аз
Президент • 18 Ақпан, 2021
Президент Өзбекстанның Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камиловті қабылдады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанның Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камиловті қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 18 Ақпан, 2021
Таразда Иштван Қоңыр Мандокиға арналған конференция өтті
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Түркі әлемінің генезисі» арнайы жобасы аясында Тараз қаласында «Түрік халықтарының рухани құндылықтары және Қоңыр Мандоки мұрасы» атты халықаралық ғылыми-танымдық онлайн-конференция өтті. Аталған шараны Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі мен Мажар-Қазақ «Barsz» қоры ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz
Елорда • 18 Ақпан, 2021
Нұр-Сұлтанда екі мыңға жуық жұмысшы қар тазалауға шықты
Елордада 17 ақпаннан 18-іне қараған түні 7 мм қар жауды, бұл айлық норманың жартысына жуығын құрайды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтын сілтеме жасап.
Білім • 18 Ақпан, 2021
Шымкенттік ұстаз онлайн оқытуда республикада үздік атанды
Елімізде таралған індетке байланысты қашықтан білім беру жүйесі - BilimLand платформасында жалғасты. Шымкенттік мұғалімдер ақпараттық технологияның барлық мүмкіндіктерін жылдам игеріп, онлайн оқытуда республикада көш бастады. Мұндай нәтижеге Дильбар Нарметова секілді ұстаздардың іскерлігі мен жаңашылдыққа икемділігінің арқасында қол жетіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Ақпан, 2021
«Самұрық-Қазына» тағылымдамадан өтушілерді қабылдайды
«Цифрлық жаз» бағдарламасы аясында «Самұрық-Қазына» компаниялар тобына тағылымдамадан өтушілерді қабылдау басталды. Отандық және шетелдік жоғары оқу орындарының бакалавриатының үшінші-төртінші курстарының және магистратурасының бірінші-екінші курстарының қазақстандық студенттері Қордың портфельдік компанияларында үш айлық жазғы тағылымдамадан өте алады. Өтінімдер 2021 жылдың 31 наурызына дейін Бағдарламаның digital-summer.sk.kz. ресми сайтында қабылданады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Ақпан, 2021
Қазақстан • 18 Ақпан, 2021
Мақтааралдағы бос жатқан жерлер мемлекетке қайтарылды
Мақтаарал ауданында игерілмей бос жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы 70 гектар жер анықталған, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 17 Ақпан, 2021
Батыс Қазақстан облысында 17 мектеп карантинге жабылды
Батыс Қазақстан облысында оқушылар мен мұғалімдерден коронавирус анықталып, 17 мектеп карантинге жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан • 17 Ақпан, 2021
Францияның Үлкен Шығыс аймағы Қазақстанмен көпжақты ынтымақтастыққа дайын
Үлкен Шығыс (Франция) Өңірлік кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Жан-Люк Боль Қазақстанмен жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға мүдделілігін білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 17 Ақпан, 2021
Қазақстанның ипотека әлеуеті неге төмен?
Жақында ипотекаға қолжетімділік бойынша Property Prices Index by Country есебі жарияланды. Ондағы Қазақстанның деңгейін жоғары деп айтуға келмейді. Біздің ел рейтингтегі 109 елдің арасынан 71-орынға тұрақтаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Ақпан, 2021
ҚазҰУ-ға тиесілі жер сатылғаны рас па? Алматы әкімі жауап берді
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев халыққа есеп беру кездесуінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аумағында жер сату туралы пікірталастарға қатысты дауға жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 17 Ақпан, 2021
Нарынқол, Кеген, Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандарына газ тартылады
Алматы облысында 1,2 млн адам тұратын 156 елді мекенге көгілдір отын тартылған. 2014-2020 жылдары өңірді газдандыруға 148 млрд теңге бағытталған, соның 93 млрд теңгесі – жеке инвестиция. Бұл туралы бүгін жетісулықтар алдында есеп берген Алматы облысының әкімі Амандық Баталов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 17 Ақпан, 2021
Жергілікті медианы қалай сақтаймыз?
НЬЮ-ЙОРК. Коронавирус дағдарысы тағы бір мәрте нақты, сенімді және анық ақпаратқа жаппай қол жеткізудің маңызын тағы бір мәрте көрсетіп берді. Пандемия кезінде әлемнің түкпір-түкпіріндегі халық вирустың өзін ғана емес, оның экономика мен қоғамға әсерін түсінуге көмектесетін сенімді жаңалықтар көздерін қажет етті. Бұл ақпаратты жинайтын, тексеретін және жеткізетін адамдар бұрын-соңды кездеспеген ауыртпалыққа тап келді. Алда-жалда келесі дағдарыс бастала қалса, сенім білдіретін медиа өкілдерінің азайып бара жатқаны – қауіпті үрдіс.
Қоғам • 16 Ақпан, 2021
Отандасымыз әйгілі Илон Масктың жобалар байқауында топ жарды
Отандасымыз Санжар Тайжан өз компаниясымен «Not-A-Boring Competition» байқауының финалынан төбе көрсетті. Енді олар жуырда Илон Маскпен кездеседі, деп хабарлайды Egemen.kz
Елбасы • 16 Ақпан, 2021
Елбасы Қарағанды облысының бұрынғы әкімінің отбасына көңіл айтты
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Петр Нефедовтың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 16 Ақпан, 2021
Латын графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиінің ерекшелігі неде?
Бұл сауал әркімнің де көкейінде тұратын басты сұрақ екені сөзсіз. Бұрынғы акутпен берілген әліпбиге қарағанда соңғысы әбден жетілдіріліп, піскен, көпшілік мамандар талқысынан өткен әліпби болып отыр.
Қоғам • 16 Ақпан, 2021
Жаназада ақша таратқаны несі?!.
«Тозбасты ұста соқпайды, өлместі Құдай жаратпайды», дейді халық. Шынында да, өзекті жанға күні жеткенде, уақыты соққанда өлімнің келетіні ақиқат. Ислам дінінде, мыңжылдықтардан бері келе жатқан қазақтың әдет-ғұрпында қайтыс болған кісінің кәдесін атқарудың өзіндік тәртібі бар.
Қоғам • 15 Ақпан, 2021
Қазақстанда бір апта ішінде 3 506 қылмыс тіркелді
Елімізде бір апта ішінде 3 506 қылмыс жасалды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Ақпан, 2021
ШҚО-да 60 жастағы сотталған азамат алғаш рет жеке куәлігін алды
ШҚО-да пробация есебінде тұратын 60 жастағы сотталған азамат алғаш рет жеке куәлігін алды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан • 15 Ақпан, 2021
Қазақстан Люксембург сотында Стати ісіне қатысты шешімнің күшін жоюға қол жеткізді
Қазақстан Люксембургтің кассациялық сотында Стати ісі бойынша төрелік шешімді тану туралы шешімнің күшін жоюға қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Әділет министрлігіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 15 Ақпан, 2021
Еліміздің 7 қаласында ауа сапасы нашарлайды
Синоптиктер Қазақстан қалаларындағы 15 ақпан күнгі ауа сапасы туралы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 15 Ақпан, 2021
Өзбекстанмен бірлескен кәсіпорын ашпақ
Қазақстан мен Өзбекстан бірқатар өнеркәсіп жобаларын бірлесе атқаруға ниетті. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов пен Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Саидкәрім Ниязходжаевтың өзара кездесуінде мәлім болды.
Аймақтар • 14 Ақпан, 2021
Батыс Қазақстанда жол апаты салдарынан 5 адам ауруханаға жеткізілді
Батыс Қазақстан облысында жол апаты салдарынан 5 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 14 Ақпан, 2021
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» бағдарламалық мақаласында саяси реформалардың ел іргесін шайқалтпай, береке-бірлігін бұзбай, байыппен және біртіндеп іске асырылатынын айта отырып, «...ең төменгі деңгейден бастап жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін нығайтуға» көңіл аударып, өзекті мәселелерді тұрғындар мен жергілікті биліктің бірлесіп шешуі қажетін атап өтті. Бұл бағыттағы маңызды қадамдар Мемлекет басшысының жетінші шақырылымдағы Парламент Мәжілісінің 1-ші сессиясының ашылуында жарияланған саяси реформаларының үшінші пакетінде нақты көрініс тапты.
Қоғам • 14 Ақпан, 2021
Елімізде ана мен бала өлімі азайды
Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният төрағалығымен өткен нәресте өлімін азайту бойынша шұғыл шаралар қабылдау жөніндегі республикалық штабтың отырысында елімізде ана мен бала өлімінің көрсеткіші айтарлықтай төмендегені туралы айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz
Технология • 14 Ақпан, 2021
Азияда цифрлы операция деңгейі артты
Сәт санап даму жылдамдығын арттырып жатқан цифрлы трансформация жаһандық өндірісті, сауданы және коммерцияны, сондай-ақ жұмыспен қамту саласына серпін бере бастайды. Азия даму банкінің зерттеуі бойынша, жаһандық цифрлық сектор мөлшерінің 20 пайызға өсуі 2021 жылдан бастап 2025 жылға дейін әлемдік өндіріс көлемін орташа есеппен жылына 4,3 триллион долларға арттыруы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан • 14 Ақпан, 2021
Қазақстандықтар қаңтар айында қанша көлік сатып алды?
Қазақстандықтар 2021 жылдың қаңтар айында 8333 жаңа автокөлік сатып алған. Соның ішінде жеңіл көлік, жүк көлігі және автобустар бар. Бұл 2020 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 54 пайызға артық көрсеткіш, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 13 Ақпан, 2021
1 ақпаннан бері Батыс Қазақстанда коронавирустың 889 жағдайы анықталды
1 ақпаннан бері Батыс Қазақстан облысында COVID-19-дың 889 жағдай анықталған, деп хабарлайды Egemen.kz
Технология • 13 Ақпан, 2021
Шығыс Қазақстанда «Police 102» мобильді қосымшасы іске қосылды
Енді Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары құқық бұзушылық туралы өздерінің арыздары мен хабарламаларын қасқағым сәтте смартфон арқылы жолдай алады, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 13 Ақпан, 2021
Қазақстанға Дубай – Алматы рейсімен келген жолаушыдан коронавирус табылды
12 ақпан күні Қазақстанға Ұлыбритания, Шри-Ланка, БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, Беларусь, Өзбекстан мен Қырғызстаннан 18 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды Egemen.kz