Соңғы жаңалықтар
Қазақстан • 21 Наурыз, 2018
Біздің ауыл сонау Өр Алтай төрінде, нақтылап айтсақ, қазіргі Қытай елінің Моңғолиямен шекараласатын тұсында орналасқан. Мен ес білгеннен бері Наурыз тойлайды.
Наурыз тойының табиғаты, мазмұны мен мәні, халықтың мәдени-рухани өміріндегі орны ерекше. Наурыз мерекесін жалпақ жиһанды мекендеген халықтар айрықша ынтамен қабылдаған.
Қазақстан • 21 Наурыз, 2018
ЭКСПО кешені аумағында Наурыз мейрамына тойлауға 10 мыңнан астам адам келді
ЭКСПО туристік аумағында Наурыз мейрамы алғаш рет тойланды. Ұлыстың ұлы күнін тойлау аясында «Нұр Әлем» - «Болашақ энергиясы» мұражайының іргесінде киіз үйлер тігіліп, шатырлар орнатылып, ұлттық дәстүріміз бен әдет-ғұрыптарды баяндайтын театрландырылған қойылымдар өткізіліп, спорттық ойындар ойнатылып, қазақ мәдениеті мұражайларында дәстүрлі қолөнер туындылары ұсынылған.
Қазақстан • 21 Наурыз, 2018
Оңтүстік Қазақстанда «Наурыз - Қазығұрттан басталады» атты мерекелік іс-шара өтті
Оңтүстік Қазақстанда Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз тойы адамзаттың бесігі, жер кіндігі атанған қасиетті Қазығұрт тауынан басталды. Қазығұрт ауданы Атбұлақ ауылындағы Қазығұрт тауының бөктерінде өткен «Наурыз - Қазығұрттан басталады» атты мерекелік іс-шарада қазақтың ұлттық құндылықтары ұлықталып, дүбірлі думанға облыстың 1500-ге жуық өнерпазы қатысты.
Президент • 21 Наурыз, 2018
Елбасы Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысты
Мерекелік іс-шара аясында Мемлекет басшысы «Жаңарған жер, бақ қонған нұрлы ел» мюзиклін тамашалады. Жоғары технологиялы музыкалық-хореографиялық этно-модерн қойылымына Қазақстанның белгілі өнер тарландары мен сахна өнерінің жас таланттары қатысты.
Президент • 21 Наурыз, 2018
Елбасы Қазақ елін Наурыз мерекесімен құттықтады
Астана қаласының Конгресс Орталығында ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын тойлауға арналған мерекелік концерт өтті. Салтанатты іс-шараға Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, барша қазақ елін көктемнің шуақты мерекесімен құттықтады.
Қазақстан • 21 Наурыз, 2018
Қоғам қайраткері Нұрлан Ерімбетов қайтыс болды
Қоғам қайраткері, тележүргізуші Нұрлан Ерімбетов дүниеден озды.
Қазақстан • 21 Наурыз, 2018
Лисаков қаласында «Бәйтерек» орнатылды
Лисаков қаласының орталығында 15 метрлік Бәйтерек орнатылды. Оның құрылымын жасап шығаруға мамандар бес ай уақыт жұмсады. Кіші «Бәйтеректі» дайындауға жергілікті «СпецСтальКонструкция» және «ЭксклюзивСтрой» кәсіпорындары демеушілік жасап, әрі өздері монументті жасап шығарды.
Аймақтар • 21 Наурыз, 2018
Семейде Мейірім үйіндегі қарияларға наурыз көже таратылды
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейірімділік пен үлкенді сыйлаудың, қайырымдылықтың мерекесі. Семейдегі іскер әйелдер қауымдастығы, «Нұр Отан» партиясының бастауыш партия ұйымдары барлығы ұжым болып, №2 арнайы әлеуеметтік көмек көрсету орталығына ыстық бауырсақтар пісіріп әкелді.
Қазақстан • 21 Наурыз, 2018
Санкт – Петербург қаласында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры және Санкт-Петербург Мемлекеттік Университеті арасында Қазақстан Республикасының Санкт-Петербург қаласындағы Бас Консулдықтың қолдауымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Тарих • 21 Наурыз, 2018
Сақ ханзадасының сүйегі қайда сақталған?
Жарты ғасырдай бұрын Есік қорғанынан табылған «Алтын адам» – қазақты әлемге әйгілеген құнды жәдігер еді. Құпиясын ішке бүккен кәрі тарих қайта жаңғырды. Сол арқылы ұлы даламызда үлкен өркениеттің салтанат құрғаны дәлелденді. Ата-бабамызды таныдық. Бойымызды мақтаныш сезімі кернеді. «Алтын адам» – егеменді еліміздің ұлттық символдарының бірі. Оның мүсіні Тәуелсіздік монументінің ұшар басында асқақтап тұр. Алайда сол асыл бабамыздың сүйегі әлі күнге дейін жерленген жоқ дегенге сенесіз бе?!
Өнер • 21 Наурыз, 2018
«Ақсақ құланды» асқақтатқан Қамбар күйші
Күй – «жағдай» деген мағынаны анықтайтын сөз. Анығын айтқанда, адамның өмірде кездесетін әлеуметтік және психо-эмоционалдық жағдайын өмір сүрген ортасына музыкалық әуенмен бейнелеп жеткізу. Біздің бақытымызға орай сонау ХIII ғасырдағы Жошы хан дәуірінен бүгінгі біздің тәуелсіз заманымызға мұра болып жеткен күйлердің атасы – «Ақсақ құлан». Осы күйдің бүгінгі күнге қалай жетіп, кім жеткізгенін біреу білсе, біреу білмейді.
Өнер • 21 Наурыз, 2018
Жаһандық мәдениет жауһарлары: Джоконда жұмбағы
Суретшілік десек, өмірге деген философиялық көзқарастары өзгеше, тіпті өздеріне ғана тән асқан білімдарлық, басқаша айтқанда, белгілі бір дәуірлерді бір ғана суретші таланты түйіндейтін, не болмаса соның кескіндеген жалғыз ғана картинасымен байланысты феномен ойымызға оралып, пайым парасатымызды парақтап һәм парықтап аламыз. Адамзат дүниетанымындағы қоршаған әлемнің объективті шындығы да сол тұлғалардың танымына байланысты түсіндіріліп, олардың өмір өрнектері мен шығармашылық шабытынан Құдайға сену, жанның өлмейтіндігі хақындағы абсолютті шындық, түрлі ғылыми көзқарас, саяси қарама-қайшылық, бәрін-бәрін өрістетуге болатындай. Бұл тұрғыда италиялық атақты суретші, теңдессіз талант Леонардо да Винчи құбылысын айналып өте алмас едік.
Қазақстан • 21 Наурыз, 2018
Әйгілі Наурызбаевтан дәріс алған Тілеуберді Мелдешұлы
Жақында танымал мүсіншімен таныстым. Бірден аңғарғаным – тұла бойынан даланың иісі аңқып тұрды. «Самалы селеу тербетіп, жусаны жұпар боратқан, тарлауы жылқы бақтырып, тайлағы теңін қомдатқан, ежелгінің сорабын, бұрынғының бодауын, қазіргінің қалауын білетін жанға ұқсайды». Мына шумақтар тасқа тіл бітірген мүсінші Тілеуберді Бинашевті алғаш көргенде көкейіме орала кеткен шұбыртпалы тіркестер ғой...
Өнер • 21 Наурыз, 2018
Роза Рымбаева «Наурыз-думан» әнінің тағдырына қатысты өз естелігімен бөлісті
Әдебиет • 21 Наурыз, 2018
«Туғанда дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен жер қойнына кірер денең» демекші, қазақтың өлеңі тек ойын-сауықтың ғана емес, өмір философиясының да көркем көрінісі.
Өнер • 21 Наурыз, 2018
Әлемдегі он үздік фотографтың қатарындағы қазақ
«Қытайдағы қандасымыз әлемдік 10 үздік фотографтың қатарынан көрініпті» деген қуанышты жаңалыққа елең ете қалдық. Әлеуметтік желіде тараған үзік-жұлық ақпараттардың анық-қанығын білгіміз келіп, интернеттен із шалып отырғанда көрген-білген, көрші-қолаңы емес, үздік фотографтың тап өзімен «жолығып» қалдық. Сонымен...
Театр • 21 Наурыз, 2018
Алматыдағы Мемлекеттік қуыршақ театрының шежіресі
Еліміздегі ең алғашқы қуыршақ театры – Алматыдағы Мемлекеттік қуыршақ театрының тарихы 1935 жылдан бастау алады.
Аймақтар • 21 Наурыз, 2018
Атырауда «Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері» атты халықаралық форум өтті
Абайдың өлеңінде айтылғандай, «Қырдағы ел ойдағы елмен араласып, күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып» мәре-сәре болатын керемет кез де келіп жетті. Еліміздің батыс өңірінде Наурыз тойы айдың 14-інші жаңасынан басталады. Таң сібірлеп атқаннан-ақ бір-бірімен сәлемдесіп, жылдан есен шыққандарына шүкір десіп, «Бір жасыңызбен!» деп көрісетін ағайын қандай заман өтсе де осы игі дәстүрден ажырамаған. Ресми мереке болмаса да, батыс өңірі бұл күнге ерекше дайындалады. Бірақ биылғы Амал мерекесінің жөні бөлек болды. Бұлай деуімізге себеп те бар. Алыс-жақын бес елден келген 700-ге жуық өнерпаз Жайық жағасын нағыз тамашаға, сән мен салтанатқа бөледі. Атырауда «Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері» атты халықаралық форум өтті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған форумда 20-ға жуық шара болып, мұнайлы мекен халқына ерекше мереке сыйлады.
Білім • 21 Наурыз, 2018
Ойласу: Телефонға шұқшиған балалар сөйлеуден қалды
Ұлт тәрбиесі – ұлт болашағы. Егемен еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ тәрбиесі. Сол ұрпақтың тәрбиесі бүгінде ешкімді де бей-жай қалдырмай отыр. Ал ұрпақ қамын ойлайтын ата-ана жайы қалай?
Білім • 21 Наурыз, 2018
Баршаға үлгі болу – басты мақсат
Осы мектепке қарай асығатындар көп, күннің қай уақыты, жылдың қай мезгілі болсын осы мектепте білім алғысы келетіндер де, ұл-қызының осында оқығанын қалайтын ата-аналар да көп. Сапалы білім нәрімен сусындап жүрген жүздеген оқушы сол көптің қатарында. Соңғы жылдары өзге білім ошақтарына үлгі боларлық жетістіктерін еселей түскен мектепке асығатындардың арта түсуі де заңдылық.
Тарих • 21 Наурыз, 2018
Шығанақ – қазақ елінің еңбек паспорты
«Еспембеттей ер қайда, Ерді сыйлар ел қайда?!» деген екен Дулат ақын. Сол айтқандай арғы-бергіде елімізге еңбегі сіңіп, халқына қадірлі атанған көрнекті тұлғалар көп болған. Олардың арасында мемлекет және қоғам қайраткерлері де, қарапайым еңбек адамдары да, әдебиет, мәдениет өкілдері де жетерлік. Өкінішке қарай, олардың кейбірінің есімдері әртүрлі себептермен ұмытылып кетті. Біздің газетіміз осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында «Ұмытпаңдар мені...» атты арнайы айдар ашып отыр. Бүгін осынау айдардың алғашқы мақаласын оқырманға ұсынбақпыз.
Расымен де осы біздің жұмысымыз қалай? Маңдайтерді сыпырып, өз болашағымыз үшін қажырлы еңбек ете алып жүрміз бе?
Театр • 21 Наурыз, 2018
Театр: Балалықтың бейкүнә бейнесі
Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым – Қожа» шығармасын оқымай ер жеткен бала жоқ шығар. Бәрі оқыды! Әрқайсысының ішінде бір-бір Қожа өмір сүріп, сол аяулы бейненің күні бүгінге дейін балғын күніміздің бейкүнә белгісіндей боп көңіл түкпірінде жасырынып, жадымызда мәңгілікке жатталып қалғаны тағы ақиқат. Иә, бәріміз Қожа болдық!
Тарих • 21 Наурыз, 2018
Нұғым Қайдар, бүркітші: Әкем 90 жасқа дейін құс баптады
Жақында Үржар ауданында құсбегілердің ХХІІ чемпионаты өткен болатын. Осымен үшінші жыл қатарынан Шығыс Қазақстанда ұйымдастырылған бүркітшілер бәсекесіне облыс атынан Үржар ауданының тоғыз бүркітшісі қатысқан еді. Ұлттық өнерді ұлықтаған жарыстан кейін дүбірлі додада қолына қондырған құсы жүлделі екінші орынды алған үржарлық бүркітші Нұғым Қайдармен аз-кем әңгімелескен едік.
Өнер • 21 Наурыз, 2018
Балби Кәкейұлы, атбегі: Жүйріктің бабы келмесе, бағы да жанбайды
Қазақта атбегілік дейтін өнер бар. Ол – жүйрік жылқыны таңдап-танып, баптап бәйгеге қосып, бабын табатын адам. Өте ертеректе оңтүстік өңірде ғұмыр кешкен атақты атбегі Мақұлбек, керекулік Бежу, жетісулық Бақай, сондай-ақ сіргелі Меңдекелер жайлы ел аузында сақталған дерек көп. Осы бір құнды мұрамызды ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып, бүгінге жеткізген ат бапкерлері – созақтық Файзолла Ормызов, тараздық Нұрдәулет Әлібекұлы, «Дегерес» жылқы зауытының аттарын баптаған Нәркен Қалибек ақсақал, ағадырлық Жолдыбай Кенжеғұлов, алтайлық Еркін Темірбайұлы сынды тұлғалар бар. Соңғы екі-үш жылда ескінің көзі, өнердің өзі болып келген жоғарыдағы қариялардың үшеуі дүниеден өтіп кетті. Қалғаны сексеннің сеңгірінде. Дәл бүгін текті өнерді үзбей өрге сүйреп келе жатқан Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Жаңаталап ауылында Балби Кәкейұлы дейтін атбегі бар. Ұлыстың ұлы күні қарсаңында қарағандылық ақсақалды іздеп барып жолығып, ат баптау өнері жайлы әңгіме өрбіткен едік.
Кино • 21 Наурыз, 2018
Шәкен Аймановтардың шетел көрерменіне ұнау деген ойдан ада, «халықаралық конкурс» дегенді көздемей, пайдаға ғана келіп тірелетін прокат дегенге пысқырмай-ақ түсірген халықтық фильмдерінің қартаймау сыры туралы ойланғанда, қапысыз бір шындықты тануға тура келеді. Оның туындыларын киноны биік өнер тұрғысынан ғана бағалап, «массовый» фильмдерге мұрын шүйіре қарайтын талғампаз киносыншылардың өзі де мойындайды. «Біздің сүйікті дәрігер» экранда алпыс жылдан бері өмір сүріп келеді, «Атаманның ақыры», «Атамекен», «Алдар көсе» фильмдерінің жасы елуден әлдеқашан асып кеткен, тіпті жыл он екі айдың қай мезгілінде көрсетсе де, жалықтырмайтын «Тақиялы періштенің» түсірілгеніне де биыл тұп-тура 50 жыл толып отыр. Түсірген фильмдерінің өмірі 4-5 жылдан аса алмай, өз аудиториясын қалыптастыруға не қабілеті, не шеберлігі жетпейтін режиссерлермен Шәкенді салыстырып күпір болудан аулақпыз, дегенмен 56 жас қана жасаса да, дәуірмен құрдастығын үзбей, көрерменге ұсынып үлгерген жұмысының қай-қайсысы да уақыттың барлық сынына төтеп беріп келе жатқан Аймановтың ұлылығы осындайда тіпті жарқырай түсетініне баршамыз күн өткен сайын көз жеткізіп келеміз.
Қазақстан • 21 Наурыз, 2018
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көктемнің алғашқы айының басында халыққа бес әлеуметтік бастамасын жариялауы аса мәнді болды. Наурыз – қазақ халқы мен басқа да ұлыстардың ертеден келе жатқан қасиетті және заманауи дәстүрлері жаңғыратын ерекше ай.
Қазақстан • 21 Наурыз, 2018
Елбасы Үндеуі солтүстікқазақстандықтар тарапынан зор қолдау тауып отыр
Елбасының «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуі солтүстікқазақстандықтар тарапынан да зор қолдау тауып отыр.