е
Аймақтар • 25 Қараша, 2025
Ақтауда жаңа теңіз порты салынады
Мемлекет басшысының көлік инфрақұрылымын дамыту және транзиттік әлеуетті нығайту жөніндегі тапсырмалары шеңберінде Маңғыстау облысында жаңа теңіз портын салу жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында өңір әкімі Нұрдәулет Қилыбай баяндады, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 25 Қараша, 2025
Елімізде бес ірі трансшекаралық хаб іске қосылады
Бүгінгі Үкімет отырысындағы күн тәртібінде трансшекаралық хабтарды дамыту мәселелері мен Қазақстан Республикасында қалдықтардың барлық түрлерін басқарудың 2026-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы қаралады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 25 Қараша, 2025
Тұман, көктайғақ: 25 қарашаға күн райы болжамы жарияланды
Қазгидромет 25 қарашада ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Балалар • 24 Қараша, 2025
Алматыда балаларға арналған ғылым музейі салынып жатыр
Singapore Science Centre Global халықаралық франшизасы аясында Kingsmen Exhibits компаниясымен бірлесіп қолға алынған музей білім беру орталығы ретінде дамып, заманауи ғылыми жетістіктер платформасына айналмақ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 24 Қараша, 2025
Қостанай қаласында 37 мектеп қашықтан оқуға көшті
Қостанай қаласында оқушылар 25 қарашадан бастап осы аптаның аяғына дейін қашықтан оқиды. Білім ордаларында ЖРВИ мен тұмаудың өршіп кетуіне байланысты осындай шешім қабылданып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 24 Қараша, 2025
Алматы облысында мәдениеті дәріптеген бес күндік форум өтті
Қараша айының 17-сі мен 21-і күндері аралығында Ұйғыр ауданының 90 жылдық мерейтойына арналған бес күндік ауқымды форумдар сериясы өтті. Іс-шаралар мәдениет, білім, спорт, кәсіпкерлік және қоғамдық даму салаларын қамтыды, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 24 Қараша, 2025
Тоқыма шеберлері Алматыда бас қосты
Алматыдағы Ұлттық орталық музейде пэчворк пен квилтингтің дәстүрлі сәндік-қолданбалы өнеріне арналған тоғызыншы «Шығыс базары» пэчворк-фестивалінің ресми ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 24 Қараша, 2025
Жетісудағы эпидмаусым: жағдай тұрақты, алдын алу шаралары күшейтілді
Жетісу облысында биылғы эпидемиологиялық маусым тұрақты бақылауда өтіп жатыр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, маусым басталғалы жедел респираторлық вирустық инфекцияның (ЖРВИ) 45 674 жағдайы тіркелген. Оның 30 912-сі — 14 жасқа дейінгі балалар, деп жазады Egemen.kz.
Бизнес • 24 Қараша, 2025
Бизнесті қорғауға ерекше басымдық беріледі
Қызылорда облысында жыл басынан бері прокуратураның қадағалау актілерімен 3 187 кәсіпкердің құқығы қорғалып, олардың пайдасына 1,9 млрд теңгеден астам қаражат өндірілген. Тәртіптік жауаптылыққа тартылған 45 адамның 15-і – облыстық және аудандық деңгейдегі басшылар, деп жазады Egemen.kz.
Әскер • 24 Қараша, 2025
Қарағандыда үздік сарбаздарға білім гранттары табысталды
6505 әскери бөлімінде 2–2024 мерзімді қызметкерлерін марапаттауға арналған салтанатты іс-шара өттідеп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Президент • 24 Қараша, 2025
Президент зияткерлік меншік мәселелері бойынша заңға қол қойды
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.
Мәдениет • 24 Қараша, 2025
Silk Way Star: Қазақстан Еуразияның жаңа медиабрендін қалыптастырып келеді
Президент телерадиокешені Қытайдың CMG медиакорпорациясымен бірлесіп жасаған халықаралық вокалдық байқау Silk Way Star бүгінде еліміздің ең танымал экспортталатын медиаөнімдерінің біріне айналып келеді, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 24 Қараша, 2025
Қоймаға 40 млн тонна мал азығы жиналды
Елімізде мал азығын дайындау науқаны аяқталды. Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, өңірлер 25 млн тонна шөп (жоспардың 103,1%), 1,9 млн тонна сенаж (113,3%), 5,4 млн тонна құрамажем (98,4%), 2,1 млн тонна силос (107,3%), 4,9 млн тонна сабан (106,6%) жинаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Қараша, 2025
Астанада мектеп оқушысы «Ақылды шлагбаум» ойлап тапты
Жобаны жасап шыққан – бас шаһардың №111 жалпы орта мектебінің 5-сынып оқушысы Әлихан Төлебай, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 24 Қараша, 2025
Президент ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысу үшін Бішкекке барады
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 24 Қараша, 2025
«Таланттар фабрикасы» саналатын Жамбыл облысында футбол академиясының құрылысы басталды
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев жаңа футбол академиясының іргетасына капсула салу рәсіміне қатысып, бұл жобаның өңір спорты үшін маңызын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 24 Қараша, 2025
Ақтөбе жолдарында жыл басынан бері 41 адам қаза тапты: Өңірдің бас полицейі не дейді?
Қазақстандағы ең жүктемесі жоғары және стратегиялық маңызы бар көлік артерияларының бірі –Самара-Шымкент автомобиль жолы. Жыл басынан бері осы жолда 101 жол-көлікоқиғасы орын алып, 41 адам қаза болды, 200-ден астам адам жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 24 Қараша, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан президентін әуежайдан қарсы алды
Мемлекет басшысы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовті әуежайдан күтіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құрылыс • 24 Қараша, 2025
Coca-Cola Қазақстандағы төртінші зауытын Ақтөбеде салатын болды
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Coca-Cola Içecek Kazakhstan компаниясының бас директоры Вели Динчель бастаған өкілдерін қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Қараша, 2025
Қазақстанда 5 000-ға жуық дәрі-дәрмектің бағасы арзандатылды
Денсаулық сақтау саласында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу тиімділігін арттыру және оларға баға белгілеуді жақсарту үшін шаралар кешені қабылданды. Бұл жұмыс Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасы бойынша жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Университет • 24 Қараша, 2025
Әйгілі Стэнфорд университетіне оқуға түсу – әлемнің түкпір-түкпіріндегі миллиондаған жастың асқақ арманы. Бірақ сол арманына жетіп қана қоймай, ғылыми жұмыстарына елеулі көлемде қаржылай қолдау алу – үлкен жетістік. Шымкент тумасы Әсел Ибадулла осындай биік белесті бағындырып, жастарға жаңа өріс ашты. Ол – аты аңызға айналған Стэнфорд университетінің докторантурасына қабылданған тұңғыш қазақ қызы.
Қоғам • 24 Қараша, 2025
Жекешелендіру басталады: 473 нысан сатылымға шығарылды
Ұлттық жекешелендіру Кеңсесінің 10-шы отырысы өтті. Отырыста Кеңсе жұмысының қорытындылары шығарылып, 2026 жылға арналған қызмет жоспары талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 24 Қараша, 2025
Президент тапсырмасы: Үкімет азаматтық авиацияны халықаралық стандарттарға сай дамытуды көздеп отыр
Олжас Бектенов Президент тапсырмалары аясында көлік саласын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 24 Қараша, 2025
Президент Еуропа Одағының Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілін қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа Одағының Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілі Эдуардс Стипрайсты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 24 Қараша, 2025
Павлодар облысында «Богатырь Көмір» кенішінде жұмысшы қаза тапты
Павлодар облысындағы «Богатырь Көмір» кенішінде қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Қараша, 2025
Төтенше жағдайлар саласындағы алғашқы волонтерлік гранттың жеңімпазы белгілі болды
Волонтерлікті дамытуға арналған шағын гранттар байқауын Мәдениет және ақпарат министрлігі және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы ұйымдастырды. Бұл жоба азаматтық қорғаныс жүйесінде алғаш рет жүзеге асырылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 24 Қараша, 2025
Балаларын терезеден лақтырып жіберген әйел қылмыстық жауапкершіліктен құтылды
Биыл 30 шілдеде павлодарлық әйел Нұрмағамбетов көшесінің бойындағы көпқабатты үйдің подъезіндегі терезеден екі баласын лақтырып, артынша өзі де секіріп кеткен болатын, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 24 Қараша, 2025
Головкин өзін құттықтаған Тоқаевқа алғыс айтты
World Boxing халықаралық федерациясының президенті болып сайланған Геннадий Головкин мемлекет басшысына алғыс айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 24 Қараша, 2025
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
Ақордада алты елдің төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметне сілтеме жасап.
Қоғам • 24 Қараша, 2025
Шығыс Қазақстан облысында көлік қозғалысына шектеу қойылады
Шектеулер – ауа райының бұзылуына байланысты болып отыр. Бүгін сағат 13:30-да ШҚО-да 2 автожолда жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады, деп жазады Egemen.kz.