министр
Қоғам • 31 Қаңтар, 2024
Кореялық компания Қазақстандағы жылу электр орталықтарын тексереді
Кореяның KEPCO электр энергетикалық корпорациясы Топар, Астана, Павлодар, Алматы жылу электр орталықтарына тексеру жұмыстарын жүргізеді, деп хабарлайды Egemen.kz Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бизнес • 30 Қаңтар, 2024
Елімізде кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа бағдарламасы әзірленді
Кәсіпкерлерді қолдауға арналған «Бизнестің жол картасы» және «Қарапайым заттардың экономикасы» мемлекеттік бағдарламалары біріктіріледі. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қаңтар, 2024
Алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды: Министрлік ескерту жасады
ҚР Әділет министрлігі елде белең алған алаяқтықтың жаңа тәсіліне байланысты Қазақстан азаматтарына ескерту жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қаңтар, 2024
Министрлік басшылары халықпен кездесу өткізуге міндеттеледі
Премьер-министр Әлихан Смайылов «Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулерін өткізу туралы» қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Университет • 26 Қаңтар, 2024
Оксфорд университетінде қазақ тілі оқытылады
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Оксфорд университеті арасында келісімге қол қойылды. Оған сәйкес Оксфорд университетінде енді қазақ тілін оқытуды бастау жоспарланып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызмметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 25 Қаңтар, 2024
Қазақстанның бірнеше қаласында жаңа әуежайлар салынады
Кеше Көлік министрі Марат Қарабаев елдегі шағын авиацияны дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Қаңтар, 2024
Қазақстан Қорғаныс министрі армениялық әріптесімен кездесті
Астанаға Армения Қорғаныс министрі Сурен Папикян бастаған делегация ресми сапармен келді, деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 23 Қаңтар, 2024
Алматы аумағында жойқын жер сілкінісі күтілмейді - министр
Қазіргі уақытта өңірлерде ғимараттар мен құрылыстардың, оның ішінде қорғаныш гидротехникалық объектілердің ықтимал бұзылуына комиссиялық тексеру жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Қаңтар, 2024
Қорғаныс және Оқу-ағарту министрліктері күш біріктірмек
Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов пен ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жұмыс кездесуін өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Балалар • 22 Қаңтар, 2024
Президент: Балалардың құқығын қорғау жүйесін жаңғырту – өзекті мәселе
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Қазақстанның құқық қорғау органдары құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесіне баса мән беруі керек екенін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 20 Қаңтар, 2024
8 гидротехникалық нысан мемлекет меншігіне өтті
Су ресурстары және ирригация министрлігінің қолдауымен былтыр елімізде 8 гидротехникалық нысан мемлекет меншігіне өтті. Нақты атағанда Ақтөбе облысындағы 4 иесіз қалған бөгет, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысындағы 3 тоған және 1 су қоймасы мемлекет меншігіне өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 20 Қаңтар, 2024
Экономиканы жаңғырту мәселелері талқыланды
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Айбын • 19 Қаңтар, 2024
БҰҰ миссияларына қатысатын бітімгерлер қалай іріктеледі?
Бұл туралы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Палаталардың бірлескен отырысында айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 18 Қаңтар, 2024
Ғылым және жоғары білім министрлігімен ынтымақтастық нығая береді - Coursera бас директоры
Дүниежүзілік экономикалық форумда Coursera бас директоры Джефф Маджонкальда Coursera білім беру платформасындағы Қазақстанның жетістіктеріне тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 18 Қаңтар, 2024
Қорғаныс министрлігі футбол федерациясымен ынтымақтастық орнатты
Астанада Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұловпен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қаржы • 18 Қаңтар, 2024
2024 жылға арналған зейнетақының орташа мөлшері белгілі болды
2023 жылы республикалық бюджеттен 2,3 млн адамға 3,3 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге 1 трлн 16,6 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 2 трлн 297,4 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 17 Қаңтар, 2024
Баскетбол спорты кенжелеп тұр – Ермек Маржықпаев
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев баскетбол федерациясының басшылары және жаттықтырушылар штабымен кездесті. Жиын барысында федерация өкілдері баскетболдан ұлттық құрамалардың 2023 жылғы нәтижелерін қорытындылап, алдағы бәсекелерге дайындық жоспары таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Энергетика • 16 Қаңтар, 2024
Қазақстанда 2030 жылға қарай электр қуаты тапшылығы болуы мүмкін
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев сейсенбі күні Үкімет отырысында елдің энергетикалық кешеніне қатысты жағдай туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әдебиет • 15 Қаңтар, 2024
Ақын-жазушылар балалар әдебиетін дамыту тетіктерін талқылады
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева балалар тақырыбында қалам тербейтін ақын-жазушылар, балалар баспасы басылымдарының бас редакторлары, Журналистер және Жазушылар одағы өкілдерінің, сондай-ақ республикалық кітапхана директорларының басын қосып, «Шығармашылық зиялы қауым - Қазақстан балаларына» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Жиын Алматы қаласында өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 15 Қаңтар, 2024
Оқу-ағарту вице-министрі қызметінен босатылды
Үкімет қаулысымен Айбат Болатұлы Ілиясов басқа жұмысқа ауысуына байланысты оқу-ағарту вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 15 Қаңтар, 2024
Қорғаныс министрі 2024 жылға арналған басым міндеттерді айқындады
Қорғаныс ведомствосында Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың басшылығымен 2024 оқу жылында Қарулы күштерді даярлау мен дамытудың негізгі шаралары бойынша кеңейтілген кеңес өтті, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 11 Қаңтар, 2024
Қорғаныс министрі гарнизондардағы әскери нысандарға инспекция жасады
Қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов Алматы және Қонаев гарнизондарында әскери инфрақұрылым нысандары мен медициналық-әлеуметтік мекемелерде болды, деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 11 Қаңтар, 2024
Саясат Нұрбек ҰБТ-ға қатысты мәлімдеме жасады
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) қатысты өзінің Telegram арнасында мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 10 Қаңтар, 2024
Қазақстанда Алатау атты жаңа қала құрылды
Президент тапсырмасын жүзеге асыру шеңберінде Ұлттық экономика министрлігі Алатау қаласын құру жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының («Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы») жоспарын әзірледі. Жоспарға сәйкес, ведомство облыс әкімдігімен бірлесіп экономикалық есептерді, жаңа қаланың схемалық картасын дайындау бойынша жұмыстар жүргізді. Сондай-ақ халықпен жиын өткізіліп, соның негізінде Алматы облысы мен Іле, Талғар аудандары және Қонаев қаласы мәслихаттарының шешімдері қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сүйеніп.
Қоғам • 09 Қаңтар, 2024
46 кеншінің өлімі: Министр жауапты шенділердің атын атады
Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында болған апатқа қатысты үкіметтік комиссияның тергеу қорытындысын жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 09 Қаңтар, 2024
Астана әуежайының ұшу-қону жолағына күрделі жөндеу жүргізіледі
Елорда әуежайының ұшу-қону жолақтарын күрделі жөндеуден өткізу жоспары белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 08 Қаңтар, 2024
Теле-радио арналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өтеді
Мәдениет және ақпарат министрлігі телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-радио арналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс жариялайды. Конкурс Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 494 бұйрығымен бекітілген Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді телерадио арналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес өткізіледі.
Қоғам • 08 Қаңтар, 2024
Қазақстанда кейбір теміржол станцияларының атауы өзгереді
«Ашық НҚА» порталында Көлік министрлігінің бірнеше теміржол стансасы мен разъездің атауларын өзгерту туралы қаулы жобасы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 07 Қаңтар, 2024
Қазақстан әскерилері жаңа дизайндағы формаға ауысады
Қорғаныс министрлігі Ашық НҚА порталында әсерилердің жаңа фасондағы форма үлгілерін таныстырды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 05 Қаңтар, 2024
Былтыр елімізде қанша сәби дүние есігін ашты?
Былтыр босандыру қызметінің мамандары 388 мың босануды сәтті өткізіп, 390 мың сәби дүниеге келді, деп хабарлайды Egemen.kz.