Зерде • 13 Ақпан, 2024

Жаңашыл педагог оқушылар үшін электронды қосымша ойлап тапты

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбелік мұғалім Жасұлан Қайдасов оқушыларға арнап әзірлеген электронды қосымшасы Алматыда өткен педагогикалық идеялар фестивалінде жеңіп, мамандар тарапынан жоғары бағаланды. Өзінің виртуалды көмекшісін математика пәні мұғалімі небәрі бір айдың ішінде жасап шығарған, деп хабарлайды Egemen.kz.  

Жаңашыл педагог оқушылар үшін электронды қосымша ойлап тапты

Фото: rsk_aqtobe

Ақтөбе облысы білім басқармасының мәліметінше Telegram арнасындағы чат-бот тапсырмаларды оқушылардың есіне салып, оны түсіндіреді және кері байланысты қолдайды. Педагогтің айтуынша бұлай сөйлесу оқушыларға ұнаған. Мұғалімдер мен ата-аналар да мұндай жаңашылдық балалардың пән бойынша біліктілігін арттыруға көмектескенін мойындап отыр.

«Бұл қосымша – мен үшін де, балалар үшін де маңызды көмекші. Байқаймын, балалардың математика сияқты қызықсыз әрі күрделі болып көрінетін пәнге деген қызығушылығы артып, неғұрлым ұйымшыл болған. Қосымша оқу үрдісінің менеджментін ұйымдастыруға көмектеседі. Оқушы оны тәулік бойы қолдана алады. Бот оларға автоматты түрде жауап береді. Қажет болса менімен байланыс орнатады», дейді мұғалім.

Жаңашыл мұғалім дәріс беретін екі класта электронды қосымша тестілеуден өткізіліп жатыр. Тәжірибе тиімді болып шықса, аталған жаңалық барлық жерде енгізілетін болады.