Соңғы жаңалықтар
Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2018
Торғай кентінде Жанкелдин ауданының 90, Шақшақ Жәнібектің 325 жылдығы, Торғай қаласының 150 жылдығына арналған мерекелік шара басталды.
Жазғы спорт • 27 Қыркүйек, 2018
Әлем чемпионаты. Луценко 13-ші келді
Алексей Луценко Әлем чемпионатында «жекелей уақытқа арналған сында» 13-нәтиже көрсетті.
Медицина • 27 Қыркүйек, 2018
Солтүстік Қазақстанға биыл 700 отбасы көшіп келеді
Әзірге биыл оңтүстік өңірлерден теріскейге қоныстанғаны 277 отбасы. Оларға барлық әлеуметтік жағдайлар жасалып, еңбекке қабілетті адамдар, білікті мамандар түрлі салаларда жемісті еңбек етіп жүр.
Қазақстан • 27 Қыркүйек, 2018
«Қазмедиа» орталығында өңірлік БАҚ форумы өтіп жатыр
Бүгін «Қазмедиа» орталығында өңірлік БАҚ альянсының ұйымдастыруымен медианың сандық трансформациясы: нарық, өндіріс және контент дистрибуциясы қандай болмақ деген тақырыпта БАҚ форумы өтуде.
Бокс • 27 Қыркүйек, 2018
Қытайда өткен Дүниежүзілік бокс сериясының (WSB) алғашқы финалдық сайысында «Астана арландары» «Куба домадорес» клубынан 2:3 есебімен ұтылды.
Футбол • 27 Қыркүйек, 2018
Испан Ла-лигасының 6-туры сенсацияларға толы болды.
Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2018
Солтүстік Қазақстан кәсіподағы гаухар той иелеріне құрмет көрсетті
Өңірлік кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Ерік Нұрақаев бастаған топ тоқсанның төріне озған Некібаевтардың отбасына арнайы барып, гаухар той иелеріне сый-сияпат көрсетті.
Қоғам • 27 Қыркүйек, 2018
Театр • 27 Қыркүйек, 2018
Тілектес Мейрамов жетпістің белесіне шықты
Тілектес Мейрамов – үлкен-кіші әріптестерінің арасында шынайы құрмет пен беделге ие бақытты адам. Актердің шығармашылық бақ жұлдызы 1974 жылы жанды. Қазақ режиссурасының тарланы Әзірбайжан Мәмбетов іздеген Қозысын тауып, 4-курста оқитын студент Тілектесті «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» спектакліне басты рөлге шақырған. Әзекең Қозы рөліне бекіткенін Жақып Омаровтан естіген сәтте оның қатты қуанғаны сондай, театрға жеткенше троллейбустың артынан жаяу жүгіре беріпті. Міне, сөйткен Қозы – Қазақстанның халық әртісі Тілектес Мейрамов бүгінде жетпістің белесіне шықты.
Қазақстан • 27 Қыркүйек, 2018
Қазақстан ТРК мен Өзбек Ұлттық телерадиокомпаниясы меморандумға қол қойды
Астана қаласында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің бастамасымен жыл сайын өтетін халықаралық Astana Media Week форумының аясында «Қазақстан» РТРК АҚ мен құрамына 20-дан астам Өзбекстанның үздік арналары кіретін Өзбек Ұлттық телерадиокомпаниясы арасында серіктестік жайлы меморандум бекітілді.
Өнер • 27 Қыркүйек, 2018
Иманжүсіп тұлғасы – қаһармандық үлгісі
Халық батыры, керемет композитор, ел ішіне кең тараған «Сарыарқа», «Сарымойын», «Ерейментау», «Бұғылы-Тағылы» сияқты көптеген әндердің авторы, көзі көрген адамдардың айтуы бойынша ән шырқағанда аспандағы құстардың өзі ғажап дауысын сілтідей тынып тыңдаған Иманжүсіп туралы аз жазылмады да, айтылмады да. Тұңғыш рет 1913 жылы «Қазақ» газетінде фольклорист, ғалым Әуелбек Қоңыратбаев Қоқан хандығы тұсындағы Түркістан билеушісі Тұрғанбай Сіргебаевтың ата-тегін, оның баласы, Кенесары Қасымовтың серігі Құтпан Дайрабаевтың немересі, қазақ өнері мен ұлт-азаттық көтерілісте жарқын із қалдырған Иманжүсіптің тарихын баян етеді.
Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2018
Биылғы тамыз айының соңғы күндері Сейілбек Шаухаманұлы дүниеден өтті деген суық хабарды мен іссапарда жүріп естідім.
Қазақстан • 27 Қыркүйек, 2018
Дәурен Абаев өңірлік БАҚ форумын ашты
Бүгін Astana Media Weeк аясында өңірлік БАҚ форумын ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев ашты.
Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2018
1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысында ерен ерлік көрсетіп, ең жоғары марапатқа ие болған Михаил (Бимағамбет) Абдоловтың 100 жылдық мерейтойы батырдың туған жері Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Жамбыл ауылында кең көлемде аталып өтті.
Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2018
«Altai Invest-2018» форумында 110 жоба ұсынылды
Өскеменде «Altai Invest-2018» халықаралық форумы өтті. Маңызды жиынға Инвестициялар және даму министрінің, Ұлттық экономика министрінің орынбасарлары, Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚҚДБ) директоры, Франция, Оңтүстік Корея және Венгрия елдерінің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшілерімен қатар 20 мемлекеттен 500-ден астам делегаттар қатысты.
Әдебиет • 27 Қыркүйек, 2018
Ақиқаты аңызға айналған Мүсілім Дайырбеков
Мүсілім Дайырбеков... Бұл есімді зиялы қауымның білмейтіні аз. Алдын көргендер жомарттығын жыр қылады. Атағын естігендер аңызын ауыздан-ауызға таратады. Ол туралы айтушылардың дені – ана ғасырдың сексенінші, тоқсаныншы жылдарындағы бір дәуір бір дәуірді ығыстырып, әлемнің алты құрлығын қалтыратқан алып империяның тарих аренасынан кету қарсаңын көзімен көріп, ойы, санасы арқылы өткізгендер.
Қазақстан • 27 Қыркүйек, 2018
Диагностикалау мен емдеудің эндоскопиялық әдістері жетілдірілуде
Кеше Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасында «Энтероскопия, эндоскопиялық ультрадыбыстық зерттеу және эндоскопиялық ретроградтық холангиопанкреатография ерекшеліктері» атты шеберлік сыныбы өтті.
Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2018
Жаңа орталық жұмысты жеңілдетеді
Бұрындары шетелдік азаматтың Қазақстан аумағында еңбек етуі үшін берілетін рұқсат бес күн ішінде рәсімделетін еді. Енді бір сағаттың ішінде қажет құжаттарды заңдастыруға болады.
Қазақстан • 27 Қыркүйек, 2018
Сыртқы сауда көлемі – 77 млрд доллар
Кеше Астана қаласында Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) қосылу жөніндегі Жетінші дөңгелек үстел отырысы өткізілді. Оған әлемнің 40-тан астам елінің өкілдері қатысты.
Әлем • 27 Қыркүйек, 2018
Нью-Йорктің шикізат биржаларында мұнай бағасы төмендеді, деп хабарлайды Америка мұнай институты.
Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2018
«Облыс орталығының Түркістанға көшірілуі әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан ғана емес, рухани жағынан да аса маңызды» (Президент Н.Назарбаевтың Парламент депутаттары алдында сөйлеген сөзінен)
Кино • 27 Қыркүйек, 2018
«Томирис» фильмінің соңғы түсірілімдері жүріп жатыр
Массагеттер патшайымы туралы – «Томирис» ауқымды тарихи фильміне арнайы «Қазақфильм» киностудиясының территориясында соғылған «Вавилон» декорациясында соңғы түсірілім жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды «Қазақфильм» киностудиясының баспасөз қызметі.
Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2018
Еліміздің барлық өңірінде ұйымдастырылған жалпықазақстандық ашық диктант шарасынан Қарағанды қаласы да тыс қалған жоқ. Облыс әкімдігі аппаратының «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйытқы болуымен өткен ашық диктант елорданың 20 жылдығына арналып, «Астана – бейбітшілік бесігі» тақырыбында өтті. Шараға облыс бойынша 40 мыңға жуық адам қатысты.
Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2018
Теміртау қаласының маңындағы Жаңғыз төбе мен Жұмақ дөң деген жерлерге жетсеңіз, қиялға қанат бітіріп, ХІХ ғасырдан бір-ақ шығасыз. Мұндай мүмкіндік жергілікті тарихи-өлкетану мұражайы 29 қыркүйек күні ұйымдастырғалы отырған «Жауыртаудағы кездесу» форум-фестивалі кезінде туады.
Хоккей • 27 Қыркүйек, 2018
Астананың «Барысы» «Витязь» командасымен болған ойында жеңіске жетті
Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) кезекті ойынында елорданың «Барысы» Подольскіде Мәскеу облысының «Витязь» командасымен күш сынасты.
Әлем • 27 Қыркүйек, 2018
Астанада өткен ЭКСПО халықаралық көрмесі «Болашақтың энергиясы» тақырыбын тереңнен талқылауға арналған әлемдік деңгейдегі өте керемет алаң болды. Онда біздің Жапония да бұл саладағы өзінің айтулы жетістіктерін әлем назарына паш етуге мүмкіндік алды. Ең бастысы, осы көрме арқылы көптеген жапон тұрғындары Қазақстанның тартымдылығымен талайды тамсандырған астанасымен танысты. Елдер арасындағы ымыралы ынтымақтастық арта түсті. Осы ретте жылы қабылдаулары үшін Қазақ еліне ерекше алғыс айтқым келеді.
Қазақстан • 27 Қыркүйек, 2018
Әлемдік нарықта алтын саудасы қызып тұр
Қазақстан 100 мемлекеттің ішінде алтын қоры бойынша 15-орынға табан тіреп, алтынға малынған елдерді басып озды. Таяуда Ұлттық банк алтын құймаларды жаппай сатып алудың себептерін түсіндіріп, әлемнің назары неліктен алтынға ауып отырғанын айтып берді.
Қазақстан • 27 Қыркүйек, 2018
Астана Банкі лицензиясынан айырылды
Таяуда Ұлттық банк басқармасының «Астана Банкі» акционерлік қоғамын банктік және басқа да операцияларды жүргізуге арналған лицензиясынан айыру туралы шешімі жарияланды. Ерте ме, кеш пе, оқиға осылай аяқталатынын ел сезіп отырды деуге болатын шығар. Себебі Астана Банкінің депозит қабылдауына және банктен есепшот ашуына мамыр айында-ақ тыйым салынған болатын. Миллиондаған қаражатын қайтара алмай сабылған салымшылардың дау-дамайы содан бері толастаған емес.
Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2018
Бастауыш ұйымдарға баса мән беріледі
«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары арнайы сапармен Қостанай облысына барды. Сапар барысында Мәулен Әшімбаев партияның «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ» аудандық филиалына қарасты бастауыш партия ұйымдарының төрағаларымен және кәсіпорынның еңбек ұжымымен кездесті.
Қазақстан • 27 Қыркүйек, 2018
Кеше Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың төрайымдығымен Қазақстан Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті.