Ашаршылық
Президент • 31 Мамыр, 2024
Біз өткен замандағы қасіретті оқиғалардан тағылым алуымыз керек - Президент
Мемлекет басшысы 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында арнайы жазба жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 31 Мамыр, 2024
Бүгін – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні
Осы аталған күнге орай жыл сайынғы үндеулерінің бірінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Бүгін біз ұжымдастыру жылдарында аштыққа ұшырағандарды, сондай-ақ туған жерінен кетуге мәжбүр болғандарды да еске аламыз. Сол жылдардағы орасан зор адам шығыны мен тағдыр тауқыметі әрбір азаматтың жүрегіне жара салды. Тоталитаризмнен зардап шеккен көптеген ұлт өкілдері үшін қазақ жері құтты мекенге айналды. Ата-бабаларымыздан дарыған қайсарлық пен төзімділіктің арқасында қатаң сыннан абыроймен өтіп, біртұтас ұлт ретінде бірігуге мүмкіндік алдық», деп атап өткен еді. Аталған жылдарды еске алып, тарихымызға тәу етіп, бүгінгі арқалаған аманат пен ертеңгі келешектің мән-маңызын ұғыну әрбір отандасымыздың басты міндеті.
Қазақстан • 29 Мамыр, 2024
Ашаршылық азабы: геноцид пе, әлде большевиктік биліктің қателігі ме?
31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Бұл күн 1997 жылы арнайы жарлықпен бекітілген еді.
Тарих • 15 Маусым, 2023
Мағжан Жұмабаев туралы тың мәліметтер шықты
Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойы маусым айының соңында Солтүстік Қазақстан облысында кеңінен аталып өтеді. Жақында облысқа келген сапарында Мемлекет басшысы ақын тойына еліміз ерекше мән беретінін айтты. Осы мерейтойға орай ғылыми-практикалық конференция, ақындар айтысы және т.б. мерекелік шаралар жоспарланып отыр.
Қоғам • 30 Мамыр, 2023
Ашаршылық жылдарының азабы ұмытылмайды
Ашаршылық жылдарындағы азапты оқиғалар тізбесі ежелгі Ақмоланың емлесіне жазылды. Уездің бастан кешкен қасіреті құжаттардан менмұндалайды. Сол саяси қуғын-сүргін кезіндегі деректер Астана қалалық мемлекеттік архивінде айшықталып тұр. Осы ретте мекеме директоры Берік Төребековпен дидарласқан едік.
Қазақстан • 26 Мамыр, 2023
Ашаршылық туралы жинақтың жаңа томдары таныстырылды
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Қарағанды облысына барып, өңірдегі мәслихат депутаттарымен кездесті. Сондай-ақ Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай ұйымдастырылған «Ашаршылық. Голод. 1928-1934» бірегей құжаттар жинағының жаңа томдарын көпшілікке таныстыру рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кино • 11 Мамыр, 2023
Ашаршылық қасіретін баяндайтын фильм көрерменге жол тартады
Отандық режиссер Ардақ Әмірқұлов өткен ғасырдың 30-шы жылдарындағы қиын кезеңді баяндайтын «Жел тоқтаған жер» фильмінің түсірілімін аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 06 Желтоқсан, 2021
Сенатта ашаршылық туралы құжаттардың кезекті жинағы таныстырылды
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың қатысуымен «Ашаршылық. Голод. 1928-1934. Документальная хроника» жинағының IV-Vтомдары көпшілікке таныстырылды, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 25 Қазан, 2021
Ауғанстан халқының жартысынан көбіне ашаршылық қаупі төніп тұр - БҰҰ
Ауғанстан халқының жартысынан көбі, 22,8 миллион адам қарашадан бастап азық-түлік тапшылығына тап болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тарих • 15 Қыркүйек, 2021
Талай шаңырақты күйреткен ақтаңдақ кезеңнің қайғы-қасіретін ішіне бүккен архив құжаттары барынша айналымға қосылса, қаншама ақиқатқа көзіміз жетер еді.
Әлем • 26 Тамыз, 2021
БҰҰ: Ауғанстанда ашаршылық болады
«Талибан» қозғалысы билікке келгеннен кейінгі саяси дағдарыс салдарынан Ауғанстан халқының жартысына жуығына аштық қаупі төніп тұр. Бұл туралы Reuters агенттігіне айтқан БҰҰ азық-түлік бағдарламасының директоры Дэвид Бизли «14 млн адам» деп, нақты цифрды атады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тарих • 13 Шілде, 2021
Ашаршылық жылдары қазіргі Ертіс ауданы Ұйымшыл ауылында жалғыз қалған бір қарт аштан өлгендерді құдыққа жерлеген екен. Оған жергілікті тұрғындар 1998 жылы қоршау мен тас белгі орнатқан. Жыл сайын 31 мамырда осы жерге келіп, аштық құрбандарын еске алып, Құран бағыштайды.
Қоғам • 11 Наурыз, 2021
Аштық себептерін жан-жақты зерттеу қажет
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» бағдарламалық мақаласында тарихымыздың өткен ғасырдағы аштық сынды ақтандақ беттері әлі күнге дейін жан-жақты зерттелмей келе жатқанын, бұл күрделі мәселеге ұстамдылықпен және жауапкершілікпен қарап, зерттеулерді таза ғылыми ұстаныммен жүргізген дұрыс деген пікір білдірді.
Тарих • 19 Ақпан, 2021
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2020 жылы 10 қарашадағы «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» Жарлығы осы бағытта тәуелсіздік жылдары басталған жұмыстарға жаңа серпін берді. Азаттықтың елең-алаңындағы ізашар істер отандық және әлемдік тәжірибе тұрғысынан толықтырылып, қоғамның ділгір сұранысына сай қайта байыпталмақ. Бұл – өркениет үдерісі, адамшылық пен имандылықтың көрінісі.
Руханият • 18 Ақпан, 2021
Біздің алдымызда тұрған ең негізгі міндет – Тәуелсіздікті нығайту. Ол үшін ұлттың тарихи санасын жаңғырту аса маңызды. Бұл туралы Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz
Саясат • 17 Ақпан, 2021
Алапат ашаршылық ақиқаты: Қоғамдық пікір ғылыми көзқарасқа негізделуі тиіс
Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың қатысуымен «Азаттық жолындағы ақтаңдақтар: Ашаршылық зардаптарына шынайы тарихи көзқарас» тақырыбына арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында белгілі отандық және шетелдік ғалымдар қазақ даласындағы ашаршылықтың зардабы, себебі мен салдары туралы кеңінен пікір алысты.