ара
Аймақтар • 20 Ақпан, 2025
Қаражалда жаңа мектеп салынады
Мемлекет басшысының әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Үкімет Ұлытау облысының Қаражал қаласында 80 орындық мектеп салуға Арнаулы мемлекеттік қордан 1,4 млрд теңгеден астам қаражат бөлді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 20 Ақпан, 2025
Алматыда көшбасшы әйелдер форумы басталды
Бүгін Алматыда Women In Business халықаралық форумы басталды. Ауқымды шараға 350-ден астам, өз саласының көшбасшысы атанған қыз-келіншек жиналды. Отандық іскер әйелдер бизнесте кездесетін көкейкесті жағдайлар, жаңа мүмкіндіктер мен қолдау шаралары туралы ойларын ортаға салды.
Оқиға • 20 Ақпан, 2025
Елімізде тәуелсіз сарапшылар институты пайда болды
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда медициналық ұйымдар медициналық-әлеуметтік сараптамаға сырттай проактивті форматта жіберетін азаматтарды куәландыру жөніндегі тәуелсіз сарапшылар институты енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кино • 19 Ақпан, 2025
«Әбіл» фильмі халықаралық 3 мәртебелі марапатты жеңіп алды
Қазақстан режиссері Елзат Ескендірдің «Әбіл» фильмі 31-Vesoul халықаралық Азия кинофестивалін (Франция) жеңіспен аяқтап, бірден үш бірдей мәртебелі марапатқа ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Ақпан, 2025
Есту қабілеті нашар балаларға арнайы аппараттар сатып алынады - депутат
Бұл туралы депутат Нартай Сәрсенғалиев Мәжілістің жалпы отырысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 19 Ақпан, 2025
Иордания Королі «Алтын Қыран» орденімен марапатталды
Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнге Қазақстан Республикасының ең жоғары мемлекеттік наградасы – «Алтын Қыран» орденін табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Марапат • 19 Ақпан, 2025
Әзербайжанның Бас консулы құтқарушыларды марапаттады
Әзербайжан Республикасының Бас консулы Айхан Сүлейманлы Ақтау қаласында «Әзербайжан әуе жолдары» ұшақ апатының салдарын жойғаны және құтқару операциясына қатысқаны үшін қазақстандық құтқарушыларға «Ынтымақтастық үшін» төсбелгісін табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 19 Ақпан, 2025
Мемлекет басшысы Әл-Хусейния сарайына барды
Әл-Хусейния сарайында Иордан Хашимит Корольдігіне ресми сапармен келген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 19 Ақпан, 2025
Сертификатсыз маман сенімге селкеу түсіреді - Динара Наумова
Мәжіліс депутаты Динара Наумова елімізде жеке және кәсіби өсуге бағытталған қызметтер нарығының белсенді дамып келе жатқанын атап өтті. Алайда, бұл салада біліктілігі төмен «жаттықтырушылар» мен «бизнес-тренерлердің» көбеюі азаматтарды алдап, қызмет көрсету сапасына күмән тудыратынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Ақпан, 2025
Көкпекті ауылында 10 отбасы баспаналы болды
Бұқар жырау ауданының Көкпекті аулында салынып біткен 2 пәтерлі 5 үйді аудандық әкімдік сатып алып, иелеріне кілтін табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Ақпан, 2025
Солтүстік Аралға 1,6 млрд текше метр су жіберіледі
Былтырғы қазаннан қаңтар айына дейін Солтүстік Аралға 1 млрд текше метр су жіберілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Зерде • 18 Ақпан, 2025
Жеті жасар оқушы халықаралық білім бәйгесінде топ жарды
Елордалық 2 оқушы «StemCo» халықаралық олимпиадасы бойынша жүлдегер атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 18 Ақпан, 2025
БҚО-да балықтарды аман алып қалу амалы жасалды
Батыс Қазақстан облысы аумағындағы ұсақ су айдындарында мұз қабатының түзілуіне байланысты суда еріген оттегінің жетіспеуі салдарынан балықтың қырылу қаупі пайда болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 17 Ақпан, 2025
Тоқаев Халықаралық күрес федерациясының президентін «Достық» орденімен марапаттады
Мемлекет басшысы Халықаралық күрес федерациясының президенті Ненад Лаловичті қабылдады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 17 Ақпан, 2025
Қарағандыдағы 46 кеншінің қазасына қатысты іс сотқа жолданды
Қарағанды облысында Костенко атындағы шахтада 46 кеншінің өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды. Бұл туралы бас прокурор Берік Асылов X әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 17 Ақпан, 2025
Алматыда робототехника және дрондар чемпионаты өтеді
20-23 ақпан күндері Алматыда өтетін Орталық Азиядағы ең ірі Almaty Tech Cup чемпионаты су ресурстары мен су асты әлемін зерттеудің жаһандық мәселесіне арналады, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 17 Ақпан, 2025
Семейде сәулелік терапия аппараттары іске қосылды
Медициналық инфрақұрылымды жаңғырту және онкологиялық қызметті дамыту шеңберінде Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Ядролық медицина және онкология орталығында» «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен SOMATOM go.Sim компьютерлік томографы және TrueBeam сәулелік терапия жүйесі пайдалануға берілді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Ақпан, 2025
Түркістандық ақсақалдар кәсіпкерлерді арақ-шарап сатпауға шақырды
Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшылығы, қалалық басқарма мамандары сауда саласындағы кәсіпкерлермен кездесу өткізіп, салық заңдылығын жан-жақты мысалдармен түсіндірген еді, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 14 Ақпан, 2025
«Ақбикеш» мұнарасы қайта қалпына келтіріледі
Құрамына Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, облыс әкімдігі, реставраторлар, авторлық қадағалау мамандары және аталған ескерткішті бұрын зерттеген сарапшылар енген жұмыс тобы қайта қалпына келтіру жұмыстары кезінде қолданылған материалдардың бұзылу себептерін анықтау мақсатында бұйрығымен құрылған. Мәдениет және ақпарат министрлігінің тарихи-мәдени мұра басқармасының басшысы Жанат Сейдалиеваның айтуынша, алдағы уақытта мұнараға консервациялық жұмыстар жүргізіледі.
Тағайындау • 14 Ақпан, 2025
Тамара Дүйсенова жаңа қызметке тағайындалды
Тамара Дүйсенова Премьер-министрдің орынбасары қызметінен босатылып, Президенттің көмекшісі болып тағайындалды. Тиісті жарлыққа Мемлекет басшысы бүгін қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 14 Ақпан, 2025
Қыш тақтайшаға «Жұмысшы мамандықтары жылы» логотипі салынды
Аталған логотипті салған – Қарағанды техникалық-құрылыс колледжі, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Ақпан, 2025
Қызылордада 24 700 000 теңге жымқырған департамент маманы сотталды
Қызылорда облысы бойына экономикалық тергеп-тексеру департаменті бюджет қаражатын жымқырған қызметкердің жолын кесті. Департамент дерегінше халықты әлеуметтік қорғау саласында қызмет атқарған Д.Мұхтарқызының 2018-2024 жылдар аралығында қызмет бабын пайдаланып, өзіне сеніп тапсырылған бөтен мүлікті аса ірі мөлшерде иемденгені анықталды.
Оқиға • 13 Ақпан, 2025
Қаратөбеде мың адам «Атамекенді» шырқады
Бүгін Қазақстанның халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың иегері, көрнекті әнші-композитор Ескендір Хасанғалиевтің туған күні. Өнер иесінің 85 жылдық мерейтойына орай оның туған жері Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының орталығында мыңға жуық тұрғын жиналып, «Атамекен» әнін шырқады.
Оқиға • 13 Ақпан, 2025
Теміртауда қарлы боран салдарынан 40 көлік жолда қалды
Қарағанды-Астана тас жолында Баймырза мен Ошағанды ауылдарының аралығында қарлы боран салдарынан 40 көлік жолда қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 12 Ақпан, 2025
Қазақстанның халықаралық резервтері 47 миллиард доллардан асты
Жалпы халықаралық резерв көлемі 2,91 пайызға өсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Ақпан, 2025
ЛГБТ ұйымдары жабылсын! Елімізде осындай бастама көтерген петиция пайда болды
"Елімізде USAID және ЛГБТ ұйымдары жабылсын!" деп мәселе көтерген қоғам белсенді Бағила Балтабаева бастамасын Мәдениет және ақпарат министрлігінің назарына ұсынған. Құжат тиісті қол жинаса, министрлік деңгейінде талқыланатын болады.
Пікір • 11 Ақпан, 2025
ҚҚС мөлшерлемесін кезең-кезеңмен өсірген дұрыс - сарапшы
Үкімет ұсынған салық мөлшерлемелерін саралау моделі кәсіпкерлердің де көңілінен шығып отыр. Осы тұрғыда «Dasco Consulting Group» ЖШС-нің басқарушы серіктесі Дәрмен Сәдуақасов өзінің сарапшылық пікірін білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Табиғат • 11 Ақпан, 2025
Қаратауда бәйшешек гүлдей бастады
Қаратаудың етегінде бәйшешек гүлдей бастаған, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 11 Ақпан, 2025
Республикалық автожолдың учаскесі қайта жөндеуге жабылды
«Ақтөбе-Орал-Ресей шекарасы» тас жолының учаскесінде («Сырым» өткізу пункті) қайта жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz «ҚазАвтоЖолдың» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 11 Ақпан, 2025
Катонқарағай ұлттық паркінде жаңа фототұзақтар орнатылды
Жабайы жануарлардың санын анықтау және олардың қозғалысын бақылау мақсатында Катонқарағай ұлттық паркі Алтай орманшылығы аумағында фототұзақтарды орнату жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.