ұлы
Руханият • 24 Қыркүйек, 2020
Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын мерекелеу аясында Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің бастамасымен қазақ халқының ұлы ақыны һәм ойшылы Абай Құнанбайұлының құрметіне саябақ пен ескерткіш тақтаның ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz
Әлем • 23 Қыркүйек, 2020
Лукашенко Беларусь президенті қызметіне кірісті
Минск қаласының Тәуелсіздік сарайында Александр Лукашенконың Беларусь Республикасының президенті қызметіне ресми кірісу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz БелТА агенттігіне сілтеме жасап.
Қоғам • 22 Қыркүйек, 2020
Мемлекет басшысы ақын Несіпбек Айтұлын 70 жасқа толуымен құттықтады
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Несіпбек Айтұлын 70 жасқа толуымен құттықтады. Президенттің құттықтау хатын мерейтой иесіне Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 21 Қыркүйек, 2020
Ұлыбританияда карантин режімін бұзғандар 10 мың фунт айыппұл төлейді
Алдымен ережеге бағынбағандарға ескерту жасалып, бір мың фунт айыппұл салынады, деп хабарлайды Egemen.kz Хабар 24-ке сілтеме жасап.
Руханият • 17 Қыркүйек, 2020
Есте жоқ ықылым замандардан, адам баласы қоғам боп қалыптаса бастағаннан бері абыздар мен пайғамбарлар, ойшылдар мен патшалар мәңгілік өмір мен бақыттың, ізгілік пен қайырымдылықтың, құтты қоныс пен өрелі өлкенің кілтін іздей бастаған. Мәңгілік өмір сүруге ынтық Гильгамеш (Білге кісі), ажалдан қашқан Қорқыт, тіршілік суын тапқан Қызыр, мәңгі ел мұратын ұсынған Тоныкөк, Өтүкенді жер-жаһанның ортасы деп білген Білге қаған, қайырымды қоғамды аңсаған әл-Фараби, ізгілік іздеген Жүсіп Баласағұн, Желмаясымен Жерұйыққа жетпек болған Асан қайғы, әділетті сүйген Абай – күміс қоңыраулы керуендей ғасырларды көктей өткен халқымыздың асыл арман-аңсарының бір көрінісі ғана. Жер үстіндегі жұмақты іздеп, ой азабын арқалаған осы абыздардың қайырымды қоғам, бақытты ел туралы толғамдарының бір түйіні әділет деген ұғымға келіп тіреледі екен. Бүгінгі мақаламызда соның бір парасына тоқталмақпыз.
Әдебиет • 16 Қыркүйек, 2020
"Чарли және шоколад фабрикасы" қазақ тілінде жарық көрді
Әлем және Батыс Еуропа мәдениеті мен әдебиетіндегі ең атақты шығармалардың бірі "Чарли және шоколад фабрикасы" ертегі повесі қазақшаға аударылды. Шығарма авторы – әйгілі жазушы, ақын, сценарист Руал Даһл (Roald Dahl). Кітапты Қазақстанда Steppe & WORLD Publishing баспасы шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz
Руханият • 11 Қыркүйек, 2020
Хакім Абайдың 175 жылдығына орай жалпыхалықтық диктант жазылды
Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 8-11 қыркүйек аралығында хакім Абайдың 175 жылдығына орай алғаш рет еліміздің барлық өңірінде "Ұлы Абай – халық жүрегінде" атты тақырыпта жалпыхалықтық диктант жазу шарасы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz
Саясат • 09 Қыркүйек, 2020
Ұлыбританияда пост-коронавирус дәуіріндегі ядролық қарусыз әлемнің болашағы талқыланды
Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшілігі Лондон университетінің Халықаралық зерттеулер және дипломатия орталығымен бірлесіп өткізген онлайн-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының 75 жылдық мерейтойына және Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне орайластырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 09 Қыркүйек, 2020
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды
Бүгін Президент әкімшілігінің келісімімен Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің өкіміне сәйкес қала әкімінің орынбасары болып Айманбетов Маулен Зарлықұлы тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 07 Қыркүйек, 2020
Қостанайда 1939 жылы шыққан Абай өлеңдерінің жинағы табылды
Қостанайдағы Ішкі істер министрлігіне қарасты Шырақбек Қабылбаев атындағы академияның қызметкері Мырзабек Тұйғанов таяуда ғана атасынан қалған кітаптар қорын ақтарып отырып, Абай Құнанбайұлының 1939 жылы Сәбит Мұқановтың алғы сөзімен латын қарпінде шыққан кітабын тауып алды, деп хабарлайды Egemen.kz
Ахмет Байтұрсынұлы • 05 Қыркүйек, 2020
Бүгін - Ахмет Байтұрсынұлының туған күні
Қазақ әдебиеті мен әдебиеттану ғылымының, тіл білімінің атасы һәм реформаторы Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылдың 5 қыркүйегінде дүниеге келген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Қыркүйек, 2020
Ұлыбританияда Қазақстанның Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңіске қосқан үлесі талқыланды
Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуының 75 жылдығын мерекелеу аясында "Екінші дүниежүзілік соғыстағы Қазақстан: әлем тарихының аз зерттелген тарауы" атты вебинар өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Лондондағы Елшілігі Ұлыбританияның Ұлттық армия мұражайымен бірлесіп ұйымдастырды, - деп хабарлайды Egemen.kz Елшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 01 Қыркүйек, 2020
Дәстүрлі білім беруді жалғастыру мәселесін қарауымыз керек - Мұрат Бақтиярұлы
Парламент Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы Мемлекет басшысының бүгінгі Жолдауына қатысты өз пікірін білдірді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аударма • 31 Тамыз, 2020
Берлиндегі көше 20 жылдан бері Абай Құнанбайұлының есімімен аталады
Берлиндегі көше 20 жылдан бері Абай Құнанбайұлының есімімен аталады, деп хабарлайды Egemen.kz
Руханият • 30 Тамыз, 2020
Абайдың оқыған алғашқы мектебі қайда?
Жидебайдың іргесіндегі Найзатаста ескі там бар көрінеді. Жай там емес, Абай, Тәкежан, Құдайберген, Оспан, Ысқақтар білім алған мектептің орны, деп жазады Egemen.kz
Тағайындау • 28 Тамыз, 2020
Ардақ Әшімбекұлы ҚР Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы болып тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Ардақ Әшімбекұлы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды, - деп жазады Egemen.kz
Білім • 24 Тамыз, 2020
"Ұлы даланың ұлық тұлғасы" үздік эссе байқауы өз мәресіне жетті
"Ұлы даланың ұлық тұлғасы" үздік эссе байқауының қорытындысы белгілі болды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 24 Тамыз, 2020
Қазақстан үздік әлем елдерінің рейтингінде 66-орынды иеленді
Қазақстанды үздік әлем елдерінің рейтингінде Әзербайжан мен Гватемала басып озды, деп хабарлайды Egemen.kz
Руханият • 20 Тамыз, 2020
Жұмыр жердің бетін жаман тұмау жайлағалы жаназаның жамағатсыз өткізілуі жалпақ жұрттың қабырғасына батып тұрғандығы әмбеге аян. Осы бір қалыптасқан дәстүрді иманды ишара қылып өткізудің де жолы бар екен.
Тағайындау • 17 Тамыз, 2020
Ақтау әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
Ақтау әкімінің орынбасары лауазымына Әбілқайыр Жанайұлы Байпақов тағайындалды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады Egemen.kz
Парламент • 12 Тамыз, 2020
Павлодарда ҚР Парламенті Сенатына депутат сайланды
Орталық сайлау комиссиясының ресми сайтында хабарланғандай, алдын ала нәтижелер бойынша сайлауда 81.97% дауыс жинаған Алтынбек Нұхұлы жеңіске жетті. Бұл туралы Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Әлем • 11 Тамыз, 2020
Ұлыбританияда оқушыларға бетперде тағудың қажеті болмайды
Шетланд аралдары мен Шотландияның шекаралас аудандарындағы оқушылар бүгін наурыз айынан бастап мектепке алғаш рет оралды. Бұл туралы BBC NEWS агенттігі хабарлайды, деп жазады Egemen.kz
Қоғам • 10 Тамыз, 2020
Сенаторлардың аймақтарға сапары жалғасуда
Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы Қызылорда облысының Қазалы ауданына барды, - деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 03 Тамыз, 2020
Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы тағайындалды
Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Шахмардан Асқарұлы Байманов ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Egemen.kz
Әлем • 01 Тамыз, 2020
Ұлыбритания үкіметі COVID-19-ға қатысты шектеулерді алмайтын болды
Ұлыбритания Премьер-министрі Борис Джонсон COVID-19-ға қатысты шектеулердің әзірге алынбайтынын қынжыла отырып жеткізді, деп хабарлайды Reuters.
Аймақтар • 31 Шілде, 2020
Алматы облысының "Үздік ауыл әкімі" анықталды
"Үздік ауыл әкімі" республикалық конкурсының өңірлік кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 30 Шілде, 2020
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды
Бүгін Шымкент қаласы әкімінің өкімімен қала әкімінің орынбасары болып Президенттік Жастар кадрлық резервінің өкілі Сәттібаев Айбек Берікұлы тағайындалды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Қазақстан • 30 Шілде, 2020
"Бәйтерек" монументінің авторы өмірден өтті
Қазақстанның құрметті сәулетшісі, "Астана-Бәйтерек" монументінің авторы Ақмырза Исаұлы Рүстембеков өмірден озды. Қайғылы қаза туралы "Алматыгенплан" ҒЗИ хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Руханият • 27 Шілде, 2020
Құндылықтарынан айырылған қоғамның құбыласынан жаңылған жұртқа айналатыны белгілі. Қырық құбылған мына заманда қаймана қазақ та асыл қазынасын – рухани құндылықтарын жоғалтып жатқандай көрінеді. Сертке сенген, сөзге тоқтаған халық едік, сенімге селкеу түсті. Кез келген жайтқа күдікпен қарап, күмән келтіреміз. Сөздің астарына үңілмей, ақиқатына жүгінбей, айтары жоқ болса да, айқайы бардың айтағына ереміз. «Коронавирус жоқ, пандемия өтірік, бәрі қазаққа чип салу үшін жасалып жатыр екен» деген дақпыртқа да сендік. Ұлы Абайдың «қазақтың шын сөзге нанбай, құлаққа қоймай, тыңдауға да қолы тимей, пәлелі сөзге, өтірікке серттей ұйып, бар шаруасы судай ақса да, соны әбден естіп ұқпай кетпейтұғыны қалай?» деген сауалы тағы да алдымыздан шықты. Міне, «Абай деген адам болмаған екен» деген сөзге де ден қойып жатырмыз.
Әлем • 24 Шілде, 2020
Ұлыбритания дүкендерінде маска тағу міндеттелді
Ұлыбританияда дүкенге келушілер үшін жұмадан бастап аузы мен мұрнын жабатын маскаларды кию міндетті болады, тәртіп бұзушыларға айыппұл салынады.