ем
Әлем • 17 Маусым, 2020
АҚШ президенті полицияны реформалау туралы жарлыққа қол қойды
АҚШ президенті Дональд Трамп елдегі полиция жүйесін реформалау туралы жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Маусым, 2020
Маусым айында Нұр-Сұлтан жедел жәрдем станциясына қоңыраулар саны 3,5 есе артты
Елордалық жедел жәрдем директоры мұны азаматтардың карантин талаптарын сақтамауымен байланыстырады, - деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Білім • 17 Маусым, 2020
Коронавирус індеті экономикаға, күнделікті өмірге және білім саласына көптеген өзгерістер әкелді. Қазір технологиялар мектепте қосымша білім беру немесе ойын-сауық ретінде ғана емес, сонымен қатар оқушыларды толықтай оқыту үшін де таптырмас құрал болып табылады. Пандемиядан кейін мектептегі білім беру қаншалықты өзгеретінін қарастырып көрейік.
Коронавирус • 17 Маусым, 2020
Нұр-Сұлтанда 112 жүкті әйел коронавирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова елордада коронавирус жұқтырған әйелдерге арналған жеке перзентхана ашылатынын айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 17 Маусым, 2020
Елордада жедел жәрдемге жүгінушілер саны көбейген
Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова өткен тәулікте елордада жедел жәрдем шақыру саны 3,5 есе артқанын айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 17 Маусым, 2020
Елордада 20-дан астам вирусолог індет жұқтырды
Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова елордада 20-дан астам вирусологтың індет жұқтырғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 17 Маусым, 2020
Чемпиондар лигасының рейтингі жарияланды
Еуропа футбол одағының (УЕФА) ресми сайты 65 жылдық тарихы бар Чемпиондар лигасы турнирінде ең жақсы нәтиже көрсеткен командалардың рейтингін жарияланды, - деп жазады Egemen.kz
Әлем • 17 Маусым, 2020
Бейжіңде коронавирусқа байланысты оқу орындары жабылып жатыр
Бейжіңде коронавирус қайта өршіп, сақтық шаралары күшейтілуде, - деп хабарлады ТАСС агенттігі.
Әлем • 16 Маусым, 2020
Иранда коронавирустан қайтыс болғандар саны 9 мыңға жуықтады
Иранда соңғы үш күнде коронавирустан көз жұмғандар саны артты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Маусым, 2020
TikTok желісінде видео түсірген ауыл әкімі жазаланды
Қарағанды облысы Жайрем кентінің әкімі Аманқазы Наукенов TikTok желісінде билеп, видео түсіргені үшін жазаланды, - деп жазады Egemen.kz
Әлем • 16 Маусым, 2020
Бейжіңдегі вирус Уханнан шыққан вирустан қауіпті
Екі айға жуық коронавируске шалдығу оқиғасы тіркелмей, қалыпты өмір кешкен Қытайда індеттің қайта соғуымен Бейжің қаласында әскери тәртіп енгізілді.
Видео • 16 Маусым, 2020
Чемпиондар лигасы қашан басталады?
УЕФА Чемпиондар Лигасы 2019-2020 ойындары 11 наурызда тоқтатылған болатын. COVID-19 эпидемиясы УЕФА-ның көптеген матчтарын кейінге қалдыруға және болдырмауға мәжбүр етті.
Аймақтар • 16 Маусым, 2020
"Дипломмен ауылға" бағдарламасы 500-ге жуық жасқа мүмкіндік береді
Биыл Қостанай облысында ауылға жұмысқа орналасқан жас мамандарға 277,8 мың теңге бір реттік жәрдемақы беріледі. Сонымен қатар жастардың үй салып алуына немесе сатып алуына қолдау көрсетіледі. Бұл мақсатта әрбір жас маманға жылдық сыйақысы 0,01% болатын 4 млн 167 мың теңге көлемінде қаржы беру көзделіп отыр. Бұл мәселе облыс әкімі өткізген селекторлық отырыста жан-жақты талқыланды.
Аймақтар • 16 Маусым, 2020
Павлодар облысы әкімінің орынбасары вирус жұқтырды
Павлодар облысы әкімінің орынбасары Асхат Ораловтан коронавирус анықталып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz
Әлем • 16 Маусым, 2020
COVID-19-ды жеңген Жаңа Зеландияда қайта вирус тіркелді
Жаңа Зеландияға жерлеу рәсіміне келген Ұлыбританияның екі азаматы вирус жұқтырғаны анықталды. Осыдан кейін елде қатаңдату шарасы күшейтіліп, жерлеу рәсіміне қатысуға болмайтынын мәлімдеді. Бұл туралы BBC News агенттігіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Қоғам • 16 Маусым, 2020
6,5 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі адам "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына қатысты
2020 жылғы қаңтар-мамыр айларында 6,5 мың мүгедектігі бар адам Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына қатысушылар құрамына қосылды, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына – 2 мыңға жуық адам, уақытша жұмысқа – 4,5 мың адам орналастырылды, - деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
Коронавирус • 16 Маусым, 2020
Маңғыстау облысында коронавирус жұқтырғандар саны 400-ге жуықтады
Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясының ауру белгілерімен тағы 18 адам тіркелді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 16 Маусым, 2020
"Оскар-2021" премиясы COVID-19 үшін кейінге қалдырылды
2021 жылдың 28 ақпанында өтетін "Оскар-2021" премиясын тапсыру рәсімі 25 сәуірге ауыстырылды. Бұл туралы BBC News агенттігіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Әлем • 16 Маусым, 2020
Әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны 8 млн-нан асты
16 маусымда Johns Hopkins University (JHU) ұсынған мәлімет бойынша вирус жұқтырғандар саны - 8 015 502, өлім саны - 436 319, айыққандар саны - 3 843 843 адам болды, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 15 Маусым, 2020
Қарағанды шахтасында жаңа лава жұмысын бастады
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ Көмір департаментіне қарасты Түсіп Күзембаев атындағы шахтада жаңа лава іске қосылды, - деп хабарлайды Egemen.kz Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Коронавирус • 15 Маусым, 2020
Коронавирустың ағзаға әсері қандай?
Коронавирустың адам ағзасына әсері туралы тоқтамды пікірмен түйінделу оңайға соқпайын деп тұр. Сарапшылар "вирус адам ағзасын қанша күн бойы билеп – төстейді" деген мәселе тренд болып тұр. Әзірге зерттеу нәтижелері тоқтамды пікірге келуге мұрша берер емес. Алғашқы кезде оның әсері толқын-толқын тәрізді болады, құрбандар саны соған қарап анықталады деген болатын. Бұл пікірге Италиядағы, сонан соң АҚШ-тағы өлім-жітімнің көп болуы себеп болған. Соңғы зерттеулерде маусымаралық өзгерістерге байланысты індеттің де әсері өзгеріп отыратыны байқалып қалды. Әлемдік статистика 15 маусымға дейін 8 миллиондай адам дертті жұқтырды деп отыр. Қайтыс болғандардың саны – 433 930. Бұл деректерді Johns Hopkins University жариялап отыр, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Видео • 15 Маусым, 2020
Әлем бойынша COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 7 934 277 адамға жетті
АҚШ-та 2 094 069 адам індет жұқтырған. Бразилияда 867 624 адам осы дертке шалдыққан. Тізімдегі үштікті 536 484 жұқтыру дерегі тіркелген Ресей түйіндеп тұр.
Аймақтар • 15 Маусым, 2020
Шымкенттің темір жол вокзалында санитарлық талап күшейтілген
Шымкенттегі темір жол вокзалында коронавирусқа қарсы тәртіп күшейген. Әлеуметтік арақашықтық, бетперде режімі, вагондар арасында жолаушылардың жүріп-тұруы талапқа сай жүргізілуде, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 15 Маусым, 2020
Сенімхатты рәсімдеуге көмектескен ер адам жесірді алдап кетті
Түркістан облысында полицейлер сақтандыру төлемдерімен алаяқтық жасаған күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.
Коронавирус • 15 Маусым, 2020
Қазақстанда коронавирустан жазылғандар саны 9200-ден асты
Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия елімізде тағы 53 адамның індеттен айыққанын мәлім етті, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Маусым, 2020
Жамбыл облысында коронавирус жұқтырғандар саны артуда
Соңғы уақытта Жамбыл облысында коронавирус індетін жұқтырғандардың саны артуда. Бір аптаға жетпейтін мерзім ішінде қауіпті індетпен ауырудың 29 дерегі тіркелді. Олардың негізінен Тараз қаласынан анықталған. Сонымен қатар Байзақ, Жамбыл, Т.Рысқұлов және өзге де аудандардан коронавируспен ауырған тұрғындар анықталған, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 15 Маусым, 2020
"Балалар жүрекпен үн қатады" атты байқау өз мәресіне жетті
Шайсұлтан Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай әлеуметтік желілерде ұйымдастырған «Балалар жүрекпен үн қатады» атты байқауы өз мәресіне жетті, - деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 15 Маусым, 2020
Көпбалалы аналар жыл басынан бері 93,9 млрд теңгеге жәрдемақы алды
2020 жылғы қаңтар-мамыр аралығында орта есеппен 387,2 мың отбасы 93,9 млрд теңгеге көпбалалы отбасыларға арналған мемлекеттік жәрдемақымен қамтылды, деп хабарлады ЕХӘҚМ баспасөз қызметі.
Әлем • 15 Маусым, 2020
Үндістанда тағы 11,5 мың адам індет жұқтырды
Үндістанда бір тәулікте 11,5 мың адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Видео • 15 Маусым, 2020
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлеуметтік саладағы реформалары
Мемлекет басшысы бір жылдың ішінде көптеген маңызды шешім қабылдады.