Ұл
Қоғам • 16 Сәуір, 2021
21 хан, 8 сұлтан.Түркістанға тағы кімдер жерленген
Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Түркістанда 21 ханның, 8 сұлтанның, 23 бидің, 59 батырдың сүйектері жерленгенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Сәуір, 2021
Тарихи нысандарды қалпына келтіруде әуесқой көзқарасқа жол берілмейді – министр
Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова тарихи нысандарды қайта құру мен қалпына келтіру барысында әуесқой көзқарасқа жол берілмейтінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Сәуір, 2021
Түркістанға келушілер саны 3,5 млн-ға дейін ұлғаяды – Ақтоты Райымқұлова
2025 жылға қарай Түркістанға келуші туристер ағымы 3,5 млн-ға дейін ұлғаяды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Елбасы кітапханасында өтіп жатқан «Түркістан – Түркі әлемінің рухани астанасы» халықаралық онлайн-конференциясында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Сәуір, 2021
Ақтауда «ИК» тобының кешін ұйымдастырған қонақүй иесіне айыппұл салынды
Rixos Water World Aktau қонақ үйінің иесіне карантин талаптарын сақтамағаны үшін ірі көлемде айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 15 Сәуір, 2021
Президенттің сынынан кейін министрлікте жол сапасы талқыланды
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде министр Бейбіт Атамқұловтың төрағалық етуімен автомобиль жолдары мен елдімекендердегі көшелердің сапасына арналған селекторлық жиын өтті. Оған ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Сайранбек Бармақов, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ұлан Әліпов, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 14 Сәуір, 2021
Айдос Сұлтанғали Азия чемпионы атанды
Қазақстанның қос грек-рим күресі шеберлері Алматыда өтіп жатқан Азия чемпионатын қорытындылады. Бүгін қоржынымызға үш медаль түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 14 Сәуір, 2021
Азия чемпионаты: Айдос Сұлтанғали мен Алмат Кебісбаев финалда
Алматыда өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстанның қос грек-рим күресі шебері бас жүлде үшін таласады. Олар – Айдос Сұлтанғали мен Алмат Кебісбаев.
Руханият • 13 Сәуір, 2021
Ұлт ғұмыры – ұрпақ сабақтастығында
Ұлттың ұлы болмағы ұрпақ сабақтастығының саралығында, алдыңғы толқынның даналығында. «Алдыңғы толқын ағалар, кейінгі толқын інілер» (Абай) дегендей, алдыңғы толқынның құрметі кейінгі толқынға қашанда керек. Оның әдемі үлгілері халқымызда болған.
Спорт • 13 Сәуір, 2021
Сұлтан Әсетұлы мен Әлімхан Сыздықов Азия чемпионатының финалына шықты
Бүгін Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында күрес түрлерінен Азия чемпионаты басталды. Жарысты грек-рим күресі шеберлері бастады.
Экология • 13 Сәуір, 2021
Ұлттық парктерді дамыту үшін 14,5 млрд теңге инвестиция тартылды
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін «Алтын-Емел», «Көлсай көлдері» және «Шарын» ұлттық парктерінің учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалануға беруге арналған конкурстардың нәтижелері туралы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 13 Сәуір, 2021
Жамбыл облысы әкімдігінің цифрландыру басқармасының басшысы тағайындалды
Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Байқазақов Архат Қайратұлы Жамбыл облысы әкімдігінің цифрландыру басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 13 Сәуір, 2021
Елордада азық-түлік бағасы айтарлықтай төмендеген
Нұр-Сұлтан қаласында азық-түлік тауарлары бағасының өсімі өткен жылғы кезеңнен 6,2 пайызға төмендеп кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 10 Сәуір, 2021
«Нұр-Сұлтан – Теміртау» тас жолын су шайып кетті
Қарағанды облысының Нұра ауданында еріген қар суының молдығынан «Нұр-Сұлтан – Қабанбай батыр – Нұра – Теміртау» автожолының 104-ші және 122-ші шақырым аралығын су басты, деп хабарлайды Egemen.kz
Спорт • 09 Сәуір, 2021
Нұрсұлтан Тұрсынов Токиоға барады
Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында грек-рим күресінен өткен Олимпия ойындарының лицензиялық турнирінде Қазақстан құрамасы сәтсіз өнер көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 08 Сәуір, 2021
Қажығұмар: Ол кім, қандай адам?
Қажығұмар Шабданұлының 6 томдық «Қылмыс» романы елімізде басылғаннан кейін ол да біздің әдебиетіміздің бір биігі деп айта бастадық. «Әттең-ай, тағы бір ұмтылсақ, бұл жазушының әлемдік әдебиеттегі орнын да бекітіп алар ма едік» деген өкініш ішімізде жатқанын несіне жасырамыз? «Ақсақалдың қолына су құйғам, шапанын көтеріп жүргем» дейтін Алмас Ахметбекұлымен осы жөнінде біраз ой бөліскен едік. Кездесуімізге жазушының қазір Алматыда тұратын қызы Жайнар Қажығұмарқызы да келді. Мен алдымен қырық жыл өмірі қапаста өткен қаламгердің түр-сипаты мен жүріс-тұрысы қандай болғанын сұрадым.
Қаржы • 08 Сәуір, 2021
Ұлттық банк төрағасының кеңесшісі жаңа жүйе туралы айтты
Ұлттық Банк Төрағасының кеңесшісі Олжас Төлеуов Galymzhan жүйесі, оның ерекшеліктері мен мүмкіндіктері туралы түсіндіріп берді, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 08 Сәуір, 2021
«Қазақстан темір жолына» жаңа басшы келді
«Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ Басқармасының шешімімен Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 07 Сәуір, 2021
1,28 млн теңге: Еліміздегі оқу ақысы ең қымбат мектептер аталды
Нұр-Сұлтан қаласының ең қымбат білім ордаларындағы оқу ақысы қанша екені айтылды. Қазақстандық Forbes жариялаған тізімде 6 ақылы мектеп көрсетілген, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 07 Сәуір, 2021
Асылбек Есенбаев жаңа қызметке тағайындалды
Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Асылбек Есімқанұлы Есенбаев «Рухани жаңғыру» Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ Басқармасының төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 06 Сәуір, 2021
Ақтоты Райымқұлова Мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығына барды
Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова жұмыс барысымен Алматыдағы ЮНЕСКО ұйымы аясындағы ІІ санатты Мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығына барды, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 05 Сәуір, 2021
«Қазақстан барысы» мектеп директоры болып тағайындалды
Бұл туралы Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері, Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев хабарлады, деп жазады Egemen.kz
Әдебиет • 05 Сәуір, 2021
Қасиетті Түркістан өлкесі – талай ғұлама ғалымдар мен ақын-жазушылардың, әулие-әнбиелердің, елді аузына қаратқан өнер адамдарының, әлемде теңдесі жоқ «қара күш иесі» атанған Қажымұқанның мекені болғаны әмбеге аян. Әлем мұсылмандары оны «Екінші Мекке» деп те атайды. Осы Түркістаннан түлеп ұшқан орта буын ақындарымыздың бел ортасында болуға құқы бар, бірақ республикамыздың көп оқырмандары біле бермейтін, тасада қалып қойған таланттың бірі – ақын Сұлтанқұл Сәметов дер едім.
Таным • 05 Сәуір, 2021
Қазақ көркемсөзінің көшелі көшінде талантымен танылған, шығармашылық шеберлігі шыңдалған көрнекті жазушы Кәдірбек Сегізбайұлы сексеннің сеңгіріне шықты. Ол осынау мерейлі жасын жаңа шығармасымен қарсы алып отыр. Шау тартса да шабытына тұсау түспеген жазарманның қазақ елінің кешегі қилы кезең, зұлмат замандағы өмір өткелдерінен сыр сабақтаған «Тағдыр толқыны» романы тақырыбы тосын болмаса да, кестеленуі көркем, түйіні тәлімді туынды. Уақыт бөліп оқып шыққан оқырманның қай-қайсысы да біздің пікірімізді қоштай кетеріне сенімдімін.
ANTIKOR • 05 Сәуір, 2021
Бас мүфти: Жемқорлықтың зияны халыққа тиеді
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жемқорлық мемлекеттің дамуына кедергі болғандықтан, үлкен күнә болып саналатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz
Тағайындау • 05 Сәуір, 2021
Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары тағайындалды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Берік Шолпанқұлов Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 05 Сәуір, 2021
Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары қызметінен босатылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Дина Төлеубекқызы Ғалиева Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 05 Сәуір, 2021
Шәрбану Бейсенова «Мəдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды
Бүгін Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова танымал жазушы, журналист, аудармашы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шәрбану Бейсенованы «Мəдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 05 Сәуір, 2021
ҰБТ-дан кейінгі бейнежазбалар 25 тамызға дейін тексеріледі
Білім және ғылым министрлігіне бағынысты Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов ҰБТ кезінде ережені бұзу фактілері анықталса, талапкердің тест нәтижесі жойылатынын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz
Білім • 05 Сәуір, 2021
Грант ұтып алу үшін талапкерлер ҰБТ-ны екі рет тапсыра алады
Алғаш рет мемлекеттік білім грантын ұтып алуға ниеттенген үміткерлер Ұлттық бірыңғай тестілеуді екі мәрте тапсыра алады. Мәселен, егер талапкер сәуір айында тестілеуден өткен болса, оның ҰБТ-ны екінші рет бірнеше күннен кейін немесе мамыр не маусым айларында тапсыру мүмкіндігі болады. Тестілеуге бір күнде 2 рет қатысуға тыйым салынады. Бұл туралы Орталық коммункиациялар қызметінде өткен брифингте БҒМ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев хабарлады, деп жазады Egemen.kz ОКҚ-ға сілтеме жасап.
Елорда • 02 Сәуір, 2021
Елордадағы «Шапағат» базарында өрт шықты
Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Шапағат» базарында өрт шығып, жедел қызметтің мамандары жалынмен арпалысып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz