ас
Алматы • 05 Ақпан, 2024
Алматыда шағын қабатты құрылысқа басымдық беріледі
Алматыда егжей-тегжейлі жоспарлаудың (ЕТЖ) жаңа жобасы шеңберінде қалада шағын қабатты құрылысқа басымдық беріледі. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Асқар Әмрин жаңа ЕТЖ-ны таныстыру барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 05 Ақпан, 2024
«Қоян аулап, қолға түсті»: Браконьерлерге қарсы іс-шара өтіп жатыр
Заңсыз аң аулау және табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерінің жолын кесу мақсатында Абай облысы аумағында полиция қызметкерлері 1 ақпанда бастаған «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы 29 ақпанға дейін жалғасады, сол орайда браконерьлікпен айналысқан ер адам ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Ақпан, 2024
Шымкентте сейсмикалық қауіпсіздікке бөлінген қаржыны жымқырған басшы ұсталды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау барысында Шымкент қалалық тұрғын үй басқарамасына тексеру жүргізді. Тексеру барысында басқарма басшысының міндетін атқарушы сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бөлінген бюджет қаражатын жымқырғаны белгілі болды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Ақпан, 2024
Қарағанды облысында мас күйінде көлік жүргізген әкім қамауға алынды
Бұқар жырау ауданындағы Мұстафин атындағы ауылдың әкімі мас күйінде көлік жүргізген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 05 Ақпан, 2024
Жетісу облысы әкім аппаратының басшысы тағайындалды
Жетісу облысы әкімінің өкімімен Түкібаев Сәкен Ғалымұлы облыс әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Тағайындау • 05 Ақпан, 2024
«Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Бауыржан Шұбайұлы Артықов «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 05 Ақпан, 2024
Астанада балаларды белгісіз біреу соққыға жыққан
Кеше әлеуметтік желіде Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде белгісіз ер адамның екі баланы соққыға жыққан видеосы тарады. Оқиғаға қатысты қалалық полиция департаменті түсінік берді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Ақпан, 2024
Тараз қаласының 2040 жылға дейінгі бас жоспары бекітілді
Үкімет Тараз қаласының 2040 жылға дейінгі дамуының бас жоспарын бекітті, деп жазады Egemen.kz.
Бокс • 03 Ақпан, 2024
9 боксшымыз Испаниядағы турнирдің финалына шықты
Испанияның Ла Нусия қаласында өтіп жатқан Boxam Elite-2024 турнирінде еліміздің әйелдер құрамасынан 9 боксшы финалға жолдама алды, деп жазады Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Ауа райы • 03 Ақпан, 2024
Елімізде жел күшейіп, бұрқасын болады
Синоптиктер бүгін, 3 ақпанда ел территориясында қолайсыз ауа райы болады деп болжап отыр, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 02 Ақпан, 2024
Жасанды интеллектінің экономикаға ықпалы айтылды
«Digital Almaty» пленарлық отырысында РФ премьер-министрі Михаил Мишустин жасанды интеллектіні енгізуден алынған экономикалық дамуға ықпалы 1 триллион рубльге жеткенін, 2030 жылға қарай бұл көрсеткіш 10 триллионнан асатынын айтты.
Әскер • 02 Ақпан, 2024
6654 әскери бөлімі оқу батальонының 1 оқу ротасы Ұлттық ұланның барлық әскери бөлімдеріне байланыс мамандарын дайындайды. Әр жылдың 1-ші және 3-ші оқу кезеңдерінде мерзімді әскери қызметшілер арасында маман-радиотелефонистер оқытылады. Ал 2-ші және 4-ші кезеңдерде алғашқы даярлау және қайта даярлау бағдарламалары бойынша келісімшарт әскери қызметшілері арасында бөліністердің торап бастығы, электр-күш қондырғыларының бастығы, бөліністегі станция бастықтары, радиотелефон тобының бастығы, спутник станциясының маман-технигі, бөлініс бастығы (аппарат) бастықтары мамандықтары бойынша оқытады. Әр оқу кезеңі екі ай уақытты алады.
Алматы • 02 Ақпан, 2024
Транзиттік және көліктік инфрақұрылымды бірлесіп дамыту қажеттігі айтылды
Еуразиялық үкіметаралық кеңестің пленарлық отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов ЕАЭО Шығыс пен Батыстың, Солтүстік пен Оңтүстіктің тоғысқан жерінде орналасқан, аймақтың бәсекелестік артықшылығы осы фактор болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағзым • 02 Ақпан, 2024
Халық геологы Қосым Пішенбаев туралы кітап жарық көрді
Екібастұз қаласында әйгілі халық геологы, кен білгірі Қосым Пішенбаевтың 180 жылдығына арналған «Қосымның тағдыры» кітабының тұсауы кесілді. Повесть авторы – баянауылдық өлкетанушы Александр Черкашин.
Форум • 02 Ақпан, 2024
Михаил Мишустин аралас салаларда ынтымақтастыққа шақырды
Ресей үкіметінің басшысы Михаил Мишустин ЕАЭО-дағы әріптестерін өздерінің және бірлескен цифрлық платформаларын дамытуға, сондай-ақ аралас салаларда ынтымақтастыққа шақырды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 02 Ақпан, 2024
Президент Жоғары аудиторлық палата төрағасына бірқатар тапсырма берді
Мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палата төрағасы Наталья Годунованы қабылдады. Мемлекет басшысына Жоғары аудиторлық палатаның былтыр атқарған жұмысы туралы есеп беріліп, алдағы кезеңге арналған жоспары баяндалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 02 Ақпан, 2024
Астанада 8 бағытқа жаңа автобус қосылады
Астана қаласының әкімдігі 5 ақпаннан бастап 8 бағытқа жаңа автобустар қосылатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 02 Ақпан, 2024
Су саласы мамандықтарының студенттері шетелде білім алады
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов пен Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек су саласының мамандықтары мәселелері бойынша бірлескен кеңес өткізіп, оған жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 02 Ақпан, 2024
Сенат Төрағасы OzgeEpic креатив хабының жұмысымен танысты
OzgeEpic креатив хабына барған Палата Спикері Мәулен Әшімбаев «Ел-ана» көрмесінің жұмысымен және команданың бірқатар арт-перформансымен танысты. Хаб қызметінің негізгі бағыты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу және өнер саласындағы таланттардың қолдау, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 02 Ақпан, 2024
Sergek Индонезияда пилоттық жобаны бастады
Индонезияда Нусантара қаласының әкімшілігі мен «ақылды» қалаларды құрастыру саласындағы отандық IT көшбасшы Sergek Group компаниясы бірігіп жасаған пилоттық жобасы іске қосылды. Бұл туралы компания өкілдері Digital Almaty халықаралық цифрлық форумында мәлімдеді. Қазақстан мамандары көлік қозғалысын талдау және болжау бойынша интеллектуалды көлік жүйесін, сондай-ақ экология және жол қауіпсіздігі саласындағы шешімдерді экспорттайтын болады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 02 Ақпан, 2024
Газет-журналдар шынайы ақпараттың және сапалы сараптаманың қайнар көзі болып қала береді – Президент
Ақорданың баспасөз қызметі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық басылым күнімен құттықтауын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Ақпан, 2024
Бүгін – Ұлттық басылым күні. 1913 жылдың 2 ақпанында Орынбор қаласынан «Қазақ» газетінің алғашқы саны жарық көріп, оқушы қауымға жол тартты. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Ұлттық басылым күнімен құттықтады, деп жазады Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Саясат • 01 Ақпан, 2024
Смайылов пен Мишустин қазақстандық көмірді Ресей арқылы тасымалдау мәселесін талқылады
Алматыда Қазақстан Премьер-министрі Әлихан Смайылов пен Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин кездесті. Келіссөздер Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы қарсаңында өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 01 Ақпан, 2024
«Құқы жоқ». Бельгиядағы бала асырап алу орталығы Жәнібекке қатысты ақпарат беруден бас тартты
Бүгін «Бармысың, бауырым» хабарының тікелей эфирінде Бельгия азаматтары асырап алған Жәнібектің ісіне қатысты тың ақпарат айтылды. Радио-хабар жүргізушісі Қымбат Досжан сол елдің елшілігіне жолдаған сауалына жауап келгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 01 Ақпан, 2024
«Еліміздегі ең үздік көрсеткіш» 16 жасар теннисші 16 орында
16 жасар Әмір Омарханов жасөспірімдер арасында ITF Juniors рейтингісінде 16-орынға жоғарылады. Осылайша, отандық жасөспірімдер арасында ең үздік көрсеткіш тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.
Алматы • 01 Ақпан, 2024
Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңес пен «Digital Almaty 2024» басталды
Бүгін Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтеді. Сондай-ақ Digital Almaty 2024 халықаралық форумы да басталады, оған ЕАЭО үкімет басшылары қатысады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 01 Ақпан, 2024
Париж Олимпиадасына ең алғашқы жолдаманың бірін жеңіп алған спортшы
Төртжылдықтың басты додасы – Париж Олимпиадасының басталуына санаулы айлар қалды. Бұл спортшылар үшін ең жауапты және маңызды кезең басталғанын білдіреді. Өйткені алдағы жарты жылда олар Олимпиадаға жолдама жеңіп алуға тырысып, Париждегі дүбірлі додаға дайындалуы керек. Қазіргі уақытта ұлттық құрама қоржынында Олимпиаданың 19 жолдамасы бар. Ел спортшыларынан Париждегі дүбірлі додаға ең алғашқы жолдаманың бірін Ислам Сәтбаев жеңіп алған еді, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кәсіпқой бокс • 01 Ақпан, 2024
Бірінші раундта нокаут. Ел спортшысы бокс кешінде белбеу иеленді
Жеңіл салмақта әлем чемпионы, спорт шебері Ангелина Лукас (5-1, 2 КО) Бакуде өткен бокс кешінде қарсыласын бірінші раундта нокаутқа жіберіп, WIBA белбеуін жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 31 Қаңтар, 2024
Алматы-Ташкент тас жолында апат болып, 20 адам ауруханаға түсті
31 қаңтар күні таңертең Алматы-Ташкент-Термез тас жолының жабық бөлігінде ірі жол апаты болды. Автокөліктердің жиналуына байланысты жол қызметкерлері ілесіп жүретін көліктер колоннасын Тараз-Шымкент бағыты бойынша өткізуге шешім қабылдады, бірақ ауа райының қолайсыздығы ірі апатқа себеп болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 31 Қаңтар, 2024
Жас өнертапқыш жасанды интеллектіні алғаш рет қазақ тілінде сөйлетті
Қызылорда облысына қарасты Сырдария ауданының жас тұрғыны, 11-сыныпта оқитын Асылжан Абдуллаев жасанды интеллектіні алғаш болып қазақша сөйлеткенін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ведомствоның телеграм арнасында хабарлады, деп жазады Egemen.kz.