Соңғы жаңалықтар
Ауа райы • 01 Желтоқсан, 2025
Қостанай облысында көлік қозғалысы шектелді
Қостанай облысында Ақтөбе облысының шекарасынан Денисовка ауылына дейін жол жабылды, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі.
Руханият • 01 Желтоқсан, 2025
Жазушы тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды
Биыл жазушы, халық мұрасын жинаушы Оразбай Егеубаевтың туғанына 90 жыл. Осыған орай Алматыда жазушы тұрған үйдің қабырғасына ескерткіш тақта орнатылып, «Шетелдегі қазақ руханияты: жиналуы, жариялануы, зерттелуі» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция өтті, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық • 01 Желтоқсан, 2025
Қазақстанда 2026 жылдан бастап АИТВ-ға қарсы инновациялық препарат қолданылады
Қазақстан дәрігерлері АИТВ-инфекциясын емдеу тиімділігін арттыруда айтарлықтай табыстарға қол жеткізіп отыр деуге негіз бар, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 01 Желтоқсан, 2025
Интернет алаяқтықтың алдын алу тақырыбындағы республикалық бейнебайқау мәресіне жетті
Ақтөбелік оқушы Ішкі істер министрлігі ұйымдастырған интернет алаяқтықтың алдын алу тақырыбындағы республикалық бейнебайқауда бірінші орын иеленді, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 01 Желтоқсан, 2025
Аустралияның Сидней қаласындағы Crown казиносында Қазақстаннан барған ерлі-зайыпты жандар жасырын камера мен құлаққаптарды пайдаланып, 1,18 млн АҚШ долларын иемденді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Балалар • 01 Желтоқсан, 2025
Динара Зәкиева ауру балаларға тіл тигізген блогерді жауапқа тартуды талап етті
Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева блогер gulnara.blogger-дің ерекше қажеттіліктері бар балаларға қатысты айтқан сөзіне құқықтық баға беруді сұрап, Ішкі істер министрлігіне ресми түрде жүгінді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 01 Желтоқсан, 2025
Елімізде жол ережесін қайта-қайта бұзған жүргізушілерге айыппұл баллы есептелмек
Бас прокурор Берік Асыловтың төрағалығымен орталық, жергілікті және құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелері бойынша заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмыстылыққа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 01 Желтоқсан, 2025
Алматыда «Киелі мекен» атты көрме ашылды
Ұлттық орталық музейде Мәдениет саласының үздігі, суретші, мүсінші, карикатурашы Қали Қораласбаевтың шығармашылығына арналған «Киелі мекен» атты көрме ашылды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 01 Желтоқсан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Шри-Ланка Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Шри-Ланка Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Аймақтар • 01 Желтоқсан, 2025
Атырауда иелігіндегі малды қараусыз жібергендерге 790 хаттама толтырылды
Биыл Атырау облысында үй жануарларын жаю қағидатын бұзатындар қатары көбейіп отыр, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 01 Желтоқсан, 2025
Тексеріс жүріп жатыр: Жамбыл облысының әкімі перзентханадағы дауға қатысты пікір білдірді
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Орталық коммуникациялар қызметінің брифинг алаңында аймақтағы ана мен бала өліміне қатысты сауалға жауап берді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 01 Желтоқсан, 2025
Биыл Алматы облысына барған туристер саны 2,2 миллион адамға жеткен
Президент Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевті қабылдады, деп жазады Ақорда.
Әлем • 01 Желтоқсан, 2025
Енді қытайлықтар Ресейге визасыз кіре алады
Ресей Қытай азаматтарына ел аумағына туристік, іскерлік және бірқатар гуманитарлық мақсаттармен визасыз кіруге мүмкіндік берді. Жаңа тәртіп 30 күнге дейін есептелген сапарларға қолданылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Желтоқсан, 2025
Автолизинг бағдарламасы іске қосылып, мөлшерлеме төмендетілді
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша автолизинг бағдарламасы енгізіліп отыр. Жаңа жүйе – салоннан шыққан жаңа көліктерге ғана арналған, ал, қолданылған автокөліктер бағдарламаға кірмейді. Сонымен бірге бұл – мемлекеттік субсидияланатын жоба емес, нарықтық коммерциялық өнім, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 01 Желтоқсан, 2025
Астанада жаңа жылдық безендіруге қанша қаржы жұмсалады?
Астанада жаңа жылдық безендіру жұмыстарына 365 млн теңгеден астам қаражат жұмсалады. Сонымен қатар өткен жылғы безендіру заттарының бір бөлігі қайта қолданылады, деп жазады Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 01 Желтоқсан, 2025
Елімізде зооволонтерлік қозғалыс жүйелі түрде дамып келеді
Мәдениет және ақпарат министрлігі және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен Ұлттық волонтерлік желісі «Kazakhstan for Animals» жобасын жүзеге асырды. Зооволонтерлік мәдениетті дамытуды көздейтін жобаға еліміздің 20 өңірінен 1612 азамат қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 01 Желтоқсан, 2025
14 жыл ішінде Алматы метрополитені неше миллион жолаушыны тасымалдады?
Алматы метрополитенінің іске қосылғанына бүгін 14 жыл толып отыр. Жолаушылардың қауіпсіз, қолайлы әрі жылдам жүруін қамтамасыз етіп келе жатқан метрополитен осы уақыт ішінде қаланың негізгі көлік түрлерінің біріне айналған, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 01 Желтоқсан, 2025
Шымкентте есірткі жасырушының әрекеті дрон арқылы әшкере болды
Шымкенттік полицейлер дронның көмегімен есірткіні жасырын қойып кеткен күдіктіні қолға түсірді. Ер адам рейдтік іс-шара барысында есірткі салынған түйіншектерді тығып жатқан кезінде көзге түскен, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 01 Желтоқсан, 2025
Инфляция деңгейі 12,4%-ға дейін төмендеді
Ұлттық статистика бюросының есебінше, қарашадағы айлық инфляция деңгейі 0,8% болды. Азық-түлік тауарларының ішінде қырыққабат 2,5%-ға, сәбіз – 2%-ға, қызылша – 1,4%-ға, қант – 1,3%-ға, апельсин – 1%-ға, күріш – 0,5%-ға арзандаған, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 01 Желтоқсан, 2025
Енді мүгедектікті анықтау үшін ЖИ қолданылуы мүмкін
Мүгедектік тобын белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу барысында қолданылатын жасанды интеллект (ЖИ) моделін әзірлеу жұмысын – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жүргізіп жатыр. ЖИ енгізу рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз етіп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 01 Желтоқсан, 2025
Неліктен бұдан былай кредиттер бірден берілмейді?
30 қыркүйектен бастап Қазақстанда онлайн рәсімделетін кепілсіз тұтынушылық қарыздар үшін жаңа міндетті тетік іске қосылды. Енді қарыз шартына қол қойылғаннан кейін қаражат бірден берілмейді – қарыз алушы белгілі бір уақыт күтіп, осы шешімін қайта растауы қажет, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 01 Желтоқсан, 2025
Алматыда баланы басынан тепкен ер адам қамауға алынды
Алматыдағы ойын алаңдарының бірінде ер адам бес жасар баланың басынан тепкен сәті бейнежазбаға түсіп қалған. Балалар омбудсмені Динара Закиева аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қысқы спорт • 01 Желтоқсан, 2025
Қысқы олимпиада ойындары қыр астында: Қоржында қанша лицензия бар?
2026 жылдың 6–22 ақпан күндері Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында төрт жылдықтың басты додасы – XXV қысқы Олимпия ойындары өтеді. Байрақты бәсекеге әлемнің 93 елінен 3 500-ден астам спортшы қатысады. Олардың қатарында ел спортшылары да бар, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 01 Желтоқсан, 2025
Өрттен қалай сақтануға болады?
Электр энергиясы өмірімізді жеңілдететіні мәлім, алайда тұрмыстағы өрттердің әр үшіншісі дәл соның салдарынан болады екен. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, бірнеше қарапайым ережені сақтасаңыз мұндай қауіптің алдын алу оңай, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 01 Желтоқсан, 2025
Қайрат Сатыбалдының ұлына тиесілі «Байсат» базары сатылымға шығарылды
Қайрат Сатыбалдының ұлы Бауыржан Нұрсұлтанға тиесілі болған Алматыдағы «Байсат» базары қайтадан саудаға шығарылды. Бұл ақпарат Қайтарылған активтерді басқару компаниясының сайтында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 01 Желтоқсан, 2025
Жетісайдағы өрт: Ауруханаға түскен 7 жастағы қыз қайтыс болды
8 қараша күні Түркістан облысы Жетісай ауданы Алғабас ауылындағы екі қабатты жеке тұрғын үйден өрт шығып, 12 адам мерт болған еді. Өрт болған күні 3 адам аман қалып, ауруханаға жеткізілген болатын. Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы кеше 7 жастағы қыздың ауруханада көз жұмғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 01 Желтоқсан, 2025
Шу өзенінің төменгі ағысы суға толтырылады
Гранттық қаржыландыру аясында Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты ирригация мен мелиорация салаларында төрт жобаны жүзеге асырып жатыр. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов ғылыми ұйымның жыл басынан бері атқарған жұмысы туралы есебін тыңдады, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 01 Желтоқсан, 2025
Қазақстанда қарыз алушының қаржылық жүктемесін есептеудің жаңа тәсілі енгізіледі
Қазақстанда тұтынушылық қарыздардың шамадан тыс өсуі мен азаматтардың қайта-қайта мерзімін кешіктіру жағдайлары көбейгендіктен, қаржылық жүктемені есептеудің жаңа тәсілі енгізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 01 Желтоқсан, 2025
Жетісу облысында патрульдік полиция шетелдік азаматтарға көмек көрсетті
Үшарал ауылы маңында патрульдік полиция экипажы көлігінің дөңгелегі жарамсыз болып, жолда қалған Қытай азаматтарына қол ұшын созды. Полицейлер Алматы–Өскемен трассасында тоқтап тұрған көлікті байқап, көмекке ұмтылған, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 01 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Румыния Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Никушор Данды Румынияның ұлттық мерекесі – Бірігу күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.