елорда
Елорда • 07 Сәуір, 2021
Елордада су басу қаупі бар учаскелер саны азайды
Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтанда су басу қаупі бар 29 учаске анықталды. Бұл сан 2020 және 2019 жылдармен салыстырғанда 8 учаскеге азайды. Қалалық Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Сыздықов онлайн брифингте су тасқынының алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 07 Сәуір, 2021
Елордадағы бірнеше мектепке «Алаш» қайраткерлерінің есімі беріледі
Елорданың бірқатар мектебіне «Алаш» қайраткерлерінің есімдері берілмек. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың жауабында айтылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 06 Сәуір, 2021
Нұр-Сұлтанда коронавирусқа қарсы вакцина алуға жазылу басталды
Елордада егу пункттері көбейді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 05 Сәуір, 2021
Нұр-Сұлтанда көпбалалы және жалғызбасты аналарға баспана кілті табыс етілді
«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында көпбалалы және жалғызбасты аналарға баспана кілттері табысталды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 05 Сәуір, 2021
Елордада карантин тәртібін бұзған 28 мекеменің қызметі тоқтатылды
Каратиндік шектеулерді бұзушылықтарды анықтау және оларға жол бермеу жөніндегі мобильді топтар күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда. Елордада ескертулерге қарамастан кәсіпкерлік субъектілерінің карантин режимін бұзуы күн сайын тіркеледі. Кейбір мекемелер мұны жүйелі түрде жасайды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Елорда • 04 Сәуір, 2021
Елорданың қоғамдық көліктерінде дезинфекциялық жұмыстар жүріп жатыр
Елордада қоғам көлік жүргізушілері күн сайын өз ауысымынан кейін автобусына дезинфекция жасайды. Тұтқалар мен орындықтар, есіктер, валидаторлар және жолаушылар ұстайтын жерлер сүртіледі. Вирустың таралуының алдын алу үшін автобус салоны желдетіледі, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Елорда • 04 Сәуір, 2021
Алтай Көлгінов елорданың шеткері аймақтарының даму барысы туралы айтты
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында елорданың шеткі аймақтарының абаттандырылуы жайлы мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 03 Сәуір, 2021
Елордада кинотеатрлар мен қонақүйлерде коронавирусқа қарсы егу пункттері ашылуы мүмкін
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында бизнес өкілдерімен санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып, кейбір бизнес субъектілеріне жұмыс істей беруге мүмкіндік беретін Ashyq жобасын масштабтау мәселелері талқыланғанын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 02 Сәуір, 2021
Нұр-Сұлтанда жедел жәрдемге «жасыл бағдаршам» жобасы енгізілді
Нұр-Сұлтанда «103» санитариялық автокөліктеріне арнап «жасыл бағдаршам» қанатқақты жобасы сәтті енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 02 Сәуір, 2021
Елордада әлеуметтік көмек алуға өтініштерді қабылдау басталды
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 2021 жылдың ІІ тоқсанына АӘК алу үшін өтініштер қабылдау басталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Елорда • 01 Сәуір, 2021
Елордада карантин талаптарын бұзған 14 кәсіпкерлік субъекті әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Елорданың мобильді топтары күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақсыздығына және карантиндік шаралардың қатаңдатылуына қарамастан қалада күн сайын карантин режимін бұзушылар анықталуда. Өткен тәулікте мобильдік топтар осындай 14 фактіні тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Елорда • 01 Сәуір, 2021
Елордада сүрілетін үйлердің орнына қандай пәтер берілетіні белгілі болды
Елордадағы ескірген немесе апаттық жағдайдағы үйдің тұрғындарына бұрынғы баспанасының ауданына сәйкес пәтер беріледі, деп хабарлайды Egemen.kz
Білім • 01 Сәуір, 2021
Елордада бүгіннен бастап 1-сыныпқа құжат қабылдау басталды
Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының орынбасары Бағлан Сматаева бүгіннен бастап 1 тамызға дейін 1-сыныпқа құжат қабылдау басталатынын айта келе ерекше білімді қажет ететін балаларды қабылдау қалай жүзеге асырылатынын түсіндіріп өтті, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Елорда • 29 Наурыз, 2021
Елордада биыл 40 мыңнан астам оқушы орны ашылады
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында мектеп салу мәселесін қозғап, биыл 40 мыңнан астам оқушы орны ашылатынын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 29 Наурыз, 2021
Елордада бір тәулікте тағы 10 мекеме карантин тәртібін бұзған
Елорданың мобильдік топтары карантин талаптарын бұзатын кәсіпкерлік субъектілерін анықтауды жалғастыруда. Қалалық мекемелерде көбінесе бетперде, әлеуметтік қашықтық және белгіленген жұмыс тәртібі сақталмайды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
Қоғам • 26 Наурыз, 2021
Елордада «Ashyq» жобасына қатысуға ниет білдірген кәсіпкерлер көбейді
Нұр-Сұлтан қаласында «Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілер қатары 61-ге жетті. Нұр-Сұлтан қаласы эпидемиялық жағдайға байланысты «қызыл» аймаққа енгендіктен «Ashyq» пилоттық жобасына қатысуға ниет білдіретін, бұл жобадан шет қалғысы келмейтін кәсіпкерлік субъектілер қатары артып келеді, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Елорда • 26 Наурыз, 2021
Өткен тәулікте елордадан 140 мың текше метрге жуық қар шығарылды
Елордада 25 наурыздан 26-сына қараған түні 76 мың текше метрге жуық қар шығарылды. Қар күреу жұмысына 1 148 арнайы техника мен 188 жол жұмысшы жұмылдырылды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 25 Наурыз, 2021
Елордалық волонтерлер қар күреп жүрген қызметкерлерге ыстық шай мен бауырсақ таратты
Елордалық волонтерлер қар күреп жүрген санитарлық қызметкерлерге ыстық шай мен бауырсақ таратты, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 25 Наурыз, 2021
Елордада газ құрылғыларын пайдалану ережелері түсіндірілді
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ елорда өндірістік филиалы Нұр-Сұлтан қаласында табиғи газды дұрыс пайдалану және қауіпсіздік жолдары жайлы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Елорда • 24 Наурыз, 2021
Өткен тәулікте елордада айлық нормадан көп қар жауды
Өткен тәулікте елордада 26 мм-ден астам қар жауды, бұл айлық нормадан 8 мм артық, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Елорда • 23 Наурыз, 2021
Елордалық ТЖД қызметі боранда қалып қойғандарға қолұшын созды
Құтқарушылар қарлы боранмен күресіп жатыр. Қазгидрометтің мәліметінше, осы жылдың 23 наурыз күні сағат 21:00-ден 24 наурыз сағат 21:00-ге дейін түнде бұрқасын болып, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с жетеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Елорда • 23 Наурыз, 2021
Елорда әкімдігі тұрғындарды карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырады
Соңғы аптада коронавируспен сырқаттанушылық деңгейі алдыңғы аптадан 76%-ға жоғары, яғни 100 мың тұрғынға шаққандағы қарқынды көрсеткіш 106,96-ны, ал репродуктивті саны 1,506-ны құрады, деп хабарлайды Egemen.kz
Ауа райы • 23 Наурыз, 2021
Бүгін елордада ақтүтек боран болып жатыр
Бүгін елордада қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК ауа райы туралы мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz
Елорда • 23 Наурыз, 2021
Елордада 1 700-ден астам жол жұмысшы қар күреуге шықты
Елордада өткен тәулікте 31 мың текше метр қар шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz
Технология • 19 Наурыз, 2021
Елорданың IT-кеңесі қаланың негізгі міндеттерін шешу бойынша 11 жобаны қарады
«Нұр-Сұлтан қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсету басқармасы» ММ цифрландыру бөлімінің басшысы Даниял Айткенов брифинг барысында кеңесте қандай жобалар қаралғаны туралы түсіндіріп берді, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 19 Наурыз, 2021
Елордада бірқатар мамандық иесі «Халық алғысы» медалімен марапатталды
Елордада коронавирус пандемиясына қарсы күресте еңбек еткендер «Халық алғысы» медалін иеленді. Марапаттарды Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Елорда • 19 Наурыз, 2021
Нұр-Сұлтанда Наурыз мерекесіне арналған бұқаралық іс-шаралар өтпейді
Эпидемиялық жағдайға сәйкес Нұр-Сұлтан «қызыл» аймаққа енгендіктен коронавирустың таралу қаупі әлі де жоғары. Осыған байланысты Наурыз мерекесінде болатын дәстүрлі бұқаралық іс-шаралар өтпейді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 19 Наурыз, 2021
Елордада Ashyq қосымшасымен жұмыс істегісі келетін кәсіпкерлер көбейді
Бүгінде елордада Ashyq пилоттық жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 57-ге дейін жетті. Нұр-Сұлтан қаласы эпидемиялық ахуал бойынша «қызыл» аймаққа енгендіктен мобильді қосымшамен жұмыс істейтін мекемелердің саны күн сайын артып келеді, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Елорда • 19 Наурыз, 2021
Нұр-Сұлтанда биыл тағы бір проблемалы құрылыс аяқталады
Нұр-Сұлтанда құрылысы ұзаққа созылған тағы бір құрылыс биыл аяқталады. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 18 Наурыз, 2021
Нұр-Сұлтан қаласының дәрігерлері тұрғындарға үндеу жасады
Нұр-Сұлтанда коронавируспен ауыратын науқастардың саны күн санап өсіп барады. Науқастар ауруханаларға ауыр күйде түсіп жатыр. Бұл туралы елорданың штаттан тыс бас инфекционист дәрігері Сәуле Атығаева мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.