су тасқыны
Аймақтар • 12 Сәуір, 2024
Қалғұты өзені арнасынан асып кетті
12 сәуірде қатты жауын-шашынның салдарынан Күршім ауданындағы Қалғұты өзенінің суы арнасынан шығып, жазық аумаққа жайылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 12 Сәуір, 2024
Еліміздегі ахуал өте күрделі - Президент
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 12 Сәуір, 2024
Қостанай облысында су тасқынынан зардап шеккендерге 166 млн теңге төленді
Зардап шеккен халықты әлеуметтік қолдау жұмыстары су тасқынының алғашқы күндерінен бастап жүргізілді. Бүгінгі күні бір реттік төлемге 1345 өтініш түсіп, оның 715 өтініш бойынша 166 млн теңге төленді. Өтініштер мен төлемдерді қабылдау жұмыстары жалғасады. Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ерлан Спанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Сәуір, 2024
Еліміздің сегіз облысында төтенше жағдай режимі сақталып тұр
Өңірлерге қолдау көрсету және су тасқыны салдарын барынша азайту жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатыр. 3,5 мыңға жуық жекеменшік үй су астында қалды. 67 елдімекен көлік қатынасынсыз қалып отыр. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 12 Сәуір, 2024
Су тасқыны: Қазақстанда 100 мыңға тарта адам қауіпсіз аймаққа көшірілді
ҚР ТЖМ су тасқыны жағдайы бойынша сағат 00.00-дегі ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 11 Сәуір, 2024
Қарғын су басқан өңірлердің оқушылары сынақтардан босатылды - министрлік
ҚР Премьер-министрінің тапсырмасы бойынша, су тасқыны жағдайы күрделі өңірлерде оқушылар алдағы сынақтардан босатылды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Сәуір, 2024
Су тасқыны: Атбасар ауданында төтенше жағдай жарияланды
Бүгін таңертең Атбасар ауданында Жабай өзені арнасынан асып, су деңгейі 5,95 метрге жетті. Атбасар ауданының әкімі Аманбек Қалжанов су тасқыны салдарынан төтенше жағдай жарияланғанын мәлімдеп, жергілікті тұрғындарға үндеу жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 10 Сәуір, 2024
Алаяқтар анықталады: Үкімет тосын мәлімдеме жасады
Үкіметтің баспасөз қызметі Премьер-министрдің атынан фейк ақпарат тарап жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Сәуір, 2024
«Қиын жағдайда бірлігімізді көрсете білдік»: Димаш Құдайберген ақтөбеліктерге жылы сөз айтты
Танымал әнші Димаш Құдайберген Ақтөбе облысына барып, су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға қолдау көрсетті. Ол ТЖМ 20982 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен де кездесті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 10 Сәуір, 2024
Су тасқыны: «AMANAT» партиясы да көмектен шет қалмады
Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев әлеуметтік желідегі парақшасында тасқын судан зардап шеккен тұрғындарға қандай көмек көрсетіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Сәуір, 2024
Мәжіліс депутаты тасқын салдарынан көз жұмғандардың туыстарына көңіл айтты
Жылыой ауданында су тасқыны қаупі сейілді, десе де судың беті әлі қайтпай жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Сәуір, 2024
Мәжіліс депутаттары су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізді
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Айна Мусралимова мен Дәулет Мұқаев су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізу мақсатында Ақмола облысының Аршалы ауданына, Целиноград ауданының Талапкер ауылына барды. Бұл туралы Айна Мусралимова желіде жазба қалдырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Сәуір, 2024
Абай облысы үлкен залалдың алдын алды - Ринат Заитов
Мәжіліс депутаты Ринат Заитов су тасқынынан кейінгі елдің жағдайын білу үшін Абай облысы Ақсуат ауданына барды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 10 Сәуір, 2024
Қарғын судан зардап шеккендер ақшаны қалай алады?
Елдегі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген залалды өтеу қағидалары жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 10 Сәуір, 2024
Мемлекеттік қызметші тасқыннан зардап шеккен торғайлықтарға көмектесті
Су тасқынынан зардап шеккен халыққа елдің белсенді азаматтары да көмектесіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 10 Сәуір, 2024
Табиғи және техногендік апат салдарынан еліміздің 12 өңірі су тасқынының зардабын тартып отыр. Су астында қалған қалалар мен аудан, ауылдарда инфрақұрылым бұзылып, қатынастың жолы кесіліп жатыр. Өзгенің қайғысы болмайды, бұл ортақ мәселе. Осынау қиын сәтте ұйымшылдық танытып, үрей құшағындағы халыққа рухани және материалдық тұрғыда көмек қолын созып, олардың ауыр қайғыларына ортақтасу - біздің азаматтық борышымыз. Бұл – рухы мықты халықтың қолынан келетін есті шаруа.
Аймақтар • 10 Сәуір, 2024
Атырауда 7 мың ерікті су тасқынымен күресіп жүр
Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиев су тасқынына қарсы жүргізіліп жатқан шаралар туралы ақпарат ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Сәуір, 2024
БҚО: су қоймалары 72%-ға толды
Батыс Қазақстан облысында бүгінге дейін 581 үй, 427 саяжай су тасқынының астында қалды. Сәуір айының 9-ы күнгі мәліметке қарағанда, өңірде 7125 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Олардың 1523-і эвакуациялық бекеттерді паналаса, 5602 адам туған-туыстарында тұрып жатыр.
Аймақтар • 10 Сәуір, 2024
Тасқыннан болған ақау жедел жөнделеді
Елімізді біраз әбігерге салып жатқан көктемгі су тасқыны Батыс Қазақстан облысында да біраз электр, газ желісін бүлдіріп үлгерді. Алайда арнайы қызмет өкілдері апатты барынша жедел қалпына келтіріп жатыр.
Аймақтар • 10 Сәуір, 2024
«Петропавлға қарай үлкен су ағыны келе жатыр»: СҚО әкімі тұрғындарға үндеу жолдады
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов су тасқынына қатысты облыс тұрғындарына үндеу жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Сәуір, 2024
Өңірді су басып жатыр: құтқарушылар СҚО тұрғындарын эвакуациялады
Кеше, 9 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында тұрғындарды белсенді көшіру жұмыстары жүргізілді. ТЖМ күштері зардап шеккен азаматтардың үй жануарларын да қауіпсіз жерге көшірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 10 Сәуір, 2024
Петропавл маңындағы тұрғындар шұғыл эвакуацияланып жатыр
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Петропавл қаласы маңындағы аймақтардың тұрғындарын мәжбүрлі түрде эвакуациялауды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 10 Сәуір, 2024
Су тасқыны салдарынан жолдар қайта жабылып жатыр
Қазақстанның төрт облысында республикалық тас жолдардың сегіз учаскесін еріген су басты. Сондай-ақ еліміздің алты облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы бүгін, 10 сәуірде «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 10 Сәуір, 2024
ТҮРКСОЙ ұйымы зардап шеккендерге қаржылай көмек көрсетеді
Халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті ұйымы елдегі су тасқынынан зардап шеккендерге қаржылай көмек көрсетеді. Бұл туралы ұйымның Бас хатшысы Сұлтан Раев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Сәуір, 2024
Зардап шеккен өңірлерде дәрі-дәрмек қоры жеткілікті ме? Вице-премьердің жауабы
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен су тасқыны салдарын жою шаралары бойынша кеңес өтті. Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова медициналық өнімдер мен дәрі-дәрмек қоры туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Сәуір, 2024
Атырауда Жылыой ауданының тұрғындары эвакуацияланып жатыр
Атырау облысындағы Жылыой ауданынан 34 998 тұрғын эвакуацияланды. Оның дені – Құлсары қаласында тұратын тұрғындар, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 09 Сәуір, 2024
Құлсарыға ақша жіберген 4-сынып оқушысы зардап шеккендерді риза қылды
М. Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясының 4-сынып оқушысы Нұрасыл Игілікұлы жұрттың ризашлығына бөленіп, үлкендердің батасын алды. Еліміздегі су тасқыны бастауыш сынып оқушысын да күрсіндірді. Себебі, қарғын судан тек ересектер ғана емес, өзімен жасты балалар да зардап шегіп жатыр. Маңғыстау облысы Ақшұқыр ауылынан Құлсарыға аттанатын көмек туралы естіген Нұрасыл арнайы жинап жүрген қаражатын мұқтаж жандарға беріп жіберді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Сәуір, 2024
Kusto Group тобы су тасқынынан зардап шеккендерге 400 млн теңге аударды
Күрделі су тасқыны жағдайына байланысты Kusto Group зардап шеккендерге көмек көрсетуге 400 млн теңге бөлінгені туралы хабарлады. Зардап шеккен аймақтарға қаражат KustoHelp жеке қоры арқылы бөлінеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 09 Сәуір, 2024
Ресей тұрғыны Атырауға 50 мың қап алып келді
Ресейдің Дағыстан Республикасында тұратын Омарасхаб Ахмедов Атырауға 50 мың қап алып келді.
Қоғам • 09 Сәуір, 2024
«Жер бетіне қалқып шыққан»: Құлсарыда ер адамның мәйіті табылды
Мәйітті су тасқынымен күресіп жатқан құтқарушылар тауып, жергілікті полицияға тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.