ЕС
Экономика • 08 Желтоқсан, 2023
«АрселорМиттал Теміртауды» Қазақстан инвесторы басқарады
Үкімет пен ArcelorMittal корпорациясы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ны Қазақстанға беру туралы мәмілеге келді. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев АрселорМиттал Теміртаудың жаңа инвесторы туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 08 Желтоқсан, 2023
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ Қазақстанға қайтарылды
Үкімет пен ArcelorMittal корпорациясы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ны Қазақстанға беру туралы мәмілеге келді. Мұны Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 08 Желтоқсан, 2023
Су нысандарының жекеменшікте болуы алаңдатарлық мәселе – депутат
2040 жылы елімізде су тапшылығы 15 миллиард текше метрді құрайды. Бұл шамамен Арал теңізіне парапар су. Яғни, таза ауыз су ретінде пайдаланылатын судың көлемі кемі 50 пайызға азаяды. Бұл – әрбір екінші отандасымыз ауыз сусыз қалады деген сөз. Ал, ауыз сусыз адам үш күн ғана өмір сүретіні мәлім, сондықтан өте қауіпті. Демек, дабыл қағар уақыт жетті. Осылай деген бірмандатты округ бойынша сайланған Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек су ресурстарын басқару мәселелері бойынша Премьер-министрге депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 08 Желтоқсан, 2023
Өңдеу өнеркәсібіндегі жаңа жобалар 3 жылға салықтан босатылады
Премьер-министр Әлихан Смайылов орталық мемлекеттік органдар басшылары және дипломатиялық корпус пен жеке бизнес өкілдерінің қатысуымен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің кезекті отырысын өткізді. Кеңесте негізінен салық саясаты саласында жүргізіліп жатқан реформалар, инвестициялық ынтымақтастық, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді субсидиялау және т. б. мәселелерге назар аударылды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 07 Желтоқсан, 2023
Аида Балаева елшімен кездесуде маңызды мәселені талқылады
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Алексей Бородавкинмен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 07 Желтоқсан, 2023
Астанада есірткіге қарсы акция өтті
Елорданың Сарыарқа ауданында қала тұрғындары арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді. Акция барысында адамдарға есірткі заттарын қолданудың зиянды әсері туралы ескертетін ақпараттық буклеттер таратылды, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Спорт • 07 Желтоқсан, 2023
Дзюдодан Азия чемпионы Әйгерім Әбілқадырова «Бірінші бол» YouTube арнасына сұхбат беріп, өзінің спорт саласында өзін «сатып алғысы келгендердің» де бар екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 07 Желтоқсан, 2023
Ресейде оқушы қыз мектепте оқ жаудырып, сыныптасын атып өлтірді
Бүгін Ресейдің Брянск қаласындағы №5 гимназияның оқушысы мектепте оқ жаудырып, сыныптасын атып өлтірді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 07 Желтоқсан, 2023
Президент Еуропа Одағының Қазақстандағы елшісін қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа Одағының Қазақстандағы елшісі Кестутис Янкаускасты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қылмыс • 07 Желтоқсан, 2023
Кәсіпкерлерді бопсалаған деструктивті діни ағым өкілдері ұсталды
Атырауда жеке кәсіпкерлерден ақша бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Бұл туралы police.aturau инстаграм арнасынан мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 06 Желтоқсан, 2023
Ақтөбеге жаңа газ құбыры тартылады
Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында Президентке өңір басшысы Асхат Шахаров өңірдің экономикалық әлеуеті мен перспективті инвестициялық жобалары туралы баяндады, деп жазады Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Қоғам • 06 Желтоқсан, 2023
Сирек кездесетін металды ұқсата алмай отырмыз – депутат
Мәжілістің жалпы отырысында депутат Мархабат Жайымбетов Премьер-министр Әлихан Смайыловқа депутаттық сауал жолдап, сирек кездесетін металдарды өндірудегі олқылықтарды айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 06 Желтоқсан, 2023
«Jastar Jalyny-2023» фестиваліне екі мыңнан астам студент қатысып жатыр
Елордадағы 15 ЖОО-ның студенттері Астананың Жастар саясаты мәселелері басқармасы ұйымдастырған «Jastar Jalyny-2023» жастар фестиваліне қатысады, деп жазады Egemen.kz.
Әдебиет • 05 Желтоқсан, 2023
Ауыр дерттен айыққан қазақ қызының кітабы 7 тілге аударылды
Қаламды серік еткен қауым қайсыбір шығармаларының шығу тегі – тағдыры екенін жиі айтып жүреді. Асылында да, шығарманың шығуына – автордың тағдыры мен түйгені түрткі болып жатады. Бүгін біз 10 жасында төтеннен тәніне дерт жабысса да, рухы сынбаған жас жазушымен сыр-сұхбат ұсынбақпыз. 10 жыл бойы нәзік әлемін «алпауыт ауруға» жеңдірмеген Жамилия Бахтиярқызы сын шақтағы жан сырын «Бәйшешек» туындысына арқау етеді. Автор 20 жасында екі кітап жазып шығады. Екіншісі, «Қарлығаш. Махаббат ескерткіші» деп аталады. Оның шығармалары талай жанның қайта аяқтан тұруына сеп болған «мотивация майданының сарбаздары». Жамилия Бахтиярқызының туындылары әлемнің 7 тіліне аударылған.
Спорт • 05 Желтоқсан, 2023
Велошабандоздардың жақсы нәтиже көрсетуге мүмкіндігі бар – министр
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев велоспорт федерациясының басшылығымен кездесіп, биылғы есебін тыңдады. Федерация өкілдері спортшылардың нәтижелері туралы айтып, төртжылдықтың басты додасына дайындық жоспарларына тоқталды, деп жазады Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Денсаулық • 04 Желтоқсан, 2023
Елордада 200-ге жуық бала қызылшадан ем алып жатыр
Елордада қызылша ауруы дендеп барады. №3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының инфекциялық стационарында 200-ге жуық бала қызылшадан ем алып жатқанын, оның басым бөлігі – уақтылы екпе алмағандар екенін елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 04 Желтоқсан, 2023
Газа секторында қаза тапқандар саны 15,5 мыңнан асты
Израиль әскерінің қоршауында қалған Газа секторына жасаған шабуылдан қаза тапқандар саны 15 523-ке жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 03 Желтоқсан, 2023
Бұрқасын, тұман. Қазақстанның 15 өңірінде күн райы бұзылады
«Қазгидромет» РМК ертең, 4 желтоқсан күні елдің 15 өңірінде күн райы бұзылатынын ескертті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Желтоқсан, 2023
«Бұл қандай дәстүр?». Бесікті ат қылып мінген әйелдің әрекетіне жұртшылық дауласып қалды (видео)
Той үстіндегі бұл әрекет Ақтаудағы бесік тойлардың бірінде болған. Бесіктің үстіне мініп, аттай қамшылаған ақтаулық апаны жұртшылық сынап тастады. Пікір алаңында оның бұл әрекетін жақтаушы да, даттаушы да табылады, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 03 Желтоқсан, 2023
Таңертең тұрғанда істеуге болмайтын 4 әрекет
Таңды қалай қарсы алсаң, күн солай өтеді деген сенім қалыптасқан. Сондықтан таңертең тұрғанда әр адам істеуге болмайтын әрекеттер бар. Бұл қадамдарды жасамасаңыз күні бойы сергек жүріп, жоспарлы ісіңіздің бәрін тез тындыра алу мүмкіндігі жоғарылайды.
Президент • 02 Желтоқсан, 2023
10 келісім: электр станциясы, кәсіпорын салынады
Президент Қ.Тоқаев Дубайда өтіп жатқан Климат жөніндегі дүниежүзілік саммит (СОР28) аясында Қазақстанның және басқа да елдердің мемлекеттік органдары мен бизнес-құрылымдары арасындағы бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сүйеніп.
Президент • 02 Желтоқсан, 2023
Мемлекет басшысы БАӘ министрімен келіссөз жүргізді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ Инвестициялар министрі Мұхаммед әл-Сувейдимен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Спорт • 02 Желтоқсан, 2023
Аманғали Бекболатов әлем чемпионы атанды
Әзербайжанның Баку қаласында күрес түрлерінен әскерилер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Несие • 01 Желтоқсан, 2023
Қазақстанда кімдерге несие берілмейді?
1 желтоқсанда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов Қазақстанда несие беруге қандай шектеулер енгізгісі келетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 30 Қараша, 2023
Фольклорымызды заманауи форматта көпшілікке жеткізу қажет – сенатор
Сенат депутаты Руслан Рүстемов жастардың бойына руханиятымыз бен салт-дәстүрімізге негізделген құндылықтарды сіңіру мәселесіне қатысты Үкімет басшысына сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 30 Қараша, 2023
Халықтың қарызы азаймай, керісінше өсіп отыр – Сенат Төрағасы
Жыл сайын халықтың қарыз сомасы 30 пайызға артып отыр. Қарыздың негізгі бөлігі тұтынушылық несие. Сондықтан проблемаға әкеліп соқтыруы мүмкін несиелерді беруді шектеу үшін қосымша шешімдер қабылдау қажет. Мұны бүгін Салық кодексіне және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдарды қарау барысында Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы • 30 Қараша, 2023
Хостел мекенжай бойынша заңсыз орналасқан - Алматы әкімдігі
Алматыда хостел аумағында болған өртке қатысты Алматы әкімдігінің ресми телеграм арнасының мәліметі бойынша ғимарат иесі - «КУСА Халык» ЖШС. Жалға алушы – «ALA Hostel» ЖШС, жалдау жөніндегі келісім шарт 21.09.2023 жылы жасалған. Бұл нысан бір жарым ай бұрын хостелге айналды. Хостел алаңы 457 шаршы метрді құрайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 30 Қараша, 2023
Астанада «Хас шебер» фестивалі өтеді
Астана қаласы тұрғындары үшін желтоқсанның 17-19 күндері аралығында «Хас шебер» фестивалі ұйымдастырылады. Елорда әкімдігі бұл туралы ресми сайтында хабарлады.
Ауа райы • 30 Қараша, 2023
Астанада көктайғақ: ТЖД ескерту жасады
Астанада бүгін көктайғақ болатыны күтіліп отыр. Осыған байланысты қалалық ТЖД тұрғындарға ескерту жасады, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жастар • 30 Қараша, 2023
Зерттеу нәтижесі: Биылғы жастар портреті қалай шықты?
Еліміздің әрбір үшінші тұрғыны жастар санатына жатады. Олардың сұранысы мен қажеттілігі жалпы қоғамның жағдайын тікелей көрсете алады. Сондықтан зерттеу жүргізіп, жастардың пікірін талдап отыру аса маңызды.