П
Президент • 12 Қазан, 2020
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонды Тәжікстан Республикасының Президенті болып қайта сайлануымен құттықтап, сайлау қорытындылары оның стратегиялық бағытына деген жоғары сенім мен бүкілхалықтық қолдаудың белгісі екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 12 Қазан, 2020
Нұр-Сұлтанда карантин тәртібін бұзушыларға айыппұл салынды
Елордада шағын және орта бизнес субьектілеріне күнделікті рейд жалғасуда, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 12 Қазан, 2020
Нұр-Сұлтанға Мәскеуден ұшып келген жолаушыдан коронавирус анықталды
Нұр-Сұлтанға келген әуе жолаушылардың бірінен коронавирус анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 12 Қазан, 2020
Атырауда Каспий теңізінің жағалауы тағы да өртенді
Каспий теңізінің жағалауында өскен қамыстың өртенуі тоқтар емес. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, 10 қазанда жағалаудағы батпақты жерде тағы да қамыс өрті тұтанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 12 Қазан, 2020
Эмомали Рахмон Тәжікстандағы президенттік сайлауда жеңіске жетті
Жексенбіде өткен Тәжікстандағы президенттік сайлауда Эмомали Рахмон жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.
Видео • 12 Қазан, 2020
Өткен аптаның өзекті жаңалықтары
Кезекті топтамада елде және әлемде болған маңызды оқиғаларға шолу жасаймыз. Өткен аптада елде және жаһанда бірқатар елеулі оқиға болды. Атап өтсек, Мемлекет басшысы коронавирус індетінің екінші кезеңіне дайындық мәселелері бойынша кеңесте сөз сөйледі. Онда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пандемияға және экономикалық дағдарысқа төтеп беру үшін мемлекет барлық қажетті шараларды қабылдап жатқанын, алайда бұл жұмысты бүкіл ел болып, жұмыла білсек қана өз нәтижесін беретінін жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz
Бизнес • 12 Қазан, 2020
Елімізде шетелдік компаниялардың саны артты
Ranking.kz-тің мәліметінше, Қазақстанда шетелдік кәсіпкерлердің қатысумен 21,7 мың компания жұмыс істеп тұр. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,8% көп (19,4 мың компания). Соның ішінде 21,1 мыңы (97,3%) шағын компаниялар, ал 325 компания (1,5%) орташа, 260-ы (1,2%) ірі компаниялар, деп хабарлайды Egemen.kz
Оқиға • 12 Қазан, 2020
Павлодарда сауда үйі отқа оранды
Павлодар қаласындағы "Арай" сауда үйінде жалпы ауданы 1500 шаршы метр аумақта бутиктер, кеңселер және шатыр жанып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz
Әлем • 09 Қазан, 2020
Жапонияда тайфун салдарынан 141 әуе рейсі тоқтатылды
Жапонияда "Чан-хом" тайфунына байланысты 141 ішкі әуе рейсі тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Хабар 24 телеарнасына сілтеме жасап.
Бизнес • 09 Қазан, 2020
Қазақстанда жеке кәсіпкерлер азайды
Қазақстанда тіркелген жеке кәсіпкерлердің саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,9%-ға азайған, дейді Egemen.kz
Қоғам • 09 Қазан, 2020
Алматылық акробат тұрғындардың есін шығарды
Алматылық экстремал жаяу жүргіншілер жүретін көпірдің аркасына шығып, тұрғындардың есін шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан • 09 Қазан, 2020
Пандемия кезінде қандай азық-түліктен бас тарту керек?
Ресейлік дәрігер-эпидемиолог Ольга Ненастинаның айтуынша, фастфуд, консервілер мен қуырылған тағамдар иммунитетке кері әсерін тигізеді, сондықтан пандемия кезінде бұл өнімдерден бас тартқан дұрыс.
Қазақстан • 09 Қазан, 2020
Әскери теңізшілер Каспий теңізі бойынша жиын-жорық жасады
"Қазақстан", "Орал", "Сарыарқа" және "Маңғыстау" зымыран-артиллериялық корабльдерінің құрамында еліміздің әскери-теңіз күштері корабльдерінің тобы Каспий теңізінің қазақстандық секторының акваториясы бойынша жиын-жорық жасады, деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Коронавирус • 09 Қазан, 2020
Елімізде тағы 154 адам коронавирустан айықты
Қазақстанда 154 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Қазан, 2020
Елордалық мектептер жыл соңына дейін толық бейнебақылаумен қамтылады
Жыл соңына дейін Нұр-Сұлтан мектептерінде 4 752 бейнебақылау камерасын орнату жоспарлануда. Бұл туралы брифингте Нұр-Сұлтан қалалық цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасының бөлім басшысы Даниял Айткенов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 08 Қазан, 2020
Алматы оқушылары компьютермен толық қамтамасыз етілген
Алматы қаласы білім басқарма басшысының орынбасары Қайрат Жұманов қаладағы қазіргі білім беру саласындағы ахуалға байланысты, қашықтықтан оқыту мәселелері бойынша брифинг өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 08 Қазан, 2020
Қазақстанда бетперделердің бағасы төмендеді
Қазақстанда медициналық және қорғаныс бетперделерінің шекті бағасы тағы да төмендеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 08 Қазан, 2020
Қашықтан оқытуға арналған компьютерлер қоғамдық бақылауда
Шығыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары Ж. Байділдин, "Шығыс – Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің жетекшісі М. Бахыт, Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Ә. Қаербековамен 2020-2021 оқу жылында оқу процесін ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві есебінен компьютерлік техниканы сатып алу мәселелері бойынша брифингке қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 08 Қазан, 2020
Мемлекет басшысының кешенді бітімгершілік оқу-жаттығу жиынында сөйлеген сөзі
Ақорданың баспасөз қызметі Қазақстан Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кешенді бітімгершілік оқу-жаттығу жиынында сөйлеген сөзін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz
Елорда • 08 Қазан, 2020
Елордада "Сергек" камерасының арқасында жол апаты мен қылмыс саны екі есе азайды
Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасының бөлім басшысы Даниял Айткенов брифинг барысында қоғамдық қауіпсіздік және "Сергек" камераларының тиімділігі туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz
Спорт • 08 Қазан, 2020
ХОК президентін сайлау келесі жылы Афиныда өтеді
2021 жылдың 12-13 наурызында Халықаралық Олимпиада комитетінде (ХОК) президент сайлауы өтеді деп жазады Olympic.kz.
Әлем • 08 Қазан, 2020
Дубайда өтетін EXPO ғимараттарының суреті жарияланды
EXPO 2020 Dubai көрмесінің ұйымдастырушылары көрме өтетін ғимараттардың суреттерін жариялады. Коронавирусқа байланысты аталған көрме 2021 жылға шегерілді, бірақ көптеген нысан көрсетілімге дайын тұр, деп хабарлайды Egemen.kz Хабар 24-ке сілтеме жасап.
Қоғам • 08 Қазан, 2020
Елорда полициясы ПИК төрағаларымен кездесті
"Участок" жедел-профилактикалық шарасы барысында елордалық полиция Әуезов көшесі бойынша "Кеңес" ПИК төрағасымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 08 Қазан, 2020
"Нұр-Сұлтан – Петропавл" тасжолында жөндеу жүргізудің жаңа технологиялары енгізілуде
Көкшетау қаласы арқылы "Нұр-Сұлтан – Петропавл" тасжолының 69 шақырымындағы тәжірибе-эксперименттік аумақта "Қазавтожол" ҰК" АҚ "UneedUs" компаниясымен және ҚР ИИДМ Жол активтері ұлттық сапа орталығымен бірлесіп, инновациялық CONFIX материалын апробациялады, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Парламент • 08 Қазан, 2020
Қағаз жүзіндегі әдемі баяндамалар ауылдағы жағдаймен сәйкес келмейді - сенатор
Сенатор Ақылбек Күрішбаев Палата отырысында Премьер-Министрдің атына депутаттық сауал жолдады. Депутат егіннен жиналған өнімнің анық көлемін, тұқымның шынайы сапасын, егістік және жинау жұмыстарының дәл мерзімі туралы нақты білімнің жоқ екенін алға тартты. Сондай-ақ ол мал шаруашылығында жануарлар туралы мәліметтерді тіркеу жұмыстарының негізгі бөлігі әлі де қағаз нұсқада жиналатынын, соның салдарынан көптеген қателіктерге жол берілетінін де тілге тиек етті, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Парламент • 08 Қазан, 2020
Судың жетіспеуінен 36,4 мың тоннадан астам өнім алынбай қалды - сенатор
Сенат депутаты Әбдәлі Нұралиев Премьер-Министр Асқар Маминнің атына депутаттық сауал жолдады. Онда сенатор Жамбыл облысының диқандары көтерген суармалы ағын су туралы мәселені арқау етті, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 08 Қазан, 2020
Асхат Аймағамбетов: Колледж педагогтері де біліктілік санаттары үшін қосымша ақы алатын болады
Енді колледж педагогтері де ай сайын лауазымдық жалақысының 30-дан 50 пайызына дейін қосымша ақы алатын болады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов техникалық және кәсіптік білім берудің 80 жылдығына арналған іс-шара барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Парламент • 08 Қазан, 2020
Сенатор: Дәрі-дәрмекпен үздіксіз қамту тапшылығы туындауы мүмкін
Сенатор Динар Нөкетаева Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың атына депутаттық сауал жолдап, елімізде дәрілерді тіркеу механизмі күрделі екеніне назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Парламент • 08 Қазан, 2020
Сенатор ұлттық электрондық балалар кітапханасы порталын ашуды ұсынды
Парламент Сенатының депутаты Рысқали Әбдікеров Премьер-Министр Асқар Маминге депутаттық сауал жолдады. Онда сенатор еліміздің Мәдениет және спорт министрлігі 2007 жылы мемлекеттік бағдарлама аясында ашқан Қазақстан ұлттық электрондық кітапханасы kazneb.kz порталындағы цифрландырылған электрондық кітаптардың сапасын сынға алып отыр. Ондағы электрондық кітаптардың 3D нұсқасын оқу қиынға соғады, мәтіндері анық емес, бұлыңғыр, кейбір аудио-кітаптар мүлдем ашылмайды екен, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 08 Қазан, 2020
Трамптың коронавирустан емделуіне қанша қаражат кетті?
АҚШ президенті Дональд Трамптың коронавирус індетінен емделуіне 100 мың доллардан аса қаражат кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz New York Times-ке сілтеме жасап.