ру
Қоғам • 17 Маусым, 2024
Орта білім: Аттестаттарды цифрландыру қашан аяқталатыны айтылды
Орта білім туралы аттестаттарды цифрландыру 2027 жылға дейін аяқталады. Білім беру саласын цифрландыру жұмысы белсенді түрде жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шаруашылық • 17 Маусым, 2024
12 мыңдай шаруаға 2 млрд текше метр су берілді
Суару маусымы басталғалы бері 12 мыңға жуық шаруаға 2 млрд текше метр су берілген. Қазіргі уақытта вегетация кезеңі штаттық кестеге сәйкес өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 17 Маусым, 2024
Жоғарғы сот атышулы істі тікелей эфирден көрсетіп жатыр
Жоғарғы сот процесті тікелей эфирде өткізу практикасын жалғастырып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 17 Маусым, 2024
Атырауда әйелін пышақтаған ер адам іздестіріліп жатыр
Атырауда ер адам азаматтық некедегі бұрынғы әйелін өлтіруге оқталған. Қазір ер адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 17 Маусым, 2024
Жиһаз бизнесінің атын жамылып есірткі өндірген
Ішкі істер министрлігі жүргізген жедел іс-шаралардың нәтижесінде еліміздің төрт өңірінде синтетикалық есірткі өндірумен айналысқан қылмыстық топтың жолы кесілді, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 17 Маусым, 2024
Оңтүстік Америкада қуатты жер сілкінісі болды
Перу жағалауында магнитудасы 6,0 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 14 Маусым, 2024
Қазақстанда фетальды хирургияның тұсауы кесілді
Қазақстан дәрігерлері алғаш рет балалардың мүгедек боп тууын азайту мақсатында құрсақішілік дамудағы ақауларын түзете бастады. Фетальды оталар әлі дүниеге келмеген нәрестенің денсаулығы мен өмірі туралы көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік беретін жағдайларда жасалады. Фетальды оталар балалардың мүгедек болып дүниеге келуін азайтуға септігін тигізеді.
Форум • 14 Маусым, 2024
ҚазҰУ-да Орталық Азиядағы құқықтық форум басталды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Құқық – аймақтық экономикалық интеграцияның негізі ретінде» тақырыбында II Орталық Азия халықаралық құқықтық форумы өз жұмысын бастады.
«Таза Қазақстан» • 14 Маусым, 2024
Астана-Алматы тасжолының басым бөлігі қоқыстан тазартылды
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық науқаны аясында «AMANAT» партиясы мен «Жастар Рухы» жастар қанаты қолға алған Road-эстафета жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz аталған партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 13 Маусым, 2024
Рудныйда жолаушылар отырған автобус өртенді
Қостанай облысының құтқарушылары жолаушылар автобусында тұтанған жалынды сөндірді, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бизнес • 13 Маусым, 2024
Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі мен KSURE күш біріктірді
Астанада Қазақстан және Корея Республикасының мемлекеттік органдары, ірі компанияларының қатысуымен бизнес-форум өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 13 Маусым, 2024
Парижге алтын үшін барамын – Руфина Искакова
Ұлттық құрама сапынан Париж Олимпиадасына лицензия жеңіп алған спортшының бірі – каноэ мен байдаркада ескек есу өкілі Руфина Искакова. Ол жолдаманы сәуір айында Жапонияда өткен Азия чемпионатында жеңіп алған еді, деп жазады Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 13 Маусым, 2024
Шегірткеге қарсы күреске 2,5 мыңнан астам адам тартылды - министр
Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров жергілікті шаруаларға шегіртке зиянкестеріне қарсы өңделетін аумақтарды анықтау және өңдеу мәселелері Премьер-министрдің ерекше бақылауында екенін жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 11 Маусым, 2024
«Бәріміз нансыз қаламыз». Киіктер арпа алқабын таптап жатыр
Қарағанды облысында ақбөкендер 150 гектар аумақтағы арпаны таптап тастады. Шаруалар пайдаға асар өнім қалмағанын айтып арызданып отыр, деп жазады Egemen.kz ktk.kz-ке сілтеме жасап.
Медицина • 11 Маусым, 2024
Ауруханалардың материалдық-техникалық базасы жақсартылады - Олжас Бектенов
Бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Маусым, 2024
Әскери теңізшілер ашық теңізге шығып кеткендерді аман алып қалды
«Маңғыстау» зымыран-артиллериялық кемесінің экипажы ашық теңізге шығып кеткен екі адамды құтқарды. Олар 4 сағаттан кейін жағадан 10 шақырым аймақтағы «Жартасты» мүйіс маңынан табылды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 11 Маусым, 2024
Аутизммен ауыратын бала төрт тәуліктен бері іздестіріліп жатыр
6 маусым күні үйінен шығып кеткен Игорь Исраилов 4 күннен бері іздестіріліп жатыр, деп жазады Egemen.kz Мой город сайтына сілтеме жасап.
Оқиға • 11 Маусым, 2024
«8 сағат суда болған». Каспий теңізінде ағын алып кеткен 2 адам құтқарылды
Каспий теңізінде ағын алып кеткен екі ер адам сегіз сағаттан соң құтқарылды, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экология • 10 Маусым, 2024
Елді мекендерді көгалдандыру мәселесі талқыланды
Алматы қаласында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Онда республикамыздың қалалары мен елді мекендерін көгалдандыру мәселелері сөз болды, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 09 Маусым, 2024
Вице-премьер: Биылғыдай шегірткенің таралуын бұрын-соңды кездестірмедік
8 маусымда шегірткенің таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі орталық жедел штаб отырысында вице-премьер Серік Жұманғарин өңірлердегі жағдай туралы баяндамаларды тыңдады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 06 Маусым, 2024
Елордада қазақ тілді контент өндірушілердің форумы өтті
Астанада қазақ тілді контент өндірушілердің «QazaqSham» форумы өтті. Аталмыш жоба еліміздегі тіл саясаты саласындағы қазақ тілінің даму деңгейін арттыруға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 06 Маусым, 2024
InDrive және Яндекс Go жүргізушілері жолаушы тасымалынан шеттетілуі мүмкін
inDrive, Яндекс Go жүргізушілері жолаушы тасымалы кезінде жылдамдықты жиі асыратын болса, бұл қызметтен шеттетілуі мүмкін. Бұл туралы Көлік министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 05 Маусым, 2024
Алматыда «Айбын» X халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны өтеді
Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына арналған іс-шараның салтанатты ашылуы даңқты майдангер, аса көрнекті әскери қолбасшының есімімен аталатын Құрлық әскерлерінің әскери институтында өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 05 Маусым, 2024
Президент Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына барды
Мемлекет басшысы медициналық авиация және жедел жәрдем қызметтерінің, науқастарды қабылдау бөлмелерінің жұмысын үйлестіретін орталықтың қызметімен танысты. Кешенде 250 орындық стационар бар, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 05 Маусым, 2024
«Сыммен тұншықтырған»: Қостанайда әйелін өлтірген полицей 9 жылға сотталды
Қостанай облысында әйелін ұзартқыш сыммен тұншықтырып өлтірген полиция аға лейтенантына қатысты сот үкімі жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 05 Маусым, 2024
Сенат Төрағасы QazaqSham қазақша контент жасаушылар форумына қатысты
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Палатаның бір топ депутатымен бірге QazaqSham форумына қатысып, креативті индустрия саласындағы жаңа жобалармен танысты. Сондай-ақ қатысушылармен Мемлекет басшысы бастамашы болған қазақ тілінде контенттер дайындау барысын және осы бағыттағы басқа да өзекті мәселелерді талқылады. Іс-шараға креативті индустрия және отандық медиа өкілдері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 05 Маусым, 2024
Ауыл шаруашылығы вице-министрі тағайындалды
Үкімет қаулысымен Ермек Кенжеханұлы ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 04 Маусым, 2024
Елордалық өрт сөндірушілер 10 адамды аман алып қалды
Бүгін Астана қаласындағы Бөгенбай батыр 3 А мекенжайындағы көп қабатты үйден өрт шықты, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 04 Маусым, 2024
Астанада алғаш рет ерекше балаларға арналған велошеру өтті
Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы мен «Velolegend» қоғамдық бастамашыл тобының ұйымдастыруымен, қала әкімдігі қолдауымен аутизмі және ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналып алғаш рет «Ерекше әлем» атты жаппай бұқаралық велошеру өтті, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 04 Маусым, 2024
«Утиль алым»: Қоғамдық талқылау қашан өтеді?
Жаңадан тіркелген автокөліктерге салынатын утилизациялық алым салығын күшінде қалдыру немесе алып тастау мәселесі 5 шілдеге дейін толық шешімін таппақ, деп хабарлайды Egemen.kz.