жеңілетін түрі жоқ. Соңғы аптада елімізде осы вирустан, соның әсерінен туған пневмониядан қайтыс болғандар саны көбейді, - деп жазады Egemen.kz
Медицина • 03 Шілде, 2020
Қостанайдағы провизорлық стационар дәрігерлері жұмысқа шығудан бас тартты
Бүгін Қостанай облысында індет жұқтыру жағдайы бұрын-соңды болмаған рекордтық көрсеткішке жетіп, бір күнде бірден 48 науқастан Covid-19 анықталды. Күн санап асқынып бара жатқан күрделі аһуалға қарамастан, бір-екі күн бұрын уақытша провизорлық стационар қызметіне көшкен қалалық аурухананың бірнеше дәрігері жұмысқа шығудан бас тартып отыр. Басты себеп – аса қауіпті аймақ саналатын провизорлық стационардағы қарапайым санитарлық талаптардың сақталмауы.