Бек
Үкімет • 13 Қыркүйек, 2024
Олжас Бектенов Шымкент қаласының даму жоспарымен танысты
Үкімет басшысы Олжас Бектенов Шымкентке жұмыс сапары аясында мегаполистің қазіргі даму барысымен және Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру шараларымен танысты, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 13 Қыркүйек, 2024
«Ашық аспан-2024»: Қазақстан мен Өзбекстан бірлескен оқу-жаттығу өткізді
Қазақстан мен Өзбекстан 10-14 қыркүйек аралығында «Ашық аспан-2024» халықаралық жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 13 Қыркүйек, 2024
Елімізде мұнай және табиғи газдың орасан үлкен кен орындары ашылатындығы күмәнсіз - ардагер мұнайшы
Қазақстанның мұнай өнеркәсібіне - 125 жыл. Жуырда Премьер-Министр Олжас Бектенов мұнай-газ секторын дамытуға қосқан үлесі үшін еңбегімен ерекше көзге түскен мұнай-газ кешенінің 40 қызметкеріне Мемлекет басшысының атынан марапаттар табыс етті. Солардың қатарында IІI дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен марапатталған ардагер мұнайшы Келтір Шаненов те бар. Қазақ мұнайының 125 жылдығы аясында Келтір ағамызды әңгімеге тартқан едік.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 12 Қыркүйек, 2024
Қазақ спортшысы теңге ілуден жеңімпаз атанды
5-ші Дүниежүзілік көшпелілер ойындарында теңге ілудің «Бес белес» стилінен қазақ спортшысы Бекнұр Серіков жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 12 Қыркүйек, 2024
Жәнібек Әлімханұлының рингке шығатын күні белгілі болды
Кәсіпқой боксшы, WBO/IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы мен жаңазеландиялық Андрей Михайлович арасындағы жекпе-жектің өтетін орны мен күні белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 11 Қыркүйек, 2024
Дәстүрлі садақ атудан екі отандасымыз жүлделі болды
Дәстүрлі садақ атудан «Жамбы» нысанасы бойынша Жәнібек Құлмырзаев пен Бақберген Сәлімов қола жүлдеге қол жеткізді. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 11 Қыркүйек, 2024
Садыр Жапаров Олимпиадада қырғыз боксшысына көмектескен өзбек бапкеріне көлік сыйлады
26 шілде мен 11 тамыз аралығында Парижде өткен жазғы олимпиадада шынайы эмоцияғы толы оқиғалар көп болды. Соның бірі өзбекстандық ассистент бапкер Акмал Хасановтың жетелеуімен қырғыз боксшысы Мунарбек Сейтбектің финалға шығуы, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 10 Қыркүйек, 2024
Үкімет басшысы РФ Новгород облысының губернаторымен бірқатар мәселелерді талқылады
Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Ресей Федерациясы Новгород облысының губернаторы Андрей Никитинмен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 10 Қыркүйек, 2024
Президент Жолдауын іске асыру: Іс-шаралар жоспарының жобасы мақұлданды
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің отырысында Мемлекет басшысының биылғы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 10 Қыркүйек, 2024
Жоғарғы Сот Төрағасы Түркия Сот төрелігі академиясының президентімен кездесті
Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиев Түркия Сот төрелігі академиясының президенті Мухиттин Өздемирмен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 09 Қыркүйек, 2024
Ел спортшылары аударыспақтан тағы екі алтын медаль еншіледі
Елордада өтіп жатқан көшпелілер ойындарында ел спортшылары аударыспақтан тағы 2 алтын медаль олжалады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 09 Қыркүйек, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрді қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновты қабылдады. Президентке еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайы, егін орағы және су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстары туралы баяндалды, деп жазады Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кәсіпқой бокс • 09 Қыркүйек, 2024
«Жақында жекпе-жек!»: Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады
WBO/IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы шаршы алаңға оралатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 09 Қыркүйек, 2024
Қазақстан көкпаршылары Өзбекстан құрамасын ірі есеппен жеңді
Елордада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарында Қазақстан құрамасы алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп жазады Egemen.kz.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 09 Қыркүйек, 2024
Қазақстан көкпаршылары алғашқы ойынын Өзбекстанға қарсы өткізеді
Кеше V Дүниежүзілік көшпелілер ойыны ресми түрде ашылды. Бүгін Астанада дүбірлі доданың сайыстық кезеңі басталады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 08 Қыркүйек, 2024
Ризабек Айтмұхан жастар арасында әлем чемпионы атанды
Қазақстандық балуан Ризабек Айтмұхан еркін күрестен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 07 Қыркүйек, 2024
Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегі жайлы маңызды мәлімдеме жасады
WBO/IBF тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы рингке оралуға дайындықты бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 06 Қыркүйек, 2024
Үкімет басшысы тау-кен саласының жұмысшыларымен АЭС салу мәселесін талқылады
Премьер-министр Олжас Бектенов Ақмола облысына жұмыс сапары барысында отандық өнеркәсіп флагмандарының бірі саналатын Степногорск тау-кен химия комбинатында болып, кәсіпорын ұжымымен кездесті, онда энергетикалық қауіпсіздікті арттыру мен отандық өнеркәсіпті дамытудың өзекті мәселелерін талқылады. Президенттің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттерді іске асыруға назар аударылды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 06 Қыркүйек, 2024
Олжас Бектенов елдегі ең ірі жылыжайдың өндірістік қуатымен танысты
Үкімет басшысы Олжас Бектенов «Қазақстанның жылыжай технологиялары» ЖШС-на барып, Степногорск моноқаласының экономикасын әртараптандырумен және өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 06 Қыркүйек, 2024
Олжас Бектенов Ақмола облысының жылу беру маусымына дайындығын тексерді
Премьер-министр Олжас Бектенов Ақмола облысына жұмыс сапары аясында Президенттің электрмен жабдықтау және жылу коммуникация желілерін жаңғырту және олардың тозу деңгейін төмендету жөніндегі тапсырмаларының орындалуын, сондай-ақ коммуналдық инфрақұрылым нысандарының жылу беру маусымына дайындық барысын тексерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 06 Қыркүйек, 2024
Паралимпиада - 2024: Бүгін 7 спортшымыз жүлдеге таласады
6 қыркүйек күні Парижде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында 7 отандасымыз 3 спорт түрінен жарыс жолына шығады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 06 Қыркүйек, 2024
Сенат Төрағасы ел мәртебесін асқақтатқан чемпионды құттықтады
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Ақмарал Науатбекті айтулы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 05 Қыркүйек, 2024
Екінші алтын: Ақмарал Науатбек Паралимпиада ойындарының чемпионы атанды
Париждегі Паралимпиада ойындарында Пара дзюдодан 48 кг салмақ дәрежесінде белдескен Ақмарал Науатбек алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 05 Қыркүйек, 2024
Мемлекет басшысы Халықаралық еңбек ұйымының Бас директорымен кездесті
Мемлекет басшысы Халықаралық еңбек ұйымының Бас директоры Жильбер Унгбомен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 05 Қыркүйек, 2024
Паралимпиада-2024: Жүзуден қос спортшымыз финалға шықты
Парижде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында 100 метрге брасс әдісімен жүзуде SB11 санатында сынға түскен Әмір Мұратбеков іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсетті, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 05 Қыркүйек, 2024
Арыстанбек Мұхамедиұлының тағы үш нысаны мемлекетке қайтарылады
Прокуратура 4,8 млрд теңгеге жуық мүлікті мемлекет меншігіне қайтару туралы талап-арыздарды қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заң • 02 Қыркүйек, 2024
Жоғарғы Сот Төрағасы Райымбек Баталовпен кездесті
Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиев «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президиумының төрағасы Райымбек Баталовпен кездесті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 01 Қыркүйек, 2024
Шахтадағы кісі өлімі: Еңбек министрлігі арнайы комиссия құрды
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Шығыс Қазақстан облысының кенішіндегі 4 адам қаза тапқан топтық жазатайым оқиғаны тексеру үшін арнайы комиссия құрды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 01 Қыркүйек, 2024
Президент Шавкат Мирзиёевті Өзбекстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы құттықтау жеделхатында Өзбекстанның экономикалық және әлеуметтік даму, халықаралық аренадағы беделін нығайту және азаматтардың әл-ауқатын арттыру бағыттарында толайым табысқа жеткенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 30 Тамыз, 2024
Олжас Бектенов Қазақстан халқын Конституция күнімен құттықтады
Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстан халқын Конституция күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.