он
Қазақстан • Кеше
«Қарағанды – Жезқазған» автожолын салу: Вашингтонда қаржыландыру туралы келісімге қол қойылды
Вашингтон қаласында Қазақстан делегациясының сапары барысында Дүниежүзілік банк штаб-пәтерінде «Қарағанды – Жезқазған» автожолын салуға қаржыландыру туралы келісімге қол қойылды. Жоба елдің көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған маңызды бастамалардың бірі ретінде қарастырылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • Кеше
Таеквондодан әлем чемпионаты: Қазақ қызы топ жарды
Таеквондодан Қазақстан құрамасының өкілі Айым Серікбаева Өзбекстанның бас шаһары Ташкентте өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • Кеше
Көлік жүргізу кезінде телефон пайдалану: Бейнебақылау камералары қалай жұмыс істейді?
Бүгінде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісінде технологияның тіліне жүгіну үйреншікті құбылысқа айналды. Көше бойындағы сансыз камералар құқықбұзушылықтың әрбін сәтін қалт жібермей тіркеп тұр. Алайда цифрлық жүйенің қырағылығы мен заңның әділдігі тоғысқан тұста жүргізушілерді мазалайтын сауалдар аз емес. Бұл ретте Ішкі істер министрлігі көлік басқару кезінде телефонды пайдалану мен оған салынатын айыппұл төңірегіндегі өзекті мәселелерге ресми түсініктеме берді, деп жазады Egemen.kz.
Волонтер • Кеше
Ирландияда Халықаралық волонтерлер жылы аясында «26 for 26» акциясы басталды
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен БҰҰ 2026 жылды тұрақты даму мақсатында Халықаралық волонтерлер жылы (IVY 2026) деп жариялады. Осыған орай әлемнің әр түкпірінде игі бастамалар жүзеге асырылып келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • Кеше
Антониу Гутерриш: Таяу Шығыстағы қақтығыс әскери жолмен шешілмейді
БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш халықаралық құқықтың әлем бойынша елеулі түрде әлсіреп бара жатқанын мәлімдеп, Таяу Шығыстағы жағдайға алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • Кеше
Астанада тазалықты бақылауға дрондар жұмылдырылады
Астана қалалық полиция департаменті елордада қоғамдық орындар ластануының алдын алу және жолын кесу жұмысы жалғасып жатқанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Табиғат • 14 Сәуір, 2026
Алматы зообағында қонжықтарға ат қою науқаны басталды
Алматы зообағында Тянь-Шань қоңыр аюларының отбасында екі қонжық өмірге келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 14 Сәуір, 2026
Ғылымға серпін: ЕҰУ Жапониямен байланысын нығайтты
2026 жылғы 14 сәуірде Токиода Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің өкілдері жапондық JEOL Ltd. және Interactive Corporation компанияларымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 14 Сәуір, 2026
Парсы шығанағындағы соғыстан мұнай экспорты 44 пайызға құлдыраған
Парсы шығанағындағы саяси ахуалға байланысты бұғазға байланған елдердің мұнай экспорты аз уақытта айтарлықтай қысқарып, әлемдік нарыққа елеулі әсер етіп отыр. Халықаралық сарапшылардың мәліметінше, бір айдың ішінде шығын көлемі 206 миллион баррельді құраған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 14 Сәуір, 2026
3D модель және Smart Petro Hub: Болашақ инженерлер үлкен деректермен жұмыс істеуді үйренеді
Сәтбаев университеті ғылыми-өндірістік инфрақұрылымын кеңейтіп, Ғылым күніне орай ғылымның экономиканың нақты секторымен байланысын арттыруға бағытталған бірқатар жобаларды іске асырған болатын. Бүгін энергетика, металлургия, геология және экология салаларында қолданбалы әзірлемелер жасау үшін жаңа мүмкіндіктер ашады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 14 Сәуір, 2026
І тоқсандағы экономикалық өсімді өңдеу, құрылыс, көлік және сауда салалары қамтамасыз етті
2026 жылдың қаңтар-наурыз айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттің орындалуы Үкімет отырысында қаралды. Жиынға Олжас Бектенов төрағалық етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 14 Сәуір, 2026
Қазақстан экономикасы 3%-ға өсті
Жылдың алғашқы тоқсанында Қазақстан экономикасы тұрақты өсім көрсетіп, негізгі драйверлер ретінде құрылыс, көлік және өңдеу өнеркәсібі алға шықты. Ұлттық экономика министрлігінің деректеріне сәйкес, қаңтар − наурыз айларында ІЖӨ-нің нақты өсімі 3% болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 14 Сәуір, 2026
Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
«Қазгидромет» 14 сәуірде ел аумағында қолайсыз ауа райы болатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 13 Сәуір, 2026
Таеквондошылар әлем чемпионатында қос қола жүлде жеңіп алды
Ташкент қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы таеквондо бойынша әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы екі қола медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 13 Сәуір, 2026
Қазақстан чемпионатының бесінші туры қандай нәтиже көрсетті?
Футболдан Қазақстан чемпионатының бесінші турында үш команда көш бастап тұр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 13 Сәуір, 2026
Рае Квон Чунг: Қазақстан климаттық сын-қатерлерді жаңа мүмкіндіктерге ұштастырып отыр
«Сәтбаев оқулары» Satbayev International Conference 2026 дәстүрлі халықаралық конференцияның ашылу салтанатына Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квон Чунг қатысып, Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ тұрақты даму бағытындағы жүйелі еңбегіне пікірін білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Волонтер • 13 Сәуір, 2026
Allur «Еңбек Жастары» волонтерлік қозғалысын іске қосты
Отандық Allur автокөлік компаниясында жас қызметкерлердің бастамалары нақты қолдау тауып, жүзеге асып келеді. Жастарды бизнес және әлеуметтік жобаларға тартуға бағытталған Allur Zhastary бағдарламасы аясында волонтерлік қозғалыс құру ұсынылды. Компания басшылығы бұл бастаманы қолдап, нәтижесінде жұмысшы жастарды қоғам дамуына нақты үлес қосуға біріктіретін «Еңбек Жастары» қозғалысы пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 13 Сәуір, 2026
Шымкентте заңсыз миграциямен айналысқан топ ұсталды
Шымкентте заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырып келген қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды. Күдіктілер ақшалай сыйлықақы үшін мигранттарды тыйым салынған әрекеттер негізінде заңдастырған, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 10 Сәуір, 2026
Теңге нығайып, доллар әлсіреді: Нарыққа әсері қандай?
Соңғы апталарда доллардың орташа бағамы 460 теңгеге дейін арзандады. Бұған дейін мұндай төмен көрсеткіш 2024 жылғы маусымда тіркелген еді. Өз кезегінде төл валютамыз нығайып, инфляцияның да беті қайта бастады. Бұл өзгерістерге не әсер етіп отыр және бұл үрдіс қашанға дейін жалғасуы мүмкін? Сараптап көрдік.
Медицина • 10 Сәуір, 2026
Қан донорларына төленетін өтемақы мөлшері көбейе ме?
Қазақстан билігі қан донорларына берілетін ақшалай өтемақыны көбейтпейді. Бұл шешім әлеуметтік шығындарға енгізілген бюджет мораториімен түсіндірілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 10 Сәуір, 2026
Конго-Қырым қызбасы: Қауіпті вирустан қалай қорғануға болады?
Күн райы жылынғалы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының (КҚГҚ) табиғи ошағы саналатын еліміздің оңтүстік өңірлерінде қауіп күшейе түседі. Денсаулық сақтау министрлігі салдары ауыр дерт, көбіне кененің шағуы арқылы немесе оны жұқтырған жануарларға жанасу арқылы жұғатынын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Бокс • 10 Сәуір, 2026
Оразбек Асылқұлов Азия чемпионы атанды
Бүгін Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында бокстан ерлер арасында Азия чемпионатының финалдық бәсекелері өтіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Сәуір, 2026
Каспий теңізінің жағалауында тәртіп бұзған шетелдік блогерге айыппұл салынды
Өзбекстандық блогер Илхомжон Йолчиев жол талғамайтын Jeep көлігімен Каспий теңізінің жағалауына кірген, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 09 Сәуір, 2026
Интернетсіз де ұшады: Болашақ офицерлер дронның көмегімен барлау жасайды
Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің әскери кафедрасында «Ұшқышсыз басқарылатын авиациялық жүйелер» бағыты іске қосылып, запастағы офицерлерді даярлау ауқымы кеңейтілді. Қазір бұл бағытта 35 студент білім алып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Сәуір, 2026
Батыс Қазақстан облысына құлаған дрон қай елге тиесілі?
Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабеков Батыс Қазақстан облысы аумағына құлаған дрондарға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Сәуір, 2026
Ішкі істер министрлігі: Полиция қызметкерлеріне күш қолданған барлық тұлғалар қамауға алынды
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов еліміздің бірнеше өңірінде полиция қызметкерлеріне жасалған шабуылдарға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Сәуір, 2026
Қайырымдылық қаражатын жымқырған Перизат Қайрат колонияда қандай жұмыс істеп жүр?
Алаяқтық жолмен жиналған қайырымдылық қаражатын жымқырды деген айыппен сотталған Перизат Қайраттың колониядағы қазіргі жұмысы туралы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 2025 жылы қоғам белсендісі 10 жылға бас бостандығынан айырылған болатын, деп жазады Egemen.kz.
Инфляция • 08 Сәуір, 2026
Қазақстанда инфляция деңгейі алты ай қатарынан төмендеп келеді
Елімізде инфляция деңгейінің төмендеу үрдісі қатарынан 6 ай бойы сақталып отыр. Соңғы деректерге сәйкес, 2026 жылдың наурызында инфляция 0,6% болды, ал жылдық көрсеткіш 11,0%-ға дейін баяулаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Банк • 07 Сәуір, 2026
Ұлттық банк әлемдік футбол додасына арналған коллекциялық монеталар шығарады
Ұлттық банк «Спорт» сериясы аясында FIFA WORLD CUP 2026 коллекциялық монеталарын айналымға шығаруды жоспарлап отыр. Бұл монеталар әлемдік футбол додасына арналған арнайы нумизматикалық өнім ретінде ұсынылмақ. Монеталардың нақты сатылымға шығу уақыты туралы ақпарат Ұлттық банктің ресми сайтында қосымша жарияланады, деп жазады Egemen.kz.
Бокс • 07 Сәуір, 2026
Сабыржан Аққалықов Моңғолия боксшысын мерзімінен бұрын жеңді
Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда бокстан Азия чемпионатының жартылай финалдық бәсекелері жалғасып жатыр. Бүгін күндізгі сессияда 3 боксшымыз шаршы алаңға шығып үлгерді, деп жазады Egemen.kz.