Ота
Қазақстан • 04 Тамыз, 2020
Миссия орындалды: үшінші бітімшерлік рота елге оралды
Бітімгершілік миссияға жіберілген әскери қызметшілерді десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшылығы, әскери бөлім командирлері мен қазақстандық бітімгерлік полкінің жеке құрамы қарсы алды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz Алдыңғы топтар секілді еліміздің үшінші бітімгершілік құрамына да сегіз ай уақыт аралығында Ливандағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеті жүктелді. Олардың миссиясын орындау кезеңінде қабылдаушы елде әскери-саяси, экономикалық жағдайы күрделі болды, әлемде «COVID-19» коронавирустық инфекциясының тез таралуы байқалды, бірақ біздің әскери қызметшілер қойылған тапсырманы орындады. «ҚР Қарулы Күштерінің контингентімен бітімгершілік миссияны орындау еліміздің халықаралық қоғамдастықтағы беделін нығайту жолындағы маңызы зор. Сіздер жауынгерлік даярлықтың жоғары деңгейін көрсетіп, өз міндеттеріңізді адал атқардыңыздар», - деп атап өтті десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысының бірінші орыбасары - штаб бастығы полковник Бауыржан Артықов. Ол «бітімгершілік күштердің жаңа, төртінші контингенті Қазақстан Қарулы Күштері әскери қызметшісі деген атын асқақтататынына» сенім білдірді. Үнді бітімгершілік батальоны құрамындағы қазақстандық әскерилер өздерін жауапты мамандар ретінде көрсете білді. Миссия басшылығы, шетелдік әріптестер мен бақылаушылар олардың кәсіби қызметіне жоғары баға берді және әлемдік қоғамдастықта лайықты беделдері бар екенін растады. Айта кетейік, Қазақстан Республикасының БҰҰ бітімгершілік қызметіне қатысуы еліміздің халықаралық деңгейдегі сыртқы саясат қызметінің маңызды саласы болып табылады. Жарияланған күні 04 тамыз 2020 Қызмет бағыты Бітімгершілік операцияларына қатысу Жаңалықтарға жазылу
Қоғам • 03 Тамыз, 2020
Ауа қымбат, алатұғын дем қымбат...
Болжалсыз келген індетке қарсы күресте әлем жұртшылығы ғана емес, қазақ халқы да барынша күресіп бағуда. Елдегі карантин режімін сақтамай, бейдауа кеселдің құрығына түскендер қаншама. Бүгінде еліміз көршілес Қытай елін басып озып, жалпы ауырғандар саны 92 000 мыңға жуықтады. Елде оттегі концентраторларының жетіспеушілігіне қарамастан, ақ халатты абзал жандар жан-дәрмені қалғанша науқастарға ем-дом жасауда. Осы орайда жұрттан ерен шығып, халқына көмек қолын созып жатқандар легі баршылық.
Аймақтар • 31 Шілде, 2020
Атырау облыстық ауруханасында күрделі оталар жасалады
Аурухана хирургтары оны тамыздың ортасында бастағалы отыр. Бұл туралы аурухананың бас дәрігері Ербол Иманғалиев мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz
Руханият • 22 Шілде, 2020
Ботай мәдениетінің остеологиялық коллекциялары АҚШ-тан елге қайтарылды
Бүгін Мәдениет және спорт министрлігі Сыртқы Істер министрлігінің және Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшілігінің қолдауымен АҚШ-тан келген мәдени құндылықтарымыз Ұлттық музейге қайтарылды, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 21 Шілде, 2020
Nur Otan Қарағанды облысының ауруханаларына көмек көрсетуде
Нұротандықтар медициналық мекемелерге азық-түлікті жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 17 Шілде, 2020
Атырауда 100 дәрігерге денсаулық себеті берілді
Jas Otan жастар қанатының өңірлік филиалы "Дәрігерлерге мың алғыс" акциясын өткізуді қолға алды. Филиал төрағасы Ринат Ғилажевтың мәліметінше, акция кезінде атыраулық 500 дәрігерге денсаулық себетін тапсыру көзделіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz
Елорда • 16 Шілде, 2020
Жасотандықтар медицина қызметкерлеріне "Алғыс пакеттерін" тапсырды
Жасотандықтар медицина қызметкерлеріне "Алғыс пакеттерін" тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан • 15 Шілде, 2020
Нұротандықтар дәрігерлерге жеміс-жидек пен сүт өнімдерін жеткізуде
Nur Otan партиясы пандемия жағдайында дәрігерлер мен науқастарға қолдау көрсетуді жалғастыруда. Өңірлердегі Jas Otan жастар қанатының мүшелері індетпен күресте алдыңғы шепте жүрген ақ халаттыларға ағарған мен жеміс-жидек жеткізуді қолға алды, деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан • 15 Шілде, 2020
Қандастардан келген көмек аурухаларға таратылып жатыр
Түркия мен Еуропадағы қандастардан келген гуманитарлық көмек ауруханаларға таратылып жатыр, деп жазады Egemen.kz "Отандастар" қорына сілтеме жасап.
Аймақтар • 09 Шілде, 2020
Дәрі-дәрмек дағдарысы отандық фармацевтиканы дамыта ма?
Дүниені бір тарының қауызына сыйғызып жіберген жұқпалы індет әлемнің экономикалық дамуы мен өндірістік үдерісін де қайта жоспарлауға мәжбүр еткені анық. Яғни бұдан былайғы кезеңде тұтыну нарығын қамтитын өнеркәсіп саласындағы жаһандану үрдісі үзіліп, ішкі өндірістердің дамуына көңіл бөлудің маңыздылығы күн тәртібіне шығады, деп жазады Egemen.kz
Қазақстан • 07 Шілде, 2020
С.Бармақов жол мәселесіне қатысты бірқатар сұраққа жауап берді
Республикадағы автожолдар сапасының жай-күйі — өзекті мәселелердің бірі. Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен 2015 жылдан бастап елімізде "Нұрлы жол" ауқымды мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бұл туралы Премьер-Министрдің Баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Қазақстан • 04 Шілде, 2020
Елбасы бастамасымен 550 000 отбасына 50 000 теңгеден берілді
Бұл туралы "Nur Otan" партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Instagram желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 04 Шілде, 2020
Қарағанды облысында 47 мың адам 50 мың теңгеден алды
Қарағанды облысы Елбасының бастамасымен құрылған #Bizbirgemiz #NurOtan республикалық қайырымдылық акциясын алғашқылардың бірі болып бастады, – деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 29 Маусым, 2020
5 мыңға жуық қандас азаматтық алуға өтініш берген
Азаматтық алғысы келетін қандастарымызға арналған "Отандастарды ақпараттық қолдау орталығы" құрылып, оған былтырдың өзінде 5 мыңға жуық өтініш түсті. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 29 Маусым, 2020
Б.Байбек партиялардың бәсекелестігі үшін жағдай жасалатынын айтты
Бұл туралы "Nur Otan" партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Facebook желісіндегі парақшасында жазды,- деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 29 Маусым, 2020
“Отандастар қоры” ұйымдастырған олимпиадаға 146 қандас қатысты
Білім және ғылым министрлігінің "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы биылғы жылдың 22-28 маусым аралығында "Отандастар қорының" қолдауымен шет елдердегі қазақ диаспорасы балаларына арналған қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша "Қазақстан - ата жұртым, қасиетім - ана тілім" атты XVII Халықаралық олимпиадасын өткізді, - хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Маусым, 2020
Қайта жөндеуден кейін ботаникалық бақ ашылды
Тоқсан жылдық тарихы бар ботаникалық бақ қайта жөндеуден кейін қала қонақтары мен туристерге есігін айқара ашты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Маусым, 2020
Алматыда жүрегінде ісігі бар пациентке күрделі ота жасалды
Алматыдағы Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ кардиохирургтары жүрекішілік үлкен ісігі бар жүкті пациентке кесарь тілігі жасалғаннан кейін, 15-ші тәулікте жүректің қатерсіз ісігі – сол жақ жүрекше миксомасын алу отасын сәтті жасап шықты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 06 Маусым, 2020
Нотариустың кеңсесіне шабуыл жасалған
2 маусым күні Петропавл қаласындағы Жамбыл көшесі бойындағы нотариустың кеңсесіне қарақшылық шабуыл жасалған. Бұл хабар СҚО полициясын аяғынан тік тұрғызды. Бетперде киген ер адам пышақпен қорқытып, қызметтегі әйелдің алтын бұйымдары мен ақшасын тартып алып, белгісіз бағытқа жоғалған.
Әлем • 05 Наурыз, 2020
Моңғолияның Эрдэнэт қаласында онлайн қазақ сыныбы ашылды
Моңғолияның Эрдэнэт қаласында онлайн қазақ сыныбы жұмысын бастады, деп жазады Egemen.kz
Әлем • 03 Наурыз, 2020
Бішкекте онлайн қазақ сыныбы ашылды
Қырғызстан астанасында қазақ тілін оқытатын онлайн сынып ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz
Әлем • 21 Ақпан, 2020
Түмен облысында екінші онлайн қазақ сыныбы жұмысын бастады
Бүгін Халықаралық ана тілі күні орай Ишим қаласында онлайн қазақ сыныбы ашылды, деп жазады Egemen.kz
Әлем • 20 Ақпан, 2020
Мәскеуде онлайн қазақ сыныбы ашылды
Ресей астанасында қазақ тілін оқытатын онлайн сынып ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz
Әлем • 18 Ақпан, 2020
Қосағашта онлайн қазақ сыныбы ашылды
Қосағашта қазақ тілін үйрететін онлайн сынып ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz
Әлем • 11 Ақпан, 2020
Санкт-Петербургте қазақ тілін онлайн үйрететін сынып ашылды
Санкт-Петербургте онлайн қазақ сыныбы жұмысын бастады деп жазады, Egemen.kz
Әлем • 09 Ақпан, 2020
Иранда қазақ тілін үйрететін онлайн сынып ашылды
Иранның Горган қаласында қазақ тілін онлайн үйрететін сынып жұмысын бастады.
Әлем • 03 Ақпан, 2020
Ыстанбұлда екі бірдей онлайн қазақ сыныбы ашылды
Ыстанбұлда қазақ тілін оқытатын екі бірдей онлайн сынып жұмысын бастады, деп жазады Egemen.kz
Әлем • 29 Желтоқсан, 2019
Түмен облысында қазақ сыныбы ашылды
Түмен облысының Ишим қаласында онлайн қазақ сыныбы ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz