ЕС
Сенат • 26 Наурыз, 2024
Мәулен Әшімбаев АҚШ Конгресі сенаторымен кездесті
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев АҚШ Конгресінің сенаторы Стив Дэйнспен кездесті. Тараптар екіжақты парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады. Кездесу барысында Қазақстан-АҚШ қарым-қатынасын дамытуда жоғары деңгейдегі мемлекетаралық тұрақты саяси диалогтың ықпалы зор екені айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 25 Наурыз, 2024
Мәулен Әшімбаев Кипр Республикасының сыртқы істер министрімен кездесті
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Кипр Республикасының Сыртқы істер министрі Константинос Комбоспен кездесті. Сұхбат барысында тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту және серіктестікті кеңейту мәселелерін талқылады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 24 Наурыз, 2024
Қазақ семсершілері Париж Олимпиадасының лицензиясын жеңіп алды
Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы Грузия астанасы Тбилисиде өткен әлем чемпионатының қорытындысы бойынша Олимпиада лицензиясын жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 24 Наурыз, 2024
15 жастағы мектеп оқушысы Крокуста жүзден астам адамды аман алып қалды
Мәскеу маңындағы Красногорск қаласындағы Crocus City Hall ғимаратында болған теракт кезінде 15 жастағы мектеп оқушысы Ислам жүзден астам адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Президент • 23 Наурыз, 2024
Мемлекет басшысы Ресей Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеу облысындағы лаңкестік әрекет салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты қазақстандықтардың атынан Владимир Путинге және бауырлас Ресей халқына қайғырып көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 23 Наурыз, 2024
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 23 Наурыз, 2024
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелерімен жиын өткізеді
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 22 Наурыз, 2024
Мәскеудің іргесіндегі Красногорск қаласында белгісіз біреулер адамдарға оқ жаудырды
Ресейдің астанасы Мәскеу түбіндегі Красногорск қаласында, «Крокус Сити холл» ғимаратында белгісіз біреулер адамдарға оқ жаудырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 22 Наурыз, 2024
Ақтауда үйдің шатырынан ер адамның мәйіті табылды
Ақтаудағы 12-ші шағын ауданда орналасқан 34-ші үйге жапсарлас тұрған ғимарат шатырынан ер адамның мәйіті табылды, деп жазады Egemen.kz.
Мереке • 22 Наурыз, 2024
Наурыз - тарихтан тамыр тартқан мереке
Қыстан қалған қасат қармен қатар көңілдің де тоңы жібіп, адамзат атаулының айрықша күтетін ұлық мейрамы бар, ол – Наурыз. Көктеммен бірге өміріне де шуақ, шапағат кіреді деп сенген халқымыз Наурыз мерекесін «Ұлыстың ұлы күні», «Әз Наурыз» деп айрықша әспеттеген. Сондықтан болса керек, қазақта Наурыз бір күн емес, тұтас ай бойы тойланады. 14 наурыз – Амал, Көрісу күнінен басталған мейірім мейрамы айдың соңына дейін жалғасады. Әр сәтіне мағына сыйдырған көшпелі халықтың көнеден жеткен төл мерекесінің тұтас ұлттың ұстынын айқындаудағы мәні де, маңызы да зор.
Қоғам • 22 Наурыз, 2024
Ішкі істер министрлігі Қазақстан халқына ескерту жасады
Ішкі істер министрлігі өкілдері алаяқтардан сақтану жолдарын ұсынды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 21 Наурыз, 2024
Астанада бір тоннадан астам палау әзірленді
Елорданың орталық саябағында Өзбекстан, Әзербайжан, Тәжікстан және Қырғызстан елдерінің аспаздары бір тоннадан астам палау әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Заң • 20 Наурыз, 2024
Депутат БАҚ-та букмекерлік кеңсені жарнамалауға тыйым салуды ұсынды
Мәжіліс қатарына жақында қосылған депутат Нұрсұлтан Байтілесов партияластарымен бірге лудоманияға қарсы күрес мәселесін тағы көтерді. Депутат 25 жасқа толмаған азаматтарды құмар ойыннан шектеуді ұсынып, Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың атына сауал жолдады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 20 Наурыз, 2024
Қазақстан азаматтары жұбайының рұқсатынсыз банктен несие ала алмайды
Мәжіліс кредит беру кезіндегі тәуекелдерді барынша азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеу және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша депутаттардың бастамасымен әзірленген заңды екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 20 Наурыз, 2024
Еркін күрестен халықаралық турнирде әскер спортшысы чемпион атанды
Армения астанасы Ереванда 23 жасқа дейінгілер арасындағы еркін күрестен халықаралық жарыс аяқталды. Оған Армения, Беларусь, Грузия, Италия, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Франция елдерінен барлығы 200-ден астам балуан қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ресми бөлім • 20 Наурыз, 2024
Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясы қашан өтетіні белгілі болды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты тақырыпта өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті ХХХІІІ сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 19 Наурыз, 2024
Қала мәртебесін ала алатын ауылдар тізімі жарияланды
Ұлттық экономика министрлігі қала мәртебесін ала алатын ауылдарды атады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 19 Наурыз, 2024
Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі тағайындалды
Жалғас Түкешов Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі болып тағайындалды, деп жазады Egemen.kz prosports.kz-ке сілтеме жасап.
Спорт • 19 Наурыз, 2024
Қазақстанның төрт семсершісі Париж жолдамасына таласады
Грузия елінің бас шаһары Тбилисиде шпагамен семсерлесуден әлем кубогі кезеңі өтеді. Ұлттық олимпиадалық комитет мәлім еткендей, аталған кезеңде 60-тан астам елден жиналған спортшылар рейтингтік ұпай мен Олимпиада жолдамасы үшін тартысады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Наурыз, 2024
Мәшһүр-Жүсіптің шөбересі: Наурыз тойы Қазығұрттан басталу керек
Берекелі Наурыздың мерекелі он күнінің бірінде Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының тікелей ұрпағымен тілдесудің сәті түсті. «Ақиқат», «Мәшһүр-Жүсіптің тылсым әлемі» кітаптарының авторы Абай Шарапиев ағамыздан қазақтың әйгілі ғұламасының Наурыз тақырыбында жазғаны туралы сұрап, әңгімелескен едік.
Аймақтар • 19 Наурыз, 2024
Ауылдық округтердің табысы 2,5 есе артады
Бүгін Үкімет отырысында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасын іске асыру жоспары талқыланды. Ұлттық экономика министрі Н.Байбазаров бағдарлама шеңберінде ауылдық округтердің табысын 2,5 есе арттыру ұсынысын ортаға салды, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 18 Наурыз, 2024
Инвестициялық ынтымақтастық перспективалары талқыланды
Премьер-министр Олжас Бектенов Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовпен инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту перспективалары бойынша кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 18 Наурыз, 2024
Президент еліміздің креативті индустрия өкілдерімен кездесті
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің креативті индустрия өкілдерімен кездесті, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 18 Наурыз, 2024
Түркиядағы каратэ турнирі: Қоржынға екі алтын, үш қола түсті
Түркияның Анталья қаласында WKF каратэден ересектер арасындағы Karate1 Premier League - Antalya 2024 турнирі аяқталды. Ведомствоға қарасты Спортты дамыту дирекциясы мәлім еткендей, әлемдік рейтингіде әр салмақ бойынша үздік 32 спортшы ғана бақ сынайтын ауқымды жарысқа 60 елден 400-ге жуық татами шебері жиналған. Қазақстаннан 14 каратэші қатысып, екі алтын, үш қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 18 Наурыз, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді сайлаудағы жеңісімен құттықтады
Мемлекет басшысы Ресей Президентімен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Театр • 18 Наурыз, 2024
«Шаңырақ» күні елордалық театрда өнерлі отбасы балаларының тұсауын кестірді
«Шаңырақ» күнінде елордадағы Музыкалық жас көрермен театрында «Бақытты шаңырақ иелері» атты іс-шара ұйымдастырылды. Жас отбасылардың өнегелі өмірі мен шығармашылығын дәріптеу мақсатындағы мерекелік жиында баланы тұсауын кесу рәсімі өтті. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Сайлау • 18 Наурыз, 2024
Ресейдегі президент сайлауы: экзитполдың алғашқы нәтижелері жарияланды
Ресей Федерациясының президентін сайлауда экзитполдың алғашқы нәтижелері шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Наурыз, 2024
Дархан Қыдырәлі: Кез-келген азамат өзін жайлы һәм қауіпсіз сезінуі тиіс
Парламент Сенатының депутаты Дархан Қыдырәлі Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы туралы Instagram әлеуметтік желісінде пікірін білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 15 Наурыз, 2024
Мемлекет басшысы: Елімізде су тапшылығы пайда болды
Дамыған елдерде жарық пен суға дейін үнемдеп пайдалану жоғары деңгейдегі қоғамдық мәдениетке айналған. Президент Қазақстанда мүлде кереғар жағдай қалыптасқанын айтты. Осы тұста миллиондаған адамның ысырапшылдығы бүкіл елдің байлығын желге ұшыратынын айтқан Мемлекет басшысы елдегі су мәселесін қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 15 Наурыз, 2024
Атасына ескерткіш қоюды, көшеге атын беруді өтінетіндер көбейді - Тоқаев
Атырауда өтіп жатқан Ұлттық құрылтай жиынында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық құндылықтар жүйесін құруды ұсынып, қоғамда белең алған теріс әрекеттерді сынады, деп жазады Egemen.kz.