П
Спорт • 17 Мамыр, 2024
Тарихи медаль: Милад Карими Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Өзбекстан астанасы Ташкентте спорттық гимнастикадан өтіп жатқан Азия чемпионатында отандасымыз көпсайыс қорытындысында күміс медаль жеңіп алып, ел қоржынына тарихи медаль салды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Мамыр, 2024
ШҚО-да есірткі тарату арнасы жойылды
Шығыс Қазақстан облысы полицейлері күдіктіден 6 мың дозаны құрайтын мефедрон тәркіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға • 17 Мамыр, 2024
Аулада әйелін ұрған Павлодар тұрғынының жеке басы анықталды
Әлеуметтік желіде аулада әйелін соққыға жыққан ер адамның видеосы тарады. Полиция іске қатысты қызметтік зерттеу жүргізіп, зәбір көрсетушінің жеке басын анықтады, деп жазады Egemen.kz.
ANTIKOR • 17 Мамыр, 2024
Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы үйқамаққа алынды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы мен өзге де тұлғаларға қатысты тергеуді аяқтады, іс сотқа жіберілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 17 Мамыр, 2024
Серік Шәпкенов Құлсары қаласының тұрғындарымен кездесті
Аймақ басшысы Достық, Жадырасын, Мешіт ауылы ықшамаудандарына барып, тасқыннан үйі зардап шеккен тұрғындармен кездесті. Кейін олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, шығынды өтеу механизмін түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz Атырау облысы Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабқа сілтеме жасап.
Өнер • 17 Мамыр, 2024
Атыраулық кәсіпкер танымал әншіні сотқа берді
Атырау қаласындағы мейрамхана иесі белгілі әнші Қайрат Нұртасты сотқа берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Мамыр, 2024
Құлсары тұрғындары мамандардың залалды бағалау нәтижелерін оң қабылдап отыр
Құлсары қаласындағы залалды бағалау және өтеу жөніндегі комиссиясы залалды бағалау нәтижесімен келіскен тұрғындардың алғашқы легінен өтініштер қабылдады. Мәдениет үйінде бұған дейінгі жүргізілген бағалауларға сәйкес, өтемақы төлемдерін рәсімдеу үшін азаматтарды қабылдау басталды. Алғашқы 6 отбасы залалдың орнын толтыру мақсатында төленетін өтемақыны алу туралы шешім қабылдады. Өтемақы тұрғындарға 14 күн ішінде төленетін болады, деп хабарлайды Egemen.kz Атырау облысының Төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы мәліметіне сілтеме жасап.
Сенат • 16 Мамыр, 2024
Қазақстанның шикізаттық емес тауарлар экспорты азайған
Қазақстан үшін Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде өнеркәсіп кооперациясын, өнеркәсіп секторындағы бірлескен жобаларды дамыту негізгі басымдықтардың бірі. Дегенмен, шикізаттық емес тауарлар экспортының төмендеуі отандық өнеркәсіпті қолдау, осы бағытта тиімді шешімдер қабылдау керектігін көрсетіп отыр. Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Палата отырысында Қазақстанның шикізаттық емес тауарлар экспорты әлемдік нарықта төмендеп бара жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 16 Мамыр, 2024
Президент Малайзия Премьер-министрімен келіссөз жүргізді
Малайзия делегациясымен кеңейтілген құрамда өткен келіссөз барысында өзара тиімді байланыстарды одан әрі нығайтуға баса мән беріліп, екіжақты күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселе қарастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 16 Мамыр, 2024
БАӘ-Қазақстан үкіметаралық бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік қызметшілер білім алып жатыр
Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы ынтымақтастық шеңберінде «Government Accelerators» және «Сapacity Building» саласында мемлекеттік басқаруды трансформациялау бағытында озық тәжірибе алмасу бойынша «Kazakhstan Executive Leadership 2024» бағдарламасының оқуы басталды. Оқытудың басты мақсаты – білікті көшбасшыларды даярлау арқылы қоғамның тиімді және тұрақты дамуын қамтамасыз ету, деп хабарлайды Egemen.kz Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 16 Мамыр, 2024
Мемлекет басшысы Малайзия Премьер-министрімен кездесті
«Ақорда» резиденциясында Премьер-министр Ануар Ибрагим бастаған Малайзия Үкіметінің делегациясын салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Мемлекет басшысы шағын форматтағы кездесу барысында Малайзияны Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктестерінің бірі ретінде атады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ресми бөлім • 16 Мамыр, 2024
Ақордада Малайзия Премьер-министрін қарсы алу рәсімі өтті
«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Малайзия Премьер-министрі Ануар Ибрагимді салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 16 Мамыр, 2024
Қазақстанның Халықаралық азаматтық авиация ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 16 Мамыр, 2024
«6,5 миллон теңге». Қызметкерлеріне негізсіз сыйақы берген мекемелер анықталды
Жоғарғы аудиторлық палата отырысында 2022 жылдың 1 қаңтары мен 2023 жылғы 31 желтоқсан аралығында Алматы қалалық бюджетінің атқарылуына сыртқы мемлекеттік бақылау жүргізілді. Бақылау қорытындысы Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен жиында талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Мамыр, 2024
Шымкентте мектеп бухгалтері 48 млн теңге жымқырған
Шымкентте 48 млн теңге жымқырған №44 орта мектеп директорының орынбасары мен білім мекемесінің бухгалтері сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 16 Мамыр, 2024
Биыл қай мамандықтарға грант көп бөлінеді?
Биылғы оқу жылында бакалавриат бойынша 78 219 білім гранты бөлінеді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Жанна Есинбаева мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Теннис • 16 Мамыр, 2024
Қазақтың екі теннисшісі Португалиядағы турнирдің ширек финалында кездеседі
Әлемнің 174-ракеткасы Бейбіт Жұқаев пен рейтингіде 177-орында тұрған Денис Евсеев Португалияда өтіп жатқан Оэйраш челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп жазады Egemen.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.
Қоғам • 16 Мамыр, 2024
Жыл басынан бері Таразда 37 алаяқтық фактісі тіркелді
Жамбыл облыстық Полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі Шохан Әлжанов облыста жалпы алаяқтық фактілері 15,9 пайызға, дәлірек айтқанда 353-тен 297-ге дейін азайғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 16 Мамыр, 2024
Қарағандыда полиция көлігі жол апатына түсті (видео)
Бүгін, 16 мамырда сағат 11:30 шамасында Қарағандыда полиция көлігі мен екі көлік соқтығысты. Жол апаты салдарынан екі адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 16 Мамыр, 2024
Сахнада бейәдеп сөз айтқан әртістер жазаланады
Мәдениет және ақпарат министрлігі сахнада бейәдеп сөз айтып, ерсі қылық танытқан әртістерді жауапкершілікке тартуды ұсынды. Министрліктің бұйрығы көпшілік талқысы үшін «Ашық НҚА» порталына орналастырылды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 16 Мамыр, 2024
Алаш арыстары атқарған ұлы істерді бүгінгі ұрпақ жалғастыру керек - Д.Қыдырәлі
Сенатор Дархан Қыдырәлі ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновке жолдаған депутаттық сауалында мемлекет тарихына байыппен қарап, Алаш арыстарын ұлықтау туралы ойларын ортаға салды. Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысының тұлғаларды бір-біріне қарсы қоймау туралы сөзін еске салған сенатор ел бірлігі үшін зиялылардың да ауызбіршілігі шарт екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 16 Мамыр, 2024
Алматы полициясы 35 заңсыз мигрантты депортациялады
Алматы полициясы 35 заңсыз мигрантты өз атамекеніне депортациялады. Қазақстанда көші-қон заңнамасын өрескел бұзған Өзбекстан, Тәжікстан және Ресей Федерациясының азаматтары анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Сенат • 16 Мамыр, 2024
Палата отырысында екі заң мақұлданды
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Палата отырысында сенаторлар күн тәртібіне шығарылған заңдарды қарады және депутаттық сауалдарын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 16 Мамыр, 2024
Президент ҚХР Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасарын қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Лю Гочжунды қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 16 Мамыр, 2024
Өскемен тұрғынынан 1 млн теңге бопсалаған азамат ұсталды
ШҚО полиция департаменті Өскемен қаласының тұрғынын қорқытып, жәбірленушіден 1 млн теңге алмақ болған ер азаматты ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Білім • 16 Мамыр, 2024
Биыл негізгі ҰБТ-ға қанша талапкер тіркелді?
Бүгін Қазақстанда 2024 жылғы негізгі ҰБТ басталды. 180 мыңнан астам үміткер тестілеуге қатысуға ниет білдірді. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Болатбек Әбдірәсілов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Мамыр, 2024
Іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Ресейде ұсталды
Халықаралық іздеуде жүрген 25 жастағы қылмыскер Ресейде қолға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 16 Мамыр, 2024
Президент Орталық Азия елдері қауіпсіздік кеңестерінің хатшыларын қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдері қауіпсіздік кеңестерінің хатшыларын қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 16 Мамыр, 2024
Абай ауданында мектеп есепшісі 2,8 миллион теңге ұрлаған
Абай ауданының прокуратурасы Бородулиха ауданындағы мектептердің бірінің есепшісі 2,8 миллион теңге ұрлағанын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 16 Мамыр, 2024
«Соңғы үкім». Ахмет Байтұрсынұлы туралы фильм көрерменге жол тартады
Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен қызметі туралы түсірілген «Соңғы үкім» көркем фильмі үлкен экранға жол тартады, деп хабарлайды Egemen.kz.