Редакция таңдауы
1711 науқас: Алматы қаласында 2 адам коронавирус инфекциясынан көз жұмды
Қазақстандағы 2020 жылғы 19 сəуір сағат 23:10-дағы эпидемиологиялық ахуал бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 35 адам тіркелді, оның ішінде Алматы қ. – 6, Шымкент қ. – 5, Батыс Қазақстан облысында – 16, Солтүстік Қазақстан облысында – 1, Қызылорда облысында – 1, Алматы облысында – 3, Түркістан облысында – 3.
19 Сәуір, 2020
Алматы: Ержан Бабақұмаров COVID-19-ға тест жасайтын ірі зертханалардың басшыларымен кеңесті
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша шаһар басшысының орынбасары Ержан Бабақұмаров бейне-мәжіліс режимінде Алматының алты ірі зертханасының басшылығымен жұмыс кеңесін өткізді.
19 Сәуір, 2020
Әбдісалан Нұрмаханов Қазақстан спорты тарихында өшпес із қалдырған азамат. Ол бокстан ГАНЕФО ойындарының жеңімпазы, КСРО халықтары спартакиадасының екі дүркін қола жүлдегері, КСРО чемпионатының күміс жүлдегері, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы. Көзі тірі болғанда Әбдісалан ақсақал бүгін 84 жасқа толатын еді...
19 Сәуір, 2020
Шымкентте коронавирусқа қарсы жұмыстар күшейтілді
Әлем жұртшылығын алаңдатқан коронавирусқа қарсы сақтық шаралары Шымкент қаласында да күшейтіліп жатыр. Бүгінгі таңда жергілікті билік қосымша профилактикалық шараларды қолға алды. Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссияның кезекті отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Оңтүстік – халқы тығыз орналасқан өңір. Сондықтан індеттің таралуын тоқтатпасақ, жағдайды ушықтырып аламыз» деп, жергілікті атқарушы органдарға карантин шараларының орындалуын қатаң бақылауға алуды тапсырған болатын. Осы орайда, біз оңтүстік өңірдегі ең ірі қала, еліміздің үшінші мегаполисі – Шымкент шаһарында Мемлекет басшысының аталған тапсырмасы қалай орындалып жатқанына тоқталып, 13-19 сәуір аралығында атқарылған жұмыстарға шолу жасап көрмекпіз.
19 Сәуір, 2020
Қазақстанда коронавирустан жазылғандар 400-ге жетті
19.04.2020 жылғы сағат 15:55-тегі мәлімет бойынша Қазақстанда тағы 11 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Нұр-Сұлтан қ. – 5, Ақтөбе облысында – 2, Түркістан облысында – 4 адам емделіп, сауығып шықты.
19 Сәуір, 2020
Қызылорда: Карантиндік режім 1 мамырға дейін ұзартылды
Бұл ақпарат облыс әкімдігінің әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланып отыр.
19 Сәуір, 2020
Қазақстанда тағы 4 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
19.04.2020 жылғы сағат 12:10-дағы мәлімет бойынша Қазақстанда тағы 4 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.
19 Сәуір, 2020
Социалистік Еңбек Ері Нұрбақыт Қабдыкәрімова қайтыс болды
Қарағанды облысында Социалистік Еңбек Ері, өткен ғасырдың 60-70-ші жылдарында атақты Кәмшат Дөненбаевадан кейін алып тракторды тізгіндеген Қарқаралының қайсар қызы Нұрбақыт Қабдыкәрімова дүниеден өтті.
19 Сәуір, 2020
Дариға Назарбаева қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады
Дариға Назарбаева қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
19 Сәуір, 2020
Жандарбек Бекшин Алматы қаласына бас санитар болып келді
Бүгін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Жауапты хатшысының бұйрығымен 2020 жылғы 18 сәуірден Жандарбек Мұхтарұлы Бекшин Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері болып тағайындалды.
18 Сәуір, 2020
«Қазақстан барысы» қазақ күресін дамыту қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы Арман Шораев қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
18 Сәуір, 2020
Қазақстанда тағы 7 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
Нұр-Сұлтан қ. – 5, Қызылорда облысында – 2 адам емделіп, сауығып шықты.
18 Сәуір, 2020
Түркістан: Халық неге ең бірінші Арыстанбаб кесенесіне барады?
Халық арасында ежелден «Арыстанбапқа түне, Әзіреті Сұлтаннан тіле» деген кең түсінік қалыптасқаны мәлім. Яғни жұрт ең бірінші Түркістаннан 60 шақырым жердегі Арыстанбаб кесенесіне барады. Неге?
18 Сәуір, 2020
Атырау: «КамАЗ» аударылды, 26 тонна мұнай төгілді
Жол апаты Жылыой ауданындағы «Теңіз» кен орнының аумағында болған.
18 Сәуір, 2020
15 сәуір мен 15 мамыр аралығында «Ақбөкен» кең ауқымды акциясы өтеді. Акцияның екінші кезеңі желтоқсан айына жоспарланған.
18 Сәуір, 2020
Шымкент қаласының әкімі Мемлекет басшысына коронавируспен күрес жұмыстары жайлы баяндады
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының әкімімен телефон арқылы сөйлесті.
18 Сәуір, 2020
Павлодарда қоғамдық көліктер зауыт жұмысшыларын тасымалдауда
Өңірде еліміздегі Төтенше жағдайға орай карантин жариялануына байланысты облыс орталығы, Екібастұз, Ақсу қалаларда қоғамдық көліктердің жүріс қозғалысы тоқтатылған.
18 Сәуір, 2020
Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды
18 сәуір күні еліміздің екі қаласында метеорологиялық ахуал жағымсыз болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.
18 Сәуір, 2020
Оралда дәрігерлерге арналған автобус жүреді
Орал қаласында күшейтілген карантин режіміне байланысты қоғамдық көлік қозғалысы уақытша тоқтатылған болатын. Сәуірдің 17-24 аралығында дәрігерлерді арнайы автобустар тасымалдайтын болды.
18 Сәуір, 2020
Қазақтың лирик ақыны Сағи Жиенбаевтің «Әже» өлеңін тыңдай отырыңыз. Сондай-ақ YouTube арнамызға жазылуды ұмытпаңыз!
17 Сәуір, 2020