и
Президент • 06 Қараша, 2023
Қазақстанда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы іске асырылып жатыр
Мемлекет басшысы Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағалиды қабылдады. Президентке Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің биылғы 10 айда атқарған жұмысының нәтижелері туралы баяндалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Медицина • 06 Қараша, 2023
Ауылға барып жұмыс істейтін жас дәрігерлер 9 млн теңге алады
1 қаңтардан бастап ауылға барып, жұмыс істейтін жас дәрігерлерге берілетін үстемақы мөлшері өседі, деп хабарлайды Egemen.kz Qazaqstan.tv ұлттық арнасына сілтеме жасап.
Спорт • 06 Қараша, 2023
Астаналық команда республикалық турнирде топ жарды
Павлодар қаласында волейболдан 2011-2013 жылы туған жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Теннис • 06 Қараша, 2023
Чемпион атанған отандасымыз әлем үздіктерінің қатарын толықтырды
Қазақстан теннисшісі Бейбіт Жұқаев Шарлотсвилл (АҚШ) челленджер турнирінің бас жүлдесін еншіледі. Жағымды жаңалықты Қазақстан теннис федерациясы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 06 Қараша, 2023
Moody's Investors Service Отбасы банк рейтингінің болжамын «оң» деңгейіне дейін көтерді
Халықаралық Moody’s Investors Service рейтингтік агенттігі 2023 жылдың 1 қарашасында Отбасы банктің («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) рейтінгінің болжамын «тұрақтыдан» «оңға» өзгертті.
Қазақстан • 06 Қараша, 2023
Елімізде радио және теледидар уақытша өшіріледі
Жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты Қазақстанда радио және теледидар бір тәулікке өшіріледі.
Оқиға • 06 Қараша, 2023
«Қазақмыс» кенішінде жұмысшы қаза тапты
«Қазақмыс» өндірісінде жұмыс барысында бір қызметкер қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 06 Қараша, 2023
Қазақстан таеквондошылары халықаралық турнирде 13 медаль алды
Исламабадта (Пәкістан) өтіп жатқан халықаралық Asian Open Championship G2 турнирінде Қазақстан таеквондошылары 5 алтын, 1 күміс, 7 қола, барлығы 13 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz Таеквондо Федерациясының инстаграм арнасына сілтеме жасап.
Теннис • 06 Қараша, 2023
Бейбіт Жұқаев АҚШ-тағы турнирде жеңімпаз атанды
Қазақстан теннисшісі Бейбіт Жұқаев (АТР рейтингінде 247-орын) Шарлоттсвиллде (АҚШ) өткен «Челленджер» турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Спорт • 05 Қараша, 2023
Азия чемпионатында Қазақстан боксшылары 9 алтын алды
Бокстан алғаш рет 23 қазан-3 қараша күндері аралығында Астана қаласында жасөспірімдер және жастар арасында өткен Азия чемпионаты мәресіне жетті. Қазақстан боксшылары 9 алтын, 3 күміс, 8 қола жүлде алды, деп хабарлайды Egemen.kz boxingkazakhstan инстаграм арнасына сілтеме жасап.
Спорт • 05 Қараша, 2023
Боксшы қыздарда – бес алтын, бес қола
Астана қаласында 23 қазан-3 қараша күндері аралығында бокстан өткен Азия чемпионатында жастар санаты бойынша еліміздің 5 бұрымды боксшысы финалға шығып, 5 алтын мен 5 қола жоғары нәтижесіне қол жеткізді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 05 Қараша, 2023
Мемлекет басшысы Непал Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Непалдың батыс бөлігінде болған жойқын жер сілкінісі кезінде көптеген адамның қаза табуына байланысты Непал Президенті Рам Чандра Пауделге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 05 Қараша, 2023
Үш күн хабар-ошарсыз кеткен жасөспірім қыз табылды
Семей полицейлері 2 қараша күні сағат 08:30-да колледжге сабаққа кетіп, одан кейін оралмаған 15 жастағы Валерия Ефанованы тапты, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Үкімет • 04 Қараша, 2023
Екі ел арасындағы визасыз режим қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтереді — Әлихан Смайылов
Шанхайға жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цянмен кездесу өткізіп, онда екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 04 Қараша, 2023
Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Қытайға барды
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Қытай Халық Республикасына барды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 03 Қараша, 2023
Режеп Тайип Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевқа көлік сыйлады
Мемлекет басшысына Түркияда шығарылған TOGG электромобилі сыйға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 03 Қараша, 2023
Жаһандағы жағдайлар Түркі әлемінің тығыз қарым-қатынаста болуын талап етеді – Р.Т. Ердоған
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммитіне қатысу үшін Астанаға келген Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бокс • 03 Қараша, 2023
Бокстан Азия чемпионаты: Қоржында 5 алтын, 5 күміс
Бокстан Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатында жастар санатындағы 5 спортшы қызымыз финалда өнер көрсетіп, 5 алтын және 5 қола жүлдені жеңіп, жоғары нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 03 Қараша, 2023
Президент Палестинаға қанша қаржы бөлетінін айтты
Бүгін Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Палестинаға гуманитарлық көмек ретінде 1 миллион доллар бөлу туралы шешім қабылдағанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 03 Қараша, 2023
Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентіне орден тақты
Бүгін елорда төрінде өткен Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитінде Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевке «Түркі әлемінің ең жоғары ордені» табыс етілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 03 Қараша, 2023
Министр әлем чемпионына қандай сыйлық берді?
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Мажарстан астанасы Будапештте өткен WKF каратэден әлем чемпионатында Қазақстанға тарихи алтын жүлдені сыйлаған Мөлдір Жаңбырбай мен әлем біріншілігінің қола жүлдегері Дидар Әмірәліні қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өнер • 03 Қараша, 2023
«Сезім үшін» әнін алдымен Мейрамбек Бесбаевқа ұсынған едім – сазгер
Әнші Олжас Абай мен актриса Дариға Бадықова «Таптым-ау сені» фильмінің саундтрегі ретінде жазған «Сезім үшін» әнінің ғаламтордағы қаралымы бес-алты күннің ішінде 1 миллионнан асты. Тыңдаушы қауымның жүрегінен орын тапқан туындының сөзін ақын Ақберен Елгезек жазса, сазы Талғат Лестікі. Ән қалай өмірге келді? Аталған туындыға қатысты сазгердің пікірін сұрадық.
Президент • 03 Қараша, 2023
Қасым-Жомарт Тоқаев: Түркі ықпалдастығын тереңдету – ортақ мұрат
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитінде түркі бірлігін таныту үшін біздің төрағалығымыз «ТҮРКІ ДӘУІРІ!», яғни «TURKTIME!» ұранымен өтетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 03 Қараша, 2023
Тергеу кезінде күдіктіні азаптап өлтірген полицейлердің жазасы жеңілдетілді
Шымкентте Полиция департаментінің ғимаратында өлі табылған күдіктінің ісі бойынша сотталған бұрынғы полицейлерге қатысты іс қайта қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz otyrar.kz сайтына сілтеме жасап
Президент • 03 Қараша, 2023
Президент: Түркі халықтарының ықпалдастығын арттыра түсу – бәрімізге ортақ міндет
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы Саммитіндегі сөзінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 03 Қараша, 2023
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия халқын 100 жылдық мерейтойымен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы Саммитінде Түркия халқын 100 жылдық мерейтойымен, ал Әзербайжан халқын ел іргесін бекемдеуімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 03 Қараша, 2023
«Қазақстанға көшу арманым»: Америкалық қыздың Қазақстанға деген ықыласы ерекше
16 жастағы америкалық қыз қазақ тілін, оған қоса еліміздің тұрмыс-тіршілігі мен мәдениетін зерттеп жүр. Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қазақ тілін қалай меңгергендігі туралы қазақша жазба қалдырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 03 Қараша, 2023
IV Денис Тен мемориалы өтіп жатыр
Астанада «Барыс-Арена» спорт кешенінде мәнерлеп сырғанаудан IV Денис Тен мемориалы өтіп жатыр. Бұл туралы gaz_olympics инстаграм арнасынан мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 03 Қараша, 2023
Биатл мен триатлдан әлем чемпионатында ел құрамасы екі медаль олжалады
Индонезияның Нуса-Дуа қаласында биатл мен триатлдан өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоға қарасты Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.
Саясат • 03 Қараша, 2023
ТМҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің 10-шы отырысы басталды
Астанада Қазақстанның төрағалығымен Түркі мемлекеттері ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің 10-шы отырысы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.