и
Қоғам • 13 Ақпан, 2024
Ел аумағының 45 пайызына жуығы сейсмикалық қауіпті аймақтарға жатады
Әзірленіп жатқан Құрылыс кодексінде «Сейсмикалық аймақтардағы жобалау және құрылыс ерекшеліктері» атты жаңа тарау қарастырылған. Бұл туралы Парламент Мәжілісінде құрылыс кодексі жобасының тұсаукесері барысында өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Тимур Қарағойшин мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 13 Ақпан, 2024
Атаулы әлеуметтік көмек беру тәртібі өзгереді
Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау жүйесі өзгереді. Көмек енді шын мұқтаж отбасыларға ғана беріледі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл бағытта жемқорлық тәуекелдері болмауы үшін қаржылай көмек тағайындау процесі цифрландырылатынын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 13 Ақпан, 2024
Экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы 11 жылға сотталды
2024 жылдың 13 ақпанында астаналық сот экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлына, оның жұбайы Налия Ысқақоваға және адвокат Мұстахим Төлеевке қатысты алаяқтық және сыбайлас жемқорлық ісі бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 13 Ақпан, 2024
Астанада алғаш рет пара үстел теннисінен халықаралық турнир өтеді
«ITTF fa20 Astana para open 2024» халықаралық турниріне 19 елден 150-дей пара спортшы қатысады. Аталған байрақты бәсеке наурыз айының 1-3 күндері аралығында «add Table Tennis Center Astana» үстел теннисі орталығында өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 13 Ақпан, 2024
Қазақстанда Саха республикасының мәдени күндері өтеді
Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Саха Республикасының Мәдениет және рухани даму министрі Афанасий Ноевпен кездесіп, ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 13 Ақпан, 2024
Стратегиялық жоспарлау мәселесі талқыланды
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата жанындағы Жас сарапшылар клубының отырысы өтті. Клуб аясындағы биылғы алғашқы кездесу жаһандық үрдістерді ескере отырып, Қазақстанның стратегиялық жоспарлау мәселелеріне арналды. Іс-шараға Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Жандос Шаймарданов қатысты, деп жазады Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 13 Ақпан, 2024
Қазақстан әлемдік аренада жаңа жетістікті бағындырды
Германияның беделді ғылыми-сараптамалық орталығы – «Ғылым және саясат қоры» «Орта державалар – халықаралық саясаттағы маңызды факторлар» атты көлемді мақалалар жинағын жарыққа шығарды. Жинақта Қазақстан алғаш рет орта державалар қатарына енді. Қазақстан бұрын-соңды бұл санатқа енбеген еді, деп жазады Egemen.kz sayasat.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға • 13 Ақпан, 2024
«ҚазАвтоЖол» қызметкері міндетін атқару кезінде қайтыс болды
Қайғылы оқиға 10 ақпан күні Самара-Шымкент тас жолының 1285 шақырымында болған. Қызылорда қаласындағы «ҚазАвтоЖол» филиалының қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде қайтыс болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 13 Ақпан, 2024
Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы тағайындалды
Дмитрий Малахов Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 13 Ақпан, 2024
Мобильді аударымды бақылау алынып тастала ма - жаңа министр жауап берді
Үкімет отырысынан кейін Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров мобильді аударымдарды тексеру мәселесі қайта қаралатынын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 13 Ақпан, 2024
ҰҚК Төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 13 Ақпан, 2024
Жаңадан тағайындалған министрлер ант берді
Бүгін Үкімет құрамындағы жаңа министрлер ант берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 13 Ақпан, 2024
Шавкат Рахмоновтың титулдық жекпе-жекке қашан шығатыны айтылды
Х MMA TIME аралас жекпе-жек туралы француз тілінде ақпарат тарататын парақша Қазақ файтері Шавкат Рахмонов титулдық жекпе-жекке қашан шығуы мүмкін екенін айтты, деп жазады Egemen.kz sports.kz-ке сілтеме жасап.
Зерде • 13 Ақпан, 2024
Жаңашыл педагог оқушылар үшін электронды қосымша ойлап тапты
Ақтөбелік мұғалім Жасұлан Қайдасов оқушыларға арнап әзірлеген электронды қосымшасы Алматыда өткен педагогикалық идеялар фестивалінде жеңіп, мамандар тарапынан жоғары бағаланды. Өзінің виртуалды көмекшісін математика пәні мұғалімі небәрі бір айдың ішінде жасап шығарған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 13 Ақпан, 2024
Қаңтар айында ел экономикасы 3,9 пайызға өсті – министр
Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Үкімет отырысында елдегі экономикалық өсім жайлы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 13 Ақпан, 2024
Президент Анар Жайылғанованың жақындарына көңіл айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет және қоғам қайраткері Анар Нұралықызы Жайылғанованың дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Футбол • 13 Ақпан, 2024
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетеді
Ұлттық құраманың бас бапкері Магомед Адиев өз орнын босататынын мәлімдеді. Ол Қазақстан құрамасынан кейін Ресей клубтарын басқару ықтималдығын жоққа шығармады, деп жазады Egemen.kz sports.kz-ке сілтеме жасап.
Қоғам • 13 Ақпан, 2024
«Италия мен Польшадан жеткізген». Есірткі тасушы ұсталды
Алматыда есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлері Италия мен Польшадан Қазақстанға жеткізілетін кокаин арнасынының жолын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ғылым • 12 Ақпан, 2024
Қоңыр Мандокидің туғанына 80 жыл: Алматыда ғылыми конференция өтті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде көрнекті ғалым, түркі әлеміне ортақ тұлға, мажарстандық түркітанушы, қайраткер Иштуан Қоңыр Мандокидің туғанына 80 жыл толуына орай халықаралық ғылыми конференция өтті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 12 Ақпан, 2024
Мемлекет басшысы Финляндияның жаңа президентін құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Стуббты Финляндия Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 12 Ақпан, 2024
Медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағандар қатаң жазаланады
Қазақстанда медицина қызметкерлеріне шабуыл жасау оқиғалары жиілеп кетті. Осыған байланысты ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері медицина қызметкерлері мен жедел жәрдем жүргізушілеріне шабуыл жасау фактілері бойынша айып тағылған тарапты жауапкершілікке тартуды қатаңдату керектігін алға тартты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Ақпан, 2024
Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған: Алматыда қару жасырылған 3 орын табылды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бас прокуратураның үйлестіруімен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы облысында қару жасырылған 3 орынды анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 12 Ақпан, 2024
Президентке Павлодар облысының әлеуметтік дамуы туралы есеп берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановты қабылдады. Президентке Павлодар облысының былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берілді, деп жазады Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұлттық спорт • 12 Ақпан, 2024
Құсбегіліктен XVII ҚР чемпионатының жеңімпаздары белгілі болды
Шығыс Қазақстан облысына қарасты Ұлан ауданы Бозанбай ауылында өткен құсбегіліктен ересектер арасындағы XVII ҚР чемпионатында жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Ақпан, 2024
«Бишімбаевты ақтау науқаны басталып кетті»: Динара Зәкиева резонансты іске қатысты үндеу жолдады
Жақында Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты резонансты іс бойынша сот процесі өтеді. Бұл туралы Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Facebook желісінде жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Ақпан, 2024
Елімізде киікті атуға қайтадан тыйым салынды
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев киіктерді аулау жоспары туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Ақпан, 2024
Құрғақшылықтан зардап шеккен шаруалардың несиесі ұзартылады
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ және «ҚазАгроҚаржы» АҚ бірінші басшыларының қатысуымен кеңес өткізді. Жиында құрғақшылықтан және артық ылғалдан зардап шеккен шаруаларға көрсетілген қолдау шаралары талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 12 Ақпан, 2024
Такси жүргізушісін пышақтап кеткен екі жасөспірім сотталды
Алматыда алқабилер 2023 жылы такси жүргізушісін өлтірді деп айыпталған кәмелетке толмаған екі жасөспірімге үкім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Ақпан, 2024
Қазақстанда ЛГБТ сайты бұғатталды
Мәдениет және ақпарат министрлігі тұрғындардан келіп түскен шағымдар негізінде LGBTQ+ сайтын тексеріп, мониторинг барысында балалардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпаратты орналастыруға қатысты заң бұзушылықтарды анықтады, деп жазады Egemen.kz KazFace.kz-ке сілтеме жасап.
Президент • 12 Ақпан, 2024
Президент Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысы Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.