ат
Қазақстан • 11 Ақпан, 2022
Нұротандықтар Президент реформаларының бағыты төңірегінде топтасуы керек – Асхат Оралов
Nur Otan партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов бейнеконференция байланысы арқылы партияның барлық өңірлік филиалдарымен кеңес өткізіп, таяу кезеңдегі жұмыстың басымдықтарын белгіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 11 Ақпан, 2022
Қазақстан Президентін «Дуслык» орденімен марапаттады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан Кремлін аралап көргеннен кейін Татарстан Республикасының Президенті Рустам Миннихановпен кездесу өткізді. Кездесудің алдында Қазақстан Президенті «Құрметті қонақтар кітабына» қолтаңба қалдырды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан • 11 Ақпан, 2022
Еліміздің көрнекті қайраткерлері марапатталды
Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев мәдениет саласына зор үлес қосқан қайраткерлерге мемлекеттік стипендияларды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 11 Ақпан, 2022
Алматыда үш автобус бір-біріне соғылды
Алматыда үш бірдей қоғамдық көлік жол апатына ұшырады. Қалалық полиция департаменті жаппай жол апатынан зардап шеккендер жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Ақпан, 2022
«Аманат» комиссиясы қанша адамды тергеу изоляторынан шығарды?
«Аманат» комиссиясының төрағасы Абзал Құспан БАҚ өкілдеріне арналған брифинг барысында 85 адам тергеу изоляторынан шығаылғанын баяндады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 11 Ақпан, 2022
Таиландта Қазақстан азаматын көлік қағып кетті
Таиландта демалып жүрген Алматы қаласының 29 жастағы тұрғыны Вероника Бычкова жол апатына ұшырап, ауыр дәрежедегі дене жарақаттарын алған. Бұл туралы Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 11 Ақпан, 2022
«Атамекен» ҰКП кезектен тыс съезі өтеді
«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы 18 ақпанда кезектен тыс ІХ съезі өтетінін мәлім етті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 11 Ақпан, 2022
Мемлекет басшысы Қазан қаласына барды
Мемлекет басышысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қазан қаласына барды. Бұл туралы Президенттің баспасқз хатшысы Берік Уәли мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 10 Ақпан, 2022
Қазақстанда ҰҚШҰ-ның әскери оқу-жаттығулары өтеді
Ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымы Біріккен штабының бастығы генерал-полковник Анатолий Сидоров ҰҚШҰ елдерінің қорғаныс ведомстволарының өкілдерімен бірлесіп брифинг өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 10 Ақпан, 2022
Елордадағы Қаллеки театрына жаңа басшы тағайындалды
Елордадағы Қаллеки театрына жаңа басшы тағайындалды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 10 Ақпан, 2022
Алматыда 100 жастағы кейуана індеттен жазылып шықты
Алматы қаласындағы И.Жекенов атындағы клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына біздің ғасыр жасаған кейіпкеріміз 5 ақпан күні жөтелмен, ауыр халде түскен болатын. Дәрігерлердің айтуынша, әлі жоқ науқас бірден интенсивті терапия бөлімшесінде ем алып, денсаулығы жақсарған.
Елорда • 10 Ақпан, 2022
14 ақпаннан бастап елордалық оқушылар дәстүрлі форматта оқиды
Жыл басынан бері елордада 6 мыңға жуық оқушыдан коронавирус анықталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Ақпан, 2022
«Қазақстан халқына» қорына қанша қаражат жиналды?
«Қазақстан халқына» қорының шотына ірі бизнес өкілдері, компаниялар мен жеке тұлғалар 116,8 млрд теңге аударды, деп хабарлайды Egemen.kz қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 10 Ақпан, 2022
Аида Балаева Алматы жұртшылығымен кездесті
Алматыда қоғам өкілдері Президент әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаевамен бірге түрлі мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру, ҮЕҰ жұмысы, қоғаммен өзара іс-қимыл, мемлекеттік органдардың коммуникация сапасын арттыру, мемлекет басшысының негізгі бастамаларын іске асыруға жұртшылықты тарту, сондай-ақ мемлекеттік тілді түрлі салаларда қолдану мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Ақпан, 2022
Шымкент әкімі Отырар шағын ауданының тұрғындарымен кездесті
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Отырар және «Айқап Түркістан» шағын аудандарындағы атқарылған жұмыстарды көріп, тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Ақпан, 2022
Алматы облысының тағы бір ауылына газ тартылды
Алматы облысындағы Көктал ауылына табиғи газ тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 10 Ақпан, 2022
Роллан Сейсенбаев «Әлемнің алтын жазушысы» атанды
Халықаралық Өнер Орталығы Radius (Америка), Халықаралық Өнер Орталығы Pegasus Brucke, сонымен бірге он мемлекеттің Халықаралық Қоғамдық ұйымдары Қазақ жазушысы Роллан Сейсенбаевқа «Әлемнің алтын жазушысы» атағының дипломын табыс етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 10 Ақпан, 2022
Жаңа депутаттық топ қандай міндет атқарады?
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айдос Сарым «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобы қандай өкілеттіктерге ие болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Ақпан, 2022
Ерболат Досаев Алатау ауданының тұрғындарымен кездесті
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданындағы проблемалық нысандарды аралады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 10 Ақпан, 2022
Сенатор «Самұрық-Қазынаға» еншілес компанияның жұмысын сынға алды
Сенатор Әлімжан Құртаев Палата отырысында депутаттық сауалында дұрыс ұйымдастырылған тәсіл қолданылатын болса, химия өнеркәсібі Қазақстан экономикасын дамытудың драйверіне айналуы мүмкін деген пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 10 Ақпан, 2022
Мәжілісте «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобы құрылды
Мәжілісте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларының орындалуын қадағалайтын «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобы құрылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 10 Ақпан, 2022
Жастардың әскерге баруға ынтасы жоқ
Үкімет басшысының атына жолдаған депутаттық сауалында сенатор Бекболат Орынбеков әскери қызметке шақырумен байланысты жүйелі мәселелерге назар аударып, оларды шешу үшін бірқатар ұсыныс тастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 10 Ақпан, 2022
Сенатор ауыз су тапшылығына қатысты мәселе көтерді
Сенатор Ғұмар Дүйсембаев Үкімет басшысына жолдаған депутаттық сауалында Атырау және Маңғыстау облыстарындағы ауыз су тапшылығына қатысты проблемаларды атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 10 Ақпан, 2022
Қазақстан АҚШ-қа ақша жасырғандар туралы ақпарат ала алады
Парламент Сенатының жалпы отырысында «ҚР Үкіметі мен АҚШ Үкіметі арасындағы халықаралық салық тәртібін жетілдіру туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңы қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 10 Ақпан, 2022
Сенаторлар: Президент мемлекеттілік пен елдің бірлігін сақтап қалды
Сенатор Әли Бектаев вице-премьердің атына жазған депутаттық сауалында биылғы жыл ел үшін оңай басталмағанын айтты. Оның айтуынша, қылмыстық топтар қарапайым халықты өз мүдделері үшін пайдаланды, нәтижесінде кінәсіз адамдар зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 10 Ақпан, 2022
Павлодар облысында жол апатынан жүргізуші қаза тапты
Павлодар облысында жол апатынан жүргізуші қаза тапты. Жол апаты 9 ақпан күні сағат 17.05-те орын алған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 10 Ақпан, 2022
Ләззат Қалтаева Сенат депутаты ретінде ант берді
ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ләззат Қалтаева Қазақстан халқы алдында ант беріп, палатаның тұрақты комитетіне сайланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 10 Ақпан, 2022
Коронавирус пен пневмония: тағы 23 адам қайтыс болды
Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 23 адам қайтыс болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 09 Ақпан, 2022
Қазақстандағы реформаларды Өзбекстан тарапы құптап отыр
Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі Заң шығару палатасының Төрағасы Нурдинжон Исмоиловпен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Парламент • 09 Ақпан, 2022
«Жаңа Қазақстан» депутаттық тобы құрылады
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Еділ Жаңбыршин «Жаңа Қазақстан» атты депутаттық топ құрылатынын жария етті, деп хабарлайды Egemen.kz.