е
Экономика • 26 Маусым, 2020
Қазақстанның орнықтылық қоры барлық табысын мемлекетке аударды
Қазақстанның орнықтылық қоры, 26 маусым. "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ (Fitch, "BBB"/"Тұрақты" болжамы, бұдан әрі − ҚОҚ) 27,7 млрд теңге табысты дивидендтер төлеуге бағыттады, деп хабарлайды Egemen.kz
Парламент • 26 Маусым, 2020
Парламент Сенаты БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтайды!
Парламент Сенаты Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері күні қарсаңында журналистерге арналған "Аманат" және "Туған ел" байқауларының қорытындысын жариялады. Оған республикалық және өңірлік телеарналардың, мерзімді басылымдардың тілшілері, блогерлер мен телеграмм-арналардың авторлары қатысқан болатын. Бұл туралы Парламент Сенатының Баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Парламент • 26 Маусым, 2020
Парламент сессиясының жабылуы 30 маусымда өтеді
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің Өкіміне сәйкес, Парламент палаталарының бірлескен отырысы 2020 жылғы 30 маусымда өтеді. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Әлем • 26 Маусым, 2020
Әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны 9,5 млн-нан асты
26 маусымда Johns Hopkins University (JHU) ұсынған мәлімет бойынша вирус жұқтырғандар саны - 9 583 144, өлім саны - 488 824, айыққандар саны - 4 822 012 адам болды, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 26 Маусым, 2020
Ақмолада жол сапасына қатысты кемшіліктер анықталды
Биыл 39,9 млрд теңгеге 700 шақырым жол жөнделеді. Бірақ сапасы қалай болмақ? Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі департаменті "Сапалы жол" жобасы аясында тексерістер ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 26 Маусым, 2020
Петропавлда қызыл пәле қызып тұр
Төтенше жағдайдың алғашқы кезеңінде карантиндік шектеу шаралары Қызылжарда тиімділігін көрсетіп, науқасқа шалдыққандар саны қырықтан төмендеп аяқталған еді. Ал қазір ол өрлеп тұр. Күніне 30 бен 50-дің арасында дертке ұшырағандар шығып жатыр. Оны алғашқы карантиндік шаралар аяқталған кезде шекараның ашылуымен Ресейден келген жерлестеріміз әкелген болса қазір республиканың ішіндегі қозғалыстардың нәтижесінде де көбейіп жатыр. Аурудың таралу ошақтары халық көп жиналатын жерлерден табылуда, деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 26 Маусым, 2020
Елордалық жедел жәрдем жұмысы пандемия кезінде қалай өзгерді?
Қаладағы күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты жедел жәрдем шақырулар саны артты. Нұр-Сұлтандағы жедел жәрдем бригадасының саны 150-ге дейін көбейтілді. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Коронавирус • 26 Маусым, 2020
Коронавирус белгілері жоқ тағы 883 адам тіркелді
26 маусымдағы жағдай бойынша жалпы статистикаға қосылмаған коронавирус індетінің белгілері жоқ 883 тасымалдаушы тіркелді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 26 Маусым, 2020
Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 19 750-ге жетті
Елімізде өткен тәулікте 465 адам коронавирус індетін жұқтырғаны белгілі болды. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайты хабарлады.
Қоғам • 25 Маусым, 2020
Алексей Цой экс-министр Елжан Біртановтың ертерек сауығып кетуін тіледі
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус жұқтырған экс-министр Елжан Біртановтың ертерек сауығып кетуін тіледі, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 25 Маусым, 2020
Бішкекте әл-Фарабидің 1150 жылдығын мерекелеу мәселесі талқыланды
2020 жылғы 24 маусымда Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Елшілігі А.Осмонов атындағы Қырғыз Республикасының Ұлттық кітапханасымен бірлесіп, әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған "Ұлы ойшылдың ғылыми және рухани мұрасы" тақырыбында халықаралық онлайн-конференция ұйымдастырды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 25 Маусым, 2020
Қазақстанда тағы 172 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия елізде тағы 172 адамның індеттен жазылғанын хабарлады.
Қоғам • 25 Маусым, 2020
Елорданың еңбек жасағында 1,2 мың жас жұмыс жасауда
Биыл елордада студенттік құрылыс және "Жасыл ел" еңбек жасағына 1200 жас қабылданды, - деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Қоғам • 25 Маусым, 2020
"Астана – адалдық алаңы" Алматы ауданындағы үйлерді жөндеу сапасын тексерді
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Астана – адалдық алаңы" жобалық кеңсесі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті мен Алматы ауданы әкімдігімен бірлесіп, Сәтбаев көшесі, 8 және Қажымұқан көшесі, 14/1 мекен-жайы бойынша Алматы ауданындағы "Нұрлы жер – 2025" тұрғын-үй коммуналдық дамуының бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында көп пәтерлі тұрғын үйлерге мониторинг жүргізді, - деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Аймақтар • 25 Маусым, 2020
Ақмола облысында маусым басталғалы жиырмадан астам орман өрті болған
Облыста өрт қаупі мол маусым басталғалы жиырмадан астам орман өрті орын алды. Жасыл желектің қаншалықты қымбат қазына екендігін айтып жатудың өзі артық. Ендігі арада осы жайға айрықша назар аудару қажет болып тұр, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Маусым, 2020
Ресей азаматына айыппұл салынды
Қостанай облысы аумағында діни мазмұндағы материал таратқан Ресей азаматына айыппұл салынды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Маусым, 2020
Ертең Бейсен Құранбек атындағы "Жігер" сыйлығының лауреаттары анықталады
Ертең сағат 9.00-де, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның қатысуымен Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай онлайн-марафон өтеді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 25 Маусым, 2020
ҰБТ-2020: Бесінші күннің аралық қорытындылары шықты
25 маусым күні ҰБТ 67 өткізу пунктінде болып өтті. Тестілеуге жалпы саны 11 940 түлек қатысты, оның ішінде қазақ тілінде – 9 568, орыс тілінде – 2 372. Бұл туралы БҒМ баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Елбасы • 25 Маусым, 2020
Елбасының атына бірқатар жеделхат келіп түсті
Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті Халифа Бен Заид Әл Нахаяннан және Біріккен Араб Әмірліктерінің Вице-Президенті, Премьер-Министрі, Дубай әмірлігінің билеушісі Мұхаммед бен Рашид Әл Мактумнан жеделхаттар келіп түсті, - деп хабарлады elbasy.kz.
Үкімет • 25 Маусым, 2020
Асқар Мамин Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды таныстырды
Премьер-Министрі Асқар Мамин Мемлекет басшысының Жарлығымен тағайындалған министр Алексей Цойды Денсаулық сақтау министрлігінің ұжымына таныстырды, - деп жазады Egemen.kz
Оқиға • 25 Маусым, 2020
Біртанов қызметінен кету себебін айтты
Елжан Біртанов жұмыстан кету себебін өзінің Facebook парақшасында бөлісті, деп жазады Egemen.kz
Технология • 25 Маусым, 2020
Жапонияның Ямато қаласында серуендеу кезінде смартфондарды қолдануға тыйым салынды
Ямато қаласы Жапонияның көшелерде серуендеп жүрген кезде смартфон қолдануға тыйым салған алғашқы муниципалитет болды. Бұл туралы Kyodo News агенттігіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Қазақстан • 25 Маусым, 2020
Елжан Біртанов Денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Елжан Біртанов Денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 25 Маусым, 2020
Қызметкерлер өз есебінен ПТР-тесттен өтуге міндетті емес - министр
Қызметкерлердің өз қаражаты есебінен медициналық тексеруден өту Еңбек заңнамасында қарастырылмаған. Бұл туралы министр Біржан Нұрымбетов халыққа есеп беру кездесуінде айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Маусым, 2020
Ақтөбе қаласында демалыс күндері карантин шаралары күшейтіледі
Қалада шектеу шаралары 26 маусым сағат 22.00-ден 29 маусым сағат 00.00-ге дейін және әр демалыс күндері: сенбі және жексенбі, кейін эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанға дейін енгізіледі, - деп жазады Egemen.kz
Парламент • 25 Маусым, 2020
Бес адам бір депутаттық орынға үміткер
Сенаттағы бір депуттаттық орынға бес адам үміткер. Бұл туралы Қазақстан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 25 Маусым, 2020
Батыс Қазақстанда ҰБТ-ның алғашқы нәтижелері белгілі болды
Батыс Қазақстан облысында биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу басталғалы өткен үш күн ішінде 1552 түлек сынақ тапсырды. Ереже бұзып, сынақтан шеттетілгендер де бар, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 25 Маусым, 2020
Мәжіліс Денсаулық сақтау министрінің кандидатурасына келісті
Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті Денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындау үшін Алексей Цойдың кандидатурасын қолдады, деп хабарлайды Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі.
Елбасы • 25 Маусым, 2020
Корея Республикасының президенті Елбасына тілектестік білдірді
Қазақстанның Тұңғыш Президентінің атына Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Иннен жеделхат келіп түсті. Бұл туралы Елбасының баспасөз қызметі хабарлады.
Әлем • 25 Маусым, 2020
Ресейде бір тәулікте 7 мыңнан астам адам індет жұқтырған
Ресейде бір тәулікте коронавирус жұқтырған 7 113 адам анықталған, - деп хабарлайды РИА Новости.