Соңғы жаңалықтар
Қазақстан • 21 Наурыз, 2018
Гаухар Алдамбергенова: Әлеуметтің әлеуетін арттырады
Бүгінде әлемде үлкен өзгерістер орын алуда. Жаңалығы желмен жарысқан жаһан жаңа тарихи кезеңнің табалдырығында тұр. Осыған сәйкес біз де өз сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға сіңісті болып қалған таптаурын қағидалар мен ұстанымдардан арылмасақ, дамыған елдердің легіне ілесе алмай қалуымыз мүмкін. Бұл турасында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында кеңінен талдап, жұртшылыққа жете түсіндірген болатын.
Президент • 21 Наурыз, 2018
Александр Квасьневский: Бес әлеуметтік бастама - заман талабына лайықты жауап
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасы 2008 жылдан бастау алған экономикалық дағдарыстан туындаған құрылымдық мәселелерге берілген лайықты жауап болып табылады. Нақтылай айтқанда, бұл бастамалар халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға, табыстың теңсіздігінің өсуін тоқтатуға, көші-қон және жұмыссыздық мәселелерін оңтайландыруға өзіндік жағымды әсерін тигізеді.
Қазақстан • 21 Наурыз, 2018
Серікбай қажы Ораз: Наурыз – ізгілік пен игіліктің мерекесі
Шуақты көктемнің келгенін білдіретін наурыз – халқымыз үшін мерекелі һәм берекелі ай. Елімізде тұратын барша ұлт өкілдері 1 наурызды алғыс айтудан бастайды.
Қазақстан • 21 Наурыз, 2018
Ембілік мұнайшылар Наурыз тойын тойлады
Ембілік мұнайшылар жыл сайын Наурыз тойын айрықша салтанатпен атап өтеді. Биылғы мереке Мақат ауданындағы «Доссормұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының Ботақан кен орнында тойланды. Ақшаңқан киіз үйлер, төгілген күй мен шырқалған ән ен даладағы кен алаңын нағыз думанға толтырды.
Қазақстан • 21 Наурыз, 2018
Астанада «Еліміздің жаңа есімдері» атты фотокөрме ашылды
Астанада Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің қолдауымен «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздарына арналған «Еліміздің жаңа есімдері» атты фотокөрме ашылды. Аталмыш іс-шара Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашақа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы негізінде ұйымдастырылды.
Қазақстан • 21 Наурыз, 2018
Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері Оңайша Мандокимен кездесті
Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері әйгілі қыпшақтанушы, түркітанушы ғалым Иштван Қоңыр Мандокидің жары Оңайша Мандокимен кездесті.
Қазақстан • 21 Наурыз, 2018
Биыл еліміздің төл мерекесі – Наурыз мейрамын үздіксіз тойлап келе жатқанымызға 30 жыл толып отыр.
Қазақстан • 21 Наурыз, 2018
Әз-Наурыз – жаңару мен жаңғырудың бастауы
Ұлыстың Ұлы күні әз-Наурыздың халқымызбен қайта қауышқанына, елімізде кеңінен тойлана бастағанына міне, биыл отыз жыл толып отыр екен. Әр күні ғасырға бергісіз осы отыз жылда ортамыз толды, ойдағымыз болды. Шын мәнінде жаңару мен жаңғырудың құтты бастауына айналған Наурызбен бірге еліміздің жасампаздығы артты. Тәуелсіз еліміз іргелі мемлекет ретінде әлемге танылып, Арқа төсінде асқақ Астанамыз бой көтерді.
Аймақтар • 20 Наурыз, 2018
Астанадан Аягөзге төрт мың дана тігін және трикотаж өнімдері жеткізілді
Су тасқынынан зардап шеккен Аягөз тұрғындарына еліміздің түкпір-түкпірінен келіп жатқан көмек керуенінің легі толастар емес. Бүгін Аягөз қаласына Астанадағы «Жасампаз» отандық өндірушілер концорциуымы ұжымының жолдаған гуманитарлық жәрдемі келіп жетті.
Аймақтар • 20 Наурыз, 2018
Оңтүстікте шомылу маусымы басталып кетті
Шымкенттің балалары шомылу маусымын бастап жіберді. Бүгін «Қошқар ата сейілі» фестивалі барысында жеткіншектер өзенге түсіп, мәз-мейрам болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан • 20 Наурыз, 2018
Алдағы күндері елімізде әлеуметтік желілер істемеуі мүмкін
Қазақстанда әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің жұмысында кідіріс болатындығы жөнінде ескертілді, деп хабарлайды Ақпарат және коммуникациялар министрлігі.
Қазақстан • 20 Наурыз, 2018
Қасым-Жомарт Тоқаев Наурыз мейрамымен құттықтады
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter парақшасындағы жазбасында барша халықты Наурыз мерекесімен құттықтады.
Аймақтар • 20 Наурыз, 2018
Аягөзде үйін тасқын су бұзған 12 отбасы баспаналы болды
Аягөзде үйін су басқан 12 отбасы жаңа пәтерге кірді. Баспана кілтін облыстың әкімі Даниал Ахметов тапсырды.
Қазақстан • 20 Наурыз, 2018
Астанада қылмыс саны екі есеге төмендеді
Астана әкімдігінде апта сайын болатын аппараттың кезекті отырысында үлестік құрылыс, жылу маусымы, құқық тәртібі мен көшелерді тазалау мәселелері қаралды.
Аймақтар • 20 Наурыз, 2018
Семейде полицейлер Наурыз мерекесін атап өтті
Наурыз мейрамы - береке мен бірліктің, ырыс пен молшылықтың бастауы. Күн нұрына малынған көктемнің шуақты шақтарымен бірге жер бусанып, «арқаның қысы аттан түсетін» кез, ғасырларға ұласқан ежелгі бүкілхалықтық қасиетті мереке.
Қазақстан • 20 Наурыз, 2018
ТЖД балаларға көктемде мұз үстінде ойнаудың қауіпті екенін ескерті
Астана қаласында белсенді түрде су тасқынына қарсы іс-шара жүргізіліп жатыр. Бүгін қала әкімдігінде төтенше жағдайлардың алдын алуға байланысты брифинг өтті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Қазақстан • 20 Наурыз, 2018
Аймақтар • 20 Наурыз, 2018
Павлодарда «Хош келдің Наурыз!» атты кітап көрмесі өтті
Облыс орталығындағы №41 мектепте Наурыз мейрамына арналған рухани-танымдық мәдени іс-шаралар өтуде.
Аймақтар • 20 Наурыз, 2018
ОҚО депутаттары Түлкібас ауданын Түркібасы деп атауды қолдады
Талай тұлғалар түлеп ұшқан киелі мекен Түлкібас ауданының атауын «Түркібасы» деп өзгерту туралы ұсыныс дер кезінде көтеріліп отыр. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өңіріміздегі жер, су аттары тарихи атауларына қайта қол жеткізіп келеді. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Бүгін бұл туралы облыстық мәслихаттың кезекті ХІ сессиясында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті.
Қазақстан • 20 Наурыз, 2018
Танымал тұлғалар балдырғандардың тұсауын кесті
Жамбыл облыстық «Aq jol» газетінің бастамасымен 1 наурыздан бастап «Наурыз – ізгілік айы» акциясы қолға алынған болатын. Аталмыш шара аясында редакция ұжымы облыс жұртшылығын қайырымдылық жасап, айналаға мейірімділік нұрын себуге атсалысуға үндеуде.
Жас журналистерге арналған «Егемен Академиясы» жобасы іске қосылмақ
«Егемен Қазақстан» газетінің бұл жобасы төртінші билік өкілі болғысы келетін жас мамандарға арналған.
Әлем • 20 Наурыз, 2018
Францияның бұрынғы президенті қамауға алынды
Францияның бұрынғы президенті Николя Саркози қамауға алынды. Бұл туралы bbc.com хабарлады.
Үкімет • 20 Наурыз, 2018
Бақытжан Сағынтаев егістік жұмыстарын уақытында бастауды тапсырды
Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев орынбасары әрі Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеевке көктемгі егістік жұмыстарын дер кезінде бастауды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан • 20 Наурыз, 2018
Астанадағы Халықаралық Түркі академиясында Наурыз мерекесі тойланды
Халықаралық Түркі академиясының (TWESCO) Астанадағы орталығында барша түркі халқына ортақ мейрам - Наурыз мерекесі тойланды.
Білім • 20 Наурыз, 2018
Сапасыз білім мен салғырт басшы оқушылардың келешегіне кедергі келтірмей ме?
Алматы облысында білім беру саласының жұмысы ақсап тұр. Өкінішке қарай, мемлекет тарапынан жасалып отырған ерекше жағдайға қарамастан, аймақтағы оқу сапасы ойдағыдай емес. Бұлай деуімізге былтырғы жылдың қортындысы бойынша анықталған бірқатар деректер дәлел.
Үкімет • 20 Наурыз, 2018
Үкіметте 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» бағдарламасы талқыланды
Бүгін Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің отырысында ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016–2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың 2017 ж. қорытындысы туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов баяндады. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Қазақстан • 20 Наурыз, 2018
ЭКСПО аумағы Наурыз мейрамы тойланатын басты орын болмақ
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Астана қаласы әкімдігімен бірлесе отырып, 21 наурыз күні сағат 13.00-де және 22 наурыз сағат 10.00-де басталатын ауқымды мәдени ойын-сауық бағдарламасын әзірледі.
Аймақтар • 20 Наурыз, 2018
Екі өңірде көктайғаққа байланысты тас жол жабылды
Еліміздің екі облысында көктайғаққа байланысты тас жол жабылды, деп хабарлайды ТЖ комитеті.
Аймақтар • 20 Наурыз, 2018
Сыр өңірінің кәсіпкерлік және туризм басқармасына жаңа басшы келді
Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасына жаңа басшы келді. Енді бұл қызметті Намаев Бақытжан Біләлұлы атқаратын болады, деп хабарлады ҚазАқпарат.
Қазақстан • 20 Наурыз, 2018
Аграрлық саланы дамытудың үлкен бір бағыты – мал шаруашылығының өркендеуі. Әсіресе, жекелеген шаруалардың мал басын көбейтуге ғана емес, тұқымын асылдандыруға ынталы болып, қызығушылығының артуы бұл бағыттағы жұмыстардың нәтижелі екендігін айғақтайды.