у
Қоғам • 16 Сәуір, 2024
Биыл жемқорлардан тәркіленген қаржыға салынған 25 мектеп ашылады
Бұған дейін апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін шешу мақсатында Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының есебінен 76 738 орынға арналған 62 мектептің құрылысы қаржыландырылған. Бүгінгі күнге дейін 62 мектептің 37-сі іске қосылып, оқушылардың пайдалануына берілді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 16 Сәуір, 2024
Президент СҚО-ға барып, су деңгейін бақылады
Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 16 Сәуір, 2024
Су тасқыны: ел бойынша бүгінгі ахуал қандай?
Төтенше жағдайлар министрлігі әр сағаттың басында су тасқынына байланысты жағдайды баяндап жатыр. ОКҚ алаңында өткен брифингте ведомствоға қарасты Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш бірқатар мәлімдеме жасады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 16 Сәуір, 2024
Бес облыста көлік қозғалысы шектелді
«ҚазАвтожол» республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы жағдай туралы ақпарат ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Сәуір, 2024
Жайықта су деңгейі тағы көтерілді
Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы Жайық өзеніндегі су деңгейі туралы соңғы ақпаратты бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Сәуір, 2024
Тасқыннан зардап шеккен өңірлерге елдің түкпір-түкпірінен көмек легі толассыз жеткізіліп жатыр. Гуманитарлық көмектен өзге, ауыр техникалардың қажеттілігі де арта түсті. Осыған орай Қонаев және Алматы қалаларындағы станциялардан Батыс Қазақстан облысына су тасқынымен күресу үшін арнайы және инженерлік техникалар тізбегі жасалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 16 Сәуір, 2024
Бүгін жаңбыр жауып, жел күшейеді - синоптиктер
Синоптиктер Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстары туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 16 Сәуір, 2024
Жамбыл облысында жүкті келіншек ауруханада суицид жасады
Оқиға 10 сәуір күні Тараз қаласындағы Жамбыл облыстық перинаталдық орталығында болды. Ақпаратты облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі растады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 16 Сәуір, 2024
32 адам тойға барып уланып қалды
14 сәуірден бастап Екібастұздағы қалалық ауруханаға улану белгілерімен жүгінген шағымданушылар жиілеген. Анықталғандай, науқастар 13 сәуір күні қаладағы мейрамханалардың бірінде өткен іс-шараға қатысқан, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Сәуір, 2024
Түн жарымында әлеуметтік желіде Жамбыл ауданына қарасты Жасөркен ауылын су басты деген ақпарат тарады. Әйткенмен, жағдай әлеуметтік желі қолданушылары таратқандай ушықпаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Сәуір, 2024
Павлодарда кісі өлтіріп, сотталған адам 5 жыл бойы балабақшада жұмыс істеген
Павлодар облысы Железин ауданының балабақшалары мен мектептерінде ауыр қылмыстары үшін сотталған адамдар жұмыс істеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 16 Сәуір, 2024
Жамбыл облысында 300-ден астам отбасы тұратын ауылды су басты
Толассыз жауған жаңбырдың салдарынан Тараз қаласының маңындағы Жамбыл ауданына қарасты Жасөркен ауылын су басты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 16 Сәуір, 2024
Қара бетперде киген жұмбақ жігіт су тасқынынан зардап шеккендерге 1 миллион доллар бөлетінін айтты
Қара бетперде киген жұмбақ жігіт су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға 1 миллион доллар (450 000 000 теңге) бөлетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Сәуір, 2024
Су тасқыны: Павлодар облысында жаңа үйлер салынады
Павлодар облысында су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға жаңа тұрғын үйлер салынады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 15 Сәуір, 2024
Су басқан ауыл тұрғындарын залалды бағалау жөніндегі комиссияға енгізу ұсынылды
Сенат депутаты Әсем Рахметова Солтүстік Қазақстан облысындағы Қызылжар ауданында Бескөл, Тепличное, Мичурино ауылдарының, сондай-ақ Петропавл қаласындағы Кожевенный, Заречное, Подгорное шағын аудандарында эвакуацияланған тұрғындармен кездесті, деп жазады Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 15 Сәуір, 2024
Су тасқыны-2024: биыл су неге көп?
Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ табиғи қауіптер зертханасының бас ғылыми қызметкері Николай Попов қазіргі су тасқыны жағдайы тұрғысында пікірін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz ОКҚ сайтына сілтеме жасап.
Тағайындау • 15 Сәуір, 2024
Алматы әкімі аппаратының басшысы тағайындалды
Айдар Жәкібаев Алматы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды. Тағайындау Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың өкімімен қабылданды, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 15 Сәуір, 2024
Су тасқынымен күрес: арнайы техника ҚТЖ арқылы жеткізіледі
ҚТЖ арнайы техниканы Қазақстанның басқа өңірлерінен су басу аймақтарына жедел жеткізу үшін вагондар бөлетінін хабарлады. Тиісті тапсырманы вице-премьер Қанат Бозымбаев берді, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 15 Сәуір, 2024
Астананы су басу қаупі бар ма? ТЖД жауап берді
Елорданың Төтенше жағдайлар департаменті Астана аумағында орналасқан Есіл өзенінің өлшеу стансаларында судың орташа деңгейі 615 сантиметрді құрағанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 15 Сәуір, 2024
Алматы әкімінің орынбасары тағайындалды
Бейбіт Шаханов Алматы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 15 Сәуір, 2024
Қазақстанда күн райы 30 градусқа дейін жылиды
«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктердің болжамынша, 16-18 сәуір аралығында Қазақстанда күн райы 30 градусқа дейін жылиды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Сәуір, 2024
Тасқынға тосқын: Атырауда қызыл сумен күрес қарқынды жүріп жатыр
Атырау маңындағы Зарослый аумағында 4 шақырым жерге бөгеттер қойылды. Қаланы тасқыннан қорғау жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 15 Сәуір, 2024
Петропавлда жабайы қабан, қасқыр жүргені рас па?
Су тасқыны аймақтарында көрінеу жалған ақпарат тарату әрекеттері тыйылмай тұр. Ішкі істер министрлігі «Петропавлда тасқын сумен бірге жабайы қабан, қасқыр пайда болды» деген сарында жалған хабарлама таратқан тұрғындарды анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 15 Сәуір, 2024
Ислам Байрамуков Алматыдағы спорт колледжінің директоры болып тағайындалды
Ислам Ілиясұлы Байрамуков Алматы қаласындағы «Республикалық спорт колледжі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Спорт • 15 Сәуір, 2024
Сурдо дзюдо: Қазақстан 20 елдің ішінде 2-ші орын еншіледі
Сурдо дзюдодан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 20 елдің ішінде 2-ші орын еншіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Сәуір, 2024
Су тасқыны: Мемлекеттік резервтен азық-түлік шығарылды
ТЖМ бұйрығына сәйкес мемлекеттік материалдық резервтен Атырау облысының Құлсары қаласынан эвакуацияланғандарды азық-түлікпен қамтамасыз етуге арналған 264 тонна азық-түлік қоры броньнан шығарылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 15 Сәуір, 2024
Мемлекет басшысының «Заң және тәртіп» қағидаты: барлық проблема құқық алаңында шешілуі тиіс
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңдарға қол қойды. Тиісті заңға әйелдер мен балаларға қатысты кез келген сипаттағы зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдататын, сондай-ақ отбасы институтын, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін нығайтатын нормалар енгізілді, деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 15 Сәуір, 2024
«Үйіңізді су басуы мүмкін». Орал қаласының әкімдігі үндеу жасады
Орал қаласының әкімдігі Ресей аумағынан келетін судың мол мөлшері аймаққа 2-3 күнде жетуі ықтимал екенін айтып, дабыл қағып отыр. Осыған байланысты әкімдік тұрғындарды эвакуациялануға шақырды, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 15 Сәуір, 2024
Президент әйел құқығы мен бала қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заңдарға қол қойды
Мемлекет басшысы әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңдарға қол қойды. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Сәуір, 2024
Атырауда тасқын суын қабылдайтын орындар дайындалып жатыр
Қазақстанда су тасқыны қаупі әлі де сейілер емес. Елдің 8 өңірінде төтенше жағдай режимі сақталып тұр. Соның ішінде Атырау облысында тасқын суды қабылдау үшін каналдарда бос орындар дайындалып жатыр, деп жазады Egemen.kz.