Редакция таңдауы
22 наурыздан бастап Алматыда теміржол және әуе қозғалыстары тоқтатылады
Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Е. Қожағапанов қаладағы карантин режимі туралы брифингте мәлімдеді.
18 Наурыз, 2020
Алматыда індет белең алмауы үшін қандай іс-шаралар қабылданды?
Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында Қалалық энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Әсет Масабаев мегаполисте карантин жариялануына байланысты қандай іс-шаралар қабылданғандығы туралы хабарлады.
18 Наурыз, 2020
Алматыда 47 дәріханаға күн сайын 80 мың дана маска таратылады
Алматы қаласындағы дәріханалар штаттық режимде жұмысын жалғастырып отырғаны туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев хабарлады.
18 Наурыз, 2020
Алматыдағы бүгінгі эпидемиологиялық жағдай қандай?
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев 18 наурыз сағат 12.00-дегі уақыт бойынша қаладағы эпидемиялық жағдайды хабарлады.
18 Наурыз, 2020
Nur Otan көпбалалы отбасыларға көмек көрсету үшін 150 млн теңге бағыттады
Елбасының тапсырмасы бойынша «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» және «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары аясында карантин жарияланған Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы жалғыз басты қарттарға, мүгедектер мен тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға атаулы көмек көрсету үшін 150 млн теңге бағытталды. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Instagram парақшасында жазды.
18 Наурыз, 2020
Алматы шекараларына автокөліктің кіруі мен шығуына шектеу қойылады
Алматы қаласы Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов қаладағы карантиндік режимді түсіндірді.
18 Наурыз, 2020
80%-дан астам мемлекеттік қызметті электронды түрде алуға болады - Анар Жайылғанова
Азаматтар Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мемлекеттік мекемелерге жүгінбей, 80 пайыздан астам мемлекеттік қызметтерді үйден шықпай-ақ электронды түрде ала алады. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова мәлімдеді.
18 Наурыз, 2020
Бас прокуратура карантин режимін сақтамағандарға қандай жауапкершілік белгіленгенін түсіндірді
Бас прокуратура төтенше жағдай кезінде билік өкілінің заңды талабына бағынбағаны үшін қылмыстық жауаптылық көзделгенін хабарлады.
18 Наурыз, 2020
Түркияда коронавирустан қайтыс болған алғашқы жағдай тіркелді
Түркияда коронавирус жұқтырған 89 жастағы науқас қайтыс болды. Бұл туралы Түркияның Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа мәлімдеді.
18 Наурыз, 2020
Жұқпалы дертті жұқтырғандар артып барады
Кеше таңертең Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп Алматыда жұқпалы дертті жұқтырған үш науқастың анықталғанын хабарлады. Оның айтуынша, 2018 жылғы кішкентай қыз бала «Берлин – Минск – Алматы» ұшағымен 13 наурызда келген. Ол қазір Алматы қаласындағы балалар инфекциялық ауруханасына жатқызылды. Ал қалған екі науқас – 10 наурыз күні Мәскеуден ұшып келген, бірі 1956 жылғы, екіншісі 1966 жылғы азамат.
18 Наурыз, 2020
Жақында Біріккен Ұлттар Ұйымының 6 тіліне (ағылшын, араб, француз, қытай, испан, орыс) аударылған заманауи қазақ прозасының антологиясы жарық көрді. Антология 60 мың данамен шығып, әлемнің 93 елінің кітапхана, университет, зерттеу орталықтарына жеткізілді. Осылайша дүниежүзі оқырмандары қазақ халқының тыныс-тіршілігімен, болмыс-бітімімен танысатын болады.
18 Наурыз, 2020
Төрт мыңнан астам ағаш отырғызылды
Ұлыстың ұлы күні әз Наурыз мерекесі қарсаңында Тараз көшелерін көгалдандыруға көңіл бөлінуде. Табиғаттың тамыры қайта түлеп, күн мен түннің теңелетін шағында өңірде қала аумағын абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша көктемгі екі айлық басталды.
18 Наурыз, 2020
Жеңістің жүз жасаған жауынгері
«Соғыс басталды!» деген суық хабар естілгенде ол небәрі жиырмадан енді ғана асқан жігіт еді. Отызыншы жылдардың басындағы ашыққан жұрттың теңіз жағалап, балық сүйегін қайнатып ішкенін көрген Пірназар бұл кезде колхоздағы көп жұмысшының бірі болатын. Ауылдан кеткен алғашқы лектің қатарында ағасы Қайыпназар майданға аттанды. Соғыс уақытының қиындығы мен қаталдығын осыдан біліңіз, ағасы өзі аудан орталығында жүргенде қайтыс болып кеткен анасы Жәмиланы жерлеуге де қатыса алмай эшелонға мініп кете барды.
18 Наурыз, 2020
Дағдарысқа қарсы шаралар қабылданды
Кеше Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында кәсіпкерлік пен отандық өндірісті қолдау шаралары талқыланды. Сонымен қатар көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге дайындық барысы қаралды.
18 Наурыз, 2020
Қазақстанның жаңа тарихында Нұрсұлтан Назарбаев беделді саяси қайраткерлердің бірегейі ретінде аталатыны белгілі. Бұл Тұңғыш Президенттің саяси мұрасымен тікелей байланысты.
18 Наурыз, 2020
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте коронавирустық инфекциядан қорғану мақсатында қолға алынған білім беру саласындағы іс-шаралар мен оқыту процесіндегі өзгерістерге кезең-кезеңімен тоқталды.
18 Наурыз, 2020
Халықтық IPO һәм биржа (Отандық қор нарығында табыс табудың қандай жолдары бар?)
Орталық Азия аймағында алдыңғы қатарлы биржалардың бірі саналатын «Қазақстан қор биржасының» Орталық депозитарийінде жеке тұлғалардың есеп шоты 118 773-ті құрап, өткен жылдың бастапқы кезеңімен салыстырғанда 1 949-ға артқан. «Қазақстан қор биржасы» АҚ төрайымының орынбасары Андрей Цалюк журналистермен есепті кездесуінде осындай мәліметтерді алға тартты. Биржа деректері бойынша ақпан айында KASE сауда-саттығының жиынтық көлемі 10 252,9 млрд теңгені құрап отыр. Ал қаңтар айымен салыстырғанда 12,2 пайызға, яғни 1 115,2 млрд теңгеге өскен.
18 Наурыз, 2020
Ақпарат аурудан бетер болып тұр
Әлемде коронавирус індеті жайлы естімеген адам жоқ. Әлеуметтік желі қолданушылары мен медиа жаңа науқастар жайлы ақпарат пен вирусқа қатысты деректерді жарыса таратып жатыр. Әлем елдері мен денсаулық сақтау ұйымдары індеттен сақтанудың жолдарымен қатар, қоғамды сабырға шақырып, жалған ақпаратқа сенбеуді қайталап ескертуге мәжбүр. Ақпарат дерттен тез тарап, жан-жағын жалмап барады.
18 Наурыз, 2020
Нұр-Сұлтанда 318 науқас карантинде жатыр - А.Көлгінов (видео)
Елорда әкімі Алтай Көлгінов қазір Нұр-Сұлтанда 318 науқас карантинде жатқанын айтты.
17 Наурыз, 2020
Елордада қатаң дезинфекция шаралары қабылданды
Нұр-Сұлтан қаласында әуежай, вокзал, әлеуметтік нысандар, базарлар, сауда ойын-сауық орталықтарында, адамдар көп жиналатын орындарда және т.б. коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында дезинфекциялау шаралары күшейтілді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
17 Наурыз, 2020