Аға
Бірнеше өңірде найзағай ойнап, жел соғады
28 сәуірде еліміздің бірнеше өңірінде найзағай ойнап, қатты жел соғады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Тағайындау • 27 Сәуір, 2021
Тимур Қарағойшин Индустрия министрлігіне қызметке тағайындалды
Тимур Жиенбайұлы Қарағойшин Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 27 Сәуір, 2021
Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданына жаңа әкімі тағайындалды
Қарағанды облысындағы Бұқар жырау ауданының әкімі болып Сержан Аймақов тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 27 Сәуір, 2021
Арандатушы бейнежазбаның авторы Жезқазғанның тұрғыны болып шықты
Кеше әлеуметтік желілерге мониторинг жасау кезінде полиция қызметкерлері белгісіз азаматтың Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 174-бабында көрсетілген «Ұлттық алауыздықты қоздыру» белгілері бар бейнеүндеуін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 26 Сәуір, 2021
Қазақстанда Ресейдің жаңа зымыраны сынақтан өтті
Сары-Шаған полигонында Ресейдің аэроғарыш күштері (ВКС) зымыранға қарсы жаңа қорғаныс жүйесі сынақтан сәтті өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 26 Сәуір, 2021
ҚТЖ-да бірқатар тағайындау болды
«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясының басшылық құрамы өзгерді. Бұл туралы компанияның БАҚ-пен жұмыс жөніндегі департаментінің директоры Қайсар Жұмабайұлы Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz
Қарағандыда орталық көшені су басты
Қарағандыда құбыр жарылып, орталық көше мен ағаштарды су басты, деп хабарлайды Egemen.kz
Тағайындау • 26 Сәуір, 2021
Мәдениет және спорт вице-министрі тағайындалды
Үкімет қаулысымен Ерлан Қожағапанов ҚР мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Аймақтар • 21 Сәуір, 2021
Қарағандыда әкімдік ғимаратынан ер адам құлап, қайтыс болды
Оқиға Қарағанды қалалық әкімдігінің ғимаратында болған. 19 сәуірде 37 жастағы ер адам 4-қабаттың терезесінен құлап кетіп, алған жарақаттарынан көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz
Әскери ұшақтың апатқа ұшырау себебі айтылды
Қорғаныс министрлігі Қарағанды облысында апатқа ұшыраған СУ-30СМ ұшағының құлау ықтимал себебін айтты, деп хабарлайды egemen.kz
Бокс • 21 Сәуір, 2021
Қазақстан боксшыларының жейдесінде белгі неге жоқ?
Польшаның Кельце қаласында бокстан өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрама командасының мүшелері сәтті өнер көрсетіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz
Қарағанды маңында қоқыс полигоны өртенді
Қарағанды маңындағы Доскей ауылында тқрмыстық қатты қалдықтар төгілетін қоқыс полигонынан өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Сәуір, 2021
БҚО-да отырғызылған ағаштар қурап жатыр
Батыс Қазақстан облысында елді мекендерді көгалдандыру есептегі белгі үшін жүріп жатыр. Аймақта отырғызылған ағаштардың шамамен 60-70% қурап қалады, деп хабарлайды Egemen.kz «Орал апталығы» басылымына сілтеме жасап.
Білім • 20 Сәуір, 2021
Асхат Аймағамбетов біліктілікті арттыру бағдарламаларын жаңартуды тапсырды
Білім және ғылым министрі педагогтердің біліктілігін арттыру ісінде жаңартулар енгізілетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Сәуір, 2021
Қарағандылықтың көлігінен 274 киік мүйізі тәркіленді
Қарағанды қаласының полиция қызметкерлері Қызыл кітапқа енгізілген жануарлардың 274 мүйізін тәркіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар • 19 Сәуір, 2021
Сарыағашта құтқарылған тасбақалар табиғат аясына қайта жіберілді
Түркістан облысының тарихи орындарын зерттеу мақсатымен жолға шыққан «Алқакөл» экспедициясы мүшелері Сарыағаш ауданы Әлімтау ауылдық округінің аумағындағы келеңсіз жайтты әлеуметтік желі арқылы тиісті орындардың назарына салған-ды. Ауқымды жер телімі қоршау ретінде заңсыз қазылып, терең шұңқырларға түскен тасбақалар шыға алмай қалған.
Қоғам • 19 Сәуір, 2021
Қарағандыда қылмыстық топ құрықталды
Қарағанды қаласының полицейлері трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топты құрықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 19 Сәуір, 2021
Мемлекет басшысы бірқатар мемлекетке жаңа елшілер тағайындады
Мемлекет басшысының Жарлықтарымен бірқатар мемлекетке елші тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 18 Сәуір, 2021
Тазаланбаған аумақ үшін павлодарлық тұрғын жауапкершілікке тартылды
Тазаланбаған аумақ үшін павлодарлық тұрғын жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға • 16 Сәуір, 2021
Қарағанды облысының аумағында әскери ұшақ құлады
Қорғаныс министрлігінің Су-30 ұшағы Қарағанды облысының аумағында апатқа ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 16 Сәуір, 2021
«Самұрық-Қазының» қоғаммен байланыс жөніндегі директоры тағайындалды
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар жөніндегі директоры болып Марат Мұхамедсалиев тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 15 Сәуір, 2021
Бүгін – экологиялық білім күні
Бүгін – экологиялық білім күні. Оның маңызы туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев өз Twitter парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 14 Сәуір, 2021
Алтай Көлгіновтің бірінші орынбасары тағайындалды
Дәулет Кәрібектің басқа жұмысқа ауысуына байланысты Нұр-Сұлтан қаласындағы Nur Otan партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып 39 жастағы Сақтаған Сәдуақасов тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Сәуір, 2021
«Қауіпті зат табылды»: Қарағандыда теміржол вокзалы қоршауға алынды
Бүгін Қарағандыда теміржол вокзалы қоршауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz Көліктегі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 13 Сәуір, 2021
Елордада азық-түлік бағасы айтарлықтай төмендеген
Нұр-Сұлтан қаласында азық-түлік тауарлары бағасының өсімі өткен жылғы кезеңнен 6,2 пайызға төмендеп кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz
Қаржы • 13 Сәуір, 2021
13 cәуірге арналған валюта бағамы
ҚР Ұлттық банкінің дерегіне сәйкес, 13 сәуірдегі валюта бағамы төмендегідей болды:
Тағайындау • 12 Сәуір, 2021
Қаржы вице-министрі тағайындалды
Үкімет қаулысымен Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев қаржы вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Президент • 08 Сәуір, 2021
Президент қазақстандық ғалымдарға қолдау көрсетуде - Асхат Аймағамбетов
Мемлекет басшысы Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтын және отандық QazVaс (QazCovid-in) вакцинасын әзірлеген ғалымдарға қолдау көрсетіп жатыр. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Орталық коммуникациялар қызметі ақпараттық алаңында өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Egemen.kz БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 08 Сәуір, 2021
«Қазақстан темір жолына» жаңа басшы келді
«Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ Басқармасының шешімімен Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 06 Сәуір, 2021
Түркістанда түркиялық БАҚ өкілдері туя ағашын отырғызды
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Нұрболат Ахметжанов және Түркияның ең ірі медиа холдингі «ТРТ» мемлекеттік телерадио корпорациясының Қазақстандағы өкілі Мехмед Захид Чалышкан мен телеарна тілшісі Гүзал Сайтова Үкаша ата құдығы маңында арша тұқымдас туя ағашын екті, деп хабарлайды Egemen.kz.