Абай Құнанбайұлы
Мәдениет • 20 Тамыз, 2024
Душанбеде Абайдың бюсті қойылады
Қазақстанның Тәжікстандағы мәдениет күндері аясында 21 тамызда Әбілқасым Фирдавси атындағы мәдениет және демалыс саябағында қазақтың Ұлы ақыны және ойшылы Абай Құнанбаевтың бюсті орнатылады, деп хабарлайды Egemen.kz «Ховар» агенттігіне сілтеме жасап.
Әлем • 19 Желтоқсан, 2022
Ташкентте Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған көрме ашылды
Өзбекстанның бейнелеу өнері галереясында қазақ жазушысы және ойшылы Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған «Абай. Бауырлас халықтардың мұрасы» атты көрме ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 11 Тамыз, 2022
Елордада Абай Құнанбайұлына арналған кеш өтті
Нұр-Сұлтанда жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің қатысуымен Абай күніне орай поэзия кеші өтті, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Абай • 10 Тамыз, 2022
Бейжіңнің Орталық «Чаоян» саябағындағы «Цзиньтай» музейінде Абай күнін мерекелеу аясында Абай оқулары өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Шілде, 2022
Қостанайда 11 мектепке тарихи тұлғалардың есімі беріледі
Қостанай облысындағы 4 мектепке Абайдың, ал 3 білім ордасына Әлихан Бөкейханның есімі берілмек. Бұл туралы Үкіметтің тиісті қаулысы ашық талқыға шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 28 Қазан, 2021
Шығыс шынарының бір дәніндей қазақ топырағында өсіп-өніп тамырын терең жіберген Абайдың әр сөзіне «ілініп», Шығысын міні еткісі келгендерге ұлы Мұхтар: «Осы жерде санаған ақын ішінде бүгінгі туысқан елдеріміз, кеңестік Шығыс: әзербайжан, тәжік, өзбек ақындарының классик үлгісіндегі қадірлі тобының ғана атын атап отырған жоқ па?» деген жауабы естеріңізде болар. Жазушының уәжі хакімді талағандарға тосқауыл болса да, бүгінгі түркі қауымдастығы үшін бұл бөліс Шығыс шынарларын өздерінің тек-тамырынан алыстатқаны анық.
Абай • 11 Тамыз, 2021
Қазақстандық дипломаттар Мәскеуде Абай күнін атап өтті
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 176 жыл толуына орай, Ресейдегі Қазақстан Елшілігінің дипломаттары Ресей астанасындағы Чистые Пруды бульварында орналасқан ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 10 Тамыз, 2021
Абай күні: Ел газеті «Даналық дариясы» жинағын жарыққа шығарды
«Egemen Qazaqstan» газетінде жарық көрген абайтанушы-ғалымдардың ғылыми-танымдық мақалалары мен мемлекет және қоғам қайраткерлерінің пайым-пікірлері арнайы жинақ болып жарыққа шықты, деп жазады Egemen.kz.
Абай • 24 Мамыр, 2021
Харьков қаласында Абайға ескерткіш орнатылады
Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дархан Кәлетаев Харьков қалалық кеңесінің хатшысы Игорь Тереховпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 15 Қазан, 2020
Әуезов театрының 95-маусымы "Абайдың жұмбағымен" ашылды
Бүгін, 15 қазанда Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры "Абайдың жұмбағы" атты жаңа премьерасымен 95-маусымының шымылдығын ашты, деп хабарлайды Egemen.kz
Әлем • 02 Қазан, 2020
Ташкентте "Abai Uii" мәдени-іскерлік үйінің салтанатты ашылуы өтті
Ташкентте "Abai Uii" мәдени-іскерлік үйінің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақпарат және даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Руханият • 24 Қыркүйек, 2020
Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын мерекелеу аясында Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің бастамасымен қазақ халқының ұлы ақыны һәм ойшылы Абай Құнанбайұлының құрметіне саябақ пен ескерткіш тақтаның ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz
Руханият • 17 Қыркүйек, 2020
Есте жоқ ықылым замандардан, адам баласы қоғам боп қалыптаса бастағаннан бері абыздар мен пайғамбарлар, ойшылдар мен патшалар мәңгілік өмір мен бақыттың, ізгілік пен қайырымдылықтың, құтты қоныс пен өрелі өлкенің кілтін іздей бастаған. Мәңгілік өмір сүруге ынтық Гильгамеш (Білге кісі), ажалдан қашқан Қорқыт, тіршілік суын тапқан Қызыр, мәңгі ел мұратын ұсынған Тоныкөк, Өтүкенді жер-жаһанның ортасы деп білген Білге қаған, қайырымды қоғамды аңсаған әл-Фараби, ізгілік іздеген Жүсіп Баласағұн, Желмаясымен Жерұйыққа жетпек болған Асан қайғы, әділетті сүйген Абай – күміс қоңыраулы керуендей ғасырларды көктей өткен халқымыздың асыл арман-аңсарының бір көрінісі ғана. Жер үстіндегі жұмақты іздеп, ой азабын арқалаған осы абыздардың қайырымды қоғам, бақытты ел туралы толғамдарының бір түйіні әділет деген ұғымға келіп тіреледі екен. Бүгінгі мақаламызда соның бір парасына тоқталмақпыз.
Руханият • 11 Қыркүйек, 2020
Хакім Абайдың 175 жылдығына орай жалпыхалықтық диктант жазылды
Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 8-11 қыркүйек аралығында хакім Абайдың 175 жылдығына орай алғаш рет еліміздің барлық өңірінде "Ұлы Абай – халық жүрегінде" атты тақырыпта жалпыхалықтық диктант жазу шарасы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz
Руханият • 07 Қыркүйек, 2020
Қостанайда 1939 жылы шыққан Абай өлеңдерінің жинағы табылды
Қостанайдағы Ішкі істер министрлігіне қарасты Шырақбек Қабылбаев атындағы академияның қызметкері Мырзабек Тұйғанов таяуда ғана атасынан қалған кітаптар қорын ақтарып отырып, Абай Құнанбайұлының 1939 жылы Сәбит Мұқановтың алғы сөзімен латын қарпінде шыққан кітабын тауып алды, деп хабарлайды Egemen.kz
Аударма • 31 Тамыз, 2020
Берлиндегі көше 20 жылдан бері Абай Құнанбайұлының есімімен аталады
Берлиндегі көше 20 жылдан бері Абай Құнанбайұлының есімімен аталады, деп хабарлайды Egemen.kz
Руханият • 30 Тамыз, 2020
Абайдың оқыған алғашқы мектебі қайда?
Жидебайдың іргесіндегі Найзатаста ескі там бар көрінеді. Жай там емес, Абай, Тәкежан, Құдайберген, Оспан, Ысқақтар білім алған мектептің орны, деп жазады Egemen.kz
Руханият • 27 Шілде, 2020
Құндылықтарынан айырылған қоғамның құбыласынан жаңылған жұртқа айналатыны белгілі. Қырық құбылған мына заманда қаймана қазақ та асыл қазынасын – рухани құндылықтарын жоғалтып жатқандай көрінеді. Сертке сенген, сөзге тоқтаған халық едік, сенімге селкеу түсті. Кез келген жайтқа күдікпен қарап, күмән келтіреміз. Сөздің астарына үңілмей, ақиқатына жүгінбей, айтары жоқ болса да, айқайы бардың айтағына ереміз. «Коронавирус жоқ, пандемия өтірік, бәрі қазаққа чип салу үшін жасалып жатыр екен» деген дақпыртқа да сендік. Ұлы Абайдың «қазақтың шын сөзге нанбай, құлаққа қоймай, тыңдауға да қолы тимей, пәлелі сөзге, өтірікке серттей ұйып, бар шаруасы судай ақса да, соны әбден естіп ұқпай кетпейтұғыны қалай?» деген сауалы тағы да алдымыздан шықты. Міне, «Абай деген адам болмаған екен» деген сөзге де ден қойып жатырмыз.
Абай • 23 Шілде, 2020
Абайдың қара сөздері нидерланд тілінде қайта басылды
Абайдың 175 жылдығына орай ғұламаның қара сөздері нидерланд тілінде қайта басылып шықты. Қазақстанның осы елдегі елшілігі мен Алматыдағы әдебиет және өнер институты бірігіп туындының тұсаукесерін онлайн өткізді, - деп хабарлайды Egemen.kz.