Редакция таңдауы
Абай сынаған әдеттен әлі күнге арыла алмай келе жатып, «Абай өз қазағын сынап, келемежге айналдырып, мазақ еткен» деген бұралқы сөзді арагідік қоғам айдынына алып шығып, кеңірдегі созылғанша керілдесіп, дау-дамай жасауға құмарлар арамызда өріп жүр. Өз ұлтын жанымен жақсы көріп, жанашырлықпен жазғанын түсінбей тұрып, Абайды өз бойына сіңіре алмай жүріп, сөзді айдалаға ала қашатындардың тырнағынан ақынды арашалау осы жойдасыз әрекеттермен қатар жүріп келеді. Абайға шабуыл әр кезеңдерде болған, алайда заманының туы іспетті алдыңғы қатарлы ақыл-ой иелері асқақ тұлғаны орынсыз кінәлайтындарды, оспадарсыз тірлікті уақытында тыйып тастап отырады. Ұлттың рухани бағдаршамы сияқты Абайды қазіргі қазақ қоғамынан алыстатпаудың амалы қайсы? Мәселен, ара-тұра бұрқ етіп басылатын осы қиямпұрыс әңгімеге театр әлемі, сахна өнері қалай қарсы тұрып, азаматтық үнін қалай қосқан болар еді?
27 Қазан, 2020
Өзіміздің өнімдер де қымбаттап барады
Негізгі азық-түліктің 90%-ы басқа облыстардан немесе басқа елдерден әкелінетін Маңғыстауда азық-түлік бағасы құбылмалы. Құбылмалы болғанда, арзандап жатқан азық байқалмайды, керісінше тиын да болса жамап, қит етсе қымбаттауға бейім тұратыны бар.
27 Қазан, 2020
– Отырыңыз Эллис Бойд Реддинг. Лақап атыңыз – Қызыл. Берілген уақыттың 40 жылын өтепсіз. Қалай ойлайсыз, тәрбиелендіңіз бе? – Тәрбиелену? Ойланып көрейін. Бірақ бұл сөздің не екенін түсінбеймін. – Бұл қоғамға қосылуға дайынсыз ба деген сөз. – Онымен не айтқың келетінін білем, балам. Мен үшін бұл ойдан шығарылған сөз ғана. Саяси сөз. Сенің негізгі сұрағың келетіні – осы ісіме өкінем бе, жоқ па, соны білгің келетін болуы керек.
27 Қазан, 2020
Дина Байтасова: Заманауи өнер – өміріміздің бейнелі көрінісі
Заманауи сурет өнерінде айшықты қолтаңба, биік талғамымен дараланып, көп ішінен өз сүрлеуін таба алған суретшілер сирек. Өйткені замана жалына жармасып, зымыран жылдамдықпен жедел дамып отырар өнердің бұл саласы шабан шеберді жанына маңайлатпайды да. Сондықтан да шығар, заманауи сурет өнеріне әркімнің таласы болғанымен, топ жарар тарланы некен-саяқ. Тас тесер таланты, айрықша көзқарас һәм биік талғамымен елімізді ғана емес, кәрі құрлықты мойындатып үлгерген суретші Дина Байтасованың өнердегі жетістігі соны әйгілесе керек. Қолтаңбасы ерек қылқалам шеберінің әр бастамасы – жаңалықтың жаршысы.
27 Қазан, 2020
Газдандыру ісінде түйткілді тұс көп
Ел тәуелсіздігінің отыз жылдығы жақындап келеді. Бұл қастерлі дата саяси және әлеуметтік-экономикалық даму тұрғысынан түбегейлі өзгерістер әкелгені дәлелдеуді қажет етпейді. Тәуелсіздік еңсесін тіктеген сайын ел аумақтарының да ажары ашыла түсті. Соның бірі – Ақтөбе облысының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан Әйтеке би ауданы. Аталған әкімшілік құрылым егемендіктің алғашқы бес жылдығы аралығында бұған дейінгі Қарабұтақ пен Комсомол аудандарының таратылуы нәтижесінде құрылған. Оның жері мен шекарасы аумағы жөнінен республика өңірлері арасында ең алдыңғы орындардың бірінде тұрған Ақтөбе облысы территориясының 12 пайызға жуығын құрайды.
27 Қазан, 2020
Бағзы заманда қытай ойшылы Конфуций: «Кiтап оқығаныңды ғана бiлiп, ой жүгiрткендi бiлмеген адам оқудан оңай жалығады» деген. Хандық заманының атақты жырауы Шалкиiз: «Сөйлесiн қалам сырымды, Тыңдасын әлем жырымды» деп ұрандаған. Сонда айтқыш импровизатор, жорықшы жырау қалам, қара сия, ақ қағазды пайдаланған, «алыс жерден мөрлi шұбар хат» алған. Римнің атақты шешенi Цицерон: «Қалам – ең жақсы ұстаз, жазылған сөз тап қазiр ойлаған сөзден артық» деп нақты көрсетiптi. Алланың кiтабы Құран кәрiмде: «Оқы: Жаратқан иеңнiң атымен оқы! Оқы! Сенiң Тәңiрiң – ең ардақты! Ол қаламмен жазу үйреттi. Ол адамзатқа бiлмеген нәрсесiн үйреткен» деп жазылған (әл-Әлақ сүресi, 1, 3-5 аят). Сонда адамзаттың рухани жетiлуiне, өркендеуiне оқу, жазу, қалам ұстау, сияны пайдалану керектiң керегi екен.
27 Қазан, 2020
Архетиптік желілер (Рахымжан Отарбаевтың «Бас» романы туралы аз-кем сөз)
Зерттеуші кез келген туындыны ғылыми елекке саларда оның «даралық» және «жалпылық» сипаттарына назар аударуы тиіс. Себебі даралық сипаттан – қаламгердің стилі, жалпылықтан – әдебиеттің мызғымас заңдылықтары көрінеді. Рахымжан Отарбаевтың шығармашылығы жайлы сөз қозғағанда, оның «жабағылана ұйысқан» тың теңеулері мен тұрақты тіркестері, тұңғиық мұңы мен шексіз сағынышы тілге тиек болып жатады.
27 Қазан, 2020
3 күн бұрын адам өлтіріп кеткен күдікті ұсталды
Қостанай қаласының полицейлері екі адамды пышақтап кеткен күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
26 Қазан, 2020
Қорлыққа шыдамаймын: Өскемен әкімі желі қолданушысын заң алдында жауапқа тартқызбақ
Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар Instagram желісіндегі жеке парақшасындағы жазбасына пікір қалдырған желі қолданушысына не себепті "осы сөзің үшін жауап бересің" деп хабарлама жазғанын түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
26 Қазан, 2020
Асқар Мамин Түркияның қорғаныс министрін қабылдады
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Түркия Республикасының Қорғаныс министрі Хулуси Акарды қабылдады.
26 Қазан, 2020
Полицейлер Қазалы тұрғынынан қолдан жасалған қару алды
24 қазан күні түнгі уақытта Қызылорда облысы Полиця департаментінің Қазалы аудандық полиция бөліміне аудан тұрғыны жеке үйлердің бірінің алдында тұрған автокөлікте күдік тудыратын заттың бар екендігін хабарлаған.
26 Қазан, 2020
Сауда министрлігі жыл сайын экспортқа 100 жаңа компания дайындайды
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов хабарлады.
26 Қазан, 2020
ПТР анықтамасыз келген мемлекеттік қызметші қай ведомствоның қызметкері?
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әуежайдан ПТР анықтамасыз қашып кеткен қызметкерімен болған оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz
26 Қазан, 2020
Қазақстандықтарда "цифрлық әлеуметтік әмиян" пайда болады
Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сауда мен экспорттағы инфрақұрылымдық және цифрлық жобалар, олардың өзара қалай тоғысатыны және олардың ел үшін пайдасы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Egemen.kz
26 Қазан, 2020
Бішкек мэриясының ғимаратын басып алған
Белгісіз біреулер Бішкек мэриясының ғимаратын басып алып жатыр. Оларды милиция қызметкерлері ұстап тұр, деп хабарлайды Egemen.kz
26 Қазан, 2020
Қыздың миы шайқалған: Павлодар облысында жолаушылар көлігі аударылды
Павлодар облысында "Газель" жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, апатқа ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz Pavlodarnews.kz порталына сілтеме жасап.
26 Қазан, 2020
Үш жылға арналған республикалық бюджет Сенатқа келіп түсті
Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Палата Бюросының отырысында депутаттар алдағы жалпы отырыстың күн тәртібін талқылады және Мәжілістен келіп түскен заң жобаларын комитеттерге бөліп берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
26 Қазан, 2020
Қарағандыда ұйымдасқан қылмыстық топ 16 млн теңге пайда тапқан
Қарағанды облысында ұйымдасқан қылмыстық топ анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
26 Қазан, 2020
Головкиннің жекпе-жегі не үшін кейінге шегерілді
Орта салмақта IBF және IBO белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) шаршы алаңға шығатын уақыты тағы да кейінге шегерілді, деп хабарлайды Egemen.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
26 Қазан, 2020
Алматыда квадроциклден құлаған турист қайтыс болды
Алматы тауларында Бутаков шатқалы маңында турист квадроциклден құлап, қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz құтқару қызметіне сілтеме жасап.
26 Қазан, 2020