іс
Парламент • 23 Маусым, 2021
Нұрлыбек Ожаев Мәжіліс депутаты болды
Nur Otan партиясының Саяси кеңес бюросының қаулысымен партиялық тізім бойынша Мәжіліс депутатының мандаты мерзімінен бұрын шығарылған Қанат Мусиннің орны Нұрлыбек Ожаевқа тапсырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 23 Маусым, 2021
Тауда жоғалған туристердің өліміне қатысты болжамдар айтылды
Түркістан облысындағы «Сайрам-Өгем» шатқалында із-түзсіз жоғалып, мәйіттері табылған төрт туристің өліміне қатысты алғашқы болжамдар айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Маусым, 2021
Сот сараптама қызметінде қандай өзгерістер болады?
Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот-сараптама қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Маусым, 2021
Алтай тауында ілбіс фототұзаққа түсіп қалды
Алтай қорығында орнатылған фототұзаққа ілбіс түсіп қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Маусым, 2021
Жетісуда жем-шөп бағасы қымбаттады
Жетісуда шөп шабу науқаны қызып тұр. Шаруалар шалғысын сайлап, іске кіріскелі біраз болған. Биыл өңірде жауын-шашын аз болып, мал азығына қажетті дақылдардың шығымы жылдағыдан төмен болғанымен, жиын-терімнің бастапқы нәтижесі жаман емес сияқты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 22 Маусым, 2021
Қазақстан 700 мың тоннадан астам көкөніс экспорттамақ
ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов экспортқа қатысты жағдайды айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Маусым, 2021
Түркістаннан Ташкентке жаңа халықаралық әуе рейсі ашылды
Аптаның басында Түркістан қаласындағы халықаралық әуежайдан Түркістан-Ташкент бағытында отандық әуе компаниясының ұшағы көкке көтерілді. Тұрақты рейстер әр аптаның дүйсенбі және бейсенбі күндеріне белгіленген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 22 Маусым, 2021
Түркі елдерінің жастары Түркістанда бас қосты
Түркістанда «Түркістан - Түркі әлемінің бесігі» атты түркі елдер жастары мен белсенділерінің Халықаралық саммитінің пленарлық отырысы өтті. Еліміздің Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұйымдастырған басқосуда «Түркістан – Түркі әлемінің рухани астанасы» идеясын ілгерілету мен мәдени туризм, бірлескен жастар лагерлерін ұйымдастыру мен жастар ұйымдарының ынтымақтастығы және т. б. бағыттар бойынша ынтымақтастық мәселелері тақыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 22 Маусым, 2021
Түркістан облысында тауда жоғалған жетінші туристің денесі табылды
Түркістан облысының Төлеби ауданына қарасты «Сайрам-Өгем» шатқалында тағы бір адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 22 Маусым, 2021
Сыртқы істер министрінің Әзербайжанға ресми сапары қалай өтті
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Баку қаласына ресми сапармен барып келді. Оның Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевпен және Премьер-Министр Али Асадовпен кездесулері, сондай-ақ Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамовпен келіссөздері өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 22 Маусым, 2021
Тісін емдеткеннен кейін комаға түскен бүлдіршін көз жұмды
2019 жылдың желтоқсан айының соңғы күндерінде елордадағы стамотологиялық клиникаларының бірінде тісін емдеткеннен кейін ес-түссіз қалған бүлдіршін көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 21 Маусым, 2021
Үндістанда коронавирустың жаңа штамы тіркелді
Үндістанның Махараштра штатында коронавирустың «дельта плюс» деген жаңа штамы тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 19 Маусым, 2021
Жоғары білім берудің бірыңғай Орталық Азия кеңістігі құрылады
Орталық Азия елдерінде жоғары білім берудің бірыңғай Орталық Азия кеңістігі құрылады. Мұндай шешім Түркістандағы Орталық Азия елдері білім министрлерінің қатысуымен өткен бүгінгі форумның қорытындысы бойынша қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 17 Маусым, 2021
Үндістанда «жасыл зең» ауруының алғашқы жағдайы тіркелді
Үндістанда «жасыл зең» ауруының алғашқы жағдайы анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Маусым, 2021
«Ертіс» футбол клубы жабыла ма?
Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Павлодар облысының әкімі «Ертіс» футбол клубына қатысты сауалға жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Маусым, 2021
Ashyq: «Turkistan» әуежайында оқшаулау режимін бұзған азамат анықталды
Статусы «қызыл» түсті көрсеткен Түркістан қаласының тұрғыны рейске жіберілген жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 17 Маусым, 2021
Өкпе қатерлі ісігін емдеу жеңілдей түсті
Өкпе қатерлі ісігі – әлемдегі ең көп таралған онкологиялық аурулардың бірі. Бұл ерлерде кездесетін онкологиялық аурулар ішіндегі өлімнің жетекші себебі және әйелдерде сүт безінің қатерлі ісігінен кейінгі екінші себеп болып табылады. Global Cancer Observatory мәліметтеріне сәйкес, 2020 жылы Қазақстанда 4 642 жаңа өкпе қатерлі ісігі жағдайы және осы аурудан 3 556 өлім тіркелген, бұл барлық қатерлі ісік түрлерінің 13%-ын құраған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 17 Маусым, 2021
ERTIS футбол клубының директоры сотталды
Павлодарда ERTIS футбол клубының директоры сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 17 Маусым, 2021
Индонезияның шығысында қуатты жер сілкінісі болды
Индонезияның шығысында 5,8 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 17 Маусым, 2021
EURO-2020: Уэльс Түркияны 2:0 есебімен жеңді
Уэльс құрамасымен кездескен Түркия екінші ойында да жеңіліп қалды. Бұл жолы Шенол Гүнештің шәкірттері Бэйл бастаған жігіттерден айласын асыра алған жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Маусым, 2021
«ҚазАвтоЖол» Алматы облыстық филиалының директоры қайтыс болды
Осыдан бір ай бұрын «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Алматы облыстық филиалының директоры болып тағайындалған Жаңабай Қобыландин 62 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 16 Маусым, 2021
Түркістандық алаяқ 147 тұрғынның атынан несие рәсімдеген
Түркістан облысының тұрғыны 147 адамға онлайн-несие рәсімдеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 16 Маусым, 2021
Қанат Мусиннің мәжілістегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды
Парламент Сенатының 2021 жылғы 10 маусымдағы қаулысының негізінде Мәжіліс депутаты Қанат Мусин Жоғары сот судьясы қызметіне сайланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 16 Маусым, 2021
Арман Қожахметов Мәжіліс комитетінің төрағасы болып сайланды
Бүгін жалпы отырыста Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин «Қазақстан Республикасы Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы» Заңына сәйкес Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасына депутат Арман Қожахметовтің кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 16 Маусым, 2021
Түркістан облысында каналдан 6 жасар баланың денесі табылды
Түркістан облысында каналдан 6 жасар баланың мәйіті табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 15 Маусым, 2021
Мәулен Әшімбаев Түркияның Қазақстандағы елшісін қабылдады
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Түркияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уфук Екиджиді қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Маусым, 2021
Түркістан облысында 480 шақырымнан астам жол жаңартылуда
Биыл Түркістан облысында жалпы ұзындығы 485,7 шақырым болатын 39 автожол жобасы жүзеге асырылмақ, деп хабарлайды Egemen.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 14 Маусым, 2021
Алматыдан 465 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ мемлекеттік мекемесі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 14 Маусым, 2021
Мемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы заң жобасы талқыланады
Палата Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалық етуімен Бюро отырысы болып, онда депутаттар Сенаттың 2021 жылғы 17 маусымға жоспарланған отырысының күн тәртібін бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 13 Маусым, 2021
Қытайдың СІМ басшысы ҚР Президентінің биологиялық қауіпсіздік бойынша бастамасын қолдады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттік құру туралы бастамасына Қарусыздану жөніндегі конференция аясында Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрі Ван И қолдау білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz министрлікке сілтеме жасап.