аш
Университет • Бүгін, 12:34
ҚазҰУ-да коммуникация технологиясын дамыту зертханасы ашылды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Қытай Халық Республикасы мемлекеттік кеңесі премьерінің орынбасары Лю Гочжун жұмыс сапарымен келді. Кездесу барысында ұлттық университетте «5G/5.5G коммуникациялық технологиялар» зертханасы ашылды.
Өнер • Кеше
Сенімді серігіме айналды: Димаш Құдайберген Президент сыйға тартқан тазыны көрсетті
Әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген әлеуметтік желідегі парақшасында Мемлекет басшысы сыйға тартқан тазымен түскен суретін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
ANTIKOR • 17 Мамыр, 2024
Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы үйқамаққа алынды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы мен өзге де тұлғаларға қатысты тергеуді аяқтады, іс сотқа жіберілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 16 Мамыр, 2024
Сенатор утиль алымын алып тастау мәселесін көтерді
Ел диқандары пайдаланатын ауыл шаруашылығы техникасының 76 пайызы тозған. Бұл туралы палатаның жалпы отырысында депутаттық сауалын жолдаған сенатор Әли Бектаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 15 Мамыр, 2024
Импорттық ауыл шаруашылығы техникасын субсидиялауда теңдік сақталу қажет - Е.Саурықов
Ерболат Саурықов бастаған «Ауыл» партиясының бір топ депутаты ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу мәселесінде келеңсіздіктер жиі туындайтынын айтып, ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтың атына депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өндіріс • 15 Мамыр, 2024
Елдегі балық зауыттарына қатысты негізсіз қылмыстық істер қозғалған - депутат
Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Қазақстандағы балық шаруашылығы төңірегіндегі мәселелерді қозғап, өткен жылы балық өнімдерін өңдейтін 9 зауытқа негізсіз қылмыстық істер қозғалғанын айтты. Осы орайда AMANAT Фракциясы мүшелері ҚР Бас прокуроры Берік Асылов пен Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Дмитрий Малаховқа депутаттық сауал жолдады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 15 Мамыр, 2024
«Әйелін 10 жыл бойы ұрып келген». Сәкен Мамаштың үстінен іс қозғалды
Қазақстанның БАӘ-дегі елшісінің бұрынғы кеңесшісі Сәкен Мамаштың үстінен «азаптау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Өнер • 15 Мамыр, 2024
Димаш Құдайберген Чехия мен Германияда жеке концертін береді
2024 жылдың күзінде танымал әнші Димаш Құдайберген Чехия мен Германияда жеке концертін береді, деп хабарлайды Egemen.kz dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.
Экология • 14 Мамыр, 2024
Орман шаруашылығы кәсіпорындарын жабдықтауға 68 млрд теңге бөлінеді
Үкімет жалпы қаржыландыру сомасы 68 миллиард теңгеден асатын орман шаруашылығы кәсіпорындарын материалдық-техникалық жарақтандыруды нығайтудың 2023-2027 жылдарға арналған Кешенді жоспарын қабылдады. Бұл туралы Үкімет отырысында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 12 Мамыр, 2024
Қарағандыда екі машина өртеніп кетті
Қарағанды қаласындағы Қазыбек би ауданында екі машина өртенді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 10 Мамыр, 2024
Су тасқыны: Қанша бас мал қырылды, шығын қалай өтеледі?
Елдің су басқан өңірлерінде тасқын кезінде 9 761 бас мал қырылған. Қазір шығынды өтеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдар Сапаров Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте айтты, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 07 Мамыр, 2024
Ағаш отырғызу - атадан қалған мирас
6 мамыр күні Павлодар облысының білім беру ұйымдарының педагогтері, оқушылары және ата-аналары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдау мақсатында «Түлектердің ағаш егу» Республикалық челленджіне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 06 Мамыр, 2024
Алматыда жаңа Ардагерлер аллеясы ашылды
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы мен «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанында Жангелдин атындағы скверде Ардагерлер аллеясының салтанатты ашылуы өтті. Оған екінші дүниежүзілік соғысының және еңбек майданының ардагерлері, зейнеткерлер қатысты. Аллея аға буынға деген ризашылық пен құрмет символына айналды. Іс-шара шеңберінде алаңға 100-ге жуық жапырақты қарағаш көшеті отырғызылды, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы қаласы әкімдігіне сілтеме жасап.
Университет • 06 Мамыр, 2024
Aбай университетінде ашық есік күні өтті
Еліміздегі жетекші педагогикалық жоғары оқу орны – Абай университетінде ашық есік күні өтті. Іс-шараға Алматыдан және еліміздің басқа да өңірлерінен келген талапкерлер мен ата-аналар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Айбын • 06 Мамыр, 2024
Шекарашы сарбаздар ант қабылдады
5 мамыр – ҰҚК Шекара қызметінің сапына алынып, әскери өмірдің әліппесімен танысуды бастаған жас сарбаздар үшін естерінде ерекше сақталып қалатын күн. Өйткені, сол күні Алматы облысы департаментіне қарасты Қарасай ауданы бойынша шекара басқармасының техникалық және кәсіби даярлық бөлімінің 600-дей сарбазы Отанына адал қызмет атқаруға салтанатты түрде ант берді.
Спорт • 03 Мамыр, 2024
Париж Олимпиадасы: Эльжана Таниева жолдамаға ие болды
Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының үздігі Эльжана Таниева Ташкент төрінде өтіп жатқан Азия чемпионатында үздік атанып, Париж олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.
Қылмыс • 02 Мамыр, 2024
«Мүлікке талас»: Ақтөбеде бұрынғы күйеуі әйелін тұншықтырып өлтірген
Қайғылы оқиға Ақтөбе облысының Сарқұл ауылында болды. Бұл туралы қоғам қайраткері Дина Таңсәрі айтып берген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 02 Мамыр, 2024
Димаш Құдайберген 30 жылдық мерейтойы қарсаңында сұхбат берді
Танымал әнші Димаш Құдайберген түрік басылымына шағын сұхбат бергенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Кино • 29 Сәуір, 2024
Алғаш рет Түркі әлемінің кинофестивалі өтті
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдық мерейтойына орай халықаралық «ТҮРКСОЙ» түркі мәдениеті ұйымы мен Технологияларды коммерцияландыру және креативті индустрия орталығының қолдауымен түркі әлемі елдерінің кино және медиа факультеттерінің студенттеріне арналған «Farabi Film Festival» кинофестивалі жұмысын бастады. Іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Әзербайжан, Түрікменстан студенттері, оқытушылар мен киноматографтар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Сәуір, 2024
Қазақстанға жұмыртқа әкелуге уақытша тыйым салынды
24 сәуірден бастап елімізге тауық жұмыртқаларын әкелуге тыйым салынды. Шектеу 6 айға енгізілді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 29 Сәуір, 2024
Алдағы 6 жылда сұранысқа ие болатын 25 мамандық
Еңбек ресурстарын дамыту орталығы 2024-2030 жылдары сұранысқа ие болатын 25 мамандық тізімін жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Сәуір, 2024
Қарағанды облысында мыңнан аса ағаш егілді
Бүгін Майқұдықтағы саябаққа 1 100 ағаш егілді. Бұдан бөлек бұл демалыс орнында алма, шетен, мамыргүл, мойыл, қараған, қарағай, терек, ұсақ жапырақты қарағаш өседі. Аталған аумақты абаттандыруға жергілікті тұрғындар, мемлекеттік қызметкерлер, шағын және орта бизнес өкілдері қатысты.
Өнер • 28 Сәуір, 2024
Димаш Құдайбергеннің ағылшын тілінде жаңа әні жарыққа шықты
Әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген ағылшын тілінде жаңа әнін жарыққа шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Сәуір, 2024
Шығыста 20 мың түп ағаш отырғызылады
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында шығысқазақстандықтар белсенділік танытып, 20 мың көшет отырғызды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 26 Сәуір, 2024
Қазақстанда өтетін «Болашақтың ойындары» 2026 жылға шегерілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі су тасқыны салдарын жою және зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету үшін қаржыны үнемдеу мақсатында елімізде өтетін имидждік және басқа да ірі іс-шараларды өткізбеуді және кейінге шегеруді тапсырды. Соның ішінде осы жылдың күзінде өтуі тиіс болған «Болашақтың ойындары» да бар, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 26 Сәуір, 2024
2024 жылдың басынан бері Балқаш көлінде су деңгейі орта есеппен 15 сантиметрге көтерілді. 1 қаңтарда көлдің орташа су деңгейі 159 см болса, 1 сәуірде бұл көрсеткіш 174 см-ге жетті, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 25 Сәуір, 2024
«Болашақ» стипендиясының талаптары кімдер үшін жеңілдейді?
«Болашақ» стипендиясына ауылдық елді мекендерден инженерлік, техникалық және медициналық мамандықтар бойынша үміткерлерге ағылшын тілін білуге қойылатын талаптар жеңілдейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Сәуір, 2024
Қамшы мен домбыра: беташарда келіннің бетін немен ашқан дұрыс?
Қазақ үшін қыздың ұядан ұзатылып, ұлдың жеке отау құрғаны айрықша қуаныш. Перзент дүниеге келіп, ес біле бастағаннан-ақ ұлтымыз бауыр етін сол үлкен өмірге баулиды, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 24 Сәуір, 2024
«Болашақ» стипендиясына құжат қабылдау мерзімі белгіленді
Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушы 2024 жылғы 19 сәуірдегі «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 24 Сәуір, 2024
Алматы облысында төрт күннен бері қамыс өртеніп жатыр
Алматы облысы Балқаш ауданында қамыс пен құрғақ шөп өртеніп, жалын үлкен аумаққа таралып жатыр. Өрт сөндірушілер тілсіз жаумен төрт күннен бері арпалысып жүр, деп жазады Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.