и
Аймақтар • 09 Қараша, 2023
Түркістандағы жаңа саябаққа Димаш Құдайберген жолдаған ағаш отырғызылды
Елімізде алғаш рет «Қаржылық мониторинг агенттігінің» саябағы ашылды. Басты ерекшелігі – 30 жерде QR код орналастырылған. Азаматтар аталған кодтарды сканерлеу арқылы елімізде қаржылық пирамида ретінде танылған ұйымдардың толық тізімін көре алады. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 09 Қараша, 2023
Қызылша ауруын жұқтырғандардың басым бөлігі - балалар
Денсаулық сақтау министрі ел азаматтарын қызылшаға қарсы қосымша иммундау шараларына қатысуға шақырды. Қазіргі уақытта Қазақстанда, сондай-ақ әлемнің көптеген елінде қызылша ауруына қатысты қолайсыз эпидемиологиялық жағдай қалыптасып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 09 Қараша, 2023
Астанада дзюдодан Қазақстан чемпионаты өтеді
12-15 қараша аралығында Астанада дзюдодан Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 09 Қараша, 2023
Владимир Путин Қазақстанға ресми сапармен келді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Ресей Президенті Владимир Путинді елорда әуежайында қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 08 Қараша, 2023
Елдің басым бөлігінде жауын-шашын жауып, көктайғақ болады
Қазақстан синоптиктері 9 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Қараша, 2023
Кәмпит беріп алдаған: Алматыда 7 жасар қызды көршісі зорламақ болған
Алматы облысы Ақсеңгір ауылында жеті жасар қызды зорламақ болған күдікті ұсталды. Қыздың туыстары 49 жастағы көршісі далада ойнап жүрген қызды үйіне әкетіп, бейәдеп қылықтар жасағанын алға тартты, деп хабарлайды Egemen.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Таным • 08 Қараша, 2023
Дүние тауқыметінен екі-ақ адам құтылар: біреуі – әлі тумаған адам, екіншісі – өлген адам – Құтып
Афоризм – бір үзік ой, оқыс пікір, оқшау сөз. Афоризм алғаш дүние құбылыстары жөнінде жинақталған білімдерін түйіндеп, пікір білдірудің бір түрі ретінде дүниеге келген. Қазақ афоризмдерінің асыл арнасы да сақ-скиф дәуіріндегі ойшылдар сөздерінен, көне түркі жазбаларынан бастау алады. «Афоризмдер» айдарында Махмұт Қашқари, Құтып ойларын ұсынып отырмыз.
Президент • 08 Қараша, 2023
Президентке елдегі реформаларға қатысты сараптама жұмыстары таныстырылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Жандос Шаймардановты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 08 Қараша, 2023
Елімізде киік етін өткізетін кәсіпорындар белгіленді
Қазақстанда киік етін өткізетін ет комбинаттары Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстарында, сондай-ақ Батыс өңірі бойынша 3 пункт Оралда, қалған біреуі Атырауда жұмыс істеп тұр. Бұл туралы салаға жауапты министрлік хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 08 Қараша, 2023
«Мемлекет барлық еңбекті бағалайды». Министр Әли Оқапов туралы
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әлеуметтік желідегі сыннан кейін отандық әнші Әли Оқаповқа берілген «Құрмет» орденіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Қараша, 2023
Қазақстанда сиыр еті қымбаттап барады
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров ет бағасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 08 Қараша, 2023
Елордада бокстан VI жазғы спартакиада өтеді
Бокстан 4 жылда бір мәрте өтетін ерлер арасындағы спартакиада турнирі Астана қаласында ұйымдастырылады. Бокс бәсекесі «Beeline Arena» (Тұран даңғылы, 4/2) спорт кешенінде қарашаның 13-19 күндері аралығында өтеді. Бұл туралы boxingkazakhstan инстаграм арнасынан мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 08 Қараша, 2023
Қ.Тоқаев: Ресейдің Қазақстанмен шекаралас облыстарында қандастарымыз үшін мектептер ашуға мүдделіміз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің «Известия» газетіне берген сұхбатында екі ел арасында орта, кәсіптік және бастауыш білім салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі жоспарлар туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 08 Қараша, 2023
Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың тарихы бай және болашағы жарқын
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Известия» газетіне берген сұхбаты жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Медицина • 07 Қараша, 2023
Алматыда роботтың көмегімен 9 науқастың тізе, жамбас буындары алмастырылды
Қараша айының алғашқы аптасын отандық медицинадағы айтулы күн десек те болады. Өйткені 3 қарашадан бастап Алматыдағы №4 қалалық клиникалық ауруханасының хирургтары роботтың көмегімен тізе мен жамбас буындарын ауыстыру операцияларын бастады. Бұл – Қазақстандағы роботтың қатысуымен жасалынған алғашқы ортопедиялық операциялар, деп жазады Egemen.kz.
Таным • 07 Қараша, 2023
Жақсыдан ғибрат ала бергеннің ісі оңға басады – Ахмет Иассауи
Афоризм – бір үзік ой, оқыс пікір, оқшау сөз. Афоризм алғаш дүние құбылыстары жөнінде жинақталған білімдерін түйіндеп, пікір білдірудің бір түрі ретінде дүниеге келген. Қазақ афоризмдерінің асыл арнасы да сақ-скиф дәуіріндегі ойшылдар сөздерінен, көне түркі жазбаларынан бастау алады. «Афоризмдер» айдарында бүгін Қорқыт, Әбу Насыр Әл-Фараби, Ахмет Иассауи ойларын ұсындық.
Қоғам • 07 Қараша, 2023
Димаш Женевада БҰҰ басшылығымен кездесті
Кеше, 6 қарашада Димаш Құдайберген Біріккен Ұлттар Ұйымының Женевалық филиалының басшысы Татьяна Валовамен кездесті. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 07 Қараша, 2023
Мәдениет және ақпарат министрлігінде бірқатар вице-министрлер тағайындалды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Данияр Рамазанұлы Қадыров, Қанат Жұмабайұлы Ысқақов, Евгений Дмитриевич Кочетов және Арман Әділханұлы Жүдебаев мәдениет және ақпарат вице-министрлері болып тағайындалды. Сәрсен Абайұлы Құранбек басқа жұмысқа ауысуына байланысты мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 07 Қараша, 2023
Туризм және спорт вице-министрі тағайындалды
ҚР Үкіметінің қаулысымен Мирас Қалиұлы Төлебаев туризм және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
ANTIKOR • 07 Қараша, 2023
Қай өңірдің шенділері жемқорлыққа жиі барады?
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет соңғы 10 айдағы жұмыс нәтижесін қорытындылады, деп хабарлайды Egemen.kz аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәдениет • 07 Қараша, 2023
«Бала күнгі арманым». Мейрамбек Бесбаев туған күнінде жеке радиосын ашты
Бұл туралы белгілі әнші жаңа радионың әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 07 Қараша, 2023
Ахмет Байтұрсынұлы мұрасын іздеп барып Сәкен Сейфулиннің бейнесін таптық – зерттеуші
Жуырда Ресей мұрағатында зерттеу жобасы бойынша еңбектеніп, Сәкен Сейфуллиннің бейнесі жазылған таспаны тауып елге әкелген Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты директорының орынбасары Ермұхамет Маралбек әлі де алар олжамыз аз емес дейді. Тек індете іздеп, тереңдей зерттеуге қаржылай қолдау көрсетуді күшейту қажет. Ресейдің мемлекеттік архивінде тағы қандай құнды қазына «көмулі» жатқанын зерттеуші маманнан сұрадық.
Президент • 07 Қараша, 2023
Президентке ҚазҰУ қалашығы құрылысының барысы туралы айтылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Балалар • 07 Қараша, 2023
Жезқазғанда алып сәби дүние есігін ашты
Жезқазған қаласының перинаталдық орталығында салмағы 6 келідей болатын қыз бала туды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 07 Қараша, 2023
Владимир Путин Қазақстанға қандай мақсатпен келмек?
Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға алдағы сапарының мәні мен екі ел арасындағы аймақаралық ынтымақтастық форумы туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Қараша, 2023
Жетісу облысында әкім оқушыны қағып өлтірді
Кербұлақ ауданы Көксу ауылдық округінің әкімі оқушыны қағып өлтірді. Бұл ақпаратты аудан әкімдігі растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 07 Қараша, 2023
Төрт құрлық чемпионатында Ұлттық құрама алғашқы медальды олжалады
Канаданың Лаваль қаласында шорт-тректен төрт құрлық чемпионаты аяқталды. Ұлттық құрама аталған турнирдегі алғашқы жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігіне қарасты Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 07 Қараша, 2023
Биыл 16,9 млн гектар астық жиналды
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында егін жинау науқанының аяқталу барысы туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Технология • 07 Қараша, 2023
«Қолжетімді Интернет» ұлттық жобасы бекітілді
Қазақстан Үкіметі «Қолжетімді Интернет» ұлттық жобасын бекітті. Премьер-министр Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Теннис • 07 Қараша, 2023
Қазақстанның жасөспірім теннисшілері әлем чемпионатын жеңіспен бастады
Испанияның Кордова қаласында 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Billie Jean King Juniors Finals турнирін Қазақстан қыздар құрамасы жеңіспен бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.