Соңғы жаңалықтар
Қоғам • 05 Қаңтар, 2026
Министрлік интернеттегі ақауға байланысты пікір білдірді
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі жекелеген пайдаланушылар тарапынан интернеттің ұстамай қалуы бойынша қиындықтардың жүйелі сипатта болмағанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 05 Қаңтар, 2026
Маңғыстауда олимпиада жеңімпаздары мен үздік спортшылар марапатталды
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың қатысуымен ауыл мектептерінің оқушылары арасында өткен республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен спорт саласында жоғары нәтиже көрсеткен спортшыларды марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сауда • 05 Қаңтар, 2026
Желтоқсан айында сәбіз, қант және жұмыртқа бағасы төмендеді
2025 жылдың желтоқсан айында айлық инфляция деңгейі 0,9% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 1,2%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 0,7%-ға, ал ақылы қызметтер 0,6%-ға өсті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 05 Қаңтар, 2026
Атырау облысында жоғалып кеткен отбасы: тың деректер жарияланды
Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында бір отбасының түсініксіз жағдайда жоғалып кеткеніне алты айға жуық уақыт өтті. Қазіргі таңда республика көлемінде іздестіру шаралары жалғасуда, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Қаңтар, 2026
Қонаев тұрғындары мүлік құқы бұзылғанын айтып Мәжіліс депутатына шағымданды
Алматы облысына барған Мәжіліс депутаты, Жалпыұлттық социал демократиялық партия фракциясының мүшесі Асхат Рақымжанов Қонаев қаласының прокуроры Жәнібек Жақаевпен кездесті. Кездесуде «Қапшағай – Алтын Алма» тұтынушылық бақша кооперативінің (ТБК) төңірегінде біраздан бері жалғасып жатқан мүлік дауы, сондай-ақ коммуналдық инфрақұрылым объектілерін басқарудағы заңсыз делінген кейбір әрекеттерге қатысты мәселелер талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 05 Қаңтар, 2026
Еліміздің екі өңірінде жол жабылды
Бүгін сағат 17:00-де 2 облыс аумағындағы республикалық маңызы бар автожолдарда жүк және қоғамдық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді. Жол бөліктерінің жабылуы ауа райының бұзылуына байланысты болып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Әскер • 05 Қаңтар, 2026
Қазақ сарбазы АҚШ-та өткен «Best Warrior» байқауында рекорд орнатты
Қазақстан әскери қызметшілері Аризонадағы халықаралық Best Warrior байқауында рекорд орнатты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 05 Қаңтар, 2026
Интернет-алаяқтық тыйылмай тұр: «Құпия Санта» ойын ба әлде тұзақ па?
2025 жылы интернет арқылы жасалатын алаяқтық қылмыстар саны бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Қаржылық сауат артып келе жатқанымен, қылмыскерлердің айла-тәсілі күрделеніп, келтірілген шығын көлемі миллиардтаған теңгеге ұласты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 05 Қаңтар, 2026
Шымкентте сотталғандарды азаптаған түзеу мекемесінің үш қызметкері қамауға алынды
Шымкентте түзеу мекемесінің үш қызметкері сотталғандарды азаптау ісі бойынша күдікке ілігіп отыр. Бұл туралы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің баспасөз қызметі хабарлап отыр, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Қаңтар, 2026
Су тасқынының алдын алу: Түркістан облысында өзен арналары тазартылып жатыр
Түркістан облысында көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары атқарылып, жағдай тұрақты бақылауға алынған. Су тасқыны кезеңінде болуы мүмкін төтенше жағдайларға жалпы 1124 жеке құрам, 112 техника, 25 қайық пен 92 мотопомпа дайындалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 05 Қаңтар, 2026
Автокөліктер азаюы қажет: Экологтар алматылықтарға үндеу жасады
Эколог, ECO Network жобасының негізін қалаушы Евгений Мұхамеджанов тіпті ең заманауи автокөліктердің өзі ұсақ дисперсті шаңның көзі болып қала беретінін айтты. «Көлік аз болса, ауа таза болады», деп сарапшы Алматы қаласы тұрғындарын мүмкіндігінше қоғамдық көлікке немесе велосипедке отыруға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 05 Қаңтар, 2026
Бурабайға кіру ақысы қымбаттады
«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің әкімшілігі 2026 жылдан бастап автокөліктер үшін кіру ақысының көтерілгенін хабарлады. Бұл шешім айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) өсуімен байланысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 05 Қаңтар, 2026
1 қаңтардан бастап әлеуметтік төлемдер мен салық жүйесі өзгерді
Жаңа жылдан бастап Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш, ең төменгі зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақылар ұлғаяды. Сонымен қатар қосылған құн салығының мөлшерлемесі өзгеріп, бірқатар салықтық жеңілдік қарастырылды, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 05 Қаңтар, 2026
Елімізде алдағы үш жылда бірнеше өңіраралық әуе рейсі іске қосылады
Үкімет 2026–2028 жылдары бірнеше өңіраралық әуе рейсін іске қосу үшін қосымша қаражат бөлуі мүмкін. Бұл туралы үкімет басшысы Олжас Бектенов сенат депутаттарының сауалына берген жауабында мәлімдеген, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 05 Қаңтар, 2026
Геннадий Шиповских: Елімізді ірі көлік хабына айналдыру – стратегиялық мақсат
Сенат депутаты Геннадий Шиповских Мемлекет басшысының «Turkistan» газетіне берген сұхбатына қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 05 Қаңтар, 2026
Қазақстанда темекі өнімдері қымбаттады
Елімізде темекінің ең төменгі бағалары өсіп отыр. Бұл туралы Қаржы министрінің бұйрығында айтылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 05 Қаңтар, 2026
Индира Рыстина: Озық ойлы ел боламыз десек, әр іске жауапкершілікпен қарауымыз керек
Саясаттанушы, ЕҰУ-дың сапаны қамтамасыз ету және ішкі бақылау жөніндегі проректоры – басқарма мүшесі Индира Рыстинаның айтуынша, Президенттің жыл басындағы сұхбаты ел дамуының жаңа кезеңіндегі басты талапты айқын көрсетті. Мемлекет институционалдық негізді қалыптастырды, ендігі міндет – сол негізді нақты нәтижеге айналдыру, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 05 Қаңтар, 2026
Теңге нығайды, валюта нарығы жанданды: Ұлттық банк 2025 жылдың қорытындысын жариялады
Қазақстан Ұлттық банкі 2025 жылдың желтоқсан айы мен жыл қорытындысы бойынша валюта нарығындағы ахуалды жариялады. Өткен жылы теңге долларға шаққанда нығайып, қор биржасындағы сауда көлемі рекордтық көрсеткішке жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 05 Қаңтар, 2026
Қызылордада Binance биржасы арқылы 603 млн теңге заңсыз айналымға түскен
Қызылорда облысында цифрлық активтердің заңсыз айналымын ұйымдастыру және есірткі сатудан түскен табысты заңдастыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz Қаржы мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
Қоғам • 05 Қаңтар, 2026
Ел тұрғындары енді көлік нөмірін өздері таңдай алады
5 қаңтардан бастап ел азаматтары көлік нөмірін өз қалауынша таңдай алады. Бұл норма 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енгенмен, аталған қызмет бүгіннен бастап қолжетімді болып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 05 Қаңтар, 2026
Ашылмай келген ақиқат: Пулеметті денесімен жауып, өзін құрбан еткен қай Боран Нысанбаев?
Адамзат тарихында бұрын-соңды болмаған алапат ІІ дүниежүзілік соғыстағы Ұлы Жеңіске биыл 80 жыл толды. Осыған орай жұртшылық назарына Кеңес Одағының батыры Боран Нысанбаев туралы жаңа архивтік деректерді ұсынып отырмыз.
Аймақтар • 05 Қаңтар, 2026
Алматы облысында NEET санатындағы жастар саны азайған
Алматы облысында 2025 жылы жастарды қолдауға бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылып, нақты нәтижелерге қол жеткізілді. Жыл қорытындысы бойынша өңірде жастарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті дамыту, білім беру, волонтерлікті қолдау және инфрақұрылымды жетілдіру бағыттарында ауқымды жұмыстар атқарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 05 Қаңтар, 2026
Қазақстан халқының саны 20,4 миллионнан асты
2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 20 478 879 адамды құрады, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сілтеме жасап.
Бокс • 05 Қаңтар, 2026
Ел боксшылары Азия чемпионатына дайындықты бастады
Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Түркістан облысында 2026 жылдың алғашқы оқу-жаттығу жиынына кірісті. Бұл туралы бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлап отыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 05 Қаңтар, 2026
Атырау облысында 2 көлік өртенді: 60 жастағы жолаушы қаза тапты
Жол-көлік оқиғасы 4 қаңтарда сағат 19:15-те республикалық маңызы бар Атырау-Орал автожолында, «Qazaq Oil» жанармай құю бекетінің маңында тіркелген, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 05 Қаңтар, 2026
Жамбыл мен Алматы облыстарының шекарасында жер сілкінді
Қазақстан ұлттық деректер орталығының мәліметінше, бүгін сағат 10:15 шамасында Отар ауылынан солтүстікке қарай 30 км жерде жер асты дүмпуі тіркелді, деп жазады Egemen.kz.
Банк • 05 Қаңтар, 2026
«Halyk Bank» пен «Отбасы банк» қосымшалары неге ашылмай тұр?
Ел тұрғындары «Halyk Bank» пен «Отбасы банк» сервистеріне кіре алмай, қиындыққа тап болды. Екі қаржы институтында да техникалық ақаулар тіркеліп, мобильді қосымшалар мен бөлімшелердегі қызметтер уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 05 Қаңтар, 2026
2026 жылы Астанада қандай өзгерістер болады?
Құрылыс қарқыны бәсеңдемейтін бас шаһарда 2026 жыл стратегиялық маңызы бар нысандардың ел игілігіне берілуімен және қалалық ортаның сапалық тұрғыдан жаңа деңгейге көтерілуімен ерекшеленбек. Ұзақ жылдарға созылған жобалардың түйіні тарқатылып, Астананың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыратын тың бастамалар іске қосылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 05 Қаңтар, 2026
ІІМ жүргізушілерге қойылатын «жаңа талаптар» туралы қауесетті жоққа шығарды
Қазақстанның Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілер мен WhatsApp мессенджерінде тарап жатқан аудиожазбаға қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 05 Қаңтар, 2026
20 қаңтардан бастап Ресейден келетін балаларға Қазақстанға кіру үшін төлқұжат қажет
2026 жылдың 20 қаңтарынан бастап Ресей Федерациясынан Қазақстанға келетін балаларға қойылатын талап өзгерді. Енді туу туралы куәлік шекарадан өту үшін жарамды құжат болып саналмайды, деп хабарлайды Egemen.kz.