Редакция таңдауы
Пара жүзушілер 43 медаль олжалады
Жуырда Минск (Беларусь) қаласында жүзуден көру қабілеті төмен және тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасындағы Беларусь Республикасының ашық чемпионаты өтті.
28 Қаңтар, 2020
Бокстан Токио Олимпиадасына жолдама беретін турнир наурыз айында Иорданияның Амман қаласында өтетін болды. Бұл туралы ҰОК баспасөз қызметі хабарлады.
28 Қаңтар, 2020
Мектеп кітапханашысы Ульфат Қожанбаеваның айтуынша, бұл – Абайдың 175 жылдығына қосқан оқушылардың өзінше бір үлесі.
28 Қаңтар, 2020
Абайтанудың жаңа кезеңіне жол ашады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетінде ұлы ақын, дана ойшыл, қазақтың жаңа тарихи дәуірдегі реалистік жазба әдебиетінің атасы Абай Құнанбайұлы жайлы «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты көлемді мақаласы жарыққа шықты. Абайды әлемге танытқан М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері мақаладан өз бойларына рухани азық алды.
28 Қаңтар, 2020
Қазақстан мұнай мен газ өндіретін ел болғандықтан құрлықтағы энергетика саласындағы жағдайды бақылап, сараптап отыру маңызды. Осы орайда 2020 жылдың қаңтар айының басында Қара теңіз түбімен өтетін және Ресейдің газын Түркияға тасымалдайтын «Түрік ағысы» газ құбырының ресми түрде ашылуы энергетика саласындағы маңызды хабар екендігінде дау жоқ.
28 Қаңтар, 2020
Ауғанстан астанасы Кабулдан мемлекеттің солтүстік-батысындағы Герат қаласына бағыт алған ұшақ Газни провинциясы маңында құлады. Лайнер бортында 83 жолаушы болған. Тірі қалғандар туралы ақпарат әзірге жоқ.
28 Қаңтар, 2020
Алматы облысында тұрақты тіркеуде тұрған 2 048 680 адамның 85 пайызы, яғни 1 738 679 тұрғын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушысы есебіне кіреді. Ал жыл басындағы есеп бойынша облыста жиналған МӘМС жарнасы 11,2 млрд теңгені құрады.
28 Қаңтар, 2020
Ауылды жаңғыртуға 900 млрд теңге бөлінеді
Елордада 2017 жылдан бері Еуропалық одақтың қаржыландыруымен Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында қолға алынған «Шығыс және Орталық Қазақстанның жергілікті деңгейіндегі мүдделі тараптардың белсене қатысуы» және Маңғыстау облысында «Ауылды бірлесе дамыту» жобалары қорытындыланып, конференция ұйымдастырылды.
28 Қаңтар, 2020
25 мың көп балалы отбасы – жаңа жәрдемақы түрін рәсімдеді
Қазақстанда көп балалы отбасыларға арналған жәрдемақының жаңа түрін жыл басынан бері 25,4 мың отбасы рәсімдеп үлгерді. Оның ішінде 11,8 мыңнан астам отбасы жәрдемақыны алғаш рет рәсімдесе, 13,7 мыңы қайта есептеуге құжат өткізгендер.
28 Қаңтар, 2020
А.Беркувич: Абай мұраларын осы орталық арқылы жақын тани түсетін болдық
Чехияның бірқатар зиялы қауым өкілі, елшіліктің лауазымды тұлғалары, сондай-ақ, елімізден барған бір топ делегация қатысты.
27 Қаңтар, 2020
Маңызды мақсаттарға басымдық беріледі
Елордада өткен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында өткен жылы атқарылған жұмыстар қорытындыланып, биылғы міндеттер белгіленді.
27 Қаңтар, 2020
Қазақстан мен БАӘ арасындағы ынтымақтастық нығая береді - БАӘ тақ мұрагері
БАӘ тақ мұрагері шейх Мұхаммед бен Заид Әл-Нахаян екі ел арасындағы ынтымақтастық нығая беретінін айтты.
27 Қаңтар, 2020
Елордадағы барлық әуе рейстері тоқтатылды
Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қазіргі уақытта күрделі метеожағдайлар мен көру мүмкіндігінің шектеулі болуына байланысты Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына ұшып келу мен ұшып шығуға барлық рейстер белгісіз уақытқа кейінге қалдырылды. Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің Facebook парақшасында жарияланды.
27 Қаңтар, 2020
Жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды
Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен палатаның бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
27 Қаңтар, 2020
Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек бастауыш партия ұйымдары өкілдерімен кездесуінде партияның алдағы уақыттағы жоспарларымен бөлісті.
27 Қаңтар, 2020
Шаруаға оңқай асықтай еді. Тындырымдылық – табиғат сыйлаған қасиеті. Сол күні әлдебір шаруаны тап-тұйнақтай етіп атқарып тастауға асыққан. «Шығасыға иесі басшы» деген осы да. Әйтпесе, күйіп бара жатқан ештеңе жоқ. Ертең де тындыруға болатын дүние.
27 Қаңтар, 2020
Буллинг құрбаны – жасөспірімдер
11-15 жастағы әрбір бесінші қазақстандық жасөспірім ай сайын буллингтің құрбаны немесе қатысушысы болады. Оған қатысу ұлдар арасында көбірек таралған.
27 Қаңтар, 2020
Бірнеше цифрлы жоба іске қосылды
Батыс Қазақстан облыстық ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқармасы өңірді цифрландыру бойынша қолға алынған бірнеше жобаны облыс әкімі Ғали Есқалиевке және журналистерге таныстырды.
27 Қаңтар, 2020
«Айшылық алыс жерлерден, Көзді ашып-жұмғанша, Жылдам хабар алғызды» деп бәріміз жаттап өскен Ыбырай өлеңінің айтпағы расқа айналды. Бүгінгі ақпараттық технология, жалпы біз жаппай қолға алған цифрлы жүйеге көшу – осы, яғни ол тек хабар алмасуға қатысты емес, ауқымы кең.
27 Қаңтар, 2020
«Ассалаумағалейкум!», «Қайырлы күн!». Дәл осылай ақ ниетпен, жылы жүзбен амандасу жақсылыққа бастайды. «Өзіңнің көңіліңді жайландырамын десең, әуелі өзгенің көңілін жайландыр» дегендей, шын ықыласпен көтермелеп, жақсы рәуіште бір-екі ауыз жылы сөз арнау – әлімсақтан сауап іс.
27 Қаңтар, 2020