П
Спорт • 12 Қаңтар, 2024
Қазақстан гандболшылары араға 29 жыл салып Азия чемпионатына енді
Ақпан айының 11-25 күндері аралығында Бахрейн елінің Манама қаласында қол добынан (гандбол) ерлер арасында өтетін XXI Азия чемпионатында Қазақстан D тобында Бахрейн, БАӘ, Гонконгпен күш сынасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Қаңтар, 2024
Миллион доллар бопсалаушы ұсталды
Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері етті мал шаруашылығын жүргізуші ЖШС құрылтайшыларынан миллион АҚШ долларын бопсалаған тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Спорт • 11 Қаңтар, 2024
Астанада күрес түрлерінен ел чемпионаты өтеді
Астана қаласында 1-5 ақпан күндері ересектер арасында грек-рим, әйелдер және еркін күрестен ел біріншілігі ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 11 Қаңтар, 2024
Қорғаныс министрі гарнизондардағы әскери нысандарға инспекция жасады
Қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов Алматы және Қонаев гарнизондарында әскери инфрақұрылым нысандары мен медициналық-әлеуметтік мекемелерде болды, деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тарих • 11 Қаңтар, 2024
«Тарихты жаңылыс білу - қасірет». Дархан Қыдырәлі мектеп оқулығын қайта жазуды ұсынды
Сенатор Дархан Қыдырәлі өзінің Телеграм арнасында тарих тармақтарына тоқталып, осы жылы Жошы ұлысының құрылғанына 800 жыл толатын тұста өткенді дұрыс екшеуге шақырды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 11 Қаңтар, 2024
Париж – 2024: Қаңтар айында өтетін лицензиялық турнирлер
Париж Олимпиадасына осы ай мерзімінде қандай спорт түрлерінен жолдамалар сарапқа салынатыны анықталған. Сол жарыстар Қазақстан спортшыларының қатысуымен өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 11 Қаңтар, 2024
13 учаскеде көлік қозғалысы шектелді
Бүгін қолайсыз ауа-райына байланысты 7 облыс аумағындағы республикалық маңызы бар автожолдардың 13 учаскесінде көліктің барлық түрлері бойынша шектеу енгізілді, 580 бірлік техника және 1012 жолшы жұмылдырылды, деп хабарлайды Egemen.kz «ҚазАвтоЖол» телеграм парақшасына сілтеме жасап.
Президент • 11 Қаңтар, 2024
Қостанай облысының әкімі Президентке есеп берді
Мемлекет басшысы Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловты қабылдады. Президентке Қостанай облысының былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 11 Қаңтар, 2024
Декреттік төлем мен балаға берілетін жәрдемақы көлемі артты
Осы жылдан бастап декреттік төлем мен бала тууға байланысты берілетін бір реттік және 1,5 жасқа дейін төленетін жәрдемақы көлемі артты. Төлемдердің өсуіне айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) артуы негіз болып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 11 Қаңтар, 2024
Қазақстанда ұлттық цифрлық инвестициялық платформа іске қосылады
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен Инвестицияларды тарту жөніндегі кеңестің кезекті отырысында жаңа ақпараттық жүйе таныстырылды. Аталған ұлттық цифрлық инвестициялық платформа биыл іске қосылады, деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 11 Қаңтар, 2024
Жемқорлықтан тәркіленген қаражатқа мектеп салынды
Талдықорған қаласының іргесіндегі Ынтымақ ауылында көптен күткен №30 мектептің есігі ашылды. Бұл білім ордасының жартысы жемқорлықтан тәркіленген қаражатқа салынған. 1200 балаға шақталған шаңырақ барлық талапқа сай, тіпті оқушының жеке шығармашылығымен айналысуына болады. Сан түрлі үйірме, спорттық секциялар маңайдағы ауыл балаларының қуанышын еселеді.
Руханият • 11 Қаңтар, 2024
Баланың тұсауын кімдерге кестірмеген дұрыс?
Тұсаукесер − бала қаз тұрып, тәй-тәй қадам басқанда жасалатын ғұрып. Халқымыздың ежелден тұрмыста жіті ұстанып келе жатқан көне салты. Бұл үрдіс жаңа ғасырда да үзілмей жалғасын тауып келеді. Тұсаукесер рәсімінің түпкі мақсаты баланың өмір жолы ашық болсын, тағдырдың бұралаң жолында сүрінбесін деген ниеттен туған. Сондықтан бабаларымыз байырғы уақытта баланың тұсауын көлденең көк аттыға кестірмеген. Тіпті, белгілі бір адамдар тұсау кеспеу керек деп түйген.
Спорт • 11 Қаңтар, 2024
Азия чемпионатына қатысатын ауыр атлеттер анықталды
Ауыр атлетикадан Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамы анықталды. Бұл туралы @sportqazaq баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 11 Қаңтар, 2024
9 қаңтардан бері хабарсыз кеткен бала іздестіріліп жатыр
Ақтөбе облысының полиция департаменті 2011 жылы туған Назенов Әділ Қайратұлын іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 11 Қаңтар, 2024
Полиция машинасын соққан. Жүргізуші бопсалаушылардан ерекше амалмен құтылды
Қостанай облысында жүргізуші өзін бопсалаушылардан құтқару үшін полиция машинасын әдейі қағып кеткен. Өңірдегі полиция департаменті оқиғаның мән-жайын баяндап берді, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 10 Қаңтар, 2024
Атырау облысы прокурорының бірінші орынбасары тағайындалды
Бас Прокурордың бұйрығымен Бахытжан Сәдібеков Атырау облысы прокурорының бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Қаңтар, 2024
«Астана - Шымкент» пойызы жарты жолда бұзылып қалды
«Жолаушыларды тасымалдау» қызметі «Астана - Шымкент» бағытындағы пойыз бұзылып қалғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 10 Қаңтар, 2024
254 адамға қатысты негізсіз қылмыстық қудалау тоқтатылды
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті елдегі қылмыс пен тергеуге қатысты статистикалық деректерді жариялады, деп жазады Egemen.kz
Әлем • 10 Қаңтар, 2024
Жантүршігерлік жол апатынан 25 адам бақилық болды
Жексенбіде сағат 22:30-да туристік автобус пен жүк көлігі соқтығысуынан 25 адам жантәсілім етіп, 5 адам жарақат алған. Нақты айтқанда, автобустағы 22 адам және жүк көлігіндегі 3 адам тілге келмей бақилық болған. Бұл туралы Tengritravel.kz хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 10 Қаңтар, 2024
Жолдамаға кімдер таласатыны белгілі болды
12-22 қаңтар аралығында стенд атудан Азия чемпионаты өтеді. Кувейт мемлекеті ұйымдастыратын құрлық чемпионатында Париж жазғы Олимпиадасының жолдамасы бөліске түседі.
Оқиға • 10 Қаңтар, 2024
Павлодар облысы әкімінің орынбасары жол апатына ұшырады
Әлеуметтік желіде Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Батырғожиновтың Майқайыңнан Павлодарға бара жатқан жолда апатқа ұшырағаны туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 10 Қаңтар, 2024
Ауылда оқитын әлем чемпионы арманын айтты
Толғанай Қасымхан – бокстан әлем чемпионы. Ол өткен жылдың желтоқсан айында Арменияның Ереван қаласында жасөспірімдер арасында өткен әлем чемпионатында алтын медаль олжалады. 26 салмақ дәрежесінде (13 салмақ ерлер, 13 салмақта қыздар) ұйымдастырылған әлем чемпионатынан боксшыларымыз 4 алтын, 6 қола медаль иеленді. Міне, осы айтулы додаға 60 кг салмақ дәрежесінде қатысып, әлемнің тегеурінді боксшыларын айқын ұтқан шынашақтай қыз ауылда оқиды. Ауылда тұратын әлем чемпионымен телефон арқылы тілдестік.
Президент • 10 Қаңтар, 2024
Президент Ермағанбет Бөлекпаевқа бірқатар тапсырма берді
Мемлекет басшысы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевты қабылдады. Президентке Қарағанды облысының 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы есеп берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 10 Қаңтар, 2024
Цифрландыру: Су ресурстарының бірыңғай ақпараттық жүйесі жасалады
Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясымен бірлесіп су ресурстарының бірыңғай ақпараттық жүйесін әзірлеу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Қаңтар, 2024
Мемлекет басшысы жастарға ерекше сенім артып отыр
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жыл басында «Egemen Qazaqstan» газетіне берген көлемді сұхбатынан ел болашағына қатысты біраз нәрсені пайымдауға болады. Негізінен сұхбатта мемлекеттің әсіресе жастарды заман талабына сай жаңа дағдылар мен мамандықтарды игеруге шақыруы уақыт талабын дәл баса отырып айтылған ой деп айтуға болады. Ол осы сұхбатында жастарға деген ерекше сенім артып отырғанын байқатты.
Аймақтар • 10 Қаңтар, 2024
Алматы облысында полицейлерге арналған тәлімгерлік кеңес құрылды
Алматы облысы Полиция департаменті бастығының төрағалығымен тәлімгерлер кеңесін құру бойынша жиын өткізілді. Жиынға полиция бастығының орынбасарлары, сондай-ақ ведомствоның дербес басқармалары мен аумақтық бөлімшелерінің басшылары және ардагерлер қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 10 Қаңтар, 2024
Саналы ұрпақ жарқын болашақтың көрінісі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында қазірге дейінгі атқарылып келе жатқан және болашақта атқарылатын елдегі өзекті мәселелерге тоқталды.
Оқиға • 10 Қаңтар, 2024
Батыс Қазақстан облысындағы жол апаты бес адамның өмірін қиды
Батыс Қазақстан облысында жол апатынан бес адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz «Мой город» басылымына сілтеме жасап.
Спорт • 09 Қаңтар, 2024
Олимпиада бойтұмары спортшыларға серпін бермек – министр
Канвондодағы Жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиада ойындары қарсаңында штаб кеңсесінде Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев пен Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжо Тэ-Ик кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 09 Қаңтар, 2024
Президент Қазақстан Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысын тағайындады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы лауазымына тағайындады, деп жазады Egemen.kz.