Орда
Аймақтар • 24 Маусым, 2021
Вакцина салдырған елордалықтар 2 бөлмелі пәтер алуы мүмкін
Елорда тұрғындары вакцина алу арқылы 2 бөлмелі пәтер ұтып алуы мүмкін. Мұндай жаңалықпен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Маусым, 2021
Вакцина алмағандар қашықтан жұмыс істейді – Алтай Көлгінов
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында «Дельта» штаммын жұқтырған науқастар анықталғанын айта келе, карантиндік талаптарды қатаң түрде сақтау керектігін мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Аймақтар • 23 Маусым, 2021
«Қордай» шекара бекеті уақытша жабылды
Қазақ-қырғыз шекарасында корнавирус жұқтырған науқас анықталды, осыған байланысты «Қордай» шекара пункті уақытша жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Маусым, 2021
Елордалық полицейлерге жаңа қызметтік көліктердің кілті табысталды
Кәсіби мереке күнінде елорда әкімі Алтай Көлгінов елордалық полиция департаментінің қызметкерлеріне жаңа қызметтік автокөліктердің кілтін табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Маусым, 2021
Елордалық волонтерлер COVID-19-ға қарсы вакцина салдырды
Қалалық волонтерлер штабының еріктілері Abu Dhabi Plaza СОО-дағы вакцинация пунктіне барып, COVID-19-ға қарсы екпе алды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Аймақтар • 23 Маусым, 2021
Елордада халықты вакциналау көрсеткіші 50% төмендеген – ВАК
Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың қатысуымен ҚР аумағында COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның көшпелі отырысы өтті. Онда Нұр-Сұлтан қаласы бойынша эпидемиологиялық жағдай қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 22 Маусым, 2021
«Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы тағайындалды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Шайх-Хасан Саттарқұлұлы Жазықбаев «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Маусым, 2021
Нұр-Сұлтанда қызметкерлер үшін міндетті ПТР-тест талабы енгізіледі
ҚР аумағында коронавирус инфекцияcының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысында Нұр-Сұлтан қаласында карантинді күшейту жөніндегі ұсыныс қолдау тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Маусым, 2021
Нұр-Сұлтанда пациенттердің 56%-ынан үнді штамы анықталды
COVID-19 ауруының күрт өсуін және үнді штаммының ықтималдығын ескере отырып, Нұр-Сұлтанда қосымша тексеруге 54 науқастың сынамасы алынды. Олардың ішінде пациенттердің 56%-ында үнді штаммының ықтималдығы анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 22 Маусым, 2021
Елорда тұрғыны 14 млн теңгенің дизель отынын заңсыз сатқан
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті елорда аумағында дизель отынын заңсыз сату дерегі бойынша қылмыстық істі аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 22 Маусым, 2021
Елордада коронавирус жұқтыру көрсеткіші 40 пайызға артты
Елордада коронавирус жұқтыру көрсеткіші 1 аптада 40 пайызға артып кетті. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Маусым, 2021
Елордаға жарысқа келген спортшылар қонақүйде төбелес шығарған
20 маусымда елорда полиция қызметінің «102» нөміріне Қорғалжын тасжолында орналасқан қонақүйдің нөмірінде белгісіз біреу ер адамға пышақ салып, оқиға орнынан ізін жасырғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық полиция департаментіне cілтеме жасап.
Аймақтар • 21 Маусым, 2021
Алтай Көлгінов елорда тұрғындарына үндеу жасады
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында күніне COVID-2019 инфекциясының 250-300 жағдайы анықталатынын айта келе санитарлық талаптарға жауапкершілікпен қарауға шақырды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.
Оқиға • 21 Маусым, 2021
Қызылордада 8 жасар бала суға батып кетті
Қызылорда облысы Қармақшы ауданында сегіз жасар ұл бала суға батып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 20 Маусым, 2021
«Астана кештері» Х Халықаралық өнер фестивалінің гала-концерті медицина қызметкерлеріне арналды
«MuzVac - үздік музыкалық вакцина!» атауымен өткен «Астана кештері» Х Халықаралық өнер фестивалі үлкен гала-концертпен аяқталды. Бұл ауқымды іс-шара халық денсаулығын қорғап, коронавируспен күресте алдыңғы шептен көрінген медицина қызметкерлеріне шынайы алғыс айту мақсатында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Маусым, 2021
Елордада жастарды әлеуметтендіруге арналған жоба жүзеге асып жатыр
Биыл 2021-2023 жылдарға арналған «Elorda Jastary» бағдарламасы әзірленіп, іске қосылды. Бұл бағдарлама жастарды жан-жақты қолдауға бағытталған. Бағдарлама аясында Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіруге бағытталған «Transformation» жобасы жүзеге асып жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Аймақтар • 18 Маусым, 2021
Елордада судағы қауіпсіздік қалай қамтамасыз етіледі?
Бүгінгі таңда елордада 23 шомылу орны анықталды, алайда олардың тек 3-еуіне ғана рұқсат етілген. Қалғаны рұқсат етілмеген және қауіпті болып есептеледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Оқиға • 18 Маусым, 2021
Қызылордада кісі өлтіріп қашып жүрген қылмыскер ұсталды
Қызылорда облысында сот төрелігінен жасырынып жүрген аса қауіпті қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Маусым, 2021
Елорданың темір жол вокзалы Ashyq жүйесіне қосылды
Нұр-Сұлтан қаласының темір жол вокзалында коронавирустың таралу қаупін азайту үшін Ashyq жобасы енгізілді. Енді ғимаратқа QR-код сканерленгеннен кейін ғана кіруге рұқсат етіледі, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Елорда • 18 Маусым, 2021
Биыл Елордада 7000 үлескер баспаналы болады
Елорда әкімдігі 2021 жылдың соңына дейін 50-ден астам тұрғын үй құрылысын аяқтауды жоспарлап отыр. Бұл тағы 7 мың үлескерге пәтер кілтін тапсыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 18 Маусым, 2021
Ауа райына байланысты елордада ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК деректері бойынша 18 маусымда дауыл, бұршақ күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Маусым, 2021
Студенттер саябағына көше спортына арналған шағын кешен орнатылады
NS street life көше спортына арналған кешен (колизей) елордадағы Мұңайтпасов көшесіндегі Студенттік саябаққа орнатылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Аймақтар • 17 Маусым, 2021
Нұр-Сұлтанда экологияны жақсарту бойынша кешенді шаралар қабылданды
Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі қала экологиясын жақсарту шараларына ерекше назар аударады. Жұмыстар бірнеше бағытта жүргізілуде: газдандыру, ауқымды көгалдандыру, ЖЭО жұмысын жаңғырту, экологиялық таза көлік түрлерін енгізу, құрылыс қалдықтарын қайта өңдеу үшін алаң салу, қоқыстарды сұрыптау және т.б.
Аймақтар • 17 Маусым, 2021
Елордалық 72 кәсіпкер көш бастап тұр
«Ashyq» жобасы жүзеге асырылғалы бері оған елорданың 1200-ден астам кәсіпкері қатысты. Бұл жобаның арқасында карантиндік шектеулер жағдайында бизнес түрлі жеңілдіктермен жұмыс істеп келеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Қазақстан • 17 Маусым, 2021
Елордаға жаңа архив қоймасын салу керек – министр
Елордада 10 млн архив құжатын сақтайтын қойма салу керек. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия отырысында Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Маусым, 2021
Елордада жол апатынан 52 жастағы жүргізуші қайтыс болды
Бүгін шамамен 12 сағат 18 минутта «SHACMAN» маркалы автокөлігінің 34 жастағы жүргізушісі қала жақтан Астрахан тасжолы бойымен Талапкер ауылына қарай келе жатып, жолдың жүру бөлігінде алдын ала тиісті орынға тұрмай, маневр кезінде бір бағытта келе жатқан «Nexia» маркалы автокөлігімен соқтығысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Маусым, 2021
Биыл елорданың 7 елді мекені газға қосылады
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында газдандыруды жүргізу барысы туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Маусым, 2021
Сырдариядан 47 жастағы азаматтың денесі табылды
Қызылорда қаласында 47 жастағы азаматтың денесі екі күннен кейін Сырдария өзенінен табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 16 Маусым, 2021
Екі облыста төтенше жағдай режимі енгізілуі мүмкін
Қызылорда мен Маңғыстау облыстарында төтенше жағдай енгізілуі мүмкін. Мәжіліс депутаттары осындай бастама айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Маусым, 2021
Елордада «Bus Lane» жолағы тағы екі көшеде іске қосылады
Елордада 20 маусымнан бастап Ұлы дала даңғылы бойында Мәңгілік Ел даңғылы – 38 көшесі бөлігіндегі екі бағытта «Bus Lane» жолағы іске қосылады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.