Ар
Тағайындау • 17 Тамыз, 2023
Жетісу облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
Жетісу облысы әкімінің өкімімен Әсет Қанағатов облыс басшысының орынбасары болып тағайындалды. Ол бұған дейін энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы қызметін атқарған, деп хабарлайды Egemen.kz7
Президент • 17 Тамыз, 2023
Президентке CyberPol жобасының нәтижелері таныстырылды
Президентке еліміздегі криминогендік ахуал жөнінде және 30 маусымда өткен Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы мәлімет берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Үкімет • 17 Тамыз, 2023
Үкіметте тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы бойынша кеңес өтті
ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың төрағалығымен тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы бойынша кеңес өтті. Кеңеске орталық мемлекеттік органдардың басшыларының орынбасарлары мен Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 17 Тамыз, 2023
Жемқорлардан тәркіленген қаражатқа 62 мектеп салынды
Жемқорлардан тәркіленген қаражат жинақталатын Қор арқылы бүгінде еліміздің бірқатар өңірінде, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 76 мың орынға шақталған (екі ауысымдық) 62 мектеп құрылысы қаржыландырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Форум • 17 Тамыз, 2023
Түркі мемлекеттерінің дүниежүзілік медициналық конгресі өтті
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният бастаған қазақстандық делегация Өзбекстанның Самарқанд қаласында өткен Дүниежүзілік Түркі медициналық конгресіне және Түркі мемлекеттері ұйымы елдерінің денсаулық сақтау министрлерінің кездесуіне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қаржы • 17 Тамыз, 2023
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 457 – 463 теңге аралығында саудаланып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 16 Тамыз, 2023
Мектептерде электрондық оқулықтарды пайдалану мәселелері талқыланды
ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың төрағалығымен оқу процесінде электрондық оқулықтарды пайдалану жөнінде кеңес өтіп, оған оқу-ағарту, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, әділет вице-министрлері, сондай-ақ «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының, «Талдау» АҚ-ның, мектеп оқулықтарын дайындайтын жетекші баспалардың және IT-компаниялардың өкілдері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспассөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 16 Тамыз, 2023
Қазақстан өнеркәсібіне инвестиция тарту мәселесі талқыланды
Шэньчжэнь қаласында Қазақстан делегациясы және Қытайдың ірі кәсіпкерлері, қызметтер, технологиялар мен тауарлар жеткізушілердің жоғары рейтингіне енген компаниялар өкілдері, ауыл шаруашылығы, көлік, логистика саласындағы жаһандық ірі экспорттаушылардың қатысуымен өзара ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланған дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әскер • 16 Тамыз, 2023
Қазақстандық екі жауынгердің сүйегі туған жерінде қайта жерленеді
Астанада Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында 1941-1945 жылдардағы Екінші дүниежүзілік соғысында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің сүйегін жақындарына тапсыруға арналған салтанатты рәсім өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Саясат • 16 Тамыз, 2023
Қуаныш Ерғалиев Ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметінен босатылды
ҚР Үкіметінің қаулысымен Қуаныш Асылханұлы Ерғалиев берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 16 Тамыз, 2023
Спортпен шұғылданатын ерекше қажеттіліктері бар адамдардың қатары артты
Спортпен шұғылданатын ерекше қажеттіліктері бар адамдардың саны соңғы 3 жылда 25,3%-ға өскен. Егер 2020 жылы 38 352 болса, 2023 жылдың басында бұл көрсеткіш 51 325 адамға жетіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 16 Тамыз, 2023
Таразда заманауи онкологиялық орталық ашылды
Таразда сәулелік терапияға арналған жоғары технологиялық үдеткішпен, сондай-ақ соңғы КТ және МРТ аппараттарымен, эндоскопиялық және ең аз инвазивті жабдықтармен жабдықталған заманауи онкологиялық орталық ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Әлем • 16 Тамыз, 2023
Гавай аралдарындағы орман өртінен 101 адам көз жұмды
Гавай аралдарының билігі Мауи аралындағы орман өрті салдарынан қаза тапқан 101 адамның жеке басын анықтап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz The Guardian басылымына сілтеме жасап.
Үкімет • 16 Тамыз, 2023
Қазақстан-Қытай алғашқы ірі бизнес-форумы өтті
Қытайдың ірі экономикалық және өнеркәсіп орталығы саналатын Шэньчжэнь қаласының 200-ден астам кәсіпкері 2023 жылғы 14 тамызда қазақ-қытай бірінші бизнес-форумына қатысты. Қазақстан-Қытай саудасына жәрдемдесу қауымдастығы мен Shenzhen Cross Supply Service Association бірлесіп ұйымдастырған іс-шара Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстыру үшін болашақ қытайлық инвесторларды жинады. Форумның ашылуында ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин екі ел халықтары арасында қалыптасқан тығыз байланыстарын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тұлға • 16 Тамыз, 2023
«Сәйгүлік» тойда асыр салып билейтін ән емес- Табылды Досымовтың ұлы
«Egemen TV» Youtube арнасына қазақтың тұңғыш бард әншісі Табылды Досымовтың ұлы Абыл Табылдыұлы сұхбат берді. Сұхбат барысында бард жанры туралы, әйгілі «Сәйгүлік» әні туралы әңгіме өрбіді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 16 Тамыз, 2023
Әлихан Смайылов Башқұртстанның үкіметтік делегациясымен кездесті
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Астанада Ресей Федерациясы Башқұртстан Республикасының Премьер-министрі Андрей Назаров бастаған үкіметтік делегациямен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қаржы • 16 Тамыз, 2023
Ұлттық банк доллар мен рубльдің бүгінгі бағамын белгіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 15 Тамыз, 2023
Сауда және интеграция министрлігі аппаратының басшысы қызметінен босатылды
ҚР Сауда және интеграция министрінің бұйрығымен Асқар Әбдіғалиұлы Бегманов берілген өтінішіне сәйкес Сауда және интеграция министрлігі аппаратының басшысы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 15 Тамыз, 2023
13,6 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 13 569 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 120,7 мың этникалық қазақ оралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 15 Тамыз, 2023
Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 15 Тамыз, 2023
Бірінші сыныпқа баратын бүлдіршіндердің 70%-ға жуығы қазақ тілін таңдаған
Жаңа 2023-2024 оқу жылында бірінші сыныпқа баратын балалардың 68,2 пайызы мемлекеттік тілде оқуды таңдаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 15 Тамыз, 2023
Мемлекет басшысы Мұхтар Тілеубердіні қабылдады
Мемлекет басшысы Қазақстанның Аустриядағы елшісі, Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі болып тағайындалған Мұхтар Тілеубердіні қабылдады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 15 Тамыз, 2023
Атырау облысындағы мектептерге қосымша 23 автобус сатып алынады
Облыстың шалғай елді мекендерінің оқушыларын мектепке тасымалдау үшін қосымша 23 автобус сатып алынады, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 15 Тамыз, 2023
Дағыстандағы жарылыстан 30 адам қаза тапты
РФ Төтенше жағдайлар министрлігінің жаңартылған ақпаратына сәйкес, Махачкалада жанармай құю бекетінде болған өрт салдарынан 105 адам зардап шекті, оның 30-ы көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Тамыз, 2023
Жаңа оқу жылы басталғанға дейін 52 мектеп ашылады
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында өңірлердің жаңа оқу жылына дайындығы талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 15 Тамыз, 2023
Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты білім беру ұйымдарына 25 Президенттік стипендия бөлінді
Мәдениет және спорт министрлігі мәдениет, өнер және туризм бағыттары бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына Президенттік стипендия бөлу туралы бұйрық жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 15 Тамыз, 2023
ТМД елдерінің II ойындары аяқталды
Белорусь мемлекетінің Минск, Борисов, Брест, Витебск, Гомель, Гродно, Жлобин, Могилев, Молодечно, Орша, Солигорск қалаларында 10 күн бойы өткен ТМД елдерінің II ойындары аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 15 Тамыз, 2023
Доллар қымбаттап, рубль арзандады
Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 448-452 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Тамыз, 2023
Шығыс Қазақстанға алғашқы қар түсті
Бүгін таңертең Шығыс Қазақстан облысындағы Белуха тауының маңында қар жауды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жастар • 14 Тамыз, 2023
«Жастармен бірге!» тақырыбында өткен іс-шаралар кешені аяқталды
Еліміз бойынша «Жастармен бірге!» тақырыбында қайырымдылық, волонтерлік, экологиялық акциялар, бос орындар жәрмеңкелері, семинарлар, концерттер, бір сөзбен айтқанда жастар апталығы аясында 7-12 тамыз аралығында өткен іс-шаралар кешені аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.