у
Оқиға • 01 Қазан, 2024
Бокс жаттықтырушысы 37 жыл бұрын сотты болғаны үшін жұмыстан босатылған
Жамбыл облыстық соты 1987 жылы сотты болғаны үшін қызметтен қуылған бапкердің талап арызын қанағаттандырып, жұмыстан босату туралы бұйрықты заңсыз деп таныды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 01 Қазан, 2024
Сарбаз жерленген жерден 81 жылдан соң бір уыс топырақ әкелінді
Хабарсыз кеткен қызыл әскер сарбазы Әлішер Қызынбаев 1943 жылы Курск облысының Белгород ауданында қаза тауып, бауырластар қабіріне жерленген екен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 01 Қазан, 2024
Ел өңірлерінде жылыту маусымы басталды
Бұған дейін Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола облыстары мен Астана қаласына жылу беріле бастаған. 1 қазаннан бастап Абай, Ақтөбе және Қарағанды облыстарында жылыту маусымы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 01 Қазан, 2024
Стенд атудан Азия Кубогі: Қазақстан бірінші сатыда
Алматы облысындағы Александр Асанов атындағы стенд ату клубында Азия Кубогі мәресіне жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Қазан, 2024
Суицидке итермелейтін 15 мың сайт бұғатталды - Бас прокурор
ҚР Бас прокуроры Берік Асылов елімізде жасөспірімдердің өзіне қол жұмсау фактілері көбейгеніне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 01 Қазан, 2024
БҚО өрт сөндірушілері өртеніп кеткен автобусты сөндірді, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 01 Қазан, 2024
Түркістан қаласына жаңа әкім тағайындалды
Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша облыс әкімінің өкімімен Түркістан қаласының әкімі лауазымына Әзімбек Пазылбекұлы тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Қазан, 2024
Бүгіннен бастап елімізде не өзгереді
2024 жылдың қазан айынан бастап ел азаматтарының өмірінде не өзгеретінін Egemen.kz сайтының материалынан оқыңыз.
Ауа райы • 01 Қазан, 2024
Елдің басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады - синоптиктер
«Қазгидромет» синоптиктері 1 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 01 Қазан, 2024
Қазақстан футзалдан әлем чемпионатының жартылай финалына шыға алмады
30 қыркүйекте Қазақстан және Аргентина құрамасы Өзбекстанда футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатының ширек финалында кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 30 Қыркүйек, 2024
Ғалиасқар Сарыбаев: Референдум – энергетикалық секторымыздың болашағын таңдаудың басты мүмкіндігі
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, АЭС салу жөніндегі республикалық халықтық штабтың мүшесі Ғалиасқар Сарыбаев Жетісу облысындағы Талдықорған мен Текелі қалалары және Көксу мен Қаратал аудандарының тұрғындарымен кездесті. Кездесуге қатысушылар азаматтардың атом электр станциясының құрылысына қатысты сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Референдум • 30 Қыркүйек, 2024
Сенатор: АЭС салу – Қазақстан үшін стратегиялық маңызды шешім
Сенат депутаттары Әлібек Нәутиев пен Сағындық Лұқпанов Атырау облысының тұрғындарымен кездесті және Қазақстанда АЭС салу мәселесін талқылады. Кездесулердің мақсаты халықты атом энергетикасының артықшылығы туралы хабардар ету және алдағы референдумға белсенді қатысуға шақыру болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 30 Қыркүйек, 2024
Сенат депутаттары Сүйіндік Алдашев пен Бекбол Орынбасаров Жаңаөзен қаласы мен Түпқараған ауданында жергілікті тұрғындармен және қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді. Қазақстанда атом электр станциясы құрылысының мән-жайын түсіндіру – осы кездесулердің негізгі тақырыбы болды. Талқылауға бірқатар мұнай компанияларының еңбек ұжымдары, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері және азаматтық қоғамның белсенді өкілдері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Референдум • 30 Қыркүйек, 2024
Қайрат Тастекеев: АЭС құрылысы ұзақ мерзімді экономикалық пайда әкеледі
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Қайрат Тастекеев Бородулиха ауданының тұрғындарымен кездесіп, атом электр станциясын салу мәселесін талқылады. Кездесуге қатысушылар дамыған елдердің атом энергетикасы саласындағы тәжірибесімен танысып, алдағы референдумның маңыздылығына тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Референдум • 30 Қыркүйек, 2024
АЭС салу – ел экономикасының шикізаттық емес секторына жаңа мүмкіндік ашады
Сенат депутаттары Наурызбай Байқадамов пен Руслан Рүстемов Ядролық физика институтының жұмысымен танысты және Қазақстан-Британ техникалық университетінің ұжымымен кездесті. Университет оқытушылары мен студенттерімен кездесуде атом энергетикасында көпжылдық тәжірибесі бар халықаралық компаниялардың АЭС құрылысына қатысу мәселесі талқыланды. Жобаның қауіпсіздігін Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік бақылайтын болады, ал шығындар Дүниежүзілік банктің қадағалауымен қоса үш деңгейлі аудиттен өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 30 Қыркүйек, 2024
Қытай Еуроодақтың төрт еліне визасыз режим енгізеді
Қытай билігі Еуропалық Одаққа мүше төрт елге визасыз режим енгізеді. Бұл туралы Қытай Халық Республикасының Көші-қон істері жөніндегі мемлекеттік басқармасының ресми аккаунтында хабарланған, деп жазады Egemen.kz.
Сұхбат • 30 Қыркүйек, 2024
Тағдыр тәлкегінен ешкім қашып құтыла алмайды. Әсіресе түрлі апат не өрт болғанда, тіпті денсаулық сыр бергенде қолдағы көк қағазды санап қаламыз. Осы орайда шығынды барынша азайтатын сақтандыру полистері бар. Оны қалай алуға болады? Мән-маңызы, мақсат-міндеті қандай? Көкейдегі сауалдарды сақтандыру агенті, «Halyk-Life» АҚ 9-дирекциясының директоры Сәуле Ахметоваға қойып көрдік.
Референдум • 30 Қыркүйек, 2024
АЭС салынса электр желілері де жаңғыртылады
Сенаторлар Ләззат Рысбекова мен Арман Өтеғұлов Орал қаласындағы Желаев астық өнімдері комбинатының және Бәйтерек ауданындағы кәсіпорындар ұжымдарымен кездесулер өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 30 Қыркүйек, 2024
Қоғамдық тәртіпті бұзған 117 жолаушыға шара қолданылды
«Жолаушылар тасымалы» АҚ қызметкерлері көліктік полициямен бірлесіп, пойыздардағы қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін жыл басынан бері 117 жолаушыны түсірген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 30 Қыркүйек, 2024
Қытайда «Алтын адам және ұлы дала» халықаралық көрмесі ашылды
Бүгін, 30 қыркүйекте Қытайдың Тяньцзинь қаласының музейінде «Алтын адам және Ұлы дала» халықаралық көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараны ҚР Ұлттық музейі Қытайдың Мәдени жәдігерлер орталығымен бірлесіп ұйымдастырды. Көрменің ашылуына Мәдениет және ақпарат министрлігі қолдау көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 30 Қыркүйек, 2024
Президент «Еуразия кеңістігіндегі орнықты даму және қауіпсіздік» атты конференцияда сөз сөйледі
Қасым-Жомарт Тоқаев «Еуразия кеңістігіндегі орнықты даму және қауіпсіздік» конференциясына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Референдум • 30 Қыркүйек, 2024
АЭС тұрақты энергиямен жабдықтаудың негізі бола алады - сенатор
Сенат депутаты Сергей Карплюк Алтынсарин және Федоров аудандарының тұрғындарымен кездесті. Онда еліміздің энергетикалық қауіпсіздігі және АЭС салу жобасына қатысты маңызды мәселелер талқыланды. Кездесуге білім беру және агроөнеркәсіп кешені қызметкерлерімен қоса түрлі сектордың өкілдері де қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 30 Қыркүйек, 2024
Шымкентте жоғары оқу орнының ректоры қамауға алынды
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры Қайрат Нұрманбетов екі айға қамауға алынған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 30 Қыркүйек, 2024
Футзал: Қазақстан-Аргентина матчына 12 мың билет сатылған
Бұл туралы «Qazsport» телеарнасының тілшісі Фархат Қаналы Ташкенттен хабарлаған, деп жазады Egemen.kz.
Сенат • 30 Қыркүйек, 2024
Сенаторлар аса қауіпті аурулардың таралуын болдырмау туралы заңды қарады
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Палата бюросының отырысын өткізді. Онда депутаттар 3 қазан күні өтетін Сенат отырысының күн тәртібін белгілеп, Палатаның алдағы іс-шараларын пысықтады, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 30 Қыркүйек, 2024
ДСҰ Қазақстанның сауда саясатына жоғары баға берді
Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) Женевадағы штаб-пәтерінде Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға кірген сәтінен бастап сауда саясатына алғашқы шолу өтті. Айтулы іс-шараға Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев бастап барған делегация қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 30 Қыркүйек, 2024
6 қазан күні елорда тұрғындары автобуста тегін қатынайды
Астанада 6 қазан күні республикалық референдумның өтуіне орай, қала және қала маңы бағдарларында жол жүру тегін болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 30 Қыркүйек, 2024
Астанада сотталушыға жазадан жалтаруға көмектескен адам ұсталды
Астана қаласының прокуратурасы алаяқтық және лауазымды тұлғаға аса ірі мөлшерде пара беруге итермелеу дерегі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Есірткі • 30 Қыркүйек, 2024
Есірткі тасымалдаған Қазақстан азаматы Грузияда жасырынып жүрген
Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері ҚР Сыртқы істер министрлігінің көмегімен аса ірі мөлшерде синтетикалық есірткі құралдарын сақтағаны және тасымалдағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Грузиядан Қазақстан азаматын экстрадициялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 30 Қыркүйек, 2024
Оқушыларды денсаулық пен бақуаттылыққа дағдыландыратын бағдарлама іске қосылды
Бұдан былай Алматы мен Астана мектептерінің 10-сынып оқушылары уақытпен үндесетін элективті курспен таныса бастайды. Таяу күндері осы бастамаға, яғни «Денсаулық пен әл-ауқат – табысты болашақтың кепілі» элективті курсының басталуына орай баспасөз мәслихаты өтті. Жиынға Алматы мен Астана қалаларының білім басқармаларының өкілдері, Қазақ Тағамтану академиясының мамандары, мектеп директорлары мен курс авторлары қатысты.