Аң
Оқиға • 26 Желтоқсан, 2024
Жаңа үлгідегі 2000 теңгелік банкноталар айналымға шықты
Ұлттық банк 2024 жылғы үлгідегі жаңа дизайнмен номиналы 2 000 теңгелік банкноталарды айналымға шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 25 Желтоқсан, 2024
Қанат Бозымбаев ұшақ апатынан зардап шеккен жолаушыларға барды
Премьер-министрдің орынбасары басшылық ететін Үкіметтік комиссия Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасына барды.
Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2024
Маңғыстаулықтар Әзербайжан елшілігі ғимараты маңына гүл шоқтарын қоюда
Маңғыстау облысында Әзербайжан ұшағы апатқа ұшырады. Экипаж мүшелері мен жолаушылары арасында қаза тапқандар мен ауыр зардап шеккендер бар. Ақтау қаласындағы Әзербайжан Бас Консулдығы ғимаратына келіп, қамығып, көңіл айтып жатырған халықтың қарасы қалың, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық Қоғамдық Коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Төтенше жағдай • 25 Желтоқсан, 2024
Маңғыстаулық жастар Әзербайжан Республикасының Бас Консулдығына барып көңіл айтты
Маңғыстаулық жастар Ақтау қаласындағы Әзербайжан Республикасының Бас Консулдығына барып, қайғылы жағдайға орай көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2024
Ұшақ апатынан аман қалғандар дәрігерлер қарауында
25 желтоқсан күні шамамен сағат 11:00-де Ақтау қаласының аумағына Бакудан Грозныйға ұшып бара жатқан ұшақтың құлағанына байланысты аймақ басшысы Нұрдәулет Қилыбай оқиға орнына барып, облыс әкімінің төрағалығымен жедел штаб құрылды. Апат орнында ТЖД, ДВД, жергілікті әкімдік құтқару жұмыстарына қажетті жағдайдың барлығын жасап жатыр.
Білім • 25 Желтоқсан, 2024
Білім сапасын арттырудағы маңызды қадам: жаңа мектептер мен балабақшалар
Тәуелсіздік күні қарсаңында елімізде бірнеше жаңа оқу орындары ашылды, бұл білім беру жүйесінің дамуындағы елеулі оқиғалардың бірі болды. Бұл нысандар Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынды. Жаңадан бой көтерген білім нысандары оқушылардың оқу жағдайларын жақсартуға және мәдени, шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ететіні сөзсіз.
Қоғам • 25 Желтоқсан, 2024
Қаңтар айында ел азаматтары қалай демалады
2025 жыл қазақстандықтар үшін жаңа жылмен қатар ұзақ мерзімді келген демалыс күндерінен басталады. Мереке күндерін және тұрақты демалыс күндерін қоса санағанда бұл айда барлығы 11 күн демалыс берілген, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 24 Желтоқсан, 2024
Биылғы ҰҚШҰ саммиті қандай маңызды шешімдермен қорытындыланды
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясы 28 қарашада Астанада Тәуелсіздік сарайында өтті. Еске салайық, шағын және кеңейтілген құрамдағы сессия отырыстарына Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Ресей Президенті Владимир Путин, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, сондай-ақ ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов қатысты.
Заң • 24 Желтоқсан, 2024
Балалар қуанып, әйелдер қорғалған жыл
2024 жыл елімізде ерекше оқиғалармен, айшықты істермен есте қалатын болды. Мәселен, елімізде бұрын-соңды көп айтылмаған сұрақтардың жауабы ел алдында талқыланып, көп әселе шешімін тауып жатты. Солардың бірі тұрмыстыө зорлық-зомбылыққа қатысты Заңның қабылдануы.
Тағайындау • 23 Желтоқсан, 2024
Семейге жаңа әкім тағайындалды
Семей қаласының әкімі қызметіне Талғат Мұратов тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 23 Желтоқсан, 2024
Түлкібас ауданына жаңа әкім тағайындалды
ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен және Түркістан облысы әкімінің өкімімен Естібаев Асқар Сұлтанұлы Түлкібас ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Желтоқсан, 2024
Жаңа жыл мерекесінде қанша күн демалыс беріледі
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың қаңтарындағы демалыс күнін ауыстыруды көздейтін бұйрық дайындады, деп хабарлайды Egemen.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Парламент • 22 Желтоқсан, 2024
Қазақстан депутаттары жаңажылдық корпоратив өткізбейді
Дәулет Мұқаев әлеуметтік желідегі парақшасында депутаттар корпоративке жиналмайтынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 20 Желтоқсан, 2024
Ұлттық ғылым академиясы жаңадан сайланған академиктерді таныстырды
Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясында жаңа сайланған академиктерді таныстыру рәсімі өтті.
Аймақтар • 20 Желтоқсан, 2024
Маңғыстау өңірінде бірқатар күрделі мәселе бары рас, әйтсе де өңір басшылығы жалпы даму деңгейін тұрақты назарда ұстап, өміршең жобаларды жоспарлау арқылы мәселелерді шешудің тың жолдарын іздеумен келеді және бұл бағыттағы атқарылған, атқарылатын істер мардымды әрі маңызды.
Сенат • 19 Желтоқсан, 2024
Биржалық саудаға қатысушылардың қызметіне мемлекеттік бақылау күшейтіледі
Сенат отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биржа саудасы және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң да қаралып, мақұлданды. Бұл заңға депутаттар бастамашы болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 19 Желтоқсан, 2024
Жаңа заң балалар үйіндегі бүлдіршіндер санын азайтуға мүмкіндік береді - Мәулен Әшімбаев
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Палата отырысында екі оқылымда қаралып, мақұлданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік наградалар, білім беру және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң білім беру және балалардың құқықтарын қорғау саласындағы ұлттық заңнаманы жетілдіруді көздейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 19 Желтоқсан, 2024
Сенаторлар есірткі саудасына қарсы заңды мақұлдады
Бүгін Сенатта өткен Палата отырысында сенаторлар депутаттар бастамашы болған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестердің, прекурсорлардың және күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды да қарап, мақұлдады. Онда бірқатар маңызды нормалар қарастырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 19 Желтоқсан, 2024
Дипломаттардың еңбек және әлеуметтік құқықтары қорғалады
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда депутаттар Мемлекет басшысының тиісті ұсынуына байланысты Жоғарғы Сот судьяларын қызметінен босату, сондай-ақ, Парламент Сенаты тағайындаған Жоғары аудиторлық палата мүшесінің өкілеттігін тоқтату және қызметінен босату туралы мәселелерді қарады. Одан бөлек, сенаторлар дипломатиялық қызмет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 19 Желтоқсан, 2024
Білмей есірткі тасымалдағандардың жазасы жеңілдетіледі
Бүгін Сенат отырысында депутаттар есірткінің заңсыз айналымына қатысты түзетулерді мақұлдады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 19 Желтоқсан, 2024
Павлодар облысында мұғалімді балағаттаған оқушы жауапқа тартылды
Елімізде "Педагог мәртебесі туралы" арнайы Заң қабылданғанымен, ұстаздар қауымына қатысты түрлі келеңсіз жағдайлар әлі де орын алып келеді. Айталық, павлодарлық оқушы мектеп ішінде мұғалімге бейәдеп сөздер айтқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 18 Желтоқсан, 2024
Ақмола облысында шенеунік ірі сомаға заңсыз тендер өткізбек болған
Степногорск қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның талаптарын бұза отырып, 84,8 млн теңге сомасына жылы аялдамаларды дайындау және орнату жұмыстарына ашық конкурс өткізуді көздегені анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 17 Желтоқсан, 2024
Қаңтар айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш беру басталады
Қаңтар айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау 20 желтоқсанда басталып, 30 желтоқсанға дейін жалғасады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 17 Желтоқсан, 2024
Тәуелсіздік күнінде жаңа білім беру нысандары ашылды
Астана қаласында және Түркістан, Қостанай, Қызылорда, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында балабақшалар, мектептер мен балаларға арналған шығармашылық орталықтары ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 17 Желтоқсан, 2024
Темір ауданына жаңа әкім тағайындалды
ҚР Президенті Әкімшілігінің және Темір аудандық мәслихаты депутаттарының келісімімен Алмас Жақсылықұлы Жақсылықов Темір ауданының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 17 Желтоқсан, 2024
Ауылда 70 адамдық монша ашылды
Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының орталығында қоғамдық монша бой көтерді. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ашылған әлеуметтік нысан күніне 70 адамға қызмет көрсете алады.
Аймақтар • 16 Желтоқсан, 2024
Талғар қаласына жаңа әкім сайланды
Сайлау қорытындысы бойынша Талғар қаласының жаңа әкімі қызметіне Арыстанбек Әбілқайырұлы тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Желтоқсан, 2024
Маңғыстау облысында 13 жүк көлігі қар құрсауында қалып қойды
Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары жолшыларды қар құрсауынан алып шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Желтоқсан, 2024
Ақтау маңында ірі жол апаты болып, 7 адам ауруханаға жеткізілді
14 желтоқсан күні түстен кейін жолда Chevrolet Lacetti, Daewoo Gentra және Lexus LX470 көліктері соқтығысқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 14 Желтоқсан, 2024
Президент 2024-2026 жылдарға арналған бюджетке түзету енгізді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджетке өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Egemen.kz.