у
Үкімет • 17 Мамыр, 2024
Су тасқынынан зардап шеккен 202 отбасыға үй берілді
Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген шығынды өтеу жұмыстарын жалғастырып жатыр. 17 мамырдағы есеп бойынша тасқыннан үйлеріне зақым келген 202 отбасыға жаңа үй берілді, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 17 Мамыр, 2024
Ерекше балаларға арналған «Қауіпсіздік әліппесі» фестивалі өтті
10-14 жас аралығындағы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған №3 арнайы мектепте «Қауіпсіздік әліппесі» қалалық фестиваль-байқауы өтті. Аталған конкурс Астанада үшінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестиваль – білім алушылардың бойында қауіпсіз мінез-құлық пен тіршілік әрекетінің дағдыларын қалыптастыру үшін, сондай-ақ ерекше балалардың шығармашылық қабілетіне қоғамның назарын аудару мақсатында өткізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Оқиға • 17 Мамыр, 2024
Атырау облысында тасжол опырылып түсті
Атырау облысындағы «Атырау-Индер» тасжолының 27-ші шақырымында көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайларды жою штабына сілтеме жасап.
Қоғам • 17 Мамыр, 2024
Қаржы пирамидасын ұйымдастырған күдікті Грузиядан экстрадицияланды
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы және Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен қаржы пирамидасын құрғаны және басқарғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында күдіктіні Грузиядан экстрадициялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Мамыр, 2024
Жекеге заңсыз берілген «Медеу» табиғи паркінің жері мемлекетке қайтарылды
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды алып жатқан жерлер жеке меншiкке берілмеу керек. Алайда бұл талап «Медеу» табиғи паркіне қатысты сақталмағаны анықталды, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 17 Мамыр, 2024
«Бәйтерек» холдингі фермерлерге 100 млрд теңге бөлді
«Бәйтерек» холдингі шаруаларды қаржыландыруға 100 млрд теңге бөлді, деп хабарлайды Egemen.kz холдингтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 17 Мамыр, 2024
Аулада әйелін ұрған Павлодар тұрғынының жеке басы анықталды
Әлеуметтік желіде аулада әйелін соққыға жыққан ер адамның видеосы тарады. Полиция іске қатысты қызметтік зерттеу жүргізіп, зәбір көрсетушінің жеке басын анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 17 Мамыр, 2024
Серік Шәпкенов Құлсары қаласының тұрғындарымен кездесті
Аймақ басшысы Достық, Жадырасын, Мешіт ауылы ықшамаудандарына барып, тасқыннан үйі зардап шеккен тұрғындармен кездесті. Кейін олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, шығынды өтеу механизмін түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz Атырау облысы Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабқа сілтеме жасап.
Аймақтар • 17 Мамыр, 2024
Жайықтың су деңгейі сәл төмендеді
Атырау облысының Төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы Жайық өзеніндегі су деңгейінің 17 мамыр күнгі сағат 08:00 бойынша өзгеріcі туралы жедел мәлімет жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 17 Мамыр, 2024
Алматыда өртеніп жатқан үйден 4 адам құтқарылды (видео)
Алматыда өрт сөндірушілер өртеніп жатқан үйден 3 ересек адам мен 1 баланы аман алып шықты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 17 Мамыр, 2024
Әлеуметтік желіде заңсыз лотерея ұйымдастырған блогер жазаланды
Кейінгі уақытта әлеуметтік желілерде заңсыз лотереялық ұтыс ойындарын ұйымдастыру жағдайлары жиілеп кетті. Туризм және спорт министрлігіне алданған азаматтардан түсетін шағымдар көбейген, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 17 Мамыр, 2024
«Қайықпен қатынайды». Махамбет - Сарытоғай арасындағы жол жабылды
Атырау облысында Жайықтағы су деңгейі шекті мөлшерден 145 сантиметр асып кетті. Осыған байланысты Махамбет ауданындағы тасқын су жағдайы күрделенді, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 17 Мамыр, 2024
Үсік, нөсер жаңбыр: Бүгінгі ауа райы болжамы қандай?
«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, бүгін, 17 мамырда Қазақстан Республикасы аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 17 Мамыр, 2024
Алматыда "Психосоматика мамандары қауымдастығының" психоматиканы ғылым арқылы ашуға арналған екінші съезі өтті. Съездің негізгі міндеті - психосоматиканы ғылым тұрғысынан қарапайым сөздермен ашу, желі құру және психосоматика саласындағы мамандардың білімін толықтыру, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Мамыр, 2024
Шымкент тұрғыны 100 есекті сойып, етін Қытайға өткізбек болған
Шымкентте есек бағып, оны белгіленбеген орында сойған кәсіпкерге айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Мамыр, 2024
Тұншықтырып, ұрған: Тәрбиешілері балаларға озбырлық көрсеткен балабақша жабылды
Жетісу облысындағы балабақшалардың бірінде тәрбиешілер бүлдіршіндерді ұрып-соққаны туралы ақпарат тарады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 16 Мамыр, 2024
Құлсары тұрғындары мамандардың залалды бағалау нәтижелерін оң қабылдап отыр
Құлсары қаласындағы залалды бағалау және өтеу жөніндегі комиссиясы залалды бағалау нәтижесімен келіскен тұрғындардың алғашқы легінен өтініштер қабылдады. Мәдениет үйінде бұған дейінгі жүргізілген бағалауларға сәйкес, өтемақы төлемдерін рәсімдеу үшін азаматтарды қабылдау басталды. Алғашқы 6 отбасы залалдың орнын толтыру мақсатында төленетін өтемақыны алу туралы шешім қабылдады. Өтемақы тұрғындарға 14 күн ішінде төленетін болады, деп хабарлайды Egemen.kz Атырау облысының Төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы мәліметіне сілтеме жасап.
Сенат • 16 Мамыр, 2024
Қазақстанның шикізаттық емес тауарлар экспорты азайған
Қазақстан үшін Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде өнеркәсіп кооперациясын, өнеркәсіп секторындағы бірлескен жобаларды дамыту негізгі басымдықтардың бірі. Дегенмен, шикізаттық емес тауарлар экспортының төмендеуі отандық өнеркәсіпті қолдау, осы бағытта тиімді шешімдер қабылдау керектігін көрсетіп отыр. Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Палата отырысында Қазақстанның шикізаттық емес тауарлар экспорты әлемдік нарықта төмендеп бара жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 16 Мамыр, 2024
Мемлекет басшысы Малайзия Премьер-министрімен кездесті
«Ақорда» резиденциясында Премьер-министр Ануар Ибрагим бастаған Малайзия Үкіметінің делегациясын салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Мемлекет басшысы шағын форматтағы кездесу барысында Малайзияны Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктестерінің бірі ретінде атады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ресми бөлім • 16 Мамыр, 2024
Ақордада Малайзия Премьер-министрін қарсы алу рәсімі өтті
«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Малайзия Премьер-министрі Ануар Ибрагимді салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 16 Мамыр, 2024
Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары тағайындалды
Ақан Рахметуллин Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Мамыр, 2024
Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қызметінен босатылды
Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев лауазымынан босатылды, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 16 Мамыр, 2024
«6,5 миллон теңге». Қызметкерлеріне негізсіз сыйақы берген мекемелер анықталды
Жоғарғы аудиторлық палата отырысында 2022 жылдың 1 қаңтары мен 2023 жылғы 31 желтоқсан аралығында Алматы қалалық бюджетінің атқарылуына сыртқы мемлекеттік бақылау жүргізілді. Бақылау қорытындысы Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен жиында талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Тұлға • 16 Мамыр, 2024
Қайраткер Қаратай Тұрысов атындағы аудитория ашылды
Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде Қазақстан Республикасының белгілі геологы, экономист, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Қаратай Тұрысовтың туғанына 90 жыл толуына арналған «Геологиялық саланың даму мәселелері мен болашағы: Білім-ғылым-өндіріс» атты дөңгелек үстел өтті. Ізгілікті іс-шара қарсаңында дәріс аудиториясына Қаратай Тұрысұлының есімі берілді. Ғалымның Қазақстанның инженерлік ғылымының және өндірісінің дамуына қосқан үлесі өлшеусіз, сіңірген еңбегі ұшан-теңіз.
Аймақтар • 16 Мамыр, 2024
Шымкентте мектеп бухгалтері 48 млн теңге жымқырған
Шымкентте 48 млн теңге жымқырған №44 орта мектеп директорының орынбасары мен білім мекемесінің бухгалтері сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 16 Мамыр, 2024
Заңсыз ойын мен лудоманияға қарсы іс-қимылға 80 млн теңге бөлінеді
Елімізде құмар ойындар мен бәс тігуге қарсы шараларға 80 миллион теңге бөлінеді. Бұл туралы «Ашық НҚА» порталында жарияланған Қазақстан Республикасындағы заңсыз ойын және ойынға тәуелділікпен күресудің 2024-2026 жылдарға арналған кешенді жоспарында айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Теннис • 16 Мамыр, 2024
Қазақтың екі теннисшісі Португалиядағы турнирдің ширек финалында кездеседі
Әлемнің 174-ракеткасы Бейбіт Жұқаев пен рейтингіде 177-орында тұрған Денис Евсеев Португалияда өтіп жатқан Оэйраш челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп жазады Egemen.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.
Қоғам • 16 Мамыр, 2024
Алаш арыстары атқарған ұлы істерді бүгінгі ұрпақ жалғастыру керек - Д.Қыдырәлі
Сенатор Дархан Қыдырәлі ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновке жолдаған депутаттық сауалында мемлекет тарихына байыппен қарап, Алаш арыстарын ұлықтау туралы ойларын ортаға салды. Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысының тұлғаларды бір-біріне қарсы қоймау туралы сөзін еске салған сенатор ел бірлігі үшін зиялылардың да ауызбіршілігі шарт екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 16 Мамыр, 2024
Астанада Тәуелсіздік даңғылының бір бөлігі жабылды
Астанада 16 мамыр мен 1 маусым аралығында Тәуелсіздік даңғылының бір бөлігі жартылай жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 16 Мамыр, 2024
Сенатор утиль алымын алып тастау мәселесін көтерді
Ел диқандары пайдаланатын ауыл шаруашылығы техникасының 76 пайызы тозған. Бұл туралы палатаның жалпы отырысында депутаттық сауалын жолдаған сенатор Әли Бектаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.