көрме
Мәдениет • 21 Қараша, 2024
Суретші Болат Мұхамедиевтің «Уақыт резонансы» атты жеке көрмесі ашылды
Алматыдағы Мемлекеттік орталық музейде қоғам қайраткері, Қазақстан Өнер академиясының және «MONDIAL ART ACADEMIA» Дүниежүзілік өнер академиясының академигі, көрнекті суретші Болат Мұхамедиевтің «Уақыт резонансы» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 20 Қараша, 2024
Алматыда ХІІ «Ұлы жібек жолымен» халықаралық кітап көрмесі ашылды
«Атакент» іскерлік орталығында ХІІ «Ұлы жібек жолымен» халықаралық кітап көрмесі, ХХІІ «Білім және мансап көрмесі» халықаралық көрмесі ашылды. Еліміздегі кітап ісін дамыту мен білімді насихаттайтын көрмелерде шетелдерден келген өкілдер, сала мамандары, жастар, студенттер осы рухани кеңістікте әртүрлі мәдени шараларға қатысып, пікір алмасып, кітап ісіне қатысты әлемдегі озық жетістіктерді талқылайтын болады.
Президент • 19 Қараша, 2024
Мемлекет басшысы Сербияның қорғаныс өнеркәсібі өнімдерінің көрмесін аралады
Қасым-Жомарт Тоқаев Сербия Президенті Александр Вучичпен бірге Белград маңындағы «Батайница» аэродромына қойылған әскери-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарының көрмесін аралады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 15 Қараша, 2024
Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесін тамашалады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің көрмесін тамашалады. Көрмеде терең өңделген өнімдер, заманауи агротехнологиялар, инвестициялық, соның ішінде шетелдік инвесторлардың қатысуымен жүзеге асырылып жатқан жобалар ұсынылған, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Көрме • 07 Қараша, 2024
Елімізде алғаш рет «Ауыл мектебі» фотокөрмесі өтеді
Бүгін «ÓzgeEpic» креатив хабында ауылдағы білім ошақтарының тыныс-тіршілігіне арналған «Ауыл мектебі» фотокөрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Көрме шалғай ауылда орналасқан бір мектептің өмірі мен өзгерістерін сипаттайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 06 Қараша, 2024
Цифрлық Жібек жолы көрмесі өтіп жатыр
50-ден астам отандық компания өз өнімдерін Шанхайдағы VII Қытай халықаралық импорт көрмесінде ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 05 Қараша, 2024
«Қазақстан: Ұлы Дала жауһарлары»: Францияда отандық көрменің ашылуы өтті
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға мемлекеттік сапары аясында Париждегі Гиме Азия өнерінің ұлттық музейінде «Қазақстан: Ұлы Дала жауһарлары» көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Көрме • 02 Қараша, 2024
Ұлы Дала жауһарлары Франция төрінде ұсынылады
2024 жылғы 6 қарашада Қазақстан мен Франция Мемлекет басшыларының қолдауымен Гиме – Азия өнерінің ұлттық музейінде (Париж) Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі мен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің коллекциясынан «Қазақстан: Ұлы Дала жауһарлары» көрмесі ашылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сұхбат • 01 Қараша, 2024
Мақсатымыз - Қазақстанның рухани жауһарын таныту - Айгүл Бекболатова
Arman-PV баспасының бас редакторы Айгүл Бекболатова Франкфурттағы кітап көрмесі туралы ойларын бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Көрме • 29 Қазан, 2024
Ұлы Дала жауһарлары Франция төрінде көрсетіледі
2024 жылғы 6 қарашада Қазақстан мен Франция Мемлекет басшыларының қолдауымен Париждегі Гиме – Азия өнерінің ұлттық музейінде Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі мен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің коллекциясынан «Қазақстан: Ұлы Дала жауһарлары» көрмесі ашылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Республика күні • 24 Қазан, 2024
Ақтөбеде «Дүние дидарындағы Димаш» көрмесі ашылды
Ұлттық мереке – Республика күніне орай, Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде Халық әртісі Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған көрме ашылды, деп жазады Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы • 19 Қазан, 2024
Алматыда ауған тауарларының көрмесі өтеді
20 қазан күні сағат 15:00-де Алматы қаласындағы «Атакент» көрме орталығында ауған тауарларының көрмесі ашылады, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға • 18 Қазан, 2024
Explore Jana Qazaqstan фотокөрмесі өтеді
Қазанның 18-і күні сағат 17.00-де Астанадағы Mega Silk Way сауда-сауық орталығында Explore Jana Qazaqstan фотокөрмесінің ашылу рәсімі өтті. Бұл көрме Explore Jana Qazaqstan командасының National Geographic Qazaqstan редакциясымен бірлесіп, биылғы мамыр мен қыркүйек аралығында ұйымдастырған 5 экспедициясының нәтижесінде дайындалған. Аталған экспедицияға Honor қолдау көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz
Руханият • 15 Қазан, 2024
Отандық «Jerūiyq» павильоны халықаралық сыншылардың назарын аударды
Қазақстан Республикасының Ұлттық павильоны Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен алғаш рет беделді көрмеде ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тарих • 07 Қазан, 2024
Шетелдің архив қорындағы тарихи жәдігерлерге арналған көрме ашылды
Орталық мемлекеттік музейде Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтымен бірлескен «Шетелдің архив қорларындағы Еуразия тарихы» атты көрме ашылды, деп жазады Egemen.kz.
Көрме • 04 Қазан, 2024
«Отырар ғасырлар тоғысында» атты көшпелі көрме ашылды
Солтүстік Қазақстан тарихи-өлкетану музейінің 100 жылдығы және «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» РМҚК-нің 45 жылдығына орай Қызылжар қаласында «Отырар ғасырлар тоғысында» тақырыбында көшпелі көрме ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 30 Қыркүйек, 2024
Қытайда «Алтын адам және ұлы дала» халықаралық көрмесі ашылды
Бүгін, 30 қыркүйекте Қытайдың Тяньцзинь қаласының музейінде «Алтын адам және Ұлы дала» халықаралық көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараны ҚР Ұлттық музейі Қытайдың Мәдени жәдігерлер орталығымен бірлесіп ұйымдастырды. Көрменің ашылуына Мәдениет және ақпарат министрлігі қолдау көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 17 Қыркүйек, 2024
Алматыда «Суасты мәдени мұрасы» фотокөрмесі ашылды
Алматыдағы ЮНЕСКО Өңірлік кеңсесі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейімен бірлесіп «Суасты мәдени мұрасы» фотокөрмесін ашты,деп хабарлайды Egemen.kz.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 11 Қыркүйек, 2024
Көпті таңдандырған көшпелілер әлемі
Астанада өтіп жатқан аламан V Дүниежүзілік көшпелілер ойындары аясында қалада ашылған этноауылдар келушілерге есігін айқара ашқан. Қазақ мәдениетінің бай мұрасы бір арнаға тоғысқан орында халық қарасы қалың. Өңірлерден бас қалаға арнайы жеткен таланттар ақшаңқаң киіз үйлер атырабын ән-күйге бөлеп, өнерін ортаға салып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 27 Тамыз, 2024
Астанада KazAtomExpo көрмесі ашылды
Бүгін елордада ядролық технологиялар мен атом энергетикасына арналған KazAtomExpo халықаралық көрмесі ашылды, деп жазады Egemen.kz.
Көрме • 15 Шілде, 2024
Алматыда дәстүрді дәріптеген көрме ашылды
Алматыда Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде «Дәстүр-халық рухы. Дала қазынасы» атты көрме ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Көрме • 05 Шілде, 2024
Алматыдағы көрмеге Құранның көне нұсқалары қойылды
Алматыда Мемлекеттік Орталық музейде ашылған «Ислам руханияты» атты көрме туралы «Egemen Qazaqstan» газетінің журналисі Арман Октябрьдің «Құранның көне нұсқалары» мақаласы жарияланды.
Президент • 06 Маусым, 2024
Президент Ұлттық музейдегі өнер туындылары көрмесін тамашалады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы Ұлттық музейге арнайы барып, отандық және әлемдік бейнелеу өнері туындыларының көрмесімен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өнер • 25 Мамыр, 2024
Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовке арналған көрме ашылды
Мемлекеттік әскери-тарихи музейде тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына арналған «Халық жүрегіндегі қаһарман» атты көрме ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Көрме • 07 Мамыр, 2024
Президенттік орталықта бірегей көрме ашылды
3 мамыр күні Президенттік орталықта Отан қорғаушылар күніне, Жеңіс күніне және Р.Қошқарбаев пен С.Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына арналған «Атыс қаруы: тапанша тарихы» көрмесінің ашылуы өтті. Аталған көрмеде Президенттік орталықтың қор жинақтарынан тапаншалар топтамасы көрермен қауымға алғаш рет ұсынылды.
Елорда • 06 Мамыр, 2024
Астанада GPT картиналарының фотокөрмесі өтті
«Таза Қазақстан: Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экологиялық акциясы өтіп жатыр. Бұл апта «Мөлдір бұлақ» деп аталады, оның барысында су айдындары – өзендер мен көлдердің айналасы қоқыстан тазартылады. Экоакция аясында GPT нейрожелілік чатының көмегімен жасалған суреттердің фотокөрмесі өтті. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 05 Сәуір, 2024
Екі ел президенттері өнеркәсіп тауарлары көрмесін тамашалады
Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен бірге өнеркәсіп көрмесін тамашалады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 05 Сәуір, 2024
Президент «HIVA GILAMLARI» кілем тоқу фабрикасына барды
Қасым-Жомарт Тоқаев Хиуа қаласына жұмыс сапары барысында Президент Шавкат Мирзиёевпен бірге Өзбекстан жеңіл өнеркәсібіндегі үлгілі кәсіпорындардың бірі саналатын «HIVA GILAMLARI» кілем тоқу фабрикасын аралап көрді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Көрме • 18 Наурыз, 2024
Жеңіске жетелеген жауынгер рухы
Елордада бүкіл әлемдік тарихи маңызды зор оқиға – Шанаққала жеңісіне 109 жыл толуына орай фотокөрме өтті. Тарихи тағылымы мол іс-шара Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығы мен Қарулы күштердің Мемлекеттік Әскери-тарихи мұражайы бірлесе отырып, Түркияның Қазақстандағы Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Көрмеге Түркияның Бас қолбасшылық мұрағатынан алынған 40-қа жуық тарихи соғысты айшықтайтын фотолар қойылды.
Аймақтар • 17 Наурыз, 2024
Павлодарда жас суретшілердің көрмесі өтті
Павлодарда жас суретшілердің туындылары қойылған «Наурыз бояулары» атты көрме өтті. Іс-шара 16 наурыз - «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» күні мерекесіне орай ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.