аз
Тарих • 17 Тамыз, 2021
Жошы хан әулетінің кесенесі туристер үшін ашық болады
Үш жыл бұрын Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының археологтары Уәлиханов ауданының аумағында Алтын Орданың гүлдену дәуіріндегі бірегей археологиялық ескерткіш - Қызыл-Оба кесенесін ашты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Тамыз, 2021
Қостанайда екі жұмысшы уланып қалды
Қостанайда улы бумен уланған екі қызметкер техникалық құдықтан шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 17 Тамыз, 2021
Павлодар облысында қос азаматтығы бар 46 адам жауапқа тартылды
Павлодар облысында қос азаматтығы бар 46 адам анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан • 17 Тамыз, 2021
Жұмысынан айырылған 77,9 мың адам әлеуметтік төлем алды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде қанша қазақстандық жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдер алатыны туралы айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 17 Тамыз, 2021
Нұр-Сұлтанда мас жүргізуші жол тазалайтын машинамен соқтығысты
Сағат 04.05-те Әл-Фараби көшесімен келе жатқан ВАЗ-21099 автокөлігінің жүргізушісі жол техникасымен соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы болған жерге келген полицейлер жүргізушінің мас күйде болғанын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 17 Тамыз, 2021
Маңғыстауда банк қызметкері клиенттердің 90 млн теңгесін жымқырған
Маңғыстау облысында банк қызметкері клиенттердің шотынан 90 млн теңге жымқырып, оның бір бөлігін букмекерлік кеңсе арқылы қолма-қол ақшаға айналдырып, шығарып алған, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Ауа райы • 17 Тамыз, 2021
Бүгінгі күн райының қандай болатыны айтылды
Синоптиктер 17 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тәуелсіздік • 16 Тамыз, 2021
Тараз қаласында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына 30 игі іс жалғасуда
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың қолдауымен Тараз қаласында 30 игі іс жалғасуда, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 16 Тамыз, 2021
Иранда Ауған әйелдері «Талибанға» қарсы акция ұйымдастырды
Ирандағы Ауған әйелдері Кум қаласының көшелеріне «Талибанға» қарсы наразылық акциясына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы РИА Новости ISNA агенттігіне сілтеме жасап жазды.
Ауа райы • 16 Тамыз, 2021
Қазақстанда қайтадан аптап ыстық басталады
Қазгидромет Қазақстан бойынша 2021 жылдың 17-19 тамызында болатын ауа райы болжамын жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 16 Тамыз, 2021
Ауғанстанда қанша қазақстандық бар? СІМ жауап берді
Ауғанстанда дипломаттардан басқа Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 16 Тамыз, 2021
Қай өңірде жол апаты жиі болатыны анықталды
Статистикалық мәліметке сәйкес, 2021 жылдың қаңтарынан шілдесіне дейін Қазақстанда 7,2 мың жол-көлік оқиғасы болған. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 14,5 пайызға көп. Елімізде болған 10 жол-көлік оқиғасының 3-еуі Алматыда тіркеледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 16 Тамыз, 2021
Коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 123 адам көз жұмды
14 тамызда Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 123 адам көз жұмды, деп хабарлайд Egemen.kz.
Коронавирус • 16 Тамыз, 2021
Өткен тәулікте 5421 адам коронавирустан жазылып шықты
Қазақстанда өткен тәулікте 5421 адам коронавирустан жазылды, деп хабарлайды Egemen.kz coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
Коронавирус • 16 Тамыз, 2021
Қазақстанда 6 миллионнан аса адам КВИ-ға қарсы вакцина салдырды
2021 жылғы 16 тамыздағы мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін 6 092 882 адам салдырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 16 Тамыз, 2021
Бүгін ауа райының қандай болатыны айтылды
Синоптиктер 16 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 16 Тамыз, 2021
Түркістаннан басқа өңірлер «қызыл» аймақта тұр
Қазақстанда Түркістан облысынан өзге өңірлердің барлығы «қызыл» аймақта тұр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 16 Тамыз, 2021
Өткен тәулікте 7217 адамнан коронавиурс анықталды
Қазақстанда өткен тәулікте 7217 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды, деп хабарлайд Egemen.kz.
Экономика • 15 Тамыз, 2021
Қазақстанда жыл басынан бері 31,7 млрд текше метр газ өндірілді
ҚР Энергетика министрлігі 2021 жылғы қаңтар-шілде айларының қорытындысы аясында газ өндіру көлемі туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 15 Тамыз, 2021
17-30 тамызда бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты өтеді
17-30 тамыз аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінде бокстан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтеді. Бұл туралы ҰОК баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 13 Тамыз, 2021
Қазақстан елшісі Қатардың сауда және өнеркәсіп министрімен кездесті
Қазақстанның Елшісі Арман Исағалиев Қатардың сауда және өнеркәсіп министрі, Қазақстан-Қатар жоғары деңгейлі комиссиясының тең төрағасы Әли бен Ахмад Әл-Кауаримен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 13 Тамыз, 2021
Дәурен Абаев мемлекеттік тілді кемсіткен жоқ – Ерлан Қарин
ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Дәурен Абаевтың «Ашық сұхбат» диалогының кезекті шығарылымында көтерген тіл мәселесіне қатысты айтқандарына пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Тамыз, 2021
Биыл Атыраудағы бес каналда күрделі жөндеу аяқталады
Биыл Атырау облысында бес суару-суландыру жүйесін күрделі жөндеу ақяталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 13 Тамыз, 2021
Елімізде машина құрастыру 22%-ға артты
Қазақстанда машина құрастыру 22% артты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 13 Тамыз, 2021
Қазақстандағы ұшу қауіпсіздігін тексеру нәтижелері жарияланды
ИКАО халықаралық азаматтық авиация ұйымы Қазақстанның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін 84 пайызға дейін көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 13 Тамыз, 2021
Демалыс күндері ауа райы салқындайды
Демалыс күндері Қазақстанда күн салқындайды. «Қазгидромет» РМК синоптиктері 14-16 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Тамыз, 2021
Таразда сот шешімімен 15 нысанның жұмысы тоқтатылды
Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында Жамбыл облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Бағлан Қыдырбаев мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 12 Тамыз, 2021
«Қазақмыс» – ұлы ғалым Қанекеңнің перзенті
Табиғаттың Қазақстан халқына берген жер қойнауының байлығы ежелгі заманда-ақ пайдаланыла басталған. Жезқазған өңірі сол кездің өзінде-ақ ата-бабаларымыздың жақсы күнкөрісінің көзі болған. Оларды мыс, алтын, күміс және басқа түсті металдармен қамтамасыз еткен. Содан мың жылдар өткен соң Жезқазғанның сарқылмас байлығын халық мүддесіне орынды пайдаланудағы ерекше рөлін қазақтың ұлы перзенті, КСРО Ғылым академиясының академигі Қаныш Имантайұлы Сәтбаев бүкіл әлемге жеткізеді. Дарынды, көріпкел, данышпан Қанекең Жезқазған кен орны арқылы бүкіл Қазақстанның тау-кен металлургия кешенінің даму жолдарын айқындады. Олардың көшбасшысы, әрине «Қазақмыс корпорациясы» болып шықты.
Аймақтар • 12 Тамыз, 2021
Шалғайдан келіп шөп шабысқан шарапатшыл ағайынға зор алғыс
Биыл індеттің қырсығымен қабаттасып, даламызды қуаңшылық жайлап, ел әжептәуір әбігер болды. Осындай қиын шақта төрт түлігіне жемшөп таппай тарыққан жұртқа еліміздің тұс-тұсынан көмек қолын созған ағайынның ауызбірлігі бәрімізді сүйсінтті. Игі іс жалғасын тауып, өзге өңірлерден Павлодар облысына келген еріктілер мал азығын әзірлеуге атсалысып жатыр. Қазіргі кезде олар біздің өңірдегі Успен ауданында 3 мың гектар жердің шөбін шабуда.
Экология • 12 Тамыз, 2021
Кіші Аралдың келешегі қалай болмақ?
2000-жылдары «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасының бірінші кезеңі аясында 13 шақырымдық Көкарал бөгеті салынып, кіші теңіздегі су деңгейі көтеріліп, тұздылығы төмендеді. Теңізді қақ бөлген бөгеттің арқасында осы аймақтағы атакәсіп – балық шаруашылығы жандана бастады. БҰҰ-ның 2008 жылғы экологиялық қызмет туралы шолуында бөгет салынғаннан кейін қалыпқа келе бастаған өңір микроклиматы аймақ тұрғындары арасындағы аурушаңдық деңгейін біраз төмендеткені жазылды.