Соңғы жаңалықтар
Өнер • 25 Қыркүйек, 2018
Кеншілер астанасында эстрада орындаушыларының республикалық «Жұлдыз-2018» ән байқауы қатарынан сегізінші мәрте өтті. Кіл мықтыны анықтайтын конкурс биыл Астананың 20 жылдығына арналды. Өнер додасына еліміздің түкпір-түкпірінен 18 үміткер қатысып, бас жүлде үшін өзара бақ сынасқан болатын.
Технология • 25 Қыркүйек, 2018
Мүмкіндігі шектеулі адамдар робот даяшыларды басқаратын болады
Заманауи технологиялар мүмкіндігі шектеулі жандардың қолын ұзартуды көздеп отыр. Қараша айының соңында япониялық мамандар Токио аудандарының бірінде робот даяшылар қызмет көрсететін мейрамхана ашуды жоспарлауда. Мамандардың айтуынша, даяшы роботтарды мейрамханаға келген қонақтар басқарады.
Кино • 25 Қыркүйек, 2018
«Оралман» фильмі – ұлттық кинематография қорына олжа болып қосылған үздік туынды! Almaty Film Festival кинофестивалінің жабылу салтанатында табыс етілген ұлттық «Тұлпар» жүлдесінің алты аталымы бойынша жеңімпаз атанған туынды бұған дейін де бірнеше байқауда топ жарған болатын.
Өнер • 25 Қыркүйек, 2018
Біраз уақыт бұрын мәлім болғандай, «Хабар» агенттігі «Junior Eurovision – 2018» халықаралық ән байқауына қатысу үшін үміткерлер арасында республикалық іріктеу өткізген болатын. Осыған орай қыркүйек айының алғашқы аптасында іріктеудің бірінші кезеңінен өткен он финалистің есімі анықталғаны белгілі. Соңғы кезенде «Аялаған Астана − 2015», «Голос. Дiти», «Надежды Европы», «BraVo», т.б. отандық және халықаралық байқаулардың жүлдегері Данэлия Төлешова да бағын сынап, 946 дауыспен үздік шықты. Ендігі кезекте Данэлия биыл Минскіде өтетін «Junior Eurovision – 2018» байқауында еліміздің атынан ән шырқайды. Төмендегі шағын сұхбатында Данэлия іріктеу кезеңі барысындағы сәттерімен бөліскен еді.
Қазақстан • 25 Қыркүйек, 2018
Әкімдіктер жергілікті полиция құрамының сапасын арттыру қажет - Қ.Қасымов
Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар мен жергілікті полиция қызметінің жұмысы туралы ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов баяндады.
Үкімет • 25 Қыркүйек, 2018
Бақытжан Сағынтаев әкімдерге тапсырма берді
Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ҚР ішкі істер министрі Қ. Қасымовтың қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жергілікті полиция қызметінің тиімділігін арттыру жөніндегі баяндамасы, сондай-ақ, жергілікті полиция қызметінің басшылығына міндеттер жүктеп, тағайындау өкілеттігі бар әкімдердің есептері тыңдалды.
Тарих • 25 Қыркүйек, 2018
Халел Хаббасовтың інісі болғаны үшін әкем көп қуғын көрді
Алашорда үкіметінің төрағасы Әлихан Бөкейханның орынбасары, Семейде жарық көрген «Абай» журналының қаржылай демеушісі, «Сарыарқа» газетінің шығарушы редакторы, Алашорда үкіметінің атынан Сталинмен Қазақ автономиясы жөнінде келіссөз жүргізген алаш ардақтысы Халел Ғаббасовтың немере інісінің бар екені, оның Үржар ауданында тұратыны туралы жақында әйгілі әнші Әміре Қашаубаевтың туған жері – Ақбұлақта өткен мерейтойы кезінде естідім. Қазақтың әншілік өнерін ең алғаш әлемге танытқан тұлғаның 130 жылдығында құттықтау сөз сөйлеген этнограф, әдебиет зерттеушісі, шежіреші, жазушы Ақселеу Сейдімбековтің туған інісі Асылхан ағамыз Ақбұлақ ауылында Әміре ғана емес, Халел Ғаббасовтың да дүниеге келгенін айтып, қайраткердің жақын туысы, немере інісі Берікбол Баязитов Үржардың Қарақол ауылында тұрып жатқанын, ол кісіні белгілі ғалым, алаштанушы Дихан Қамзабекұлының іздеп тапқанын жеткізген-ді. Сол жерде бірден Асылхан Сейдімбековке жолығып, Қарақолдағы асылдың сынығының телефонын жазып алдым.
Мемлекеттік қызметкерлердің жаңа жалақы жүйесінің нәтижесі жарияланды
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі жалақы бойынша жаңа жүйенің нәтижесін жариялады. Аталған жүйе Әділет министрлігі, Астана қаласы және Маңғыстау облыстық әкімдігінде пилоттық режимде қолға алынған болатын, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Ақтөбе аймағында туристік инфрақұрылымды дамыту жөнінде кешенді іс-шаралар шоғыры белгіленген. Бұл мақсатта жалпы сомасы 5,1 миллиард теңге құрайтын 330 жаңа жұмыс орны құрылды. Оның басым бағыты инвестициялық жобалардың үлесіне тиеді. Атап айтқанда, өңірде жол бойы сервисі нысандары кеңінен қанат жайып келеді. Бұдан кейінгі кезекте қонақүйлер қызметі мен су паркі және ойын-сауық кешендері туристердің мүдделілігі мен қызығушылығын туғызуда.
Қысқы спорт • 25 Қыркүйек, 2018
Қазақстан • 25 Қыркүйек, 2018
Міндет – сапалы байланыспен қамтамасыз ету
Кеше Қазмедиа орталығында Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Онда ақпарат, ақпараттық коммуникациялық технологиялар және мемлекеттік қызметтерді көрсету салаларын дамыту мәселелері қаралды. Шараға Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, Қоғамдық кеңес төрағасы, Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов қатысты.
Туу туралы куәлікке Telegram арқылы тапсырыс беруге болады
Енді бот арқылы өзіңізге жақын жерде орналасқан ХҚО туралы біліп, сондай-ақ бала тууға байланысты проактивті қызметтерді алу мүмкіндігі туды.
Парламент • 25 Қыркүйек, 2018
Сенатта қаралатын құжаттар белгіленді
Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының Бюро отырысы болып, онда Палатаның кезекті отырысының күн тәртібі белгіленді, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Ауыл • 25 Қыркүйек, 2018
Туризм мол табыс көзіне айнала ма?
Кеше Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаеваның төрағалығымен еліміздегі туризм саласының жай-күйі мен даму перспективаларын талқылаған Үкімет сағаты өтті. Оған салаға қатысты барлық ведомстволар басшылары, Астана, Алматы және бірнеше облыс әкімдерінің орынбасарлары, «ҚазақТуризм» ҰК» АҚ басқарма төрағасы қатысты.
Аймақтар • 25 Қыркүйек, 2018
Рудный, Хромтау, Ақсуда бір уақытта ERGRunFest өтті
Еуразиялық Топтың алып кәсіпорындары орналасқан Рудный, Хромтау және біздің өңірдегі Ақсуда өткен алғашқы жүгіру фестиваліне ұйымдастырушылардың мәліметінше, 3 мыңнан астам адам қатысты.
Үкімет • 25 Қыркүйек, 2018
Әйелдердің жаһандық форумы жолында
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова бастаған делегация басшылығымен Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Кеңесі төрайымы В.Матвиенконың шақыруы бойынша 2018 жылғы 19-21 қыркүйекте жұмыс сапарымен Санкт-Петербургке барып қайтты.
Саясат • 25 Қыркүйек, 2018
Туризм саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
Бүгінгі таңда Қазақстан мен Грекия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өзара тиімді әлеуеті әлі де мол және көлік, ауыл шаруашылық, туризм мен қаржы салаларында айтарлықтай өсу көрсеткіштері баршылық. Аталған әлеуетті пайдаланудың жолдары туралы Афинада өткен Қазақстан-Грекия экономикалық және технологиялық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының (ҮАК) 4-ші отырысы аясында мүдделі сұхбат болды, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Білім • 25 Қыркүйек, 2018
Астанада білім сапасын арттыруға арналған Еуразиялық форум өтті
Астанада Білім сапасын қамтамасыз ету бойынша тәуелсіз агенттіктің ұйымдастыруымен тұңғыш рет оқу ісіне арналған халықаралық форум өтті. «Болашаққа бет бұру: жоғары білім беру сапасын қамтамасыз етудегі үрдістер, проблемалар мен болашағы» тақырыбымен екі күнге жалғасқан Еуразиялық форумда әлемдегі білім сапасын аккредиттеу агенттіктерінің озық үлгілері көрсетіліп, шетелдік жоғары оқу орындарының білім беру жүйесі таныстырылды. Сондай-ақ жиынға келген халықаралық және ұлттық сарапшылар еліміздегі ЖОО-ға қатысты негізгі проблемаларды талқылады.
Білім • 25 Қыркүйек, 2018
Түркия Республикасы Президент әкімшілігінің қолдауымен Юнус Эмре институты тарапынан ұйымдастырылып отырған Таяу Шығыс техникалық университетінің профессоры Мелахат Білге Демиркөз Түрік академиялық және ғылыми ынтымақтастық жобасы («TABİP») аясында Қазақстанға жұмыс сапарымен келді.
Әдебиет • 25 Қыркүйек, 2018
Кемел Тоқаевтың шығармалар жинағының тұсауы кесілді
Жуырда ғана «Ана тілі» баспасынан Мәдениет және спорт министрлігінің «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату» кіші бағдарламасы бойынша қазақ прозасындағы детектив жанрының негізін салған қаламгер Кемел Тоқаевтың 5-томдық шығармалар жинағы жарық көрген болатын. Ғылым ордасында бас қосқан әдеби қауым оқырманға қайта жол тартқан тағылымы мол туындылардың тұсауын кесті.
Футбол • 25 Қыркүйек, 2018
Лука Модрич жылдың «Үздік футболшысы» атанды
24 қыркүйек Лондонда «The Best FIFA Football Awards 2018» футбол үздіктерін анықтау салтанатты марапаты өтті.
Медицина • 25 Қыркүйек, 2018
Зейнетақы қоры жалған қауесетті жоққа шығарды
Бұған дейін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инфляцияға байланысты салымшылар мен алушыларға 150 мың теңгеден төлеп жатқандығы туралы WhatsApp желісі арқылы қауесет тараған болатын.
Президент • 25 Қыркүйек, 2018
Көп көрсеткішке көңіл толмайды
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуі тұрғындар үшін үлкен мүмкіндік екені белгілі. Президенттің өзі басымдық берген бес бастама өңірлерде де жүзеге асырылуда.
Қазақстан • 25 Қыркүйек, 2018
Алматыда «Ана тілім – ардағым» атты мерекелік іс-шара өтті
Алматы қаласының Тілдерді дамыту басқармасы «Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ана тілім – ардағым» атты мерекелік іс-шара өткізді.
Tirshilikti mádenıet bıleıtin qoǵam
Osy ýaqytqa deıin jeke adamnyń tirshiligin, turmys jaǵdaıyn onyń bilimi men eńbekqorlyq qasıetiniń bılep kelgendigi belgili. Adamdar kóp jaǵdaıda qoǵamnan bilimine saı oryn alyp otyrdy.
Күрес • 25 Қыркүйек, 2018
2019 жылы Астанада күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтеді
Біріккен күрес әлемі 2019 жылдың 14-22 қыркүйегі аралығында Астанадағы «Дәулет» спорт сарайында күрестен әлем чемпионаты өтетін ресми түрде мәлімдеді.
Тарих • 25 Қыркүйек, 2018
Білім • 25 Қыркүйек, 2018
Латын негізді жаңа қазақ жазуы
Латын әліпбиіне көшу қазақ тілін қазіргі заманғы технологияларға бейімдеп қана қоймай, болашақта ақпараттық қолжетімділіктің артуына жол ашатыны сөзсіз.
Білім • 25 Қыркүйек, 2018
Педагог мамандарға сұраныс артып келеді
Ғалымдар үйінің мәжіліс залында педагогикалық ұжыммен кездесуі аясында университет ректоры Такир Балықбаев кәсіби мамандар даярлаудағы Ұлттық университеттің рөлі жоғары екендігін атап өтті.