Мектеп
Білім • 26 Желтоқсан, 2024
Қарағандыда тағы екі жайлы мектеп бой түзеді
Қарағанды қаласында № 24 және № 28-ші екі жаңа мектеп салынды. Қазіргі заманғы оқу орындары «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынды. Бұл мектептерде балаларды оқытуға барлық жағдай жасалған, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 25 Желтоқсан, 2024
Биыл «Жайлы мектеп» жобасы аясында 42 білім ордасы бой түзеген
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша үш ауысымды оқытуды жою және қалалық пен ауылдық мектептер арасындағы айырмашылықты азайту мақсатында Қазақстанда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы іске асырылып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 24 Желтоқсан, 2024
703 мыңнан астам оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылған
Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев 2024 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы ағымдағы нәтижелер туралы мәлімет ұсынды. Биыл олардың саны 44 млн-нан асты. Министрдің айтуынша, маңызды жетістіктердің бірі – цифрлық құжаттарды енгізу, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 20 Желтоқсан, 2024
Елордада 24 жайлы мектеп салынады
Астанада «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 24 мектеп салынады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 19 Желтоқсан, 2024
Жаңа заң балалар үйіндегі бүлдіршіндер санын азайтуға мүмкіндік береді - Мәулен Әшімбаев
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Палата отырысында екі оқылымда қаралып, мақұлданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік наградалар, білім беру және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң білім беру және балалардың құқықтарын қорғау саласындағы ұлттық заңнаманы жетілдіруді көздейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мектеп • 19 Желтоқсан, 2024
Биыл 600 мектеп асханасы модернизациядан өткен
Аталған 600 мектепте 200 мыңнан астам оқушы білім алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мектеп • 17 Желтоқсан, 2024
Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған II республикалық олимпиада аяқталды
Астанада ауыл мектептерінің оқушыларына арналған қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы II республикалық олимпиаданың қорытындысы шығарылды. Қорытынды кезеңге Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі ауылдардан 450 оқушы қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Желтоқсан, 2024
Оралда көптен күткен мектеп ашылды
Тәуелсіздік күніне орай Орал қаласында 400 орындық су жаңа мектеп ашылды. Білім ордасының ашылу салтанатына облыс әкімі Нариман Төреғалиев арнайы барды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 17 Желтоқсан, 2024
АҚШ-тағы мектепте атыс болып, үш адам көз жұмды
АҚШ-тың Висконсин штатындағы Мэдисон қаласындағы христиан мектебінде жасөспірім атыс ұйымдастырып, салдарынан кем дегенде екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz The New York Times басылымына сілтеме жасап.
Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2024
Алматы облысында үш ауысымды мектептердің мәселесі қалай шешіліп жатыр
Алматы облысында үш ауысымды мектептердің мәселесі әлі де өзекті. Аймақта осындай 37 мектеп жұмыс істеп тұр. Өңірдегі осы мәселені шешу бағытында қабылданып жатқан шешімдерді облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев баяндап берді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 13 Желтоқсан, 2024
Президент Үштөбе қаласында орналасқан Кемел Тоқаев атындағы мектепке барды
Мемлекет басшысы Үштөбе қаласында орналасқан Кемел Тоқаев атындағы орта мектепке барды, деп жазады Egemen.kz.
Руханият • 12 Желтоқсан, 2024
«Egemen» де, домбыра да сыйлады
Сәтбаев қаласындағы №14 – мектепке жаңа оқу жылында Фариза Отжанқызы директор болып келді. Жас та жігерлі басшы мектепті жаңа деңгейге көтеру мақсатында көптеген ізденістерге баруда. Ол мектепте домбырашылар оркестрін ұйымдастыруды ойлаған еді. Бірақ..
Оқиға • 12 Желтоқсан, 2024
Екібастұзда оқушы жылу құбырынан аққан суға күйіп қалған
Екібастұзда 10 жастағы бала жылу құбырының тесігінен аққан ыстық суға күйіп қалған. Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Желтоқсан, 2024
Ұлытау облысында 1,2 млрд теңгеге мектеп салынады
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңға сәйкес Арнаулы мемлекеттік қор қаражатынан қаржыландырылатын ел өңірлерінде әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру жүзеге асырылып жатыр. Үкімет Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Мыңадыр стансасында 80 орындық мектеп салуға 1,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 11 Желтоқсан, 2024
Ел мектептерінде медиация қызметтері пайда болады
ҚР Оқу-ағарту министрлігі қауіпсіз және қолдаушы білім беру ортасын құруға бағытталған «100 медиативті мектеп» жобасын іске қосып жатыр. Бастама шеңберінде еліміздің барлық мектебінде қақтығыстарды тиімді шешуге және оқушылар, педагогтер мен ата-аналар үшін жағымсыз салдардың алдын алуға ықпал ететін мектеп медиациясы қызметтері жұмыс істей бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 10 Желтоқсан, 2024
Оқушылар қысқы каникулда 10 күн демалады
Елімізде қысқы каникул кезеңі 2024 жылдың 30-желтоқсаны мен 2025 жылдың 8-қаңтарын қоса алғанда он күнге созылады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 06 Желтоқсан, 2024
Оқушылардың қысқы каникулда қанша күн демалатыны белгілі болды
Оқу - ағарту министрлігі оқушылардың қысқы каникулда қанша күн демалатынын жария етті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Желтоқсан, 2024
Алматы мектептері жаңа автобустармен толығады
Алматыда 2025 жылы тағы 100 мектеп автобусы сатып алынады, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 03 Желтоқсан, 2024
Оқушылардан жаңа жылдық кешке ақша жинауға рұқсат етіле ме
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектептердегі жаңа жылдық кештерге ақша жинауға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 03 Желтоқсан, 2024
Шағын жинақты мектептерде оқытудың жаңа моделі енгізіледі
Бүгін Үкімет отырысында ауыл мектептерін дамыту мәселелері қаралды, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 29 Қараша, 2024
Оқушылар қысқы каникулда неше күн демалады
Мектеп оқушылары қысқы каникулда неше күн демалатыны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 29 Қараша, 2024
«Жайлы мектептердің» 40 пайызы ауылдарда салынған
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қарқынды жүзеге асырылып жатыр. Кезекті 36-шы мектеп Алматы облысының Көкөзек ауылында орналасқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 28 Қараша, 2024
Қырғызстанда мектеп оқушылары тәттіден уланып қалған
Қырғызстанның Шу ауданы Искра ауылында мектеп оқушылары кәмпит пен тәтті спрей тамақтан уланып қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мектеп • 27 Қараша, 2024
Алматыда 100 жаңа автобус мектеп оқушыларын тегін тасымалдайды
Yutong маркалы жаңа автобустар барлық қауіпсіздік пен жайлылық стандарттарына сәйкес келеді, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 27 Қараша, 2024
Президент Ресейдің шекаралас қалаларында қазақ мектептерінің ашылуына мүдделі
Ресейдің «Известия» газетінде жарияланған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан мен Ресей: стратегиялық серіктестіктің жаңа көкжиегі» мақаласында білім саласындағы ынтымықтастық туралы баяндалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мектеп • 26 Қараша, 2024
Мектептердің жаңа көшбасшы-басқарушылары дайындалып жатыр
Мемлекет басшысының бастамасымен жаңа форматтағы көшбасшыларды іріктеу мен кәсіби даярлау жөніндегі «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Биыл бағдарламаға қатысуға ниет білдірушілер саны 2,5 есеге көбейген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мектеп • 25 Қараша, 2024
Елімізде тағы екі жайлы мектеп бой көтерді
Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Астана қаласы мен Жамбыл облысында 2000 және 1200 оқушыға арналған заманауи екі мектеп ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Қараша, 2024
Мемлекетке қайтарылған ақшаға Атырау облысында мектеп салынады
Үкімет Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жамансор ауылында 150 орындық мектептің құрылысына 2 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 22 Қараша, 2024
Абай ауданында мектеп қазандығында жарылыс болды
2024 жылдың 22 қарашасында Үржар ауылында Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектептің жеке қазандығында жарылыс болған. Алдын ала болжам бойынша, апат жылу жүйесіндегі айналым ақауы салдарынан қазандықтағы қысымның көтерілуінен болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 22 Қараша, 2024
Елорда мектептерінде қауіпсіздік шаралары күшейтіледі
Қаланың білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне арналған жиын өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.